Христофор Колумб туралы


Христофор Колумб
Жер шарында ұлы географиялық зерттеулер XV ғасырдан басталды. Бұл жерде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған Үндістан жерін ашып, онымен сауда, қарым-қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар Үндістанның қай жерде екенін білмеді, оған европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастады. Алысқа жүзе алатын, мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруашылығын өркендетуде-Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Міне, осы кезде Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек деген жаңа жос-парды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізді болғандықтан біз батысқа қарай жүзе берсек Азияның шығысына шығамыз деді. Бірақ оның бұл ұсынысын батыс елдері бірден қабылдамады. Сонда да атақты теңізші-географ алған бетінен қайтпай, көптеген кедергі мен қиыншылыққа төзіп, ақыры өз дегенін орындап шықты. Колумб Европада бірінші болып шығыстан батысқа қарай Атлант мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көп-теген аралдарды ашты. Ол ашқан жерлерін Шығыс Азия, Үндістан жері, Жапония аралдары деп ойлады, Американы ашқанын өзі білмей кетті.
Христофор Колумб (1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб семьясында туған) . Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгендігі анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне кетеді. Жасында Жерорта теңізінде, Европа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Жас кезінде Колумб Генуяда турғанда географиялық карта сызумен шуғылданған. Ол бұл мамандықты меңгеріп алған соң, інісі Бартоломей Колумбпен бірге Португалияның Лиссабон қаласына келеді. Ол кезде Португалияның Лиссабон қаласы теңіз ша-руашылығының орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиылатын. Мұнда келгеннен кейін де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысты және бірқатар теңізде жүзу жұмыстарына қатысқан.
Колумбтың бірінші экспедициясы. Испания королы Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды, үшіншісін Колумб өз қаражатымен жасатады. Кемелер алысқа аттануға дайын болады. 1492 жылы 3 августа Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолымен туңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады.
Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік батысқа қарай жүзіп, Канар аралдарына жетіп, одан тіке батысқа қарай ұдайы 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мунан олар азық-түлік, су, отын алып, 9 сентябрьде Канар аралдарының ақырғысы Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.
Колумбтың үш кемесі Атлант мұхитында ұзақ жүзеді, толқын шайқап, матростар арасында қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға қайтамыз деушілер де болған. Бірақ Колумб мұның бәрін жуып, шайып алдағы ашылатын жерді, оның байлығын бейнелеп айтып, оларды қызықтырады. Дегенмен 10 октябрьде матростар будан әрі бармаймыз деп тағы да Колумбқа қарсы тұрады. Жағдай қиындай түседі, енді Колумбтың жер жаңын дегеніне ешқайсысы сенбейді. Осындай қиын жағдайда 1492 жылы 11 октябрьде теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бутағы, ұшып жүрген қустар көрінеді. Теңізшілер түнімен уйықтамай батыс жаққа қараумен болады. Колумб бірде жылт еткен от көреді. Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2-де алда келе жатқан «Пинта» кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын асыға күтеді.
Шыққан күннің сәулесімен «Жаңа жер» жағасы нұрлана береді. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан осы аралды Сан-Сальвадор (құтқарушы) деп атайды.
Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда тұратын адамдарды үндістер деп атады. Жер шарындағы мәдениеті төмен барлық тағы адамдарды да осылай атады. Европалықтарды алғаш көрген арал адамдары олардан қорқатын, оларға таңырқап қарайтын. Бірақ Колумб үндістерді өзіне тартып, олармен тілдесіп сөйлесетін.
Колумб жолдастарымен бірге аралда жүргенде жапырағы жайқалған ағаштарды, сан түрлі ғажайып құстарды, пальма жапырағымен жабылған күркелерді көреді. Тұрғын халықтар ақ адамдарды кергенде әйел, еркек демей балашағасымен жүгіріп алдарынан шығады. Испандықтар олардың танауындағы, құлағындағы алтын-күміс сырғасын көріп, оның мәнісін сұрайды, олар қолын сілтеп оңтүстікті көрсетеді.
Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды «Жапония» аралы болар, - деп соған аттанады. Ол 15 октябрьде екінші аралды ашып, оны «Девы Марии» деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 октябрьде үшінші аралды ашып, оны Испания коро-левасының есімімен «Изабелла» деп атайды. Колумб қайтадан батысқа қарай жүзіп, тағы да жеті аралды ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады. Ол аралды аралап жүріп, жергілікті адамдардың аулына кез болады, олармен ыммен сөйлескенде, алтынды арал оңтүстікте, - дейді. Енді Колумб Азия материгін аштым деп ойлайды да, Қытай ханына өз елшісін жібереді, әрине, ол ештеме таппай оралады. Колумбты арал жағдайын жақсы білетін екі адам ертіп жүреді, солар арқьілы ол аралдағы адамдарды шақыртып, өзінің Испания королынан келгендігін айтып, олардан өз ықтиярымен христиан дінін қабылдауын сұрайды. Мұнда европалықтардың бір таң қалғаны, жергілікті адамдар бір шөпті домбалдап орайды да, оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішіне тартып, түтінін танауынан шығарып жатады. Оны өздері «табак» деп айғайласады. Бұл ке-реметке испандар таңырқай қарайды, кейіннен табакты өздері Европаға әкеліп, дүние жүзіне таратады. Колумбқа көптеген жергілікті адамдар келді. Олардың абызы Кацик та Колумбқа келіп алтынды аралды көрсетеді.
Сөйтіп, Колумб Атлант мұхитының Америка жағалауының аралдарын бірінен соң бірін ашты, сап алтын жер бетіне шығып жатқан аралды да тапты. Сөйтіп жүргенде оның бір кемесі жағалаудағы тасқа соғылды, мұны естіп үндістердің абызы Кацик өзі келіп көмектесіп, суға кеткен кемедегі тамағын, бүйымдарын жағаға шығарысады. Бүл жағдай Колумбқа үлкен ой салды.
Мартин Алонсо Пинсон командасындағы «Пинта» дейтін жүйрік кеме бәрінен озып, өз бетінше зерттеу жүргізді. Жергілікті адамдар Колумбқа сап алтын әкеле берді. Колумб зеңбіректен оқ атып, керемет көрсетті. Кацик бұл кереметті бізге қолданба, бізді атпа, Кариб аралынан анда-санда бізге келетін, кісі жейтіндерді ат - деп өтінді. 1493 жылы 3 январьда Колумб Испаньоладағы отар-бекіністе 39 адам қалдырып, өзі екі кемемен, жинаған алтынымен Испанияға қайтты. Жолшыбай бірнеше арал ашты. 12 февральда Атлант мұхитында дауыл соғып, 15 февральда басылды, бірақ толқын Колумб кемесін Азор аралдарына айдап әкелді. Бұдан кейін де мұхитта үнемі дауыл соғып адасып, әбден шаршап-шалдыққан атақты теңізші Колумб 1493 жылы 13 март күні Испания жағалауына келіп тоқтады.
Бүкіл испан халқы Колумбты асқан қуанышпен қарсы алды. Мыңдаған адам жағаға шығып, одан соборға дейін, екі жақта қаз-қатар тізіліп үлкен құрмет көрсетті. Король көп адам жинап, асқан салтанатпен Колумбты сарайына шақырды. Колумб Испания королы мен королевасына келіп, оларға байлығы мол «Үндістанды», «Азия» жағалауларын ашқанын баяндады. Әкелген сап алтынын, ақ күмістерін алдына төкті, алуан түрлі өсім-дікті, жануарларды, құстарды, үндістердің 8 адамын көрсетті. Король мен королева риза болып экспедиция жайын бастанаяқ мұқият тыңдады. Енді сарайда той басталды, бұған Колумбтың достары да, дұшпандары да қатысты, бәрі де оған бас иді. Сөйтіп, Американы ашқан, география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық әкелген Колумбтың бірінші экспедициясы осылай үлкен табыспен аяқталды.
Колумбтың екінші экспедициясы. Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығына бүкіл Европа құлақтанып, осы хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе Колумбтың алғашқы жоспарын қабылдамаған Португалия королы қатты өкінді, енді Испанияның үстемдігі өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13 мартта Португалия королы Иоанн II эскадро уйымдастырып, Атлант мұхитының батысынан Испания кемесін Колумб ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Бұл кезде Испания королы да қарап жатпады, бүиіл жаңадан ашылған жер Испанияға қарайды деген жарлық шашты. Сөйтіп, көршілес отырған Испания мен Португалия арасында бәсеке туып, жаңа жерлерді отарлау жарысы басталды. Бұлар енді жер шарын екіге бөліп, жанталаса отарлау саясатына кірісті.
Испания королы жаңа ашылған жерлерді өз корольдығына бекітіп, тағы да Колумбқа екінші рет экспедицияға аттануға әмір етті. Бұған Колумб асқан жігермен дайындалды. 1493 жылы Испания жағалауында қаншама желкенді кемелер алыс сапарға аттануға дайын тұрды.
1493 жылы 27 сентябрьде 17 кемемен Испания портынан шыққан Колумб жол-женекей бірнеше аралдарды ашып, ақырында аман-есен 22 ноябрьде Испаньола аралы жағасына келіп якорь тастады. Колумб екі рет зеңбірек атып, өзі қалдырып бекіністегі матростарға хабар берді, бірақ бұған олар жауап бермеді. Содан Колумб жолдастарымен Испаньола аралы жағасына шығып, бұзылған бекіністі, қырылған матростарды көрді. Болған оқиғаны Колумбқа Кацик баяндады: матростарын аралда қалдырып кеткен соң олардың арасында жанжал шыққан. Матростар жергілікті елдің әйелдерін тартып алады да, әрқайсысы өздеріне алтын жинауға кетеді. Муны көрген көршілес арал адамдары оларды өлтіреді, кейбіреулері аурудан, өз ара төбелестен өледі. Кацик Колумбпен бірге тамақ ішеді, сиырды, атты көріп таң қалады. Матростар оны босатпай, айыптыларды табайық дейді, бірақ Колумб Кацикті еркіне жібереді, ол әлденені сезген болар, енді бұларға жуымай жоқ болады. Бұдан былай испандармен жергілікті үндістер арасындағы достық бұзылады. Бірақ оған қарамастан Колумб Испаньолаға тағы да бекініс орнатып, оны Испания отарына айналдырады. Тағы да Колумбқа жергілікті адамдар алтын әкеліп, оны әр түрлі ойыншықтарға, жылтыраған шыныларға айырбастап жүрді. Аралды зерттеушілер төрт өзен тауып, олардың жағаларынан Колумбқа толып жатқан кесек алтын әкеледі. Мұны көрген адмирал библияда (інжілде) айтылған атақты «офир» алтын қоймасы осы Испаньола екен деген қорытындыға келеді. Енді испандар Испаньоладан алтын өндірі-сін ашып, индеецтерге еріксіз жұмыс істетіп, ғасырлар бойы тұнып жатқан, оның табиғи байлығын Испанияға таси бастады. Колумб 12 кемеге алтын тиеп, корольға жібереді. Аралға қала салғызып, оған өз ұлын Диэгоны губернатор етіп қалдырады да, өзі 500 адаммен алтын кенін иеленуге Сибао аралына барып, бекініс салады, индеецтер Колумбқа сап алтын әкеле береді. Бұл аралда алтын алуға 56 адамды, оған басшы етіп Педро де Маргаританы қалдырып, Колумб қайтадан Изабеллаға келсе, мұндағы жолдастарының халі қиындап кетіпті. Олардың тамағы таусылған, тиірмен салынбаған, бидай тартылмаған, жумыстан шаршағандарға діншілер жәрдем беруден бас тартқан. Бұл жағдайларды реттеп, енді Колумб оңтүстікке барып, Ямайко аралын ашады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz