АЙМАҚТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОЦЕСТЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС ДЕҢГЕЙІ


КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда әлеуметтік процестерді мемлекттік басқару тиімділігі негізінен әлеуметтік процесс, оның мәні мен олардың түрлерінің өзара байланыстарының мазмұнын дұрыс түсінуге байланысты.
Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында әлеуметтік процестермен басқару қажеттілігі күрделене түсті. Басқару - бұл әлеуметтік қызметтің негізгі түрлерінің бірі, яғни мақсатты қызметі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде адамдардың келісушіліктері мен бірлігін қамтамасыз ету болып табылады. Әлеуметтік процестерді экономикалық процестермен қатар қарастыру қажет. Себебі, біз білетініздей экономикалық даму, қандай да бір әлеуметтік нәтижелерге қол жеткізудің негізі болып табылады.
Экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың негізігі аспектісі тұлғалардың әлеуметтік топтар арқылы қоғаммен өзара іс-әрекеттесуін сипаттайды. Сондықтан да экономикалыө процестер қандай да бір әлеуметтік сипатқа ие болады, содан белгілі бір салдарға алып келеді.
Радикалды әлеуметтік-экономикалық реформаларды ғылыми негіздеу үшін рыноктық қатынастардың дамуы мен қалыптасуы жағдайында үлкен мәнге аймақтық эконеомика ие болып отыр. Тек аймақтын барлық табиғи, экономикалық-әлеуметтік, демографиялық, географиялық және тағы басқа ерекшеліктері мен жағдаларын жан-жақты қатаң есепке алу ғана, экономиканың өсуі мен әлеуметтік процестердің жақсаруына қатысты негізгі тапсырмалар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Аймақтын әлеуметтік процестердің дамуын мемлекеттік басқару, қазіргі кездегі тез арада шешуді талап ететін өзекті мәселелердің бірі.
Нарықтық қатынасқа өту кезінде халықтың өмір сүру деңгейі төмендеуі қоғамда әлеуметтік қысымның күшеюіне әкелді.
Бағаның тұрақты өсуі, олардың ырықтандырылуы мен халықтың табыс деңгейінің жеткіліксіздігі сияқты өткір әлеуметтік мәселерді тез арада шешуде, жоспардың ең басты кезегінде тұр.
Қазақстан үшін жұмысбастылық оның демографиялық құрылымының есебімен мәселерді шешу өзекті болып келеді. Жұмысбастылықтың дәстүрлі қалыптасқан территориялды өзіндік ерекшеліктері жұмыс күші мол және жұмыс күші жетіспейтін аймақтарды бөлуге әсер еткен демографиялық жоспардың ерекшеліктеріне байланысты.
Жұмыссыздықтың қауіпті салдарына әкелместен бұрын, Үкімет, атқарушы билік, парламент бірқатар шараларды қабылдау қажет.
Әлеуметтік қамсыздандыру және мемлекеттік басқару туралы мәселелерді көптеген ғалымдар, социолог, философтар өз еңбектерінде қарастырып өткен. Қазақстанда әлеуметтік құрылым мәселерімен айналысқын зерттеушілер: Аженов М. С., Аитов Н. А., Тажин М. М., Елизова Л. М., Майсюк А. В., Аяғанов В. Г., Садырова М. С., Садовская Е. Ю., Бейсенбаев Д. Э. және т. б.
Объектісі ретінде әлеуметтік жағдайын мемлекеттік басқару ерекшеліктері мен пароблемаларын қарастыруда Алматы қаласы алынды. Бұл біріншіден, басқа қалалармен салыстырғанда әлеуметтік құрылымы жағынан күрделірек, сондай-ақ халықтың жоғарғы деңгейдегі икемділігі (әлеуметтік, территориялды және т. б. ) . Екіншіден, шаруашылық, сонымен қатар территорияның инфроқұрылымын менгеру деңгейінің жоғары болуы. Зерттеу пәні - аймақтағы әлеуметтік процестерді басқару ерекшеліктері мен халықтың тұрмыс жағдайы болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты Алматы қаласы мысалында әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару мәселелерін кешенді оқып, қарастыру.
Бітіру жұмысының басты мақсатына жету үшін келесідей тапсырмаларды шешу қажет:
- ҚР әлеуметтік экономикалық аймақты реттеудің теориялық және әдістемелік аспектілерін қарастыру;
- Алматы қаласының әлеуметтік процестерін мемлекеттік басқару мәселелерін талқылау;
- әлеуметтік сфера салаларын инвестициялау ерекшеліктері мен мәселелерін ашып қарастыру;
- аймақтағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқаруды жетілдіру жолдарын іздеу;
Жұмыстын құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 “АЙМАҚ” ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
“Аймақ” түсінігі экономикалық және саяси практикаға толығымен енді. Арнайы әдебиеттерде экономикалық аймақтардың мәнін анықтайтын бірнеше бағыттары қалыптасты. Оларды негізінен 3 топқа бөлуге болады: әкімшілік шаруашылық көзқарас, экономика географиялық және удайы өндірістік әкімшілік шаруашылық бағыт бойынша кез-келген әкімшілік территория экономикалық ауданмен негізделеді. Кейбір авторлардың ойынша аймақ - бұл бірлікпен және колыпықтың тұрақты еңбек, әлеуметтік және мәдени байланыстары жақсы қалыптасып өндірістік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуының салыстырмалы жоғарғы деңгейімен сипатталатын әкімшілік-территориялық бірлестік. Бұл бағыт жеткілікті түрде аймақты зерттемейді. Себебі ең алдымен мұнда әкімшілік аудандардың шекарасы экономикалық аудандардың терриориясына сәйкес келмеген жағдай қарастырылмаған.
Экономика географиялық бағытты қолдаушы ғалымдар аймақ деп бірдей немесе әртүрлі табиғи, этно-ұлттық ерекшеліктері және өндіргіш күштердің бағыттылығы тән елдің ірі негізделген территориясын санайды. Мысалы, Фейгин А. А. аймақтың келесі анықтамасын береді: “Аймақ - бұл өндірістің, табиғи және одан ресурстарының мамандануы мен құрылымымен, сонымен қатар экономика географиялық жағдайымен елдің ішінде ерекшеленетін экономикалық аудан, шаруашылық ететін территория”. Алампеев П. М. “Аймақ-бұл бүтін территория, елдің халық шаруашылығының бөлімі және өзіне тән өндірістік мамандануы, еңбекті қоғамдық территориялық бөлудің басқа бөлімдерімен үздіксіз байланысы және экономикалық қатынастары бар аудан. Бірақ экономика-географиялық бағыттың анықтамасын толығырақ Н. Н. Некрасов берді. Оның ойынша, аймақ-бұл қалыптасқан және перспективті материялдың-технологиялық негізіне, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымына сай табиғи ресурстар кешені негізінде өндірістік күштердің даму бағыттылығы тән және бір қалыпты жағдайлары бар елдің ірі территориясы.
Аймақтарды бөлудің негізгі критериясы табиғи ресурстарды пайдалануға алдын ала белгіленген немесе орындалған жиынтыққы, шаруашылық қызметінің тарихи қалыптасқан құрылымына немесе экономикалық дамудың жоспарлы құрылымына негізделген халық шаруашылық тапсырмаларының жалпыға бірдей болып табылады. Бірақ ұдайы өндірістік бағытты ұстанушы ғалымдардың еңбектерінде экономика географиялық бағыт аймақтағы ұдайы өндірістік процестерді немесе олардың әлеуметтік факторымен байланысын ескермеген және аймақтардың бүтіндігін тек өндірістік күштердің кешені ретінде ғана емес, сонымен қатар қоғамдық өндіріс жүйесіндегі ұйым ретінде бейнелемеген. Ұдайы өндірістік бағыттың позициясы бойынша, аймақтар еңбекті қоғамдық бөлу процесі кезінде территориялық өндірістік жиынтық ретінде бөлініп шығатын және ұдайы өндірістің барлық фазаларында оның жолпыға бірдей және ерекше сипатымен, өндірістік-техникалық және экономикалық өзара байланыстың байланысының жоғары деңгейімен, олардың элементтерін құраушыларымен байланысы, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымның бірлігімен, жоспарлау және басқару облысындағы жалпы тапсырмаларымен сипатталатын аудан ретінде қарастырылады. А. И. Добрынин аймақты, біріншіден, елдің территориялық құраушы бөлігі ретіндеғана емес, екіншіден, удайы өндірістің аяқталған циклі бар халық шаруашылығының өзіндік бөлігі ретінде, үшіншіден, эндогенді және экзогенді ағымдардың материялдық және қаржылық ресурстардың өзіндік байланыстарын тудыратын елдің басқа аудандарымен байланыс жасайтын әлеуметтік-экономикалық аудан жүйе ретінде қарастыру қажет деп жазған. Ұдайы өндірістік жүйе сияқты аймақ экономика-географиялық бағыттың кейбір жағдайлары мен ерекше жағдайларын қамтиды: жұмыс күшінің, өндіріс қатынастарының және жиынтық өнімді бөлудің, ұлттық табыстың, тұтыну қоры мен жинақтау қорының капитал салудың көздерінің ұдайы өндірістік шарттарының реттеу, еңбек ресурстарының қозғалысы және олардың квалификациясы халықтың нақты ақшалай табыстарының (пайдаларының) өсуінің ерекше жағдайларын реттеу, сонымен қатар тағы басқа әлеуметтік тәртіптегі факторлар қатары.
Жоғарыда аталып кеткен бағыттардың барлығы бірін-бірі толықтырады. Әрбір бағыт аймақтық экономикалық зерттеудің әртұрлі аспектілерін жүзеге асыру үшін арналған деуге болады. Мысалы, экономика-географиялық анықтама территориялық жүйені бөліп көрсетудегі аудандаудын және территориялық өндірістік кемендерінің қалыптасуының, сонымен қатар кестелерді біріктіру кезінде өндіріс күштердің және өнеркәсіп кәсіпорындарының қозғалысыныңм негізгі болып табылады. Әкімшілік бағыт елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларын біріктіру және жүзеге асыру кезіндегі, биліктің атқарушы және өкілді органдарын орталықсыздандыру мен қайта құру кезіндегі әртүрлі деңгейдегі аймақтық конфегурацияларды модельдеу бойынша зерттеу жүргізумен байланысты. Бірақ тек ұдайы өндірістін бағыт аймақтардың әлеуметтік-экономикалық саясаты және аймақтық инвестициялық саясатты әзірлеу үшін де, осы саясаттарды жүзеге асыру үшін құрал таңдау үшін де қолайлы көрінеді. Ол аймақты ұлттық шаруашылықтың жүйе асты ретінде және өзіндік ұдайы өндірістік жүйе ретінде сипаттайды.
Сонымен қатар аймақтық зерттеулерде геожүйелік бағыт қолданады. Ол бір-бірімен байланысқан қарапайым ұйымдардан тұратын күрделі обьектілердін құрылымын тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді. Геожүйеге бүтін құрылым, орналасқан жеріне байланысты қызмет ететін міндетті әлементтер жиынтығы, тағы басқа жатады. Геожүйе түсінігі табиғи-территориялдық және территориялдық-өндірістік кешеннің кеңістікті обьектілерін тану үшін қолданады. Бұл түсінікті экологиялық бірліктерді кеңейту кезінде де қолданады.
Геожүйе иерархия тән. Мысалы, халық ( қала, аудан, ауыл) - аймақ (облыс) -ел (Қазақстан(. Кез-келгенаймақ күрделі экономикалық жүйе бола отыра, дамуға көптеген мақсатты бағыттарға ие. Оның экономикалық қозғалысының траекториясы және жылдамдығы бәсеке жағдайына, экологиялық жайтына, геодемографиялық құрылымына, жұмыспен қамту деңгейіне, қаржылық қамтамасыз етілуіне және тағы басқа тәуелді.
Аймақтық экономика - әлеуметтік-экономикалық білімнің маңызды салаларының бірі /1/.
Аймақтық экономиканың пәні - өндіріс күштерінің әлеуметтік-экономикалық аймақтың қозғалысының және экономика салаларының дамуын, аймақтың табиғи-экономикалық, демографиялық және экологиялық, әлеуметтік ерекшеліктерін, сонымен аймақаралық, аймақ ішіндегі және мемлекетаралық экономикалық байланыстарды зерттеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, аймақтық экономиканы зерттедің маңызды құраушысы қоғамдық ұдайы өндірістің кеңістікті аспектілерін зерттеу болып отыр.
Аймақтық экономика білімінің ғылыми облысы ретінде территориялық аспектідей өндіріс күштері мен әлеуметтік инфрақұрылымның барлық элементтерінің заңдылықтарын, қағидаларымен зерттеумен, талдаумен және болжаумен, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық дамудың және экологиялық талаптарының жалпы стратегиясын ескере өндіріс күштерінің қозғалысының бағытын негізделумен; республикалық және аймақтық әлеуметтік-экономикасын зерттеумен, шаруашылықтың территориялық ұйымдасуын зерттеумен айналасады.
Аймақтық экономика елдің және оның аймақтарының табиғи ресурстың потенциалын, халқын, еңбек ресурстарын және қазіргі демографиялық мәселелерін зерттейді /1/.
Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріндегі айырмашылықтар әлемнің кез-келген еліне тән обьективті болып отыр.
Рынокқа өту кезінде бұл айырмашылықтар күшейіп кетті. Рынокқа өту кезіндегі процестерді басқару механизмінің жетілмегендігі республика әлеуметтік-экономикалық реформалауды -артқа тартты. Басқарудың мемлекеттік және аймақтық құрылымдарының көлденең және тігінен рыноктың реформаларға сәйкес келмеуі жалпы мемлекеттік саясатты мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Қалыптасқан жағдайда аймақтар дағдарыстан шығудың және жолын таңдады. Басқарудың аймақтық органдары стратегиялық мәселелерді шешу кезінде есепке алынбаса, шешім қабылдау кезінде жалпы мемлекеттік деңгейде аймақтық ерекшеліктер толығымен бағаланбай қалады /2/.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республиканың экономикасында болып жатқан қайта құру процестері халықтың өмірінде әртүрлі бейнелене, аймақтық және жергілікті мүддені қозғай, территория деңгейінде көріне басталды.
Аймақтың айырмашылықтар табиғи-климаттың, демографиялық, өндірістік, географиялық факторлардың негізделуіне байланысты. Аймақтар арасындағы айырмашылықтар барлық экономикаларда бар және ол сол айырмашылықтарды жоюға бағытталған тиімді саясат жүргізуді талап етеді.
Терең экономиканың құлдырауымен сәйкес келген рыноктың қайта құрулар бұрынғы шаруашылық ету жүйесінен қалған деструктивті процестер мен территориялық диспропорцияны күшейтіп жібереді. Зерттеушілер, айтпақшы, совет кезеңінде айлықтың саясат өз бетінше болған, бірақ ол өндіруші өнеркәсіп пен алғашқы өндеудің басындылықты дамуына бағытталған экстенсивті индустриализация саясатының жалғасы ретінде қарастырылды. Рыноктың реформалаудың басталуымен өндіріс процестердің динамикасының төмендеуімен әлеуметтік даму көрсеткіштерінің азаюына көрсетілген аймақтық теңсізден тез тереңдеп кетті /3/.
Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ), халықтың жан басына шыққандағы орташа табысы, одан дамуының индексі, орташа табыс пен өмір сүру минимумы арасындағы қатынас көрсеткіштерімен бағаланатын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша аймақтарды 3 топқа бөлуге болады. Орташа оеспубликалық көрсеткіштерден көп деңгейдегі дамудың жоғарғы деңгейін сипаттайды. 2001 ж. олардың ішінде Алматы қаласы (15, 4%), Атырау (12%), Қарағанды (9, 9%) облыстары кіреді. Бұл аймақтардың экономикасында ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығын жеткілікті түрде дамыған. Лидер аймақтардың үлесіне елдің жалпы аймақтық өнімі 37, 3 % келеді.
Төмен деңгейдегі дамуы бар аймақ тобына Ақмола (3, 6%), Солтүстік Қазақстан (3, 3%), Қызылорда (2, 9%) және Жамбыл (2, 2%) облыстары кіреді. Олардың жиынтық үлесі - 12% /4/.
Мемлекеттік аймақтың саясаты аймақтардың әртүрлі типіндегі ерекшеліктерін ескере әртүрлі жүзеге асырылады /2/.
Үкіметтің 1996 жылы 9 қыркүектегі №1097 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аймақтық саясатының концепсиясында мемлекетіміздің аймақтарын түрге бөлудің типологиясы қабылданды. Республикалық аймақтық басымдылықтарды анықтау үшін оларды 3 топқа бөледі:
I топ - табыстың орта республикалық деңгейінен асатын жөн басына шыққандағы табысы бар аймақтар (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы) . Бұл аймақтарда салықтың жоғары қойылымы бекітілуі тиіс.
II-топ - табыстың орта республикалық деңгейіне жақын табысы бар аймақтар (Атырау, Жезказган, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Торғай облыстары) .
III-топ - жан басына шыққандағы орта табыстың ең төмен деңгейіне тән аймақтар (Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Көкшетау, Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан облыстары) .
III-топ аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуының ең төмен деңгейін сипаттайтын артта қалған облыстар. Оларды аутсайдерлер деп атайды. Олар мемлекеттік қолдау көрсету қажеттігіне сай келетін тыс қолдауы керек /2/.
Аймақтарды мамандандыру принципі бойынша бөлуге болады. Оған сай оларды 4 топқа бөлеміз:
I топ - стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың уникалды запастары және әлемдік шаруашылыққа республика экономикасын тездеген темпімен интеграциялық мүмкіндіктер бар ғылыми-техникалық потенциясының интенсивті дамуында жеткілікті жоғары деңгейге ие, бірақ ауылдың экономикалық және әлеуметтік артта қалушылығы бар аймақтар.
II топ - жоғары технологиялық ғылыми сыйымдылықты өндірісті оның ішінде негізінен өзін қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын құру үшін игілікті экономикалық жағдайы бар, ауыр индустрия салаларының мамандануы оның көрінетін ғылыми-өндірістік потенциалы жоғары аймақтар.
III топ - өте нашар табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайы, шаруашылықтық рационалды емес салалық құрылымы бар. Экономикалық моневрлардың мүмкінділігін қатаң шектейтін депрессивті аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарыстағы аймақтар /2/.
Сонымен, аймақтық экономика - бұл елдің территориясындағы және оның аймақтағы өндіріс күштерінің дамуы мен жылжуын, әлеуметтік-экономикалық процестерді табиғи-экологиялық жағдайлармен тығыз байланыста зерттейтін ғылыми білім облысы /1/.
1. 2 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТҮСІНІГІ, ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ЖҮЙЕСІ
Мемлекетті басқару түсінігі және функцияларының түрлері өзара шортталған. Егер біріншісі “не істеу керек” деген сұраққа жауап берсе, екінші функциясы “қалай істеу керек” дегенге жауап береді.
Мемлекеттік басқарудың субъектілері: мемлекеттік, халық, шаруашылық субъектілері.
Ғылыми әдебиеттерде басқару түрлі критериялар бойынша бөлінеді. Қоғам өмірінің сфералары бойынша басқарудың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады:
- жалпы қоғамдық
- экономикалық
- әлеуметтік
- саяси
- идеологиялық
Макс Вебер осы мемлекеттік басқарудың болуына байланысты келесі тұжырым айтқан: “Мемлекет - бұл зорлықты құрал негізінде заңға сүйенген басқа адамдардың үстіне билік жасау. Дәл осы қасиетіне байланысты мемлекет басқа қоғамдық құрылымдардың қасына ғана мемлекет болып табылады” /5/.
Мемлекеттік басқару функциялар мәнінің түсіндірілуі мемлекеттік басқарудан туындайды. Сондықтан басқаруды, әдетте, қызметі арқылы қарастырады.
Басқару функциялары еңбектің бнлгілі бір түрлері еңбек қызметі, басқару сферасындағы салалық жұмыстары, басқарушылық процестердің элементтері, басқарушылық циклдарының сатылары ретінде түсіндіріледі.
Басқару практикасы келесілерді көрсетеді: оның көптеген түрлерін, формаларын, әдістерін, процедураларын және басқарушылық қызметінің, тағы сондайларын басқарудың белгілі органының шектерінен шығып кетпейтіндігін және де басқа мемлекеттік органдарымен шектелмейтіндігін сендіреді. Сөйтіп, оны аппарат ішіндегі жұмысы деп бейнелейді. әдетте олардың көпшілігі басқарушылық әрекеттерінің жүзеге асырылуымен және қалыптасуымен байланысты. Сөйтіп, олардың тікелей басқарылатын объектілерін ұйымдастырады және басқару субъектісінің, басқа дербес компоненттерінің белсенділігіне ықпалын тигізеді, басқарушылық және басқарылатын жүйелердің және де олардың ішіндегі өзара әрекеттерін көрсетеді, бірақта көпшілігінде басқарушылық қызметінің бұл элементтері өздігінен басқарушылық факторлары болып саналмайды. Мақсатқа сәйкес мемлекеттік болуфункцияның арнаулы түсініктері бар. Бұларға мемлекеттік басқарушылық әрекеттерінің нақтылы түрлері жатады. Сонда олардың бір-бірімен тақырыбы, мазмұны және де басқарылатын объектілерін немесе оның меншікті басқарушылық компоненттерін түрлендіру немесе сақтау тәсілдері бойынша ажыратылады.
Қоғамдық қатынастардың құрылымы бойынша келесі басқару түрлерін қарастыруға болады:
- қоғам дамцының әлеуметтік саяси басқаруы
- қоғам дамуының экономикалық немесе шаруашылық басқаруы.
Басқару объектілерінің қамтылуы бойынша келесі түрлерін қарастырамыз:
- қоғамды басқару
- мемлекеттік басқару
- салаларды басқару
- кәсіпорындарды, ұйымдарды, мекемелерді басқару.
Мемлекеттік басқару пәнінде тек мемлекеттік басқару теориясы қарастырылады. Сондықтан алдында айтылған басқарудың басқа түрлері тек жанама түрде қарастырылады.
Жалпы мемлекеттік басқаруға анықтама берсек, мемлекеттік басқару дегеніміз - бұл оның билік күшіне негізделетін адамдардың қоғамдық өмірін реттеуге, сақтауға және өзгертуге бағытталған мемлекеттің практикалық, ұйымдастырушылық және реттеушілік қимылдары.
- мемлекеттің билік күшінің болуы. Мемлекеттің билік күшінің болуы - ол объективті қажеттілік болып табылады. Мемлекет қандай әрекет жасамасын, ол өз мүдделерін, талаптарын орындату мақсатында өзінің билік күшіне сенеді.
Тек мемлекеттік басқаруға тән үш қасиет бар:
- спецификалық қасиеті болып, бұл басқарудың бүкіл қоғамға таратылуы тіпті қоғамның шетелге таратылуы.
- мемлекет өте күрделі және көп жақты қоғамдық құрылыс болып табылғандықтан және басқару субъектісі бола тұра мемлекеттік басқаруға жүйелік қасиетін береді. Бұл қасиетсіз басқарудың басқа түрлерімен салыстырғанда мемлекеттік басқару мүмкін емес. Себебі, мемлекеттік басқарудың объектісі болып, миллиондаған одандар көптеген мемлекеттік органдар және басқа да құрылымдар болып табылады және де мемлекеттік басқаруда көптегентүрлі және қымбат бағалы және материялдық, қаржылық, интеллектуалдық шығындалады. Мемлекеттік басқару көптеген басқарушылық шешімдерден және ұйымдастырушылық қимылдардан тұрады. Сондықтан, мемлекеттік басқару үшін жүйелілік қасиеті өте улкен маңызға ие болды. Тек осы қасиеттің болуы, осы бүкіл басқару процесіне қажет келісімділік, координация, субординация және оның мақсат, сол мақсатқа бағыттар рационалдық және нәтижелік береді /6/.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz