Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ХРИСТИАН ДІНІ (грек. Christian, Христостың есімінен шыққан) – Будда
және Ислам діндерімен қатар дүниеге кең тараған діндердің бірі. Жер шарында
920 млн. христиан бар (20 ғ. 70-жылдары), оның жартысының көбі Рим католик
шіркеуімен, қалғандары грек-православие және протестант шіркеулерімен
байланысты. Католик дініндегілердің жалпы санының жартысынынан көбі Батыс
Европа елдерінде (Италия, Австрия, Испания, Португалия, Франция, Бельгия
т.б.) және халық демократия елдерінде ( Польша, Венгрия, Чехословакия,
Куба) тұрады. СССР-де католик діні Латвия, Литва, Белоруссия мен Украинаның
батыс облыстарында таралған. Христиан діні біздің заманымыздің 1 ғасырында
Рим империясында адамдарға өктемдік еткен әлеуметтік күштерге қарсы
күрестің дәрменсіздігінен пайда болады: 1 ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген
Филон Александриялықтың діни философтық көзқарасы христиан дінінің
қалыптасуына ықпал етті. Филон “құдіреті күшті” құдай табиғаттан мүлде
өзге, ал құдай мен табиғат арасындағы делдалды – періштелер мен мессияны –
Филон логос деп атады. Бертін келе Иисус Христос сол мессияға теңелді. Ол
адам сияқты болғанымен, адам емес, құдайдың өзі, ол дүниеге келеді де,
қайтадан ғайып болып, адам ойында, көкейінде сақталады дейді. Филонның діни
философиясы халық бұқарасын осы аңызға иландыруға тырысты. Сондықтан оны Ф.
Энгельс Христиан дінінің атасы деп атады.
Христиан діні шығуына Рим стоиктерінің, әсіресе Сенеканың Ілімі алкен
әсер етті. Оның Ілімі бойынша, о дүние әуел бастан ақылға сыйымды
бастамаға, құдіретке бағынышты. Құдай дерексіз, бүкіл әлем тәрізді бәріне
өз әмірін жүргізетін мейірімді әке іспеттес. Христиан діні “Александрийлік
филондық мектептің және грек-римдік тұрпайы философияның – платондық
әсіресе стоиктік философиясынан... пайда болады”. Христиан Діні ертедегі
діндердің синтезі ретінде жаңа тарихи жағдайда пайда болып, өзін бұрынғы
діни ілімдерге қарсы қойған жаңа дін – дүние жүзіндегі дінге айналды.
Христиан дінінің әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады: 1) Інжілдер (Матфей,
Марк, Лука, Иоанн), 2 ) апостолдардың арнаулы хаттары, 3) Христос
шәкірттерінің істері туралы жазбалар, 4) ақыр заман туралы аят. Осы
әдебиеттердің ішіндегі ең бастылары Інжілдер. Олардың бір-біріне ұқсас және
қайшы жерлері көп. Христиан діні “Жұрттың бәрі Христос алдында тең, барлық
адамдар туысқан, бауырлас”, - деп. Жариялайды. “Сонымен, барлық ұлттық
діндерді және олардың бәріне ортақ болған әдет-ғұрыптарды теріске шығара
отырып, барлық халықтарға ешбір айырмашылықсыз қарап, христиан дінінің өзі
дүние жүзілік дін болуы ықтимал бір інші дінге айналды” (бұл да сонда). 1
ғасырдың аяғында құл иеленуші қоғамның ішінде қайшылықтар шиеленісе түсті.
Қайшылықтардан шығудың жолын таба алмаған үстем тап өкілдері торығып,
пессимизмге бой ұрды. Осы себептерден алғашқыда құлдардан ғана тұрған
христиан діні қауымдарының құрамы өзгереді, енді бұл қауымдарға
қолөнершілер, саудамен айналысқандар, жер иелері, тіпті Рим шонжарлары да
кіреді. Сөйтіп христиан діні қауымдарының әлеуметтік құрамы өзгеріп,
қауымның демократиялық сипаты біртіндеп жойыла бастайды. 3 ғасырдан бастап
христиан діні иелері саяси күреске белсене қатыса бастайды. Бірақ олар
құлдар мен құлдыққа ұшыраған халықтардың мүддесін қорғамай, Рим
императорларына болысты. Сондықтан імператор Константин 313 ж. христиан
дінін ерікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзге діндер жайында
Христиан дінінің шығу тарихы
Жемқорлықтың жіктемесі
Дүние жүзінің діндердін мәдениеті
Дін туралы мәлімет
Қазақстандағы христиан тарихы
Пресвитерандық шіркеуі
Діннің таралуы
Әлемдік діни мәтіндердің салыстырмалы талдауы
Дін анықтамалары. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер
Пәндер