Мексика


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Табиғаты

2 Тарихы

3 Экономикасы

4 Мексикалықтар

5 Мекика таулы қыраты

6 Мексика шығанағы(Gulf of Mexіco; Golfo de Mexіco)

7 Пайдаланылған әдебиет

Мексика

Мексика, Мексика Құрама Штаттары - Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Америка Құрама Штаттарымен, Оңтүстік-шығысында Гватемала және Белизбен шектеседі. Батысы мен оңтүстігі Тынық мұхитының, шығысы Атлант мұхитыАтлант мұхитының жағалауларын алып жатыр. Жер аумағы 1958, 2 мың шаршы километр. Халқы 105 миллион адам (2004) . Ұлттық құрамы метистер (испандар мен үндістердің некесінен тарағандар) (78%), үндістер (15%) және еуропалықтардан (7%) тұрады. Астанасы - Мехико қаласы Ресми тілі - испан тілі. Халқының басым бөлігі - христиан-католиктер. Мексика - федеративтік республика. 1917 жылы 5 ақпанда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы - президент. Президентті халық 6 жыл мерзімге сайлайды. Жоғары заң шығарушы органы: Сенат (6 жыл мерзімге сайланады) пен Депутаттар палатасынан (3 жыл мерзімге сайланады) құралатын өлттық конгресс. Жоғары атқарушы органы - Министр Кабинеті ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні - 16 қыркүйек (1810) . Әкімшілік жағынан 31 штат пен федералдық астаналық округке бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымына (1945), Америка мемлекеттері ұйымына (АМҰ) (1948) мүше. Америка Құрама Штаттары бірлігі - песо.

Табиғаты

Мексиканың көпшілік бөлігін Мексика таулы қыраты алып жатыр. Солтүстік-батысында таулы Калифорния түбегі, оңтүстігінде - Чьяпас және Оңтүстік Сьерра-Мадре тау тізбектері, оңтүстік-шығысында ойпатты Юкатан түбегі орналасқан. Мексиканың ең биік жері - Орисабо вулкан шоқысы (5700 метр) . Жер қойнауынан түсті металдар (мыс, қорғасын, мырыш, күміс, сынап, сурьма, қалайы, вольфрам, алтын, тағы басқа) мен мұнай, газ, тас көмір, темір, уран өндіріледі. Мексиканың көпшілік бөлігінде тропиктік, солтүстігінде субтропиктік климат белгілері басым. Қаңтардағы орташа температурасы 10 - 20°С-қа дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура 15- 30°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстігінде 100 миллиметр батыс пен оңтүстігінде 3000 миллиметрге дейін жетеді. Негізгі ірі өзені - Рио-Браво-дель-Норте, ең үлкен көлі - Чапала. Өсімдіктердің 12 мыңға жуық түрлері кездеседі. Шөл және шөлейттік, оңтүстік мен оңтүстік-шығысында тропиктік, солтүстігінде аралас ормандар өседі. Жануарлар дүниесінен аю, қасқыр (койот), жанат, қызыл сілеусін, құмырсқа жегіш, тапир мен ягуар кездеседі. Негізгі ұлттық қорықтары: Каньон-дель-Рио-Бланко, Кумбресс-де-Монтеррей, Танситаро, Ла-Малинче.

Тарихы

Мексика жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Шамамен б. з. б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап Орталық және Оңтүстік Мексикадағы тайпалар отырықшылыққа көшті, егіншілік, қол өнері, өнер, дін дамыды. Б. з. бастапқы кезеңінде Орталық Американың солтүстік-батыс бөлігіне майя тайпалары қоныстанды (қара Майя мемлекеті) . 15 ғасырда бүкіл орталық Мексиканы өздеріне бағындырған ацтектер Теночтитлан қаласының (қазіргі Мехико) негізін қалады. 1519 жылы Э. Кортес бастаған испан отаршылары Мексикаға ішкерілей еніп, басқыншылық соғыс жүргізе бастады. Куаутемок басшылық еткен үндістер басқыншыларға қарсы табанды қарсылық көрсетті, бірақ 1521 жылы испандар Теночтитланды басып алды. 16 ғасырдың соңына қарай испандар Мексика жерін негізінен бағындырып болды. Байырғы халықтар жерлерінен айырылып, ауыр қанауға, аштыққа ұшырады. 25 миллионға жуық үндістердің 1605 жылы 1 миллионнан астамы ғана қалды. 1624, 1692 жылы Мехикода, 1660 жылы Оахакиде, 1761 жылы Юкатанда, 1767 жылы Мичоаканда үндістердің испан үстемдігіне қарсы ірі көтерілістері болды. Мексиканы отарлау барысында түрлі этникалық топтардың (еуропалықтар, үндістер, Африкадан әкелінген құл-негрлер) араласуы нәтижесінде 17 - 18 ғасырларда халықтың ортақ тілі мен діні қалыптасты. Отаршыларға қарсы жиі-жиі азаттық қозғалысы болып тұрды. 1810 жылы 16 қаңтарда діни қызметкер М. Идальго мен оның ізбасары Х. М. Морелос бастаған халық көтерілісі болды. Бірақ көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, басшылары өлтірілді. Соңында А. Итурбиде басқарған ұлт-азаттық күштер 1821 жылы 28 қыркүйекте Мехиконы азат етіп, Мексиканың тәуелсіздігі жарияланды. Бірақ елде азамат соғысы басталды. 1824 жылы қазан айында конгресс конституция қабылдап, Мексиканы республика деп жариялады. 1833 жылы өкімет басына келген А. Санта-Ана конституцияға тыйым салып, елде диктатура орнатты. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Америка Құрама Штаттары Техасты отарлауға кірісті. 1846 жылы Америка Құрама Штаттары Мексикаға қарсы соғыс жариялады. Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен айырылып қалды. 1855 жылы Санта-Ана диктатурасы құлап, либералдық үкімет билікке келді. 1857 жылы жаңа конституция қабылданды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың бас кезінде ел экономикасы дамыған елдерден көп артта қалды. Экономиканы негізінен шетел капиталы биледі. 1910 - 17 жылы төңкеріс нәтижесінде елде демократиялық өзгерістер болды. 2-дүниежүзілік соғыс барысында Мексика үкіметі бейтарап саясат ұстанатындығын мәлімдеді. Бірақ фашистік қауіптің күшеюіне байланысты, 1942 жылы мамырда антигитлерлік коалицияның құрамына енді. Соғыстан кейінгі кезеңде Мексикада экономиканы дамыту мен демократиялық бостандықтар, әлеуметтік құқықтарды кеңейту жолында бірқатар прогресшіл шаралар жүзеге асырылды.

Экономикасы

Мексика - Латын Америкасындағы экономикасы дамыған елдердің бірі. Өнеркәсібінің маңызды салалары мұнай өңдеу, мұнай химиясы мен түсті металлургия. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін кәсіпорындар да жақсы дамыған. Мексика мырыш, қорғасын, күкірт, сынап өндіру жөнінен дүниежүзінде алдыңғы ондыққа енеді. Басты ауыл шаруашылық дақылдары жүгері, бидай, күріш, мақта, қант құрағы, кофе, агава, көкөніс, цитрус жемістері, тағы басқа сиыр, қой өсіру дамыған. Экспортының негізін мұнай мен мұнай өнімдері, шикізаттар, түсті металдар, күміс, электр, Ауыл шаруашылық тауарлары, мақта, кофе және балық құрайды. Сырттан машиналар мен құрал-жабдықтар, темір, химия өнеркәсібінің өнімдерін, телебайланыс аспаптарын, электроника сатып алады. өлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 8120 Америка Құрама Штаттары долларына (1997) тең. Негізгі сауда серіктестері - Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Франция мен Бразилия.

Мексикалықтар

Мехикано - Мексиканың негізгі халқы. Жалпы саны 91 миллион, оның 78 миллиондайы Мексикада, 12 миллионы Америка Құрама Штаттарында, 25 мыңы Канадада, шағын бөлігі Латын Америкасы мен Испанияда тұрады. Негізінен - метистер. Мексика ұлты еуропалықтар (испандар), үндістер (ацтектер, майялар, отомилер, миштектер, сапотектер, тағы басқа) мен Африкадан әкелінген негр құлдардың араласуынан пайда болған. 19 ғасырда Мексика мемлекетінің тәуелсіздік алуы негізінде қалыптасқан. Испан тілінде сөйлейді. Діні - католик. Негізгі кәсіптері - жүгері, бұршақ, күріш, бидай, мақта, қант қамысы, кофе өсіру, мал ш. (сиыр, қой, шошқа) . Мексикалықтардың көпшілігі өндірісте жұмыс істейді. Бір-біріне алшақ орналасқан ауылдар (альдеа) мен хуторларда (ранчерия) қауымдастықтың орталығы (пуэбло) тұрады. Орталыққа шіркеу, тоғай, құдық, фонтан, ауылдық басқару үйі, мектеп орналасқан алаң енеді. Үйлері саз балшықтан, шикі кірпіштерден, тастан, ағаштан салынады. Дәстүрлі тұрғын үйлері көбінесе бір бөлмелі, терезесіз келеді. Әшекейленіп безендірілген ішкі ауласы кең болады. Дәстүрлі киімдері испан мен үндіс халықтарының киім үлгілеріне ұқсас. Аяқтарына үндіс халқы киетін ашық сандал, ер адамдар мақта матадан тігілген жейде, шалбар киеді. Иықтарына ою-өрнекті жамылғы (серапе) жамылады. Бас киімдері - сомбреро. Әйел киімдері: мақта матадан тігілген қысқа кеудеше және тар, кейде белінен жиырылып, кең тігілген ұзын юбка. Бастарына шәлі (ребосо) тартады, оны күн ыстықта бетіне жауып жүреді. Тағамдарына ас бұршақ пен жүгеріні көп қолданады. Малды аудандарда сүт тағамдары басым. Мексикалықтарда ән мен би өнері жақсы дамыған. Атақты корридос-лирикадық және саяси мазмұнды өлеңдер, халықтық шекті аспаптар оркестрі - марьячи кең тараған. Мекcика соғысы, америка-мексика соғысы (1846 - 1848), Америка Құрама Штаттары мен Мексика арасында Техас және Калифорния штаттары үшін болған. Соғысты ресми түрде Америка Құрама Штаттары жариялады. Соғыс барысында Мексика халқы басқыншыларға қарсы ерлікпен қарсылық көрсетті. Бірақ Мексика жеңіліске ұшырап, өз жерінің жартысынан көбінен (Рио-Гранде өз-нен солтүстікке қарай жатқан жерлер) айырылуға мәжбүр болды.

Мекика таулы қыраты

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мексика. Мемлекеттің тарихы
Мексика Құрама Штаты
Бразилия Республикасының табиғи жағдайы мен ресурстары, халқы
Латын Америка елдеріне кіретін мемлекеттер
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Hафта құрылымы
Латын Америкасы
Оңтүстік Америкада мекендеген ацтектер
Солтүстік Американың географиялық орны
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz