Түркістан қаласы



Мазмұны
1 Қала туралы
2 Түркістан қаласы туралы мәлімет
3 Ескі Түркістан қаласы
4 Пайдаланған әдебиет

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1 Қала туралы
2 Түркістан қаласы туралы мәлімет
3 Ескі Түркістан қаласы
4 Пайдаланған әдебиет

Түркістан қаласы
Түркістан -- Қазақстандағы қала. Түркістан - V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Иасауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерт-кіштері -- Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты -- Ясы. Архео-логтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7 -- 12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы-на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер 13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің "Армения тарихы" атты еңбе-гінде кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан бастап тарихи шығармалардың беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір болігін Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шахристан, рабад қалыптасты. 15 ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты шығармасында Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиетгі Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын ор елге аттандыратын орын болды". 15 -- 17 ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері салынып, олардың ішінде Рабига Сұлтан Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол кезден Ясы қаласы Түркістан деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары каланы құлдыратып жіберді. 1819 -- 64 жылы Түркістан Қокан хандығының қол астына қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың 60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер, 2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды Ресей әскер-лері жаулап алды. 1872 жылдан уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты. 1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе, 23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910 жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын, 10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді. 1918 жылы 6 -- 9 каңтар аралығында Түркістанда Сырдария облысы қазақтарының съезі етті. Съез-де Сырдария облысының Алаш автономиясына қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария қазақтары Алаш автономиясына қосылған жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы болады деген шешім кабылданды. Түркістан қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр-мыс қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда орта білім беретін мектептерден баска, арнаулы білім беретін оқу орындары бар.
Қала туралы
Түркістан - Орта Азия мен Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды. Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз жазбаларында: "Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ. бастап қала орталығы Яссыға көшті", - дейді. Бұл деректерді қазіргі біздің археолог ғалымдар да растайды.
Ал қорық ғылыми қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Иассауидің де Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі анық..
ХІҮ ғасырда, яғни А.Иассауи кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес халықтардың діни орталығына айналып, "Хазрети Түркістан" немесе "Кіші Мекке" атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик В.В.Бартольд да қолдайды.
ХҮ ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ хандығының орталығы болады. Бұған дәлел - А.Иассауи кесенесі төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.
Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Иассауи бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп Баласағұндар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан - ер жүрек батыр қала. Монғол-татар, жоңғар шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы қала.
ХҮІІ ғасырдың басынан Түркістан қазақ хандығының, яғни қазақ мемлекетінің астанасы болды. Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын реттеу үшін Түркістаннан Ресейге, Ресейден Түркістанға елшіліктер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі Түркістан қаласы
Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Түркістан аймағындағы туризм
Түркістан – рухани астана
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Түркістан қаласының шығу тарихы
Түркістан қаласының ерте ортағасырдан басталатын тарихын тың дерек көздері негізінде, араб-парсы және еуропалық саяхатшы-тарихшы, географтардың мәліметтерін сараптау арқылы, жаңа көзқарастар тұрғысынан қарастыра отырып, әлемдік тарихтағы алар орнын айқындау
ХV – ХVІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТҮРКІСТАН
Түркістан қаласының әлеуметтік-саяси тарихының мәселелері
Пәндер