Христиан әлеміндегі төрт інжіл және оның маңызы


Кіріспе
Қүран сөзімен айтқанда, өте көркем әрі әлсіз бейнеде жаратылған құлдарының жүрегіне иман нүрын ұялатқан құдіретті Аллаһ Тағалаға шексіз шүкір етемін. Адамзаттың қараңғы түнектен шығып, нұрға бөленуіне дәнекер болған әлемнің мәңгі мақтанышы Мүхаммед (с. а. у. ) Пайғамбарымызға салауат және сәлем болсын.
Бүл тақырыпты жазудағы мақсатым бүгінгі күндегі Христиан әлеміндегі төрт інжіл және оның маңызын қарастыру. Адамзат жаратылыстан бері өмірде бір Аллаһқа сену қажеттігін сезінген. Бүл қажеттілік адамзаттың жаратылыс табиғатында бар нәрсе. Адамзат бойындағы бүл бір Қүдайға деген сенім қажеттілігінен түрлі күлшылық жолдары туындайды. Яғни адамзаттың ішкі рухани дүниесіндегі иман-сенім қажеттілігі оны түрлі діни жолдарға итермелейді. Аллаһ Тағала қүлдарының өзіне иман келтіріп, өмірде тура жол табулары үшін Пайғамбарлар арқылы адамдарға жаңа шариғат, дін жіберген. Аллаһ тарапынан жіберілген әрбір пайғамбар өзінің пайғамбарлық міндетін орындап, адамзатты тура жолға шақырған. Дегенмен адамдар пайғамбарлар дүниеден өткеннен кейін тура жолдан адасып, діни әмір-үкімдер бүзылып, өзгеріске үшыраған. Яғни діни үкімдері өзгертілген, негізсіз діндер пайда болған. Міне осындай діндердің бірі Христиан діні. Хз. Исадан кейін оның хақ діні бүзылып, жаңадан Христиан діні пайда болды. Негізінде Аллаһтың алдында Христиан діні бүзылған дін болып есептеледі. Аллаһ алдында қабылданатын жалғыз дін - Ислам діні.
Хз. Исаға Аллаһ тарапынан Інжіл кітабы түскен. Бірақ Иса (а. с. ) -ның өлімінен кейін (Христиан еенімі бойынша) адамдардың қаламынан туған көптеген інжілдер пайда болып,
Аллаһ сөзі адамдардың сөзіне айналды. Яғни Иса (а. с. ) -ға түсірілген інжілдің күші жойылып, өзгеріске түсті. Бұл бітіру жүмысымда Хз. Иса (а. с. ) -ға түскен Інжіл мен қазіргі Христиан жамағатының қолындағы інжілдердің айырмашылығы неде? Расында бүл Інжілер Хз. Иса тарапынан жаздырылған ба? Төрт інжілдің шығу тарихы қандай? - деген сүрақтарға жауап іздей отырып, Інжіл жәнне Інжілдердің айырмашылығын, Інжілдегі Хз. Исаның суреттелуінің бір-біріне сәйкес келмейтін қарама-қайшылықтарды қарастырдық.
Бүл тақырыпты жазудағы бірден-бір себеп, Христиан жүртшылығы қасиет түтқан төрт інжілдің негізі бүзылғанын, төрт інжілдің әртүрлі кезеңдерде жазылғанын және бір-біріне қайшы келетін түстарын айқындап көрсету еді. Бүл жүмысымды жазу барысында бірқатар қиыншылықтарға тап болдым. Атап айтқанда жеткілікті деңгейде тақырыпқа сай әдебиеттер қоры тапшы болды. Дегенмен, колдан келгенше түрік тіліндегі әдебиеттерден пайдалана отырып, талапқа сай жазуға тырыстым.
ІБөлім. Христиан әлеміндегі төрт інжіл және оның маңызы.
1 Інжіл кітабына түсінііктеме.
Інжіл сөзі Грек тілінен "Еиап§е1іоп' сөзінен шығып, "еи"- ізгі, "angeIion"- хабар мағынасына келеді. "ЕvangeіIe" сөзі уақыт өте "EvangeIiion '' 'және "ЕvangeіIe" болып өзгеріске ұшыраған. Ислам әдебиеттерінде қолданылатын "Інжіл" сөзі, грекше "Еуап§і1е'-ден алынған. Сөздің ағылшынша түсінігі "GospeI" болып табылады. Ескі ағылшын тілінде "Оой Зреіі" - Тәңір сөзі деген мағынаға келеді. 1
Араб тілінде "Инжил", көпше түрі "Анажил" болып, жаңа өсиет мағынасына келген. 2 Інжілдің арабша "нәжил" түбірінен шығуындағы көзқарас негізсіз 3 делінуде. Сөздікте "Ізгі хабар" және "Сүйінші хабар" мағынасына келетін інжіл сөзі дсгенде, Христиан Киелі Кітабының Жаңа Өсиет бөлімінде орын алған Матфей, Маркос, Лука және Жохан тарапынан жазылған төрт кітап меңзеліп тұр.
Кейбір Христиан ғалымдары бойынша "інжіл" сөзімен, "інжіпдер" сөзін бір-бірінен бөлек тану керек. Жаңа Өсиет мәтіндерінде айтылған Інжіл сөзі (ізгі хабар), қандайда бір кітапқа есім ретінде берілмеген және осы мағынада қолданылатын атау емес. Ол Ізгі хабар- мағынасында Хз. Иса тарапынан сақталынған қүтылу хабары мағынасында қолдануда. "Інжілдер" сөзі болса, Хз. Исаның сол аталған хабарын түсіндіретін және төрт бөлек автор тарапынан қаламға алынған "еңбектер " мағынасына келеді.
Христиан сенімі бойынша Інжілдер Тәңірдің қадағалауымен авторлары жағынан қатесіз жазылған ерекшелігін сақтауда. Хауарилер мен Інжіл авторларының сөйлеулері де, жазулары да Тәңірдің қалауымен тікелей байланысты. Қасиетті рухтың Хз. Исамен қосылып бірігуінен туындаған Хз. Исаның "сүйінші хабары" мен уахиының дұрыстығында ешбір шек жоқ. Жаңа өсиет деулері, Тәңір мен өздерінің арасындағы үкімдерін әкелгендеріне сенгендіктерінен Інжілдер Хз. Исаның өмірінің, уағыздарынан және мүғжизаларынан әңгімелегён. 4 Інжіл көп жері бүзылған кітап 5 делінуде. Бір інжілде бар болған мәселе қалған үшеуінде жоқ. Кейде төрт інжілде орын алуы керек болған мәселелер үшеуінде болып, енді біреуінде болмағандығы көрінеді.
Ислам әдебиеттеріне қарағанда інжіл - Алла жағынан Хз. Исаға уахи етілген кітаптің аты. Қалайша басқа пайғамбарларға уахи жолымен кітаптар жіберілген болса, Хз. Исаға да осы өмірінде уахи жолымен Інжіл түсірілген. Ислам сенімі бойынша Хз. Иса бір пайғамбар болса, Інжіл оған уахи етілінген кітаптің аты.
Христиан сенімі бойынша, Хз. Исаға өмірінде, Інжіл атты армайы кітап түспеген. Негізінде оның бүндай бір кітап жарыққа шығару мақсаты да жоқ еді. Сондай-ақ ол, ешкімнен Інжіл атты кітап жазуын қаламаған, сонымен қатар бүған бүйырған қандайда да бір бүйрығы немесе өсиеті жоқ. Хз. Иса, халықтың арасында жалғасқан үш жылдық өмірінде тек қана сөйлесумен, адамдарға мәміле етумен шектелген. Ол, бүл дүниеден айырылғаннан кейін, артынан Інжіл атты кандайда бір әдебиет тастамаған. Хз. Исаның дүниеден айырылғаннан кейін шәкірттері, оның халыққа үйреткен тәлімдерін әрі қарай үйретуді жалғастырды. Насихат өмірінің әуелгі күндерінен бастап, Хз. Исамен бірге болғандығынан олар, хауарилер болып табылады. Шәкірттердің кейбірі, насихат ісінің жақсырақ жасалуы үшін және өздерінен кейін бүл міндетті жалғастыратындарға жол көрсетуші ретінде, Хз. Исадан естігендерін, көрген нәрселерін қағаз бетіне түсірген. Бүл жазбаларға уақыт өте келе біршама қоспалар еңгізіліп, бүгінгі таңдағы інжілдер пайда болды. 6 Хз. Исаға жіберілген Інжіл бір ғана кітап болатын. Ибранише (еврейлердің ескі тілі) жазылған еді. Аллаһ жіберген асыл ибранише қолымызда жоқ. Яһудилер дүшпандығының кесірінен жоқ болды. Қазіргі кездегі колымыздағы - Исадан көп кейін әртүрлі адамдар тарапынан жазылған кітаптар Исамен оның шәкірттері яһудилер еді. Бүл кісілер ибранише сөйлейтін. Қазір дүниеде ибранише жазылған ешбір Інжіл жоқ. ескі інжілдердің бәрі грекше жазылған бүл жағдайда Аллаһтың Исаға түсірілген асыл ибранише інжілінің жоғалғанын көрсетеді. Асыл ибранише інжілдің түп нүсқасы немесе аудармасы да болмағандықтан жазған адамдар өздерінің көргендерін естігендерін жазған.
Осылайша колымызда 54 түрлі бір-біріне үқсамайтын інжіл пайда болды. 325 жылы қазіргі Түркияның Изник каласында жиналыс болды. Бүл жиналыста 54 інжіл қабылданды. Ал қалған 50 інжіл жойылып жіберілді. Тандап алынған бүл төрт інжілден басқасын қабылдағандары өлтіріледі деген бүйрық беріледі. Олардың ішінде '"Барнаба" інжілі сақталынып қалады.
*Хауари-Иса (а. с) -ның шәкірттеріне берілген атау.
Бүл Барнаба інжілі табылып 1585 жылы Итальян тіліне, 1907 жылы ағылшын тіліне аударылады. Алайда аудармасы да жойылып жіберіледі.
Барнаба інжілінде Исаның Аллаһтың Үлы (Баласы) емес екендігі, сүндетке отырғызу күнәларды тек Алланың кешіре алатыны адамдардың кешіре алмайтыны ең соңғы пайғамбар келетіні есімініңде '"Ахмед" болатыны анық жазылған. "Мен сіздерге сөйлеген сөзімді өзім айтпаймын. " (Жохан інжілі. 14/10) "Және естіп отырған сәздеріңіз менікі емес, мені жіберген Әкенікі. " (Жохан інжілі 14/24) Бүл сөздерге қарасақ, Інжіл Аллаһтың сөзі, Аллаһ бір ғана Інжіл берді. Қолымыздағы қазіргі інжілдер Аллаһ жіберген асыл Інжіл еімес. Інжіл авторларының көрген білгендері, естігендері жазылған Иса пайғамбардың өмірбаяны жайындағы жазылған хикаялар. 7
Матта, Маркос, Лұқа және Жоһан тарапынан жазылған төрт кітапты -Інжіл деп атаса, кейде бүлардан тыс Жаңа Өсиеттің қалған жиырма үш кітабында Інжіл дейді. Христиан дінінде көрінген қарамайшылықтар мен түсініксіздіктер, Інжіл сөзінде де кездеседі. Қағаз бетіне түспеген Хз. Исаның жолдамасының аты інжіл болғаны сияқты, төрт Евангелистің жазған төрт бөлек өмір хикаясының аттары, бүлармен қоса, Елшілердің істері, Жиырма бір хат және бір уахиден" қүралатын жиырма жеті кітаптің аттары да інжіл болып аталады. 8 Бүгіндері қолымыздағы Інжілдер-Аллаһ жіберген нағыз Інжілдер емес, адамдар тарапынан бүрмаланған, өзгертілген інжіл. Енді бүны мысалдармен дәлелдеп көрелік: "Иса жасаған баск, а да көптеген нәрселер бар. Егер оның әркцйсысын бояек-бөлек жазса, жазылатын кітаппшр жер дүниеге сыймас еді деп ойлаймын. (Жохан 21/25) . Інжілде айтылғандардың бәрі
Исаның жасаған істерімен оның өмір баяны екенін Інжілді жазушы ашықган-ашық мойындап түр. "Деп ойлаймын" сөзі де түсінікті. Бүл сөз Аллаһтың да Исаның да сөзі емес. Бүл сөз Інжілді жазған адамның сөзі. "Мёнің ойымша" деген мағынада Інжілді өзгертушінің өзінің ойын білдіреді. 9 Төрт Інжіл; Матта, Маркос, Лүқа және Жохан. Біршама айырмашылықтарға қарамастан, алғашқы үш інжіл арасында үқсастық болғандығынан бүларға синоптик* інжілдер делінеді. Синоптик інжілдер 60-85-ші жылдары жазылғандығы айтылуда. Төртінші інжіл Жохан болса, 100 жылдан кейін жазылып, алдыңғы үш інжілді қамтуда. Кейбір айырмашылықтарға, карамастан алғашқы үш інжілдің араларында үқсастық болғандығынан оларға Синоптик інжілдер деп атаған. 10
Ислами әдебиеттерге қарағанда бір ғана Інжіл бар, ол да Хз. Исаның адамдарға насихаттаған Інжілі. Алайда бүл Інжілдің Хз. Исаның уақытысында жазулы түрде болды ма әлде жоқ па, бүл жайында қандайда бір түсініктеме жоқ. "Қүдайдың інжілі" сөзінен уаһи жемісі болған иләһи әмір және тиымдар деген мағына түсінікті болып түр. Хз. Иса уақытысында жазулы қандайда бір інжіл жоқ болған болса, оның інжіл жазушыларын міндетті түрде тағайындауы керек еді. Егер ол, авторларды белгілеп кеткенде, бүл шиелініс туындамас еді.
Біздің заманымыздың 1Ү ғасырының орталарында жүзден астам інжілдердің арасынан тандалып саны төртке түсуі, негізі Яһуди салтының жалғасу сипатында. Қалай Таураттың ішінде төрт бөлек кітап болса, інжілдерді де төрт бөлек автор қаламынан шығарған. 11
- Синоптик -Алғашқы үш інжіл аты.
- Христиан дінінің салты бойынша Інжілдер Хз. Иса заманында жазылмаған. Ол бүрыннан айтылғандай, Ислам мен Яһудиліктегідей уахи алуымен қандай да бір кітап алып келмеген. Өйткені тәңір болғандықган бұған ықтияжы жоқ. Хз. Исадан кейін інжілдерді қаламға алған авторлар уахи жолымен осы інжілдерді жазған, уахи және илхам халінде болған-болмағандығын күрделірек олар, інжілдерді жазған кезде рухул-қүдус денелеріне әсер еткен, жазарда оларды қате жасаудан қорғаған. Сол себепті бүл кітаптар кемшіліксіз және айыпсыз, өздерінде бір жаңылыс және нүқсандық жоқ. 12Христиан салтының бүл сенімін Жоһан інжілінің өзі жокқа шығаруда. Бүл мәселеде Жохан былай дейді:
"Иса өз шәкірпіпіерінің алдында бүл кітапта жазылмаган тағы басқа көптеген кереметтер жасады. . " и
Демек төрт кітаппен шектелген інжілдер, Хз. Исаға байланысты әр нәрсені толығымен қамти алмаған, оларда кемшілік пен нүксандық бар. Хз. Исаның өзіне иман еткендердің арасынан тандаған үш топ бар. Бірінші топта "Хауарилер" орын алуда. Бүлар ең үстінгі болып сандары он екі. Екінші топта "Жетпістер" орын алуда. Бүлар аттарынан түсінікті болып түрғандай жетпіс кісі және маңыздылық жағынан екінші орында орын алады. Үшіншісі "жүзжиырмалар" орын алуда және бүлар маңыздылық жағынан үшінші катарда орын алады. Жоғарыға қарағанда Хауарилер, Хз. Исаның қасында ең маңызды адамдар және христиандықта бірінші дәрежеде қүрмет иесі және ең жоғары адамдар. Сол себепті егер уахи және илһам келсе алдымен хауарилерге келуі керек еді. Ең кемдегенде екі інжілдің авторының хауари болмағандығы жетпістерден немесе жүзжмырмалардан да болмағандығы анықталғандығына қарағанда Хз. Исаға шәкірт болмаған кейбіреулерге де илһам келген-міс. Бүған қоса хауарилердің көбісінің аты, ешқандай інжілдерде берілмеген. Христиандар бойынша інжілдерден күмән еткендер, тура жолдан адасқан және хақтан үзақтаған біреулер. Өйткені Хз. Иса, шәкірттерін жер жүзінде әсте жалғыз қалдырмаған, әрдайым олармен бірге болған, оларды қолдап жәрдем еткен. 14
Барлық Христиандар, інжілдердің сенімділігі мәселесінде көптеген жолдан дәлел келтіруге әрекеттенгендерімен негізінде колдарында осыны дәлелдейтін (пікірлерінен тыс) еш нәрселері жоқ. Алдын айтқанымыздай Хз. Иса және інжіл авторлары мен, қолдағы ең ескі нүсқа арасында ең аз үш ғасырлық уақыт аралығы бар. 15 Мәтіндерді зерттеуден кейін көпшілік білім адамдары ең ескі Інжіл Маркос деуде. Матта бүдан кейін жазылған. Лүқа інжілі алдыңғы екі Інжілге сүйенуде. 16
Төрт інжіл, жалпы Хз. Исаның өмірін, уағыз-насихаттарын және көрсеткен кереметтерін түсіндіруге тырысады. Осы інжілдер Хз. Исаның туылуының алдыңғы кезеңінен бастап оның өмірге келуін, балалығын, үгіт-насихат әрекетіне бастауын, үш жыл сияқты өте қысқа болған осы насихат кезінде айтқан сөздерін, жасаған уағыз-насихаттарын, көрсеткен кереметтерін, айқыш ағашқа керілуін, кдйта тіріліп көкке көтерілуін, жаңадан тірілгеннен кейін шәкірттеріне көрінуін өздеріне сай тәсілдермен түсіндереді. Інжілдерде діни үкімдер жоқтын қасы. Үйлену мен ажырасуға байланысты табылған біршама үкімнен тыс, інжілдерде діни үкімдер жоқ. Осы кемшілік нәтижесінде христиандар, яхуди касиетті кітабы Танаһта болған діни үкімдердің көбісін қабыл етуге мәжбүр болған.
Төрт інжілдің бәрі де бір нәрселерді қайталап әңгімелей береді десе де болады. Алайда араларында түсіндіру тәсіл айыр-машылықтарынан да көбірек айрмашылықтар баршылық. Матта, Маркос және Лұқа інжілдері әңгімелеген мәселелермен сөйлеу тәсілдері жоспарлары жағынан бір-бірлеріне ұқсағандығынан осы үш інжілге "Синоптик інжілі" деген ат берген. Түсіндірген нәрселер болсын, түсіндіру жоспары жағынан болсын үш інжілден басқаша болған Жохан інжілі, қалған үш інжілден бөлекше көрініс үсынады. Жохан інжілі жазылу мақсаты жағынан да қалған інжілдерден басқаша. Жохан бір үгітті дәлелдеуге тырысқан, Хз. Исаның тәңірлігін түсіндіру мәселесіне маңыздылық берген. Осы інжілдің, қалған үш інжілмен сәйкес келіп қалатын жерлері өте аз. Ол, кейбір кереметтермен уағыздармен, Хз. Исаның айқышқа керілуі және көкке көтерілуін әңгімелеу жағынан басқа інжілдерге үқсайтын сияқты болса да бәрі-бір түпкі айырмашылықтары бар.
Синоптик інжілдердің әр сөйлеміне қатты назар аудара зерттелуі нәтижесінде мынадай мәселелерді анықтау мүмкін:
1. Әр үш інжілде (Матта, Маркос, Лүка) бір-біріне сәйкес ортақ сөйлемдер бар. Бүл сөйлемдердің саны 330 шақты.
2. Матта мен Маркоста бір-біріне сәйкес сөйлемдер, Лүқада жоқ. Бүлардың саны 178 шақты.
3. Матта мен Лүқаға ортақ болған бірақ Маркоста жоқ сөйлемдер бар. 230 шамасында.
4. Маркос мен Лүқа да бірбірімен сәйкес сөйлемдері Маттада жок. . Бүлардың саны 100 шақты.
Осы сандарға косымша, үш інжілдің тек қана бірінде болып қалған екеуінде кездеспейтін сөйлемдер бар. Бүны былай тізбектей аламыз.
І. Тек Маттада болып, қалған екі інжілде кездеспеген сөйлем саны 330 шақты.
2. Тек Маркоста балып, қалған екеуінде кездеспеген сөйлем саны 53 шақты.
З. Тек Лүқа да болып, екі інжілде жоқ сөйлем саны болса 500 шақты.
Інжілдерде бір-біріне ұқсаған мен ұқсамаған сөйлемдер жеке-жеке зерттелсе, осы кітаптардың тәңірлік уахи жемісі болуының мүмкін емес екендігін көрсететін қарама-қайшылықтар мен айырмашылықтар көрінеді. Інжілдерде әңгімеленген мәселелерді үш негізгі тақырыптар қарамағында жинақтай аламыз. Бүлар Хз. Исаның өмірі, көрсеткен мүғжшалары, үгіт-насихаттарында, айтқан сөздері және түсіндірген хикаямен аңыздарҚүрани Кәрім, христиандардың Киелі Кітабы деп тек кана бір Інжілден сөз етеді. Сонымен қатар, Хз. Исаға түсірілген бүл Інжілді христиандардың өзгеріске үшыратқанын баяндайды. Қүран, Жаңа Өсиет және Ескі Өсиеттен күралған бір христиан киелі кітабы түрасында хабар бермегені сияқты, бірден көп Інжіл нүсқасының барлығы түралы да, сөз етпейді. Тек қана жеке бір тек Ізгі Хабар (Інжіл) түрасында айтып оны христиандардың өзгеріске үшыратқандықтарын білдіредк Қүран Кәрімде Хз. Исаның Хауарилері жайында (Исаға жолдас болғандар), және олардың шәкірттерінің жазған хаттары мен басқа әдебиеттері жайында еш айтылмайды. Сол себепті Ислам сенімі бойынша Төрт Інжіл деген нәрсе жоқ, Хз. Исаға Аллаһ тарапынан уаһи етіліген тек бір Інжіл бар. Бүл Інжілдің, хауарилер және олардың шәкірттерінің жазып, Інжіл аты берілген еске алу кітаптарына еш қатысы жоқ.
Христиандардың Киелі Кітабы екіге бөлінеді: Жаңа Өсиет және Ескі Өсиет. Христиандар бойынша олардың Киелі Кітаптарының осылайша екі бөлімге бөлінуінің басты өлшемі, бұл кітаптардың Хз. Исадан кейін немесе бұрын жарыққа шығуы.
2 Төрт інжілдің шығу тарих
Төрт інжілдің тілімен авторлары төңірегіндегі пайда болған күмәндар, олардың жазылу уақыттары үшінде байланысты. Інжілдер қашан жазылды? Христиан әдебиеттерінің хабарлағанындай, Әз. Исадан өте қысқа уақыттан кейін жазылды ма, әлде арадан көп уақыт өткеннен кейін жазылды ма? Інжілдердің жазылған уақыттарының анықталуында кездескен ең үлкен киыншылық әр інжілдің сыртында авторының аты болғанымен, жазылған уақытының болмауы. Егер автор атымен бірге жазылу уақыты да кітаптардың сыртында болғанда, анау айтқан мүшкіл болмас еді. 17 Бүл кітаптар Хз. Иса тарапынан жаздырылмаған және де осы Інжілдердің ешқайсысын Иса (а. с) көрмеген. 1 *
Төрт інжілдің қайсысының алдын жазылғандығы жайында нақты бір токтамға келмеген. Кейбіреулеріне қарағанда бірінші жазылған інжіл, Матта інжілі, ал кейбіріне қарағанда Маркос болып табылады. Ең азынан хауари болмағандығы білінген екі кісінің інжілі, қалайша хауари Жоһаннаның інжілінің алдына қойылады? Кейбір христиан ғалымдары Матфейдің Logia-ны б. з. 50 жылында, Маркос да әуелгі інжілін 55-75 жылдар арасында жазғандығын айтады. 19
Бүл төрт інжіл қашан жазылыпты? Ескі немесе жаңа ешқандай зерттеуші осы мәселеге байланысты нақты бір мәлімет айта алмауда. Бүл жерде нақты белгілі болған бір нәрсе бар. Бұл інжілдер Хз. Исадан ең аз 25-30 жылдан кейін қаламға алынған. 20
Христиандар авторлардың куәгер болып оқиғаларға куә болғандарын Хз. Исаның істегендерін көздерімен көргендерін, оның айтқандарын құлақтарымен естігендерін, бүдан кейін олардың жадында қалған нәрселерін қағаз бетіне түсіргендіктерін тілге тиек етуде. Барлық інжілдер және хаттар көздеген нысанасы Хз. Исаның өмірі мен сөздері екендігіне қарағанда бүлардың негізгі тақырыбы - Хз. Исаның істері мен айтқан нәрселері болуы керек. Басты мақсат бүл сөздердің және оқиғалардың қатесіз және кемшіліксіз жеткізілу болса, неліктен бүлардың жазылуы одан ең аз 25-30 жылға кешіктірілді? Неліктен Хз. Иса өзі осы дүниеден кетпей түрып, одан алдын өмір сүрген Хз. Мусаның істегеніндей жасап бүларды қағаз бетіне түсірмеді? Хз. Иса мен інжілдер арасындағы 25-30 жылдық аралық не болады? Бүл-бүлма, кейбір Батыс зерттеушілердің жасаған анықтауларына қарағанда барлык колдағы ең ескі інжіл мен Хз. Исаның уақыты арасындағы аралык 25-30 жыл емес, ең аз дегенде үш ғасыр-деуде. 21 Аллаһ жіберген асыл інжіл біреу ғана ол да Ибрани тілінде жазылған. Иса пайғамбар көкке көтеріліп, асыл інжіл жоғалып кеткеннеы кейін, әртүрлі Інжілдер жазылды. Қолымыздағы төрт Інжілдің жазылған уақыттары мынадай:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz