Христофор Колумб саяхаты



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Христофор Колумб саяхаты

Жер шарында ұлы географиялық зерттеулер 15 ғасырдан басталда. Бұл
жерде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған. Үндістан жерін ашып,
онымен сауда, қарым қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай
жерде екенін білмеді, оған европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ
болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастады. Алысқа жүзе
алатын, мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды.
Кеме шаруашылығын өркендетуде Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант
мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді
ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне, осы кезде Үндістанды,
Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек деген жаңа жоспарды
Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізі болғандықтан біз батысқа қарай жүзе
берсек Азияның шығысына шығамыз деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдері
бірден қабылдамады. Сонда да атақты теңізші-географ алған бетінен қайтпай,
көптеген кедергі мен қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты.
Колумб Европада бірінші болып шығыстан батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп
өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты. Ол ашқан жерлерін Шығыс
Азия, Үндістан жері, Жапония аралдары деп ойлады, Американы ашқанынөзі
білмей кетті.
Христофор Колуммб (1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма
өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған). Колумб жас
кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын
тілдерін жақсы білгендігі анық.. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне
кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда
кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады.
Жас кезінде Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданған.
Ол бұл мамандықты менгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге
Португалияның Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды, оған
барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиылатын. Мұнда келгеннен
кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысты және бірқатар теңізде
жүзу жұмыстарына қатысқан.
Колумб Лиссабонда тұрған кезінде Феници Мони де Палестерелло дейтін
теңізшінің қызымен танысып, соған үйленеді. Қыздың әкесі Генрих
Португалияны билеген. Кейін Порто-Санто аралында губернатор болған. Колумб
оның қызына үйленген соң Порто-Санто аралына келіп, атасының үйінде тұрады.
Мұнда ол Палестереллоның қалдырған географиялық карталары , теңіз жұмысы
туралы жазуларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы
кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі.
Колумбтың Порто Санто аралында қанша тұрғаны белгісіз, ол атасы өлген
соң ара-тұра Лиссабонға келіп жүреді де, ақыры осында семьясымен көшип
келеді. Мұнда ол енді географиялық глобус, теніз жолы көрсетілген карталар
жасайды, географиялық ашулармен, ерте заман, орта ғасырдағы география
табыстарымен танысады. Әсіресе, Пьер Д’Эйидиң”Әлем бейнесі” дейтін
географиялық еңбегі оган көп әсер етті. Бұл еңбек біздің заманымызға дейін
Севильедегі Колумб кітапханасында сақталған. Кітап беттерінің шетінде
Колумбтың өз қолымен жазған кәйбір ескертпелері де бар.
Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королы Иоанн
11ге ұсынады. Король өзінің оқымыстыларын жинап, Колумб жоспарымен
таныстырады, бірақ оның діншіл ғалымдары Колумб жоспары тек қиял,
орындалатын іс емес дейді.
Бұл кезде Колумб қайғыға ұшырайды, 1484 жылы оның әйелі өліп, сөгіз
жасар Диэго дейтін баласы қалады.
Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы
Испанияға кетпекші болады. Жолға ақшасы болмаған ол Диэгоны ертіп, жаяу
Испанияға келеді. Мұнда келген соң Колумбқа бірден қызмет табылмайды,
Испанияның қалаларын аралап, ақыры Андалузия қаласының шетінде ескі француз
монастырының есігінде қайыр сұрап жүргенін монастырь оқымыстысы Хуан Перес
де Марчен көріп қалады. Ол Колумб жайымен танысып, оны баласымен
монастырьда қалдырады. Сөйтіп, Марчен Колумбты монастырьды билеуші ғалым
Прадомен таныстырады. Прадо Колумбтың жасаған жоспарымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АШЫЛУЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕЛУІ ТАРИХЫ
Лаперуздың географиялық ашулары
Дүниежүзілік саяхатшылар
Колумбтың төртінші экспедициясы
Колумбтың екінші экспедициясы
Орта ғасыр саяхатшылары Христофер Колумб
Атақты географ, теңізші, саяхатшы - Христофор Колумб
Теңіз саяхатшылары
Христофор Колумб саяхаты жайлы
Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары
Пәндер