Хеттердің мемлекетінің қалыптасуы және олардағы заң түзу ісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Әлемдік мемлекеттік-құқықтық дамуда үлкен роль ойнаған мемлекеттік
құрылымдар баршылық. Сондай әлемдік өркениетте өзіндік айшықты ізін
қалдырған хеттердің мемлекеті болып табылады. Хеттердің мемлекеті кіші
Азияда Ежелгі дәуірлерде өмірге келген мемлекет болып табылады. Олар
өздерінің артында тек мемлекеттілігін ғана қалдырып қойған жоқ. Сонымен
қатар құқықтық мол мұра да қалдырды.
Біздің бітіру жұмысымыздың басты мақсаты осы хеттерден қалған заңды
талдап, оның табиғаты мен құрылымын саралап көрсету болып табылады. Осы
мақсатқа жету үшін біз мынандай міндеттерді шешуді өзімізге жүктеп отырмыз.
Біріншіден, хетт патшалығының тарих сахнасының шығуын және оның
мемлекеттілігінің даму кезеңдерін;
Екіншіден, хетт патшалығындағы басқару жүйесі талдап, хеттердің заң
түзу тәжірибесіне кіші-гірім шолу жасауды;
Үшіншіден, хеттердің заңдарында меншік, неке және отбасы және жаза
т.б. қатынастардың реттеу ерекшеліктерін көрсетеді;
Бітіру жұмысын жазу барысында жалпы ғылыми әдістер мен арнайы ғылыми
әдістерге сүйендік.
Жұмыстың методологиялық базасын жалпы хеттердің қоғамын тануда
орнығып қалған көзқарастар мен пікірлер жүйесі құрады. Сондай-ақ белгілі
хеттанушылар И.Бороздиннің, Э.Менабде, В.Струвенің, Г.Довгяло,
Г.Гиоргадзенің тағыда басқарулардың еңбектеріне арқа сүйедік.
Бітіру жұмысы кіріспе, 2 бөлім, 6 тарау, қорытынды және пайдалынылған
әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

І. Хеттердің мемлекетінің қалыптасуы және олардағы заң түзу ісі
1. Хеттердің мемлекетінің пайда болуы және оның негізгі кезеңдері

Кіші Азияны мекендеген негізгі халық - хеттар әр тілде сөйлейтін
тайпалар конгломераты еді. Олар б.э. дейінгі ІІ мың жылдықта негізін салған
патшалық аз уақытқа болса да құдіретті болғанымен, бар болғаны бірнеше
ғасыр ғана өмір сүрді.
Б.э. дейінгі 1 мың жылдықта хетт халқының атының өзі ұмытыла
бастайды. Егер библияда хеттар туралы әлі айтылатын болса (Палестинаға
қоныстанушы хеттар), кейінгі гректер оларды білмейді. “Одиссеяның” бір
жерінде ғана Трояға көмекке келген “кетейлердің” көсемі жайлы бір ауыз ғана
айтылып өтеді. Геродот, өзі Кіші Азияда шыға тұра хетт халқы мен хетт
патшалығы туралы ештеңе білмеген. Шамасы, б.э. дейінгі V ғасырда хеттар
өзге халықтарға (негізінен фригиялықтарға) толық сіңісіп кетіп, өз
ерекшеліктерін, тіпті өздерінің аттарын да жойса керек. Хетт тарихын
зерттеу кешігіп басталды. Рас, өткен ғасырда табылып зерттелген египет
және аккад текстерінде, Египетпен, Вавилонмен және Ассириямен әскери
қақтығыстары және дипломатиялық байланыстары болып тұрған Ұлы Хетт
патшалығы туралы дерек ұшырысады. Кіші Азия мен Сирияда шашырап жатқан хетт
ескерткіштерімен танысу әлі үстірт және материалдық мәдениетті зерттеу
түрінде ғана болатын.
Тек 1906 жылы ғана шығысты зерттеуші неміс ғалымы Г.Винклер Богазкеой
төбесін (осы күнгі Анкараның шығысында) жүйелі түрде қазуға кіріседі, оның
астында Хетт астанасы Хаттусаның қалдығы бар боп шығады. Хетт патшаларының
сарайлары қазылып, одан сына жазу текстері бар ежелгі шығыс халықтарының әр
түрлі тілдерінде жазылған саз балшық тақталары табылған.
Егер бұлардың ішінде аз кездеспейтін аккад текстерін бірден оқудың
сәті түссе (аккад тілі бұл кезде жеткілікті түрде зерттелген еді),
хеттардың өз тілінде (дәлірек айтсақ тілдерінде ) жазылған жазуларды бірден
оқуға мүмкіндік болмады. Бұл істе 1915 жылы ол жазуларды оқудың және
түсінудің кілтін тапқан чех ғалымы Б.Грозныйдың еңбегі зор болғанын атап
айту жөн.
Бұл арадан көп мөлшердегі сына жазба документтерімен бірге едәуір
мөлшерде хеттардың иероглиф жазулары да табылған. Сырт көріністері жаығнан
олар египет иероглифтерімен ұқсас болғанымен, жақынырақ танысып қараған
адам оның өзіндік ерекшеліктерін де байқай алады. Хетт Иероглифтері сирек,
көбінесе хетт елінің орталығында емес, шығыс аймағында қолданылған. Хетт
жазу-сызуын және тарихын зерттеу ісінде совет ғалымдары да ат салысты.
Мәселен, В.В.Струве хеттарда құл иеленудің үлкен роль атқарғанына көңіл
аударды. Сөйтіп хеттология шығыс тану ғылымының ерекше саласы ретінде тек
біздің ғасырымызда ғана пайда болды.
Хетт жазуларын зерттеу хетт халқының әр түрлі элементтерінің берік
емес бірлестігі нәтижесінде қалыптасқанын көрсетті. Олардың ежелдегі
этникалық түп негіздері абхаз-адыгей тобының тілінде сөйлейтін және
деректерге сүйенсек, Кавказбен тығыз байланысты болған хеттар немесе
протохеттар болған. Оларға кейінірек индоевропа семья топтарына жататын
тілдерде сөйлейтін өзге тайпалар келіп қосыла берген. Олардың лексикасында
славян (мысалы, суды қосыла берген. Олардың лексикасында славян (мысалы,
суды “вадар” деуі), сондай-ақ гек (алма – малма), латын т.б. тілдерімен
ұқсастық белгілері бар. Мемлекеттік бұл тіл ежелгі кезде несит тілі (Неса
қаласының атымен) деп аталған. Бұл тілде хеттардың заңдары, указдары,
жылнамалары және өзге де ресми документтері жазылған. Несит тілінде
сөйлеген тайпалар Каспий теңізінің жағасынан келді деген болжам бар.
Бұл негізгі тұрғын халыққа бөтен тілде сөйлейтін және өзіндік
дәстүрлерін сақтаған өзге тайпалар келіп қосылып отырған. Бірақ (Египеттегі
сияқты) біржола толық араласып, сіңісіп кетушілік болмаған.
Хеттардың рулық-тайпалық құрылысы б.э. дейінгі ІІІ және ІІ мың
жылдықтар шекараында ыдырай бастайды. Бұл процестің жеделдеуіне семиттік
колонистрдің келуі де ықпал еткен. Аккад (кейінірек кезде Ассирия)
көпестері б.э. дейінгі XXІІІ –XX ғасырларда Галис өзені алқабында
өздерінің сауда колонияларын құрған. Олар жергілікті тайпалар шонжарлаоымен
келісімге келу арқылы жергілікті мал және егін өсіруші тұрғындары (мысалы
борышқа батыру арқылы) қанап отырған.
Б.э. дейінгі ІІ мың жылдықтың бас кезінде Кіші Азия түбегінің шығыс
бөлігін біріктіру үшін алғашқы талпыныстар жасалады. Хеттың тұңғыш ұлы
патшасы Анитта, патшалықтың астанасы мемлекеттік тілге өз атауын берген
Неса қаласы болды.
Хетт державасы б.э. дейінгі 1660-1650 жылдар шамасында Табарна
(Лабарна) патшаның тұсында ғана біржола қалыптасып болды. Бұл державаның
негізгі орталығы Галис (Каппадокия) өзенінің бассейні болған Б.э. дейінгі
XVІ ғасырдан бастап оның астанасы Хаттуса болады.
Хетт державасының тарихы негізгі екі кезеңге: Ежелгі патшалық пен
Жаңа патшалық кезеңдеріне бөлінеді.
Ежелгі патшалық (б.э. дейінгі XVІІ –XVІ ғасырлар).
Табарна династиясының неғұрлым көрнекті өкілі жаулаушы жорықтар
жасаған. Хетта әскери шонжарлары, ал ішінара қатардағы жауынгерлер де өзге
елдерден көбірек құлдар түсіруге баққан.
Мурсили Солтүстік Сирияның стратегиялық және экономикалық орталығы
болып табылған Халпа (осы күнгі Халеб) қаласын басып алды. Осы жерден Ол
Ефратқа қарай жылжып, өзенді жағалай отырып, Вавилонға дейін түсіп, аса
үлкен бұл қаланы да басып алып, ойраңдады.
Алайда бұл табыстары тұрақты болмады. Хетт патшалығының өз ішінде
талай рет бүліншіліктер болып тұрған. Құлдардың көтерілісі жайында да еміс-
еміс дерек бар. Екінші жағынан құда, жек-жаттары) орталық билікпен
оншалықты санаса бермеген.
Хетт патшалары Египет фараондары сияқты мейлінше күшті бола алмаған.
Аса маңызды істер жөнінде олар тулиамен (ақсақалдар кеңесімен) ақылдасуға,
ал кейде панкуспен де (жауынгерлер жиналысы) келісуге мәжбүр болған.
Ұзақ уақытқа созылған өзара қырқысу соғыстары мен сарай
төңкерістерінен кейін б.э. дейінгі XVІ ғасырдың аяғына таман елдегі
басқарушы топтар арасында белгілі дәрежеде мәмлеге келушілікті көрсететін
бірқатар реформалар жүзеге асады.
Телепин патша таққа мұрагер отыруының қатаң жүйесін указбен бекітеді.
Патша өлген соң ел билігі оның үлкен ұлына, ал егер ол да кездейсоқ өле
қалса, одан кейінгі ұлына көшуі керек делінеді. Патшаның ұл балалары
болмаған жағдайда билік өз бетімен ешкімді де өлім жазасына кеспеуге,
өлімге кесілгендердің мүліктерін тулиа мен панкусқа айтпай өз бетінше
конфискелемеуге міндеттенеді. Біз бұдан хетт монархиясының деспоттық
болмағанын, хетт патшаларының Египет фараондары немесе Шумердің, Аккад пен
Вавилонның әміршілері сияқты шексіз билікке ие бола аламағанын көреміз.
Жаңа патшалық. Жаңа патшалық кезеңінде (б.э. дейінгі XV-XІІІ
ғасырлар) орталық билік едәуір күшейе түседі. Елдің түпкір-түпкірінде
шашырап жатқан патшаның меншік жерлері көбейеді. Олар арнаулы кеңселер
(“тас үйлер”) арқылы басқарылады және бірқатар селолық қауымдарды жұтып
қояды. Қатардағы қауымдастар өз үлесіндегі жерлерді билеу еркінен айрылады
және оны бұдан былай өз балаларына да мұра етіп қалдыра алмайтын болады.
Қауымдық жерлердің елеулі бөлегі де жеке меншік иелерінің ( үздік
шыққан жауынгерлер мен абыздардың) қолдарына өтіп, ал олар өз учаскелерін
айналымға еркін жіберіп отырған. Қатардағы қауымдастар кедейленіп өздерінің
бұрынғы праволарын жоғалтады және кейбіреулері тіпті борыштық құлдыққа
түседі. Мысалы, ашаршылық жылдарында кедейді “тірі алып қалған” (қарауына
алып асырап-сақтаған) бай, егер әлгі кедей өзін сатып алуға жеткілікті
қаржы таба алмаса, оны өз қарауында ұстап қалуға қақы болған. Сөйтіп, хетт
қоғамында мүлік жіктелісі жеткілікті түрде дамыған. Жаңа патшалық кезіне
жататын хетт заңдары әлеуметтік теңсіздікті заң жүзінде нығайтып берді.
Буржуазиялық тарихшылар хетте заң шығарушылары өте үлкен
адамгершілікке ие болған-мыс деп жиі дәріптейді. Олар кез келген қылмыс
үшін айыптылардың заттай немесе ақшалай айып төлеу жазасына кесілетініне
назар аударады.
Хетт патшалығында кісі өлтірген адам өлген адамды өз есебінен жерлесе
және оның туыстарына төрт адам берсе (құлдарынан немесе өзінің семья
мүшелерінен) жазадан құтылатын болған. Ұры да, өрт қойған адам да,
төбелесте қарсыласып жазым еткен тентек те жазадан ақы беріп құтыла алған.
Өлім жазасын мүлде дерлік (өте сирек жағдайда ғана болмаса) қолданбайтын
“жұмсақ” заңдары болуы вавилондық семиттерге қарағанда жоғары, арийлық
нәсілге жататын хетте халқының адамгершілік қасиеттерін көрсетеді-міс.
Алайда, анықтап қараған адамға мұндай “адамгершіліктің” таптық тамырлары
айқындалмай қалмайды. Малы көп бай өзгенің жақсы атына қызығып, сұғанақтық
жасаса, сөйтіп қолға түсіп қалса, онда жәбірленушіге өз табынан 15 жылқы
беріп, құтыла алған. Ал ұры кедей боп шықса, онда ол айыбын он бес есе
асырып төлеп құтылу үшін борышты болып, құлдыққа түскен. Құлдарға одан да
қиын болды. Құл егер біреудің үйін өртесе, оның мұрны мен құлақтарын
кескен, егер ол әлдекімге ажал шақырып, сиқырлап, дуа жасады деп айыпталса
өлім жазасына кесілген.
Хетт державасының гүлденуі мен құлдырауы. Хетт державасының ішкі
жағдайы берік емес еді. Оның экономикалық бірыңғай базасы болмады, күш-
қуатын уақытша болса да кемітпей ұстап тұру үшін үсті-үстіне жорықтарға
шығу қажет болды.
Реформашы фараон тұсында (б.э. дейінгі XV ғасырдың аяғы – XІV
ғасырдың басы) – Хетт державасы ең гүлденген шағына жетеді. Өз көршілерінің
әлсіздігін пайдаланған суппилулиума Митаннидің талқандап бағындырды, одан
соң бұл патшалықтың тағына өзінің күйеу баласын отырғызды. Бұдан кейін ол
Египет патшалығынан оның азиялық иеліктерінің елеулі бөлігін тартып алды
және тіпті өзінің балаларының бірін династия аралық неке жолымен фараон
етуге де әрекеттеніп көрді.
Алайда мұндай әскери-дипломатиялық әрекеттердің бәрі күрйеуік және
баянсыз болып шықты. Египетпен арадағы соғыс созылып кетті, ал шығыс жақтан
жаңа әрі қатерлі жау – Ассирия қауіп төндірді.
ІІІ Хаттусили египет фараоны ІІ Рамсеспен (бұрынырақта айтылғандай)
асығыс түрде келісімге келуге мәжбүр болды, өйткені ол асссириялық әскерлер
өзіне тыл жақтан келіп тиісер деп қауіптенді. Сонымен бірге ол өзімен бітім
шартын жасасқан Вавилонияны Ассирияға қарсы айдап салуды да көздеді.
Алайда, мұның бәрінің көмегі тимеді.
Ассириялықтар хеттарға соққы үстіне соққы берумен болды, ал батыстан
іштеріндегі гректер (ахейлер) және этрустар (турша) тайпалары бар “теңіз
халықтары” келе жатты. Б.э. дейінгі 1200 жылдың шамасында олар Хаттусуды
талқандап жеңді де, ол бұл соққыдан соң қайтып еңсе көтере алмады.
Шағын хетт князьдықтары – бұрынғы державаның бөлшектері – тағы да
бірнеше жүз жыл өмір сүрді, содан соң Ассирия оларды жұтып қойды да, хетт
халқы өзге халықтардың (Фригиялықтардың, арамейлердің т.б.) ішіне сіңіп
өздері туралы ешқандай дерлік естелік қалдырмай, біржолата жойылып кетті.

1.2. Хеттардің мемлекетік басқару жүйесі және заң түзу ісіне жалпы
сипаттама
Хетт пашалары Египет фараондары сияқты мейлінше күшті бола алмады.
Аса маңызды істерді тулкамен (ақсақалдар кеңесі) ақылдасуға, ал кейде
панкуспен ал (жауынгерлер жиналысы) келісуге мәжбүр болды.
Ұзақ уақытқа созылған өзара қырқысу соғыстарының және сарай
төңкерістерінен кейін б.д.д. XVІ ғасырдың аяғына таман елдегі басқарушы
таптар арасында белгілі дәрежеде мәмлеге келушілікті көрсететін бірқатар
реформалар жүзеге асады.
Телепин патша таққа мұрагер отырудың қатаң жүйесін жарлықпен
бекітеді. Патша өлген соң ел билігі оның үлкен ұлына, ал егер ол да
кездейсоқ өле қалса, одан кейінгі ұлына көшуі керек делінеді. Патшаның ұл
балалары болмаған жағдайда билік ең үлкен күйеу баласына көшуге тиіс.
Сонымен бірге патша өз бетімен ешкімді де өлім жазасына кеспеуше, өлімге
кесілгендердің мүлкін тулма мен паникусқа айтпай өз бетінше тәркілемеуге
міндетті болды. Біз бұдан хетт монархиясының деспоттық болмағанын, хетт
патшаларының Египет фараондары немесе шумердің , Аккад пен Вавилонның
әміршілері сияқты шексіз билікке ие бола алмағанын көреміз.
Телепин шығарған заң хеттердің қоғамында үлкен роль ойнады. Себебі
оған дейін хеттердің қоғамында болып келген тақ үшін қырылыс тиылып,
мемлекетте тыныштық арнай бастады. Бұл заңның өте тиімді жұмыс істегендігі
соншалық одан кейін екі жүз жылдан кейінде Муватали патша артына мұрагер
қалдырмай кеткенде де оның орнын күңнен туған баласы Урхи-Тешуб оп-оңай
иемденді.
Хеттердің патшаларының белгілі титулдары болатын болған. Ежелгі
патшалық дәуірінде бұл “табарна” деген аударғанда “ұлы патша” деген мағына
береді. Бұл титул туралы ғалымдар ол Лаборна патшаның өзгерген атауы деген
ұсыныс айтады. Ал кейінгі уақыттарда яғни империя дәуірінде патшаны “менің
күнім” деп атаған көрінеді. Патшаға сөйлердің алдында кім болса да осы
сөзді айтуы қажет болған.
Хеттердің патшалары ең жоғарғы әскер басшылықты, жоғары соттың
қызметін, жоғарғы абыз ғұрпын жүзеге асырды.
Патша жаз айларында әскери істермен айналысатын болса, қыс
уақыттарында әр түрлі діни ғұрыптарды жүзеге асырып отырды.
Хеттердің қоғамының тағы бір ерекшелігі басқару ісіне патшаның әйелі
яғни патшайымда араласатын болған. Патшаның әйеліне “таванна” атты титул
берілетін болған. Бұл титул лабарн патшаның әйелінің атынан шыққан
көрінеді. “таванна” титулына патшаның шешесі тірі тұрған кезде ие болу
мүмкін емес еді. Бұл патшаның шешесі қайтыс болғаннан кейін барып берілді.
Оған дейін ол тек патшаның әйелі деген атқа ғана ие болды.
Хеттерде патшаның әйелдерінің өздеріне тиесілі мөрлері және тағыда
басқа ерекшелейтін белгілері болған.
Хет қоғамында елдің ішіндегі билік ісін кеңесші органдарда жүргізіп
отырған. Ондай кеңесші орган хетт мемлекетінде панкус деген атқа ие болған.
Панкустың құрамына патшаның жақын туысқандары, әскери адамдар, қызмет
қызметшілер кірген болатын. Елдің ішінде бұл кеңесші органның құрамында
әскерилер көп болғандықтан кейде әскери кеңес дегенде атқа ие болып жүрген.
Алғашқы кезде бұл орган таза сот қызметін жүзеге асырған болатын.
Кейіннен басқа қызметтерді атқара бастады. Бертін келе хат қоғамының саяси
жүйесінде бұл органның алатын орны төмендеп, өзінің салмағын жоғалтады.
Осы кезеңнен бастап хеттердің мемлекеті абсолюттік монархия нысанын
иелене бастады. Мемлекет нақты патша ғана қызметке тағайындайтын патшаның
өкілдері басқаратын болды.
Жергілікті жердегі билікті патшаның тағайындалатын чиновниктері
жүзеге асырған болатын. Жергілікті жердегі патша өкілдері патшаның билігі
мен қызметін сол жергілікті жерде қайталады.
Хетт мемлекетіндегі әрбір қалада өзінің “ақсақалдар кеңесі” жұмыс
жасаған болатын. Жергілікті жерде бұл кеңестер қала аумағында болып жататын
дауларды шешумен айналысты. Сонымен қатар қоғамдық маңызы бар шаруаларда
осы кеңестің негізгі қызметінің өзегін құраған болатын.
Хетт мемлекетінің неізі қоғамдық тобының негізі басым көпшілігін жер
иеленуші шаруалар құрады. Сонымен қатар хет елінде ерекше әлеуметтік тобы
болды. Оларға негізінен қолөнершілер жатқан болатын. Оларда “құрал
адамдары” деп атаған болатын. Жер өңдеушілер мен қолөнершілер жерге
тәуелділікте өмір сүрді. Олар сол жерден кетулеріне болмайтын. Бұл
тәуелділік жерде билікті жүзеге асыруды жеңілдетті. Сонымен қатар хетт
қоғамында ерікті адамдарда болды. Жеке бастарының бостандығы болғанмен
мемлекетке қажетті қызметке қандай уақытта да тартылатын болған.
Қазіргі Анатолының дерінде нақты айтатын болсақ, Богазкей атырабынан
қыш тақтайшаларда жазылған заңдардың фрагменттері табылған болатын. Олардың
ішінде екі тақтайша өзінің бастапқы қалыпты сақтаған болатын. Ал қалған
заңдарды әр түрлі дерек көздері арқылы қайтадан реконструкцияға тура келді.
Егер қарайтын болсақ әрбір тақтайшада жүз параграфтан тұрады. Бұл
тақтайшадан тұратын заңдар жалпы бір заң ба? Жоқ әртүрлі заңдардың жиынтығы
ма? Біз оны әлі білмейміз. Бірақ та ғалымдардың басым көпшілігі пайдалануға
қолайлы болу үшін баптағы пайдаланылып жүр. Хеттердің бұл заңы 200 бапты
құрайды.
Бұл заң бізге ежелгі хетт көшірмесінде (шамамен б.з.д . XVІ ғ.) және
бірнеше кейінгі көшірмелермен жетті. Ежелгі хетт астанасы Хаттаустағы қазба
жұмыстары кезінде табылған заң тілі ежелгі хетт текстеріне жақын. Заңның
мәтініне қарап отырсақ, біз сол кезеңдегі хетт қоғамының әлеуметтік және
саяси құрылысы туралы мәліметтер ала аламыз.
Хеттердің заңының құрылымын тақтайшаларда қалай көрсетілген, соған
сәйкес бізде негізгі сұлбасын беруді жөн көрдік.

І кесте
1-6 баптар. Кісі өлтіруге қатысты
7-18 баптар. Шабуыл жасап тонау және әртүрлі жарақаттар салу.
19-24 баптар. Құл иелену оның ішінде қашқын құлдармен қалай қатынасу
керек туралы
25 бап. Санитарлық нормалар
26-36 баптар. Некеге отырудың тәртібіне қатысты
37-38 баптар. Өзін ақтайтын кісі өлтіру
39-41 баптар. Жерді иеленуге байланысты нормалар
42. Әскерге қатысты нормалар
43. Өзеннен өтуге қатысты нормалар
44 а. Қылмыскер адамды отқа итеріп жібергенде қолданылатын жаза
туралы
44б. Көзден тілден сақтауға қатысты норма
45. Мүлікті тауып алуға қатысты норма
56. Жер иеленуге қатысты нормалар
57 – 92. Мал ұрлығына қатысты нормалар
93-97. Ұрлық
98-100 Өртеуге қатысты нормалар
ІІ кесте
101-118. Бау-бақша, жүзімдікке байланысты нормалар
119-145. мүлікке әр түрлі зиян келтіргенде және ұрлағанда қолданылатын
жазаға қатысты нормалар
146-149. сауда қатынасына
150-161. Белгілі жұмыстарға төлем төлеуге қатысты
162 суландыруға қатысты нормалар
163. малға қатысты қылмыстар
164-169 ауылшаруашылығына қатысты діни ғұрыптар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет нысанының түсінігі
Ертедегі ғасырлар
6-сынып. ежелгі дүние тарихынан дәрістер
Ежелгі дүние тарихы пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мемлекеттің типологиясы
Мемлекет типологиясының түсінігі, жіктеудің әдіс - тәсілдері
Мемлекет типологиясы және формалары
Мемлекет типологиясының түсінігі, оны жіктеудің әдіс-тәсілдері
Мемлекеттің пайда болуы. Мемлекет типологиясы
Хетт патшалығы
Пәндер