Христиан антропологиясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Христиан антропологиясы

1. Христиан антропологиясына жалпы сипаттама

2. Православиелік антропология

3. Католиктік антропология

4. Протестанттық антропология

5. Христиандық антропологиядағы шіркеудің рөлі

6. Исус жеке тұлға ретінде

Христиандықта антропология қасиетті жазуда, Евангелиелерде, апостолдардың жазбаларында, шіркеулік соборлардың документтерінде, апологедтер мен шіркеу әкенің шығармаларында, аскеттік әдебиеттерде бұрыннан бар оқу ретінде қалыптасқан.

Библияға сәйкес, адам құдайдың бейнесі мен кейпі (Быт. 1:26-27) . Библиялық оқудың негізінде христиандық дін ілімі адамның мәнін өзінше түсіндіреді. Христиан антропологиясы үшін Ұлы Василидің анықтамасы үлгілі болып саналады: «Өзінің бейнесі мен кейпіне қарап жаратқан адам бұл құдайдың ең ақылды жаратылысы». Григорий Богослов жазғандай: (330-390 жж) «Денем топырақтан жаратылғанымен, жаным ұлы ақыл иесінің демі болып табылады». Христиандықта толық кемелденген адам ретінде «көрінбейтін құдай бейнесі» құдай адам Иусу Христос болып табылады (Кол: 1:15) және ол адамдар оны құдайдың баласындай көретін екінші адам деп есептейді.

Христиандық антропологияның негізі болып, тәндік және рухани бастама тән, жан және рухты қатар алып жүретін адам табиғатының дуализм туралы оқу болып табылады. Адам Атаның күнә жасауына дейін, Құдайдың адамды өз бейнесі мен кейпіне ұқсатып жаратуы бұл дуализмнің болмағандығын, тән, жан және рухтың құдайылық бірлігінің болғандығын білдіреді. Бірақ, Адам Ата жалған жолға түсіп, Құдайдың өзіне берілген ерік бостандығын пайдалану арқылы өзіне және өзінің ұрпақтарына кесірін тигізді. Тән, жан және рухтың құдайлығы бұзылды. Адамда тәндік, руханилықтан басым түсе бастады, нәтижесінде адам ауруларға, қайғы-қасіретке, өлімге душар болды.

Адам құдайдың ең соңғы, ең жоғарғы және ең мінсіз кемелденген жаратылысы. Ол әлемнің барлық негізгі элементтерінен құралған. Ол кіші көлемдегі әлем, микрокосм. Құдай басқа тіршілік иелеріне жеке-жеке бергендерін болмыс, өмір, сезіну, ақыл осының бәрін ол адамға бірге тұтастай берді.

Адам үш бөліктен тұрады: жануарларда бар сияқты, тән, жан және жоғарыдан берілген рух, бұл адамның терең метафизикалық мәні, оның өлмейтін жоғарғы «мені». Адам құдайдың бейнесі ретінде жаратылған және барлық руханилықты қабылдай алады. Құдай адамдарға әлемді басқаратын дайын руханилық бермегенімен, ол оған барлық болашақ бастаулары жасырынған дән секілді табиғи бейімділік (наклонность) берді. Адам Атада табиғи бейімділік болды, бірақ егер ол өзімшілдігімен өз табиғатын күнә жасап бұзбағанда, ол ең жоғарғы кемелділікке жетер еді.

Қасиетті жазу бойынша, адам өз-өзін құтқара алмады, тұңғыш күнәнің мөрі оны мәңгілікке масқаралады. Сол кезде құдай өзі өзінің ұлы кейпінде өмірге келді. Қалған дәрменсіз тамырларына шоқыну кезінде жететін және адамдарды «Құдайдың ұлына» айналдыратын құдайылық рахымшылықтың қалемшесін отырғызды.

Христиан антропологиясына сәйкес осы өмірде біз сүретін үш түрлі өмір - қозғалыстық, тіршіліктік және рухани үш өмірлік баспана - ана құрсағы, жер және аспан сәйкес келеді. Ана құрсағы жердегі өмірге дайындайтынындай, жердегі өмір «аспандағы» жоғарғы өмірге дайындайды.

Құдайдың өзі үш рухани қабілеттерге сәйкес нағыз дайындықтың баспалдақтары ретінде мыналарды көрсетеді:

1. Адам барлық затты білуі үшін - білім;

2. Ол өзін-өзі және айналасындағы заттарды ұстауы үшін - адамгершілік;

3. Өзін және барлығын, барлық заттардың бастауы, көзі Құдайға бағыттауы үшін - благочестие (тақуалық) ; (Моисей. Быт. 1:26)

Адамның күнә жасап бұзылған табиғатын тек Құдай ғана қайта қалпына келтіре алады. Құдай Ұлының адам кейпінде келуі, оның өліп тірілуі бұрынғы күнәһар Адам атаны басқа түрге айналдырады. Христостың құтқарушылық ерлігінен кейін адам «жаңа адам» бола алады (кло. 3:10) . Христиан сеніміндегі адам Христостың Құдайдың шынайы бейнесі мен кейпі ретінде кемелденуіне қатысады. Сондықтан да христиандық антропология христоцентристік және христологиямен тығыз байланысты.

Жалпы адам мәселесін түсіндірудегі антропологиялық сұрақтарды шешуде түрлі христиандық конфесиялар - православие, католицизм және протестантизмнің арасында айырмашылықтар бар.

Православиелік оқуда адам күнә жасап, өзіндегі құдай бейнесін тұмандатты. Оның кескінін бұзды және өзінің еркі мен руханилығына керісінше бағыт берді. Құдайдың еркі бұзылғандығына қарамастан, құдай сонда да адамға күнәдан айырылуға үміт қалдырады. Адам күнә жасағаннан кейін де жақсылыққа ұмтылады, бірақ дәрменсіздігіне қарай өзі игілікке жетуге қабілетсіз. Осы жерде правосавтық діндарлар шіркеудің құтқарушылық миссиясын алға тартады: «дәрменсіз» адам өзі құтқарыла алмайды, оған көмек керек. Ортаға түсетін адамдар керек. Бұл рөлді барлық құпиялық жораларымен дұғаларының жиынтығы мен шіркеу өзіне алады.

Сонымен қатар православиеде адамның қай жолды таңдайтыны көбіне өзіне байланысты. Сондықтан оның ешқашан құтқарылуға деген үміті өшпеуі керек. Адам қалай төмен құлдыраса да, оның қандай да болмасын, күнәсі егер де ол шын өкінсе кешіреді. Бірақ, құтқарылу үшін православтық адам міндетті түрде шіркеуге жиі келіп тұруы керек және ол мұны мәжбүрлеу арқылы емес, өз жүрегінің қалауымен жасау керек. Православие мен католицизм ілімінде кездесетін ортақ нәрсе - шіркеу Құдай мен адам арасында міндетті түрдегі жалғастырушы деген қағдида. Осы екі шіркеу де адамды құтқарудың жолы шіркеудің шектеулерін ұстанып, мерекелері мен ғұрыптарын сақтау деп санайды. Екі шіркеу де Августиннің «Шіркеу ғана құтқара алады» деген тезисін мойындайды.

Адам өздігінен құтқарыла алмайды. Және өмірінің соңына дейін дін қызметшілерінің көмегіне жүгінулері керек деген идея шіркеудің мүддесін көздейді. Яғни, осы сенімдегі адам шіркеуге баруға дайын, демек олар жақсы істер жасауға да дайын деп санайды, православтық діндарлар. Алғашқы адам табиғатынан күнәсіз, пәк болған, тек күнә жасағаннан кейін ғана оның табиғаты бұзылады. Православтық антропологияның маңызды элементі «Құдай адамзат» туралы оқу болып табылады. (Бого человечество) Бірақ бұл оқу Батыс христиандықта қолдау таппады: «Батыс христиандыққа Құдай адамзат (Теоандризм) идеясы жат». М. Лютер мен Ж. Кальвиннің антропологиясы Құдай адамзат туралы шындықты терістеу арқылы адамды төмендетті. (Н. Бердияев, Проблема человека)

Праволсавиеге тән нәрсе Құдай ұлын (Исусты) ғана емес, оның жер бетіндегі анасы бей күнә Мариямды қоса және қатар дәріптеу. Православиеде тірі кезінде Құдайға жаққан, сөйтіп өлген соң артта қалғандар үшін Құдай алдында тілек тілеу құқығына ие болған қасиетті адамдарға тағзым ету үлкен орын алады. Сол сияқты қасиетті адамдардың бұзылмайды және кереметтер жасайды деп саналатын мүдделері де ерекше құрметтеледі. Православие ілімінің негізі қасиетті жазу (Інжіл) және Қасиетті Өсиет, соңғысына алғашқы жеті әлемдік Собордың үкімдері мен негізінен ІІІ-ІХ ғасыр аралығында өмір сүрген, христиан догматтарын жасаған, «шіркеу әкелері» атанған ірі діни ғұламалар мен шіркеу қайраткерлерінің еңбектері жатады.

Праволсавтық антропология, католиктік және протестанттық антропологияға қарағанда, көптеген діндарлар патрстикаға арқа сүйейтін болғандықтан дәстүрлі және біркелкі. Православтық антропология діни өмірдің дәл ортасына әрбір жеке адам байланысты шіркеудің ортақтығын қояды. Православиелік антропологияның түйіні адам табиғатының құдайға құлшылығы, оның Құдайға айналуы (Обожение) болып табылады.

Католиктік антропология

Католицизмге сәйкес, адам табиғатының дуализм Адам Атаға дейін де болған және Адамның жаратылған күйінен бастап тән, жан және рух арасындағы келіспейтін қарама-қайшылық тән болған. Бұл қарама-қайшылық күнә жасағанға дейінгі Адам Атаның жанын Құдаймен бірлікте ұстап тұрған Құдайлық игіліктің арқасында жойылған болатын. Осылайша Адам Ата өзінің күнәлі үмметтеріне еш ерекшелігі жоқ болатын, тек құдайдың қосымша қасиеті ғана оның басында еш ерекшелігі жоқ табиғатын кемелдендірді. Соңында Адамның құдайға айналуы Батыс христиандық дәстүрге сәйкес Адамға бұрынғы қосымша қасиеттің қайтарылып берілуінде және оның мүмкіндігі Христостың құтқарушылығымен дайындалып қалыптасқан.

Ал шығыс Шіркеуінің оқуына сәйкес Құдайға айналу күнә жасағанға дейінгі Адам болған, ал кейін екінші адам Ису Христос табиғатынан кемелденген күйге қайта қайтару болып табылады. Бұл және басқа да айырмашылықтар соңында христиандықтың ішіндегі қайшылықтарға және оның 1054 жылы Батыс және Шығыс шіркеулеріне бөлінуіне әкеп соқтырды. К

Католицизмнің басты айырмасы қасиетті рухтың Әке Құдаймен бірге Құдай ұлының өзінен де таралуы туралы түсінік. Сол сияқты католиктер көне өсиеттің көптеген кітаптарын бұлжымас қасиетті ілім ретінде қабылдайды. К

Католик дінінде Құдай ананы (Мәрия қыз) құрметтеу үлкен орын алады. Адамдарды жақтаушы Мәрия қыз бейнесі бұрынғы полтеистік діндердегі құдай аналардың бейнесін алмастырды. Құдай ананы құрмет тұту дінге сенушілердің, әсіресе әйелдердің кейбір әлеуметтік психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырды. Католицизмнің ерекшелігі дін басыларынан міндетті түрде некеге тұрмауды талап ету.

Г. Кюнг бойынша шіркеу - Құдай халқын қалыптастыратын сенушілердің ұйымы. Оның қызметі жақыныңды жақсы көру тұрғысында Кюнг сенушілердің еркін қоғамы идеясын қатаң шіркеу идеясымен ауыстыратын «экклезиястицизмге» қарсы шығады. Католиктік шіркеудің көп ғасырлық тәжірибесіне қарсы Христос Монах немесе иерархиялық экклезиястикалық құрылымның құрушысы болған емес, керісінше жалпыға ортақ өзінің жақыныңды жақсы көр уағызында өзінің құдай адамдық мәнін көрсетті. Христиандық бүгінгі күні өзінің әлемдік миссиясын орындауы үшін, әрбір өзінің сенушілеріне Исус Христостың үлгісін көрсетуі тиіс. Құдай өлген әлемде Кюнг сенімді қайта тірілтудің жаңа әдістерін ойлап табады. Осы тұста Христос үлгісі католиктік оқуды жаңадан оқып шығуға көмектеседі. Біріншісін Исус өмірге әмбебап қатынас береді. Екіншісін ол әділетсіздіктің күрес негізінде адамдардың ұйымдарын құруға көмектесетін әрекеттер мен әдістер моделін алға тартады. Үшіншісі Христос адамның өмір сүруінің маңызын көрсетеді. Сонымен қатар Кюнгтың пікірінше Христостың үлгісі қазіргі адамды оның белсенділігінсіз алға Құдай қаласына жете алмайтындығын үйрету керек. П

Протестанттық антропология

ХҮІғ. Еуропада феодализмге қарсы бағытталған әлеуметтік саяси күрес басталған еді. Феодализмнің идеологиялық тірегі болғандықтан басты соққы католицизмге қарсы бағытталды. Реформацияның нәтижесінде католицизмнен протестантизм бөлініп шықты. Ортағасырлық теология үшін адамды тарихи шіркеудің мүшесі, құдайлық реттіктің элементі ретінде түсіну тән болған. Шығыстық патристикада кейінірек Григорий Паламаның (1296-1359) шығармасында адам Құдайдың энергиясына қатынаса алатын тіршілік иесі ретінде қарастырылады. Батыстық теологияда адам туралы оқудың құрылымының өзі болмыстың соңғы мақсаты және принципі ретіндегі оның Құдайға қатынасын көрсетеді: адамды Құдайдан кеткен күнәһар сол Құдайдың жаратылысы, кемелдену жолымен Құдайға баруын көрсетеді. Ф

Фома Аквинский (1221-1274) ақыл есі бар тіршілік иесі ретінде адам өзінің табиғи әуестігі бойынша да құтқарылуға тырысады дейді. Адамды жанымен теңестірген августинисттерге қарағанда томисттер адамды жан мен тәннің бірігуінен пайда болған тіршілік иесі ретінде қарастырады. Реформация кезеңінде М. Лютер (1483-1546) адам сеніммен ақталады деген апостол Павелдің жазбаларын талқылау маңызды деп шешті. Протестанттық теологтар жаңа заманның субъективтілік, бостандық, адамның белсенділігі жайлы философиялық концепцияларды меңгерді. П

Протестанттық теологияда енді дін ілімін «антропологиялау» процесі басталды. Либералды теологияның негізін қалаған Ф. Шлейермахер христиан догматикасын діни антропологиясына айналдырғысы келді. ХІХғ. 40-шы жылдарынан бастап діндарлар классикалық философияның рационализмімен ғана емес, Людвиг Фейербахпен де санасулары, келісулері керек болды. ол антропологияны адамдардағы табиғи, қазіргі болмыс ғылымына, сезімдік, «әмбебап ғылымға» айналдыруды ұсынды. Т

Традиционализм протестантизм туралыР

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам болмысының көптігі
Адам мәселесіне субстанциялық көз қарас
Философиялық антропология мәселерін талдау
Адамның шығу тегі туралы концепциялар
Ежелгі грек антропологиясы
Адам - дене мен жанның бірлігі
Ежелгі Мысырдың, халқы, тілі, діні, салт-дәстүрі
Классикалық неміс философиясы жайлы
Ислам дінінің бес парызы
Техника және білім ғылым философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz