Хз. Мұсаның ата тегі
Жоспар
Кіріспе
І. Бөлім. Хз. Мұсаның ата тегі.
1. Перғауынды қорқытқан түс.
2. Хз. Мұса Перғауын сарайында.
3. Хз. Мұсаның Мысырдан шығып Мадиянға баруы.
ІІ. Бөлім. Хз. Мұсаның таухид жолындағы күресі.
1. Хз. Мұсаның Мадиянан шығып Мысырға оралуы.
1.1. Екі үлкен мұғжизамен берілген пайғамбарлық.
2. Хз. Мұса мен Хз. Һаруннын перғауынды таухид жолына
шақыруы.
2.1.Мұғжиза мен сиқырдың бәсекесі.
2.2. Түрлі - түрлі мұғжизалар.
2.3. Мысырдан шығу.
3. Таураттын түсуі және алтын бұзау оқиғасы.
ІІІ Қорытынды.
ІV. Сілтемелер
VІ. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Адамзат баласын бақытқа, игілікке жеткізетін Таухид сенімі болып
табылады. Аллаһ (Т) адамдар арасында таухид сенімін жаю үшін мындаған
пайғамбарлар жіберіп, кітаптар түсірген.
Елшілік қызметі үлкен бір іс болғандықтан, адамдар арасынан сол
қызметке яғни бұл қызметті толық жүргізе алатын лайық адамды шешіп алған.
Бұл адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы пайғамбарлық сипатқа ие болып және де
өзіне келген уаһиды, сол қалпында адамдарға жеткізуі тиіс.
Міне осындай сипаттар Хз. Мұсаның бойында болып, оған елшілік қызметі
берілген. Мұса (а.с.) өзіне берілген елшілік қызиетін Мысырды және оған
тиісті аимақтарда жүзеге асырды. Тарихта Мұса (а.с.)ға Перғауынға билік
құрған кезеңдерде елшілік жауапкершіліге берілгені мәлім.
Кейбір Перғауындар қол астындағы қауымға өздерінің құдай екендігін
айтып, құлшылық етулерін талап етті. Бұл сенім Мұса (а.с.) келтірген таухид
сеніміне қарама - қайшы. Ал енді батыл сенімді Мысырлық қоғамда мақұлдайтын
да оған қарсы шығатын да адамдар баршылық еді. Перғауын өзінің сеніміне
қарсы шыққан адамдардың көзін жоятын.
Халық әділсіздіктің, зұлымдықтың және батыл сенімнің аясында өмір
сүрді. Міне сондықтан Мұса (а.с.) батыл сенімді жою үшін көптеген
мұғжизалар көрсетіп, Аллаһ (Т)ға деген таухид сенімін насихаттады. Перғауын
атақ данқынан айрыламын деп, Мұса (а.с.) қанша насихаттасада оған қарсы
шығып, Халық арасында таухид сенімін жаюына бөгет болды.
Бұл таухид жолындағы зұлымдық пен әділдік, батыл мен ақиқат күресі.
Батыл мен ақиқат күресінде Аллаһ (Т)ның ұстанымы боиынша ақиқат әрдайым
үстем. Бұған Хз. Мұса мен перғауын оқиғасы дәлел.
Бізге қойылатын міндетХз. Мұсаның таухид сеніміндегі үгіт- насихатын
оқырман қауымға жеткізу.
Хз. Мұсаның ата тегі
Аллаһ тағала жіберген барлық пайғамбарлардың ішінде дәрежесі жоғары
болған және өздеріне улул азм ( ұлық ) делінген бес пайғамбардың үшіншісі
Хз Мұса (ас).1 Құранда аты ең көп ( 136 рет) аталған пайғамбар. Исрайл
ұлдарына пайғамбар болып жіберілген. Яқубтың ( ас ) ұрпағынан. Хз. Харунның
бауыры. Хз. Мұсаның Яқұбқа (ас) дейін ата –бабасы: Мұса б. Имран б. Ясхер
б. Кахис б. Лави б. Яқұб (ас). Яқұбтың (ас) Лави деген ұлы 89 жасында
Набите бинти Мави б. Ешжеб атты әйелге үйленеді. Одан Гарсун, Мерзи, Мерди
және Кахис атты балдары болады. Кахис 46 жасында Кахис бинти Мубин б.
Тенвил б. Иляс есімді бір әйелмен үйленеді. Кахистің бұл әйелден Ясхер
деген бір баласы болды. Ясхер өсіп үлкейгеннен кейін Семиет бинти Етадим б.
Беркия б. Ешан б. Ибраһим есіміндегі бір әйелмен үйленіп, Имран дүниеге
келеді. Ясхер 147 жыл өмір сүрді. Имран б. Ясхер 60 жасында Нүжеиіб ( н\е
Нажие ) бинти Шемуел деген бір әйелмен үйленеді. Бұл аттан басқа Имранның
әйелінің яғни Хз. Мұсаның анасының есімі : Юхабис, Юхабил, Левха және басқа
да аттармен аталған. Бұл екуінен Харун және Мұса(ас) туылады. Хз. Мұса
туылғанда 70 жасындағы әкесі, 67 жылдан кеиін 137 жасында қайтыс болады. 2
Хз. Юсуф (ас) ды мемлекет қазынасының бастығы етіп тағайындаған
Мысырдың Перғауыны Рейан б. Малик мүмин еді. Одан кейін Кабус б. Мусаб
Перғауын болды. Бұл адам Юсуф (а.с) – ға иман келтірген жоқ, сонымен
бірге міндетінен де босатқан жоқ. Кабус басқаларына зорлап іс істететін,
өте залым бір патша еді.3 Кабус өлгеннен кейін оның орнына бауыры Абул
Аббас таққа өтті. Абул Аббастыңда бұдан айырмашылығы жоқ еді. Абул аббас
Кабустан да бай, кібірлі және өте залым еді. Хз. Мусаның таухит жолына
шақырған Перғауын, осы Абул Аббас еді.4
Юсуф(а.с) нан кейін Исрайыл ұлдары Мысырда қалады. Бұл жерде
Амаликалардың (Перғауындар осы тайпадан шыққан) қол астында көбейеді.
Өздері Юсуф, Яқуб, Исхақ және Ибраһим (а.с) дың білдірген дінінде болып,
сенім және ғибадаттарын ұстанған.5
Мысырдың ескі тұрғындары болған Қыпти қауымы болса жұлдыздар мен
пұттарға табынатын.
Перғауын зұлымдығына ұшыраған Исрайл ұлдары ұзақ жылдар бойы қайғы –
қасірет шекті. Перғауын ұзақ уақыт бойы патшалық құрды. Перғауынның
патшалық уақытында Исрайл ұлдарына ең ауыр істерді істетіп және оларды езіп
– жаншу үшін барлық күш – жігерін жұмсады.6
Перғауын Мысыр жерінде шынымен азғындап, халқын топтарға бөліп,
олардың әлсіз тобының ұлдарын бауыздап, қыздарын тірі қалдыратын. Өйткені
ол бұзақылардан еді.7 Расында Перғауын мен Хаман, әскерлері теріс жолда
болатын.8
Осындай бір заманда адамдарды зұлымнан құтқарып, иманмен нұрландыру
үшін Аллаһ (Т) Хз. Мусаны жіберді.9
Перғауынды қорқтқан түс.
Перғауын бір күні түсінде Бейті – Мақдистен бір өрт шығып, Қыптилардың
үйін өртеп, бірақ Исрайл ұлдарына зианын тигізбегенін көреді. Шошып оянған
Перғауын, дереу сиқаршылар мен түс жорушыларды шақыртып, түсін жорып беруін
әмір етті. Олар түсті былай деп жорыды: Жақында Исрайл ұлдарының арасынан
бір бала дүниеге келіп, патшалығыңды қолыңнан алады. Сізді және қауымыңызды
мемлекетіңізден шығарып, дініңізді ауыстырады. Оның туылатын кақыты өте
жақын дейді. Содан кейін Перғауын Исрайл ұлдарынан туылатын барлық
балаларды өлтіруге әмір етті.
Қамыстан бір аспап жасап күні жақындаған әйелдердің қарнына
тығып,оларды қинап, тезірек босандыратын. Егер ол бала туса дереу
бауыздайтын.
Перғауынның бұл жаман істі істеуі нің себебі: Исрайл ұлдары
Ибраһим(а.с) ның ұрпағынан келетін бір құтқарушының, өздерін бұл
қиыншылықтан құтқаратынына сенетін. Бұл жайлы араларында сөйлесетін.
Перғауын және әскерлерінің осы құтқарушының қолында (халәк) жоқ
болатындығын айтатын. Қыптилардың біреуі бұл жағдайды білгеннен кейін оны
Перғауынға жеткізеді. Перғауын адамдарымен жолыққаннан кейін осы қорқынышты
әмірді берді. 10
Перғауынның әмірімен барлық туылған еркек балаларды өлтіретін жылы
Хз. Мұсаның анасы жүкті еді.
Әйел босандыратындардың бірі Мұсаның (а.с) анасының жақыннан танитын
және сенімді әйелдердің бірі еді. Туатын уақыт жақындағанда Хз. Мұсаның
анасы баласына зарар келетінінен қорқып, жақын досы болған босандыратын
әйелді шақырып: Менің босанатын уақытым келді. Бұгін достығыңды,
жақындығыңды көрсететін және маған жәрдем беретін күн - деп одан жәрдем
сұрады. Хз. Мұса туылғанда маңдайынан жарқыраған нұр көреді. Жүрегіне
Аллаһ(Т) тарапынан Мұсаға деген үлкен бір сүйіспеншілік берілді Хз. Мұсаның
анасына: Мені шақырғаның жақсы болды. Сенің балаңа зиян бермеймін, бірақ
сенің жүкті екеніңді Перғауынның адамдары біледі. Менің арқамнан яғни мен
шыққаннан кейін дереу Перғауынның адамдары келеді. Балаңды бір жерге жасыр
-деді.11
Содан кейін босандырған әйел сыртқа шыға бере, Перғауынның адамдары
ішке кірді. Сал кезде Мұсаның анасы қорыққанынан баланы ыстық тандырдың
ішіне қояды. Әскерлер кеткеннен кейін жанталасып тандырды ашса, баласы
Ибраһим (а.с) сияқты оттың ортасында аман – есен тұр екен. Қуанып құшағына
алады да, Аллаһ(Т) ға шүкіршілік етеді
Сол кезде Мұса (а.с)ның анасына Аллаһ (Т) аян беріп, баланы не
істейтінін білдіреді. Бұл жайында құранда былай делінген: Мұсаның
анасына: Оны еміз ! Оған зиян тиеді деп қорықсаң, оны теңізге (нілге)
таста! Еш қорқып, қайғырма! Өйткені біз оны саған қайтарып береміз. Әрі оны
пайғамбарлардан қыламыз деп хабар бердік 12 Аллаһ(Т) Хз. Мұсаның
анасына, баласын еміздіріп аш тастамауын, Перғауын адамдарынан бір зиян
келеді деп қорықса оны Ніл өзеніне тастауын, баласының өзіне қайтарып
берілетінін және де Хз. Мұсаның пайғамбар болатынын білдіріп оған аян етті.
Баласын Ніл өзеніне ағызу үшін кішкентай бір сандық сатып алу үшін,
Қыптилардан бір ұстаға барып өзіне сандық жасатты. Ол ұста бұл сандықты
не істейсің ?деді. Хз. Мұсаның анасы болған шындықты айтты. Қыпти сандықты
жасап, кейін Перғауын адамдарына барып хабар бермекші болды. Перғауын
адамдарының жанына барып, оларға түсіндірейін дегенде тілі байланып ешнәрсе
айта алмады.Оған ашуланған Перғауын адамдары оны қуып жіберді.13
Сандық қамыстан өрілген еді. Хз. Мұсаның анасы сандықтың ішіне мақта
салып оған Хз. Мұсаны жатқызды. Сандықтын аузын жақсылап жауып байлап Ніл
өзеніне тастайды.
Хз. Мұса Перғауын сарайында.
Сандық Нілмен ағып отырып, сарайдың бақшасына келді. Су алуға келген
күңдер сандықты алып, Асия анамызға әкеледі. Асия анамыз сандықтың ішінде
алып келген баланы көріп, көңілінде оған деген сүйіспеншілік оянады. Бала
өте сүйкімді еді. Оны Перғауынның қасына алып барды. Перғауын баланы
өлтіруді әмір етті: Бұл баланың Исраил ұлдарынан бір бала екенінен
қорқамын. Біз оның қолыда (халәк) жоқ болатынымыздан және оның себебінен
қолымыздағы мал –мүлкімізден айыратын адам болуы мүмкін. - деді.14
Асйя анамыз жалынып – жалбарынып Бұл біздің баламыз болады,
келешекте бізге көмектесіп бізді қорғайды! Мұны өлтірме! Бұл екеуміздің
сүйікті баламыз болады. - деді. Асия анамыз баланы құтқарып, сенімді
болғаннан кейін, оның жағдайына қарап, бір ат беріп есімін Муша қойды.
Өйткені ол му және ша яғни су және ағаш арасынан табылған еді. Қыпти
тілінде суға му, ағашқа ша дейтін. Арабшаға откен бұл сөз кейінірек Мұса
болды. 15
Сонда Перғауынның отбасы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы
тауып алды. Расында Перғауынмен Хаман әрі әскерлері қателесті. 16
Перғауынның әйелі: Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны
өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер, немесе бала қып аламыз деді.
Өйткені олар сезбеді. 17
Асия Хз. Мұса үшін бір сүт ана іздейді. Қаншама сүт аналар келседе,
бала ешқайсысын ембейді. Хз. Мұсаның шешесі баланы Нілге тастағаннан кейін,
өзінің сандықтың арқасынан жүрсе сезіп қояды деп, сандықтың ізінен түсіп
өзіне хабарлап тұруы үшін қызына, яғни Хз. Мұсаның әпкесі Мариямды жіберді.
Мариям Хз. Мұса жатқан сандықтың арқасынан жүрді. Сандықтың Перғауын
сарайына апарылғанын және баланы еміздіру үшін сүт ана іздестіріп
жатқандарын көрді. Келген әйелдермен бірге сарайға кірді. Мұса (а.с) еш
қайсысының омырыуының ембегенін көріп: Сендерге бұл баланы еміздіретін,
оны жақсылап өсіретін бір әйел көрсетейін бе? деді. 18
Анасы Мұсаның әпкесіне: оның ізін қуала ! деген еді. Ол оларға
сездірместен, інісін алыстан бақылап жүрген. 19
( Өз шешесі келуден ) бұрын басқа омырауды емуге рұқсат бермедік. (
Бала бөтен омырауды ембей қойды.) Оның әпкесі: Мен сендерге баланы бағып
беретін мейірлі бір отбасын көрсетейін бе? - деді. 20 Мариям
осылай айтқан кезде, олар: Сен сондай бір әйел танысаң, бізге оны
табуымызға көмектес -деді. Мариям: Ол менің анам. Анаңның баласы
бар ма? дегенде Һарун деген бір ұлы бар. Балалардың өлтірілмеитін жылы
туылды -деді. Егер бұл айтқандарың рас болса, сол әйелді ертіп кел.
-деді. Мариям қуанып анасының жанына барып, болған оқиғаны айтып берді.
Содан кейін анасын Перғауынның сарайына апарды.
Анасы сарайға келгенде Мұса ( а.с) Перғауынның қолында жылап тұр елі.
Ал Перғауын болса оны жүбатып отыр еді. Ол жерге кірген анасы баланы қолына
алар –алмас жылауын қойды. Ол бала әйелдің омырауын емді. Перғауын күніне
бір динар беріп, Мұсаны сүт баласы етіп берді.
Бүдан кейін Хз. Мұсаның анасы баласын үйіне апарды. Осылай Аллаһ ( Т)
ның Қасас сүресінің 7-ші аятында Өйткені біз оны саған қайтарып
береміз... -деген уәдесі орындалды. 21
Сөйтіп анасының көзайым болуы, уайым шекпеуі үшін, әрі Аллаһтың
уәдесінің хақ екенін білсін деп, баланы өз құшағына қайтарып бердік. Бірақ
әлі де көбі ( мүны ) білмейді. 22
Мұса (а.с) ның басқа сүт аналардың омырауын ембегенін көріп уәзір
Хаман: Хз. Мұсаның анасына; Бұл бала сенікі ме? Өйткені сеннен басқа
аналардың сүтін ембей қойды, тек сүтіңді емді - деді. Мұса ( а.с) ның
анасы: Менің денем хош иісті, сүтім тәтті -деді. Сол жерде болған
адамдар дұрыс айтасың -деп оны қоштайды. Мұса (а.с) ның анасына айлық
беріп, алтындар сыйлайды.23
Мұсаның шешесі есі шыға қамықты. ( Баланың қайта оралуына) сенсің деп,
оның көңілін орнықтырмаған болсақ, ол сырын ашып алар еді. ( Бұл менің ұлым
дей салатын еді. ) 24
Асия анамыз Хз. Мұсаны сағынған кезде, сүт анасымен бірге оны сарайға
әкелгізіп, сыйлықтармен қарсы алатын. Бір күні Хз. Мұсаны Перғауынның
бөлмесіне апарады. Перғауын оны құшағына алады. Хз. Мұса Перғауынның
сақалын тартып, бірнеше тал сақалын жұлып алып, бетін шапалақпен ұрады.
Перғауын ашуланып: Міне менің іздеген дұшпаным! - деді. Мұсаны
өлтірмек болады. Асия анамыз оған: Ол баланың ақылы жетпейді. Қаласаң
сынап көрейік. Бір табақ жақұт пен алмаз және бір табақ шоқ алайық.
Егер Хз. Мұса жақұтты алса ақылды, шоқты алса бала - деді. Перғауын
келісіп інжу – маржанмен шоқ салынған екі табақ әкеліп, Хз. Мұсаның алдына
қояды. Мұса ( а.с ) қолын гауһар салынған табаққа апара жатқанда, Аллаһтың
әмірімен Жәбірейіл (а.с) араласып, қолын итереді. Ол шоқты алып аузына
салады. Тілі күйіп мүкіс болып қалады. Оның бұл мүкістігі Тұр тауында
жасаған дұғаға дейін жалғасқан. Бұл жағдайды көрген Перғауын : Иә
балалығынан осылай істеген екен - деп, Мұсаны (а.с) кешіріп, сарайында
өсірді.
Мұхиддин Ибнул Араби (қ.с) Фусус әл –Хакам атты кітабында былай дейді.
Перғауын дүниеге келетін Хз. Мұсаның көзін құрту үшін 980 мың бейкүнә
сәбиді өлтірді. Бұл мәселенің ішкі сыры балалардың бәрі Хз. Мұсаға өмірінде
медеткер болу, оның руханиятын күшейту үшін өлтірілген еді. Перғауын мен
оның әулеті Хз. Мұсаны әлі білмегенімен, Аллаһ (Т) білетін. Әлбетте
бұлардың әрбірінен алынған өмір Мұсаға тән болатын. Өйткені осыншама баланы
өлтірудегі мақсат-Мұсаны табу еді. 25
Аллаһ (Т) Хз. Мұсаны маңайындағы барлық адамдарға сүйкімді етті. (Әй
Мұса! Сүйкімді болуың) менің бақылауымда өсірілуің үшін саған өз тарпымнан
бір сүйіспеншілік бердім. 26
Аллаһ (Т)-ның осы сыйы үшін Мұса (а.с.)-ды кім көрсе де соның көңілінде
оған деген бір сүйіспеншілік пайда болатын.
Мұса жігіт болып ер жеткен соң, біз оған хикмет пен білім бердік.
Міне жақсылық істегендерді біз осылайша сыйға бөлейміз.27
Хикмет деп мағына беріліп жүрген Хүкм сөзі көбінесе тәпсірлерде
пайғамбарлық деп түсіндіріледі.28
Осыдан кейін Мұса (а.с) Перғауын дінінің бұзық және теріс екендігін
тарата бастайды.
Хз. Мұсаның Мысырдан шығып Мадиянға баруы.
Хз. Мұса бір күні Муниф деген өлкеде Мысырлық бір Қыпти кәпірдің,
Исрайл ұлдарының бірін жәбірлеп жатқанын көреді. Бұл жерде жәбірленіп
жатқан Исрайл ұлдарынан Самири деген біреу еді. Оны жәбірлеп жатқан
Перғауынның наубайшысы Фатун деген Қыпти еді. Фатун сарай асханасы үшін
отын сатып алып Самириге бұл отындарды тасы дейді. Ол отынды тасымағаны
үшін жәбірлеп жатқан еді. Сол кезде Мұса (а.с) да сол жерден өтіп бара
жатыр еді. Самири Хз. Мұсадан көмек сұрайды:
... Мұса тұрғындары қаперсіз жатқан кезінде қалаға кірді. Ол жерде
біреуі өз жағынан, екіншісі дұшпандар жағынан, екі адам төбелесіп жатқанын
көрді. Өз жағынан болған (адам) көмек сұрады.29
Мұса оларды айыру үшін ара түсіп, Фатунға: Жібер оны-дейді. Наубайшы:
Мен оны сенің әкеңнің жұмысын істесін деп алдым, ал сен оның жұмыс
істемеуіне көмектесіп жатсың-деді. Мұса (а.с) Самириді құтқармақшы болды.
Мұса Қыптидің көкірегіне ұрып, оның өліміне себепші болды. ( Сол кезде)
Бұл шайтанның ісі. Ол расында да адастырушы, ап-айқын бір дұшпан!-
деді.30 Мұса: Раббым! Шындығында өзіме зұлымдық жасадым (басыма іс
тауып алдым). Мені кешір!-деді. Аллаһ та оны кешірді. Өйткені ол өте
кешірімді, өте мейірімді.31 Мұса: Раббым! Маған берген нығметте- ріңе
серт, енді кінәқорларға (және қылмысқа итермелегендерге) ешқашан
көмектеспеймін-деді.32
Қыптилар мұны естіп, сол кезде қалада болған Перғауынға келіп; Исрайл
ұлдары Қыптилық бір адамды өлтірді. Олардан біздің ақымызды ал!-деді.
Перғауын: Өлтіргенді және куәгерлерді маған әкеліңдер-деді. Әрі-бері
іздеп, бір куәгер таба алмағандықтан Перғауын сол жерде қалды.
Ол түнді қобалжумен өткізген Хз. Мұса таңертең бір хабар алу үшін
көшеге шықты. Кеше Қыптидің зұлымдығынан құтқарылған Самири, бүгін басқа
бір Қыптимен ерегісіп жатқанын көрді. Самири Хз. Мұсадан тағы көмек
сұрады. (Мұса) Қалада қорқып, (маңайды) болжап таң атырды. Бір қараса,
кеше өзінен көмек сұраған адам тағы жалбарынып, одан көмек сұрап жатыр. Хз.
Мұса оған;(Кеше бір Қыптидің өліміне себепші болып, бүгін басқа бір
Қыптимен ерегісіп, көмек сұрағанына ашуланып оған) шынында да сен анық
бір азғынсың!33
Мұса екуінің де дұшпаны болған адамды ұстамақшы болғанда(Мұса (а.с)
Қыптиді емес өзін ұстап өлтіреді деп ойлайды) ол адам: Әй Мұса! Кеше бір
кісіні өлтіргенің сияқты мені де өлтіргің келіп тұр ма? Демек сен түзету-
шілерден болуды қаламай, бұл арада қайткенде де күш көрсеткің келіп тұр34
Бұл сөздерді естіген сол жердегі Қыпти дереу Перғауынға жүгіріп барып
Сіздің наубайшыңызды өлтірген Мұса! деді. Перғауын тез арада Хз. Мұсаны
ұстап, оны өлтіруді әмір етті. Мұны Перғауынның ағасының баласы жасырын
түрде Хз. Мұсаға жеткізді. Өйткені ол Мұса (а.с)-ға иман келтіру- шілердің
бірі еді.35 Қаланың бір шетінен бір адам жүгіріп келді: Әй Мұса!
Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу (бұл жерден) шық! Шынында мен
сенің игілігіңді қалаймын-деді.36 Мұса қорқа-қорқа(маңайды) абайлап, ол
жерден шықты: Раббым! Мені залымдар тобынан құтқар!-деді.37
Хз. Мұса уақыт өткізбей Мадиянға қарай жолға шықты. Негізінде ол
қаланың сыртына шығып көрмеген және қайда баратынын да білмейді. Тіпті
өзімен бірге азық та алған жоқ еді. Аллаһ (Т) Жәбірейіл (а.с)-ды жіберіп,
оған Мадиянның жолын көрсетті. Ол кезде Мадиян 8-күндік қашықтықта
болатын.38 Мадиянға қарай бет алғанда: Бәлкім Раббым мені тура жолға
салар!-деген еді.39
Ақырында Хз. Мұса Мадиянға жетті. Сол кезде халық Мадиян қорға-нынан
отарларын шығарып жатқан. Хз. Мұсаның аялдаған жерінде бір құдық бар еді.
Қорғаннан шыққан отарлар солай қарай бет алады. Біраздан кейін бәрі де
қойларын суару үшін құдыққа қарай асықты. Бірақ екі қыздың қойларын алып,
шеткері тұрғаны Хз. Мұсаның назарын аударды. Олардан сұрайды: Сендер неге
күтіп тұрсыңдар? Қойларыңды неге суармайсыңдар?. Қыздар: Қойшылар
кетпейінше, қойларды суара алмаймыз!-дейді. Хз. Мұса: Ешкімдерің жоқ па?-
дейді. Олар былай деп жауап берді:. Әкеміз өте қарт әрі дәрменсіз.
Сондықтан қойларды біз суарып, жаюға мәжбүрміз. Сонымен қатар, еркектердің
арасына кіргіміз келмейді. Олар кеткеннен кейін малдарымызды суарамыз.
Бірақ кейде олар суарғаннан кейін құдықтың суы таусылып қалып, қойымызды
суара алмай қаламыз.
Мұса Мадиян суына барғанда, ол жерде(малдарын) суарған көп адамдарға
жолықты. Олардың артында да (малдарын) жібермей тұрған екі әйелді көрді.
Оларға: Неге тұрсыңдар?-деді. Олар: Шопандар суарып кетпейінше
біз(олармен бірге малымызды) суара алмаймыз, әкеміз де өте қарт кісі-деп
жауап берді.40 Бұлар Шұғайып (а.с)-ның қыздары Сафура мен Суфейра
болатын.
Хз. Мұса 8-күн бойы аш болғанына қарамастан, қиналса да құдықтан су
тартып, олардың малдарын суарды. Қыздар рахметін айтып, ол жерден кетті.
Сол кезде Мұса олардың малын суарды. Сосын көлеңкеге барып: Раббым!
Расында маған түсіретін әрқандай жақсылығыңа(жейтін) мұқтаж-бын!-деді.41
Хз. Мұса неше күннен бері ештеңе жемеген еді, өте ашықты. Осы сөздерімен
Раббысынан өзіне азық жіберуін өтінген еді.
Шұғайып (а.с)-ның қыздары малын суарып, ерте қайтқанын көргенде
таңданып, мұның себебін сұрады. Қыздары салих бір адамның өздеріне
көмектескенін, бірақ бұл төңіректе мұндай адамның жоқ екендігін айтты.
Шұғайып (а.с) Хз. Мұсаны шақыртып, кім екенін сұрады. Мұса: Мен
Яқуб (а.с) ұрпағынан Имран ұлы Мұсамын деді де, басынан өткендерді айтып
берді. Шұғайып (а.с): Қорықпа! Бұл жерде Перғауынның үкімі жүр-мейді-
деді. Сонда екі қыздың бірі: Әкем сізді шақырады-деді. Мұсаның алдына
ұялшақтай келіп Бізге қой суарысқаныңыз үшін ақыңызды бермек-деді. Мұса
оған (Шұғайыпқа) келіп, басынан өткенін айтқанда, Ол: Қорықпа! Ол залым
қауымнан құтылдың! - деді. 42
Шұғайып ( а.с.) тамақ берді. Хз. Мұса тамақтанып, демалды. Мұса
(а.с) демалып жатқан кезінде, Хз. Шұғайыптың қызы Сафура бұл адамды
қойларын бағу үшін, ақы төлеп ұстауын өтінді: ( Шұғайыптың) екі қызының
бірі: Әкетайым! Ақы төлеп, қызмет жасататын ең жақсы адам, әрі күшті, әрі
сенімді - деді.43 Және сөзін жалғастырып: Бұл қасиетте міне бұл
адамда бар. Өйткені ол біздің жүзімізге де қараған жоқ. Жолда да артымызда
жүрді. Өте сенімді бүреу екендігі түсінікті деді. 44
Шұғайып (а.с) Хз Мұсаны қатты ұнатып, оны қасына алып қалғысы келді.
Қыздарының біріне үйленуіне ұсыныс жасайды. Хз Мұса: Менің еш мал –
мүлкім жоқ! Қалай той жасаймын? - дегенде. Шұғайып (а.с) меһір*
*Ислам дініндегі неке қиюда әйелге берілетін дүние.
үшін сегіз жыл қойын жаюды ұсынды. Бірақ он жыл жайса тіпті жақсы
болатындығын айтады. Мақсаты- Мұсаның қасында қалуы еді. (Шұғайып) айтты:
Маған сегіз жыл жұмыс істесең, мына екі қызымның бірін саған некелесем деп
ойлаймын. Егер он жылға толтырсаң, оны өзің білесің, әйтпе-се сені қинағым
келмейді. Инша Аллаһ менің жақсылардан (жұмыс беруші) екенімді көресің.45
Мұса былай деп жауап берді: Бұл сен екеуіміздің арамызда(болған
келісім). Бұл екі уақыттың қайсысын толтырсам да, демек маған реніш жоқ.
Айтқандарымызға Аллаһ куә.46
Солай келіскеніндей Мұса (а.с) Хз. Шұғайып (а.с)-ның малын жаюмен
қызметін бастады.
Шопандық барлық дерлік пайғамбарлардың күн көрісі болған. Осылайша
Аллаһ(Т) оларға пайғамбарлық міндетін бермей тұрып,
басқарушылыққа(ұйымдастырушылыққа) қажет кей бір ерекшеліктерді
қалыптастырған.47
Хз. Мұса (а.с) қызметін он жылға толтырып, Шұғайып (а.с)-рың кіші
қызымен үйленеді. Веһб б. Мунеббиһ (р.а) былай деген: Мұса (а.с) ол екі
қыздың үлкеніне үйленеді.48
Бұл келісімінің 9-жылында Хз. Шұғайып Хз. Мұсаға: Бұл жылы туыл-ған
ала қозылардың бәрін саған сыйға тартамын-деді.
Хз. Мұсаның Мадияннан шығып Мысырға оралуы.
Мұса (а.с) уақыты таяған соң Шұғайып (а.с) нан рұқсат сұрап, Сафура
мен бірге Мысырға қайтуға бел буады. Қойларын алып, қыс маусымында жолға
шығады. Хз. Мұсаның мақсаты Һарун (а.с) ды қасына алып Исрайл ұлдарын
Мысырдан шығару еді.
Қыстың бір кеші еді. Жолда найзағай гүрілдеп, қатты жаңбыр жауады.
Айнала көзге түртсе көргісіз қараңғы. Түннен шығу үшін берекетті Тұр
тауындағы бір үнгірге паналайды. Хз. Мұсаның жұбайының аяғы ауыр болып,
күні жақын еді. Бұл суық, қараңғы әрі жаңбырлы түнде отынмен жарық қажет
болды. Хз. Мұса сірінке шертсе жанбайды. Осылай қйналып отырғанда, алыста
жарқыраған жарық көрді. Әйеліне сол жерден от алып келетіндігін айтты.
Ақырында Мұса уақытын толтырып, отбасымен жолға шыққанда Тұр(тауы) жақта
бір от көрді. Жұбайына: Сен (осы жерде) күт, мен бір от көрдім, бәлкім ол
жерден саған бір хабар немесе жылыну үшін бір от әкелермін! -деді. 50
(Елшім) Мұса( оқиғасының) хабары саған жетті ме? Ол бір от көріп,
әйеліне: Күт! Мен бір от көрдім. Бәлкім одан саған бір шоқ әкелермін
немесе оттың қасынан бір жөн сілтеуші табармын! -деген еді. 51
Хз. Мұса отқа қарай барды. Ол жерге барғанда, бір жасыл ағаш үстінде
жарқыраған бір нұр көрді. Сол жерге келгенде ол мүбәрәк жердегі аңғардың
он бүйірінен (ондағы) ағаш тарапынан оған мынадай бір дауыс келді: Әй Мұса!
Мен бүтін әлемдердің Раббысы болған Аллаһпын! 52 Сол жерге
барғанда оған (тарапымыздан) Әй Мұса! Деп дауысталды. Расында мен, иә Мен,
сенің Раббыңмын! Дереу кебісіңді шеш! Өйткені сен қасиетті Тува
ойпатындасың. Мен сені таңдадым. Енді уахи етілген (нәрсеге)
құлағыңды сал! Расында Мен, тек қана Мен Аллаһпын! Меннен басқа тәңір
жоқ. Маған құлшылық қыл. Мені зікір ету үшін намаз оқы. Қиямет
күні қайткенде де келеді. Әркім артынан жүгірген нәрсесінің беделін алсын
деп оны жасырамын. Оған сенбеген және нәпсінің әуестігіне көнген
адамдар сені одан (қияметке сенуден) бас тартқызбасын, әйтпесе құрисың. 53
Аллаһ (Т) Хз. Мұсаға қасиетті Тува ойпатында “кебісіңді шеш” деп,
әмір етті. Өйткені ол жер Хақ Тағаланың хузыры, төсеніші еді және де
ол жерді аяқ киіммен басу дұрыс еместі. Сондай ақ ол жерді жалаң аяқ
жүру кішіпейілділік пен әдеп жағынанда ең дұрысы еді.
Екінші жағынан қасиетті орында кебіздің шешілу әмірі Хз. Мұсаның
аяқтарының сол жердің берекетін пайдаланып, абыройынан абыройын арттыру
деген сөз.54
Екі үлкен мұғжизамен берілген пайғамбарлық.
“Кебістеріңді шеш!” әмірінен кейін Мұса (а.с) ға таяғын жерге тастауға
әмір етілді. Таяғын тастағанда ол жылан түріне енді. Хз. Мұса қорықты. Оған
қорықпауы, қауіпсіз екендігі білдірілді. “Және (Мұсаға) “таяғыңды таста!”
делінді. Мұса (тастаған)таяғын жылан секілді ирелеңдегенін көргенде,
бұрылып артына қарамай қашты. (Сол кезде) “Әй Мұса! Бері кел, қорықпа!
өйткені сен қауіптен амансың” (деп бұйырылды)”55
Мұса (а.с) ның аса таяғы басында хикмет болатын. Соңында құдрет болды,
тіпті Хз.Мұса көтере алмаған кездері оның азығын көтеретін құдрет. Сонымен
қатар Мұса (а.с) шаршаған уақытта оған сүйенетін. Ол отырғанда не
ұйықтағанда оған келетін пәле мен жамандықтарға бөгет болатын. Оған әр
түрлі жемістер беретін. Ыстықта отырғанда басына көлеңке болатын. Әзиз бен
Жәлил болған Аллаһ Хз. Мұсаға құдретін сол таяқта көрсеткен еді. Мұса (а.с)
да сол таяқтың арқасында Аллаһтың құдретіне бойы үйренді. Аллаһ (Т) оны
пайғамбарлыққа тағайындап, өзіне жақындатып сөйлескенде, кейбір
ұсыныстарды бергенде оған былай бұйырды: “Әй Мұса! Мына оң қолыңдағы не?”56
Мұса (а.с): “Ол менің таяғым. Оны таянамын, онымен малдарыма жапырақ
түсіремін. Менің оған басқада қажеттіліктерім бар.”57 деп жауап береді. Сол
кезде Аллаһ (ж.ж): “Әй Мұса! Оны жерге таста!”58 деп бұйырды. Хз. Мұса
дереу әмірді орындады: “Оны дереу жерге тастады. Бір қараса жылдам
жорғалаған бір жылан емес пе?”59 Мұны көрген Мұса (а.с) қаша бастады.
Бірақ: “Аллаһ былай бұйырды: Оны оал! Қорықпа! Біз оны қазір алғашқы түріне
енгіземіз.”60
Абдулкадыр Гейлани (қ.с) бұл аяттарда ишари1 мағынада былай
байандайды:
1 Ишари тапсірде үш сипаттың болуы лазым:
а.сыртай мағынаны сақтау.
ә.Ишараға кейбір символдар арқылы барылу. Б. Жасалған анықтама кітаппен
сүннеттің аясында болуы.
Байандалған мына аяттардың мағынасы (мақсаты) Мұса (а.с)ның көзін
Аллаһтың құдретіне жеткізу еді. Сондай -ақ Перғауынның салтанаты оның көз
алдында үлкен әрі құдретті болып көрінбесін. Екінші бір Иляһи мақсат -
Перғауын және қаумы мен соғысуды Мұса (а.с)ға үйрету еді. Осылайша Аллаһ
оны Перғауынның қаумы мен соғысуға дайындап, төтенше нәрселерге Мұса
(а.с)ның көзін жеткізді. Алайда Хз. Мұса бастапқысында батылсыз болатын.
Сосын Аллаһ оның жүрегін кеңейтті. Оған үкім, пайғамбарлық және ілім берді.
61
Мұса (а.с)ға екінші мұғжиза ретінде қолын қойнына тығуы әмір етілді.
Хз. Мұса бұл Иләһи (Аллаһтан келген ) әмірді орындағанда, қолы күн сияқты
аппақ бір түрге енген еді. Сосын оған: Қолыңның осындай жарық
болғандығына өзің сияқты басқаларда қорқатын болса, қолыңды қайтадан
қойныңа тық, осылайша бұрынғы түріне келеді. -деп айтылады. Аятта қол
(иеді бейза) мұғжизасы былайша баяндалады:
Енді қолыңды қоиныңның астына тықсаң, басқа бір мұғжиза болып ол
кемшіліксіз әрі дақ жоқ, аппақ болып шығады. 62 Сөйтіп саған (осылайша)
ең үлкен дәлелдеріміздің кейбірін көрсеттік.63 (Мұсаға) қолыңды
қойныңа тық, кемшіліксіз аппақ болып шығады. Қорықсаң қолыңды өзіңе тарт.
Міне бұл екеуі Перғауынмен оның адамдарына қарсы Раббың тарапынан
(берілген) екі айқын дәлел. Өйткені олар жолдан шыққан бір қауым болды.64
Осылайша Аллаһ (Т) Мұса (а.с) ға екі үлкен мұғжизамен бірге
пайғамбарлық міндетін берді. Дінді уағыздауын білдірді. Алдымен Перғауынға
баруын әмір етті. Перғауынға бар! Өйткені ол әбден азды.65
Сол кезде: Мүса айтты: Раббым! Мен олардың біреуін өлтірген едім
мені өлтіреме деп қорқамын.66
Інісі һарунды өзіне көмекші қылып сұрады: Інім һарун меннен гөрі
тілді жақты. Оныда мені құптайтын бір көмекші етіп менімен бірге жібер.
Сосын маған өтірікші деп жала жабуларынан қорқамын. Аллаһ бұйырады:
Саған інің арқылы көмектесеміз, әрі сондай бір құдрет береміз, сен сол
дәлелдеріміздің (мұғжиза және көмекшілеріміз) арқасында олар саған жете
алмайды. Сен және саған бағынғандар үстем боласыңдар.67
Мұса (а.с) бұл үлкен міндеттің ауырлығының алдында Аллаһқа былай
дұға етті: Мұса: Раббым! Көкірегімді кеңейткейсің. Ісімді оңайлатқайсың.
Тілімнің мүкісін жазғайсың. Соншалық олар сөзімді түсінсін. Маған
отбасымнан бір көмекші бергейсің. Інім һарунды. Сол арқылы соңымды
күшейткейсің. Және оны ісіме ортақ қыл. Сонымен саған көбірек тасбих
айтамыз. Өзіңді көбірек еске аламыз. Күдіксіз сен бізді көріп тұрсың.
Аллаһ: Әй Мұса! Қалағандарың саған берілді.68
Сосын Алаһ (Т) оған деген нығметтерімен қорғанышын былайша есіне
салды: Негізінде біз саған тағы бір рет игілік еткен едік. Бір уақытта
тиісті нәрселерді анаңа уаһи еткенбіз. Мұсаны сандыққа сал, сосын оны
теңізге таста, теңіз оны жағаға шығарсын сөйтіп меніңде, оныңда
дұшпаны болған біреу оны алсын. ( Ей Мұса сүйкімді болуың) және менің
бақылауымда өсуің үшін, саған тарапымнан сүйіспеншілік бердім. Әй
Мұса, сенің әпкең барып: Оған қарайтын біреуді саған тауып берейін
бе? - деген еді ғой. Сөйтіп сені көзі мен көңілі қуанышқа толсын,
қайғырмасын деп анаңа қайтарып берген едік қой. Сосын сен біреуді
өлтірдің, сені уайымнан құтқарған едік. Сені жақсы бір сынақтан
өткіздік. Сол үшін қаншама жыл Мадиян халқының арасында тұрдың.
Сосын тағдырдың жазуымен мәлім уақытта (бұл жерге) келдің.
Сені өзім үшін елші ғып таңдадым. Сен інің екеуің бірге
дәлелдерімді апарыңдар! Мені еске алуда селқостық танытпаңдар.
Перғауынға барыңдар! өиткені ол әбден азды.69
Хз. Мұса мен Хз. Һарун (а.с) Ніл өзенінің жағасында кездесіп
құшақтасты. Хз. Мұса бауырына: Кәне Перғауынға барайық! Аллаһ (ж.ж)
екеумізге осы міндетті жүктеді - деді. Сосын екеуі бірге: Былай
айтты: Раббымыз! Шындығында оның бізге өте жамандық жасауынан,
қатынасынан немесе әбден азғындауынан қорқамыз. ( Аллаһ) былай
деді: Қорықпаңдар, өйткені мен сендермен біргемін, естимін де
көремін.70 Кәне Перғауынға барып айтыңдар: Расында біз әлемдердің
Раббысының елшісіміз! Исрайл ұлдарын бізбен бірге жібер!71
Сонымен қатар, Аллаһ (Т) бұл міндетті орындағанда назар
аударатын бір мәселені былайша білдірді: Оған жылы сөздер айтыңдар!
Бәлкім ол ақылға келер немесе қорқар!72 Аллаһ(Т) Перғауынның
тәухид сеніміне келмейтіндігін біле тұра, Мұса (а.с) ға оған жұмсақ
тілмен сөйлеуіне әмір етеді.
Хз. Мұса мен Хз. Һарун (а.с) Перғауынды таухид жолына
шақыруы.
Хз. Мұса мен Хз. Һарун (а.с) Аллаһтың әмірі бойынша бірге
Перғауынға барады. Екеуі Аллаһтың әмірімен Перғауынға барып оны
таухидке, Аллаһқа иман етіп жалғыз оған ғибадат етуі үшін насихат
етті. а Перғауын Мұса(а.с) ға: Сен кімсің? - деді. Ол: Әлемдердің
Раббысының пайғамбарымын! - деп жауап қайтарды.
Перғауын қатты таңданады да бұрын оған істеген жақсылықтарын
міндетсіп, Хз. Мұсаны кіналады: Сен менің сарайымда өсіп, нан
пісіретін адамымды өлтірдің. Енді істеп тұрған ісің не?! - деді.
(Оған Аллаһтың әмірін жеткізгенде ақымақ Перғауын) айтты: Біз
сені бала кезіңнен қамқорлығымызға алып өсірген жоқпыз ба? Өміріңнің
қаншама жылын ортамызда өткізбедің бе? Соныңда ол (жаман) істі де
істедің. Сен опасыздардың біреуісің.73
Мұса(а.с) айтты: Мен олісті істемедім. Мақсатым оны өлтіру емес,
тәрбиеге салу еді.74 (Мұса(а.с)): Мен ол істі істеген кезде, қателескен
едім. Сондықтан сендерден қорқып, сендерден қаштым. Сосын Раббым
маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды. Сен Исрайл ұлдарын құл
қылып, маған міндетсіген игілігің осы.75
Мұса (а.с) жалғастырып: Міне сен осылайша зұлымдық жасадың, мені
отбасымнан айырдың. Бірақ содан кейін Раббым маған іліммен түсінік
берді. Мені пайғамбар етті - деді.
Перғауын кібірленіп: Әлемдердің Раббы дегенің кім ол? Менен басқа
тәңір барма не? деді. Себебі ол жаратқанды мойындамай қауымына былай
дейтін: Сендердің менен басқа тәңірлеріңнің бар екенін білмеймін.76
Перғауын: Әй Мұса , Раббың кім екен? деді.77 Перғауын: Әлемдердің
Раббы деген не? деді.78 Ол біздің Раббымыз, бар нәрсеге жаратылысын
(қадір қажетін) беруші, солан соң дұрыс жолды көрсетуші.79 Мұса айтты:
Егер істің нарқын ойлап түсінетін кісілер болсаңдар (мойындайсыңдар). Ол
көктер мен жердің және екеуінің арасындағы Раббы!80
Перғауын: Олай болса, алдыңғы қауымдардың жағдайы не болады? - деді.
Мұса: Олар хаққындағы хабар, Раббымның жанында бір кітапта болады.
Раббым жаңылмайды да, ұмытпайды! Ол жерді сіздерге бесік еткен, сосын онда
сіздерге жол ашқан, көктен су түсірген - деді.81
(Перғауын) Айналасындағыларға: Естідіңдер ме?деді Мұса
(сөзін арықарай жалғастырып): Ол сіздің де Раббыңыз, бұрынғы аталарыңның
да Раббы (деді) (Тәңірболғандығын ойлап жүрген) Перғауын (бұл сөзне
ашуланды) Сендерге жіберілген бұл елшілерің қайтседе жынды! деді.82
Сіздерге жіберілген елшілеріңіз расында да жынды деді. Перғауын
менсінбестіктен оған елші деді. Маған жіберілген елші деуден қашып, қол
астындағыларына сендерге жіберілген елші даді. Яғни бұл пайғамбар
ақылсыз жындының бірі.
Мұса да (тайынбай) былай деді: Егер ақылыңызды
қолдансаңыз(түсінесіз) Ол шығыстың, батыстың және екеуінің арасында
болғандардың Раббы. 83
Ол сондай бір Аллаһ, күнді шығыстан шығарып, батыстан батырады. Бұл әр
күні көрінетін нәрсе. Ақылды да сауатсыз да бұны біледі (көреді). Осы үшін
Аллаһ Егер ақылыңызды қолдансаңыз деп бұйырады. Яғни ақылыңыз болса мұны
Әлемнің Раббысынан басқа ешкімнің күші жетпейтінін түсінесіңдер.
Перғауын жеңілген соң ашуланып Мұса мен Һарунды (а.с) азапты өлімнің
түрі - абақтымен қорқытты: Перғауын: Менен басқасын тәңір қылатын
болсаң, серт етемін, сені зынданға қаматамын! - деді.84
Мұсаны (а.с) өлтірмей зынданға тастаймын деуінің себебі. Перғауын
зынданы өлімненде бетер еді. Өйткені оның зынданы бірақ адам сиятындай
тереңдікте еді. Ол жерге кірген адамның тек қана өлігі шығар еді.85 Сол
себептен Хз. Мұсаны зынданмен қорқытты.
Мұса: Саған айқын бір нәрсе (дәлел) әкелсем де ме?-деді. Осы жолы:
Перғауын: Рас айтатын болсаң, кәне әкел оны!-деді. Сол кезде Мұса
таяғын тастай салды, бір қараса таяқ ап-анық үлкен бір жылан (ға
айналды)!86 Перғауын қатты қорқып: Өтінемін оны ұста, Исрайл
ұлдарын босатамын- деді.
Тефсир-и Тибянда былай деген: Перғауын бұл мұғжизаны көріп шошып,
қорыққанынан не істерін білмей шара таппай қалды. Тағынан атып тұрып.
Қорқыныштан Хз. Мұсағ: Сені пайғамбар етіп жіберген Раббың үшін өтінемін
оны ұста. Маған бір зарар бермесін. Сөз беремін мені одан құтқарсаң Исраил
ұлдарын босатамын деді.87
Перғауын өзін тәңірмін деп басқаларын өзіне табындыруының себебі; Ұзақ
өмір суріп, осы уақыт ішінде бір ретте басының ауырмауы және ыстығының
көтерілмеуінен еді. Егер өмірімде бір рет басы ауырғанда, өзін тәңір
дәрежесіне көтермейтін еді.88
Мұса (а.с) таяқты қолына алды. Ол қайта ескі түріне енді. Перғауын:
Тағы бар ма? - деп сұрады. Мұса (а.с): Қолын (қойнына тығып) шығарды,
ол көріп тұрғандарға аппақ көрінді (көзді шағылыстыратын бір нұр болды).89
Перғауын тағы қорықты. Осы мұғжизалардан кейін Мұса (а.с) ға иман
етуге шақ қалды. Бірақ уәзірі Хаман бөгет болды. Оны қайрады: Сен
Тәңірсің! Саған басқа біреуге құл болу жараспайды. Бәрі сені тәңір деп
біледі, сен тәнірліктен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz