Қазақстан Республикасында II-шi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесi


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
І. Шағын және орта бизнестiң ел экономикасындағы алатын орны
1. 1 Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестiң мәнi және қажеттiлiгi . . . 4
1. 2. Шағын және орта бизнестiң дамуы, және оны мемлекеттiк
қолдау . . . 20
ІІ. Қазақстан Республикасында II-шi деңгейдегi коммерциялық
банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесi
2. 1. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеудiң
алғышарттары . . . 31
2. 2. «Казкоммерцбанк» ашық акционерлiк қоғамының шағын бизнестi несиелеу тәжiрибесiнен . . . 40
2. 3. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестi Еуропалық Даму және Қайта Құру банкiнiң бағдарламасы бойынша шағын бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесiнен . . . 51
III. Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнес секторын II-деңгейдегi коммерциялық банктердiң несиелеу процесiн дамыту жолдары . . . 57
Қорытынды . . . 74
Қолданылған әдебиеттер . . . 76
К i р i с п е
Тақырыптың өзектiлiгi - банк саласы Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бiрi болып табылады. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда. Шағын және орта бизнестiң жоғары деңгейде қызмет етуiн ұйымдастыру үшiн, келесi жағдайлардың болғаны дұрыс:
конструктивтiк бизнес-идея;
тиiмдi басқару (менеджмент) ;
қаржы жеткiлiктiлiгi.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Бiрақ, оның мёнi солайымен қалып отыр. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйсiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi.
І. Шағын және орта бизнестiң ел экономикасындағы алатын орны
1. 1. Нарық жағдайындағы шағын және орта бизнестiң мәнi және қажеттiлiгi.
Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылықтың әртүрлi формаларын дамытпай қалыптаспайды, оның ең маңызды бөлiгi шағын кәсiпкерлiк болып табылады. Шағын және орта бизнес-нарықты қалыптастыруда, iрi өндiрушiлер монополизмiн шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде, жаңа технологияларды енгiзуде, Қазақстан Республикасының экономика саласын дамытуда маңызды роль атқарады.
Сонымен, шағын және орта бизнестiң ел экономикасындағы алатын орны ерекше. Өйткенi мемлекеттiң жалпы қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр рычагы болып табылатыны сөзсiз. Шағын бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңа дамып отыратын өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қаблеттi.
Шағын және орта бизнестiң субъектiсi ретiнде кәсiпкер танылатыны айқын. Шағын және орта бизнестің мәнi мен мағынасын терең деп бiлу үшiн, ең алдымен сол шағын және орта бизнестi алып жүрушi субъект - кәсiпкер терминiне тоқталсақ.
Кәсiпкерлiк феноменi бағзы заманнан берi экономикалық, әлеуметтiк ғылымдардың зерттеу объектiсiне айналған. Кәсiпкерлiк, шағын және орта бизнес негiздерi теориясын XVIII-XIX ғасырларда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж. Б. Сэй, сосын И. Шумпетер, Ф. Хайск, А. Чаянов және тағы басқа экономист ғалымдар негiзiн қалаған.
Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау - оның жалпы экономикалық ой - пiкiр сияқты ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Экономикалық мағынада iрi өндiрiстiк немесе кұрылыс жобаларын басқарушы деп түсiндiрме беруге болады. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсiпкерлiк туралы, оның индустриялық кезiне дейiн қалай аталғанына қарамастан, ерекше ой - пiкiр қалыптасқан. Алайда, батыстың экономикалық теориясында шағын және орта бизнеске шын мәнiнде назар аудару XVIII ғасырдан басталды десек те болады. Атақты экономист, ғалым Р. Кантилон, «кәсiпкер» деп - нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтiк - экономикалық құбылыс ретiнде кәсiпкерлiк көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның мәнiнде экономикалық - құқықтық, психологиялық және тарихи тұстары бар. Бiрақ, шағын және орта бизнестiң, яғни кәсiпкерлiктiң негiзi адам қызметiнiң экономикалық танымында жатыр.
Шағын және орта бизнестi жүзеге асырушы кәсiпкердi-«индивид» түрiнде өз бетiнше нарықтық жағдайда жоғары шешiм қабылдай алатын, жеке меншiк иесi ретiнде, өзiне ешкiмнiң көмегiнсiз табыс пен пайдаға қол жеткiзе бiлетiн және атқарылған қызметтiң барлығы өз қимыл iс-әрекетiнiң жемiсi екендiгiн түсiнетiн заңды және жеке тұлғаларды айтуға болады.
А. Смит шағын және орта бизнес пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен « . . . ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді. »1.
Кәсiпкерлiктiң субъектiсiне экономикалық қызметке қатысушы түрлi тұлғалар ең алдымен жеке индивидтер жатады. Бұлар мұндай сапада жеке өндiрiстi /жанұя, кәсiпорын/ ұйымдастыру формасы арқылы көрiнедi. Кәсiпкердің iс әрекетi өзiнiң еңбек шағындарына немесе жалдамалы еңбектi пайдалануға негiзделедi. Шағын және орта бизнестi жүргiзушiлер экономикалық мүддені білдіретін¨сонымен қатар оған қатысушылар мiндеттi шарт жасасып ұйымдастырады. Мұндай бизнес түрi - ұжымдық деп есептеледі. Жеке кәсiпкерлерге қарағанда жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер көптеген мәселелердi шеше алады. кәсiпкерлiктiң потенциалдық мүмкiндiктерiн толық бағалау үшiн олардың субъектiлерiн номиналды және нақты деп бөлудiң маңызы ерекше. Номиналдыға кәсiпкерлiк қызметпен айналысу құқығы жатады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан кәсiпкерлiктiң шын, нақты субъектiсi - бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы барлар жатады. Мiне, осы адамдар экономиканың кәсiпкерлiк секторын құрып, дамыта алады.
Кәсiпкерлiктiң объектiсi - адамның белгiлi қызметi. Мұның ерекшелiгi қандай? кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет. Бiрақ ең бастысы - әр кәсiпкер оның тек өзiне тиiмдiсiн, пайдалысын ғана жасайды. Мiне, осы себептен кәсiпкерлердiң ең басты мақсаты - өз кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарлату немесе шағындарын барынша азайту болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.
Сонымен, кәсiпкерлiк - жаңа мүмкiндектерi iздеу, жаңа технологияны пайдалану, капиталды жұмсаудың тиiмдi салаларын iздеу, ескi ойлау шеңберiнен шығу. Былайша айтқанда, өндiрiстiң жаңа түрiн ашып, дамыту; тауарлар мен қызметтердiң жаңа түрлерiн шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, сонымен қатар оларды жаңарту және өркендету. Мұндай өзгерiстердiң түрлерi әр алуан жаңа кәсiпорындар ашу немесе ескi кәсiпорынды қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерiн жасау немесе ескiлерiн жою, модификациялау әрекеттерiмен байланысты. Демек, нақты өмiрде кәсiпкерлiктiң объектiсi - новаторлық, жаңашылдық мағынадағы ерекше өндiрiс және айырбас пен бөлудiң түрлi факторларын комбинациялау болып табылады.
Бизнеспен iскерлiк қабiлетi жоғары, нарықта өз күш-қуатын жаңа сфераларды iздестiру жолында жұмсаушы субъект ғана айналыса алады. Әрине кез-келген алып-сатарды бизнесмен, шағын және орта бизнестi жүзеге асырушы деп атауға болмайды. Сонымен кәсiпкерлiк - өз қаражаттарын белгiлi бiр өндiрiс түрiне жұмсай отырып және қоғамға пайдасын тигiзе отырып, табыс алу. Яғни кәсiпкерлiк қызметтiң басқа коммерциялық емес құрылымдарға қарағандағы ерекше айырмашылығы табыс пен шығын арасындағы айырманы пайда ретiнде қарау.
Иә, елiмiзде нарықтық экономиканың қалыптасқанына да 10 жылдан астам уақыт өтiптi, содан берi мемлекетiмiздiң меншiгi бiрте-бiрте жеке меншiкке ауысты. Олар әртүрлi шаруашылық ассосациялар, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер, шағын кёсiпорындар, акционерлiк қоғамдар ( ашық, жабық ) формаларында қайта құрылды.
Елдiң кәсiпкерлiк стимулын арттыру үшiн экономикалық, әлеуметтiк, құқықтық жағдайлар базасын құрып, жетiлдiру керек. Жалпы кәсiпкерлiк кызметтiң түрлерiн төрт түрге бөлiп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасында:
Өндiрiстiк - оның iшiнде инновациялық, ғылыми-техникалық тауар өндiру, қызмет көрсету және басқа.
Коммерциялық - сауда-саттық, делдалдық, сауда үйлерi, тауар биржалары және тағы басқа.
Қаржылық - банктiк, сақтандыру, аудиторлық, лизингтiк қор биржалары және тағы басқа.
Кеңес берушiлiк - басқармалық, әкiмшiлiк, маркетингтiк, ақпараттық, кадрлар дайындау және тағы басқа.
Бiздiң Республикамызда қаражылық кәсiпкерлiктiң банктiк түрiмен тек қана банктер ғана айналыса алады.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың белсендi қатысушылары - шағын және орта бизнес субъектiлерi - кәсiпкерлер, жеке адамдар, бизнесмендер екенi белгiлi. Республикамызда шағын жёне орта бизнестiң дамуына жан-жақты шаралар интенсивтi түрде жасалынылуда. Ал, оларға жекеше тоқталсақ, меншiктi жекешелендiру бағдарламасының жүруi, ол өз кезегiнде шағын бизнестiң дамуының нағыз экономикалық негiзi екенiн есiмiзге алайық. кәсiпкер шағын жёне орта бизнес субъектiсi ретiнде оның iс әрекетi әр кездеде белгiлi бағытта ұйымдастырылады, және оның нақты нысандары бар. кәсiпкерлiктiң шаруашылықты жүргiзу тәсiлi ретiнде бiрнеше жалпы белгiлерi бар. Оның iшiнде негiзгiсi - шаруашылық субъектiлерiнiң еркiндiгi мен тәуелсiздiгi. Олардың дербестiгi нарық механизмi әрекетiн қамтамасыз ететiн тәртiптi қалыптастырады. кәсiпкердiң тәуелсiздiгi оған экономикалық ресурстарды алуға, осы ресурстардан өз қалауынша қызмет пен тауар өндiру процесiн ұйымдастыруы және оларды нарықта кәсiпкердiң ойлағанындай өткiзе алу құқын бередi. Материалды ресурстар мен ақша капиталының иелерi бұл ресурстарды қалауынша пайдалана алады. Әрбiр қызметшi өзi iстей алатын еңбекпен айналысуға құқығы бар. Алайда, қандай да болмасын еркiндiк көптеген жағдайлармен шектелген. Олар сыртқы орта мен субъектiлер әрекетiнен шығады. Дегенмен, шағын бизнестiң басты шарты барлық мүмкiндiктердiң деңгейi тұрғысынан шешiм қабылдаудағы автономиялылығы. Барынша көп табыс табу жалпы бизнестiң қозғаушы факторы болып табылады. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана iс ұйымдастырылып, одан әрi кеңейтiледi. Нарық жағдайында өзгерiстер күнiне бiрнеше ретте болып отыруы мүмкiн. Олар осы жаңалықтарды өз жұмыстарына енгiзедi. Жаңалық процесiнiң мұраты - пайда табу. Мысал үшiн, нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтiн экономикалық тиiмдi технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгiлi уақытқа дейiн баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Мiне, осы қабiлет әдеттегiден ерекше шешiм қабылдауда, творчествалық көзқарас жағынан iскерлiк әлемiнде жоғары бағаланады.
Кәсiпкерлiкке тән тағы да бiр сипат - шаруашылық жүргiзудегi тәуекелге бел бууы, iске кiрiсер алдында болашақ бұлдыр қиялдарды болжап бiлу және оны шеше алуы. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауiп-қатерi көп, ал оларды өне бойы экономикалық есептеу мүмкiн емес. Шаруашылықтың қауiп - қатерi, тәуекелдiң негiзiнде мүмкiн болатын және шын мәнiдегi шығындар мен нәтижелердiң ара қатынасы жатады. Егер өндiрiлген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсiпкер өз қызметiн тиiмдi ұйымдастыра алмағаны, ёлде өткен нарықтық конъюктура жайсыз болғаны.
Шағын және орта бизнестiң, кәсiпкерлiк қызметтiң мәнi - өндiрiс құрал жабдықтарын шаруашылық объектiсi ретiнде иемденуде және табыс алу мақсатында өндiрiс факторларын тиiмдi пайдалану оның негiзi болып табылады. Кәсiпкерлiк шаруашылықты жүргiзу тәсiлi жаңа iске адамның жеке энергиясымен капиталын жұмсаудан көрiнедi. Мұндағы кәсiпкерлiк әрекетiнiң ең басты тиiмдiлiгi - таңдаудың дұрыстығы немесе тандаған iстiң кәсiпкердiң жеке потенциалына сәйкес келуi деп бiлемiз.
Шағын және орта бизнестiң тарихына көз жiберейiк. Ресейде кәсiпкерлiк көне заманнан берi Киевтiк Русьте сауда-саттық формасында дамыған. Ең бiрiншi кәсiпкерлер деп - көпестер мен майда алыпсатарлар және қолынан iс келетiн өзi жасаған тауарын сатушыларды айтқан . Петр I-шiнiң кезiнде орта бизнес көркейдi. Бүкiл Ресейде мануфактуралар құрылып тiгiн, қару-жарақ, тау iсi салары дамыды. Кеңес Үкiметi келiсiмінен кәсiпкерлiк деген термин жалпы экономикалық оқулықтан алынып тасталды. XX-шы ғасырдың 90-шы жылдарында ғана шағын және орта бизнес халықтың түсiнiгiне қайта ендi. Әрине өз бизнесiн бастау ел тыныш кезде де шешiмдiлiктi қажет етедi. Бұл тәуекелге бас тiгу өз ақша қаражатын сала отырып, не табыс алады, немесе жоғалту қаупi, бәселелестiкке төтеп беру, мұның бәрi белгiсiздiкке қажет шешiмдiлiк. Жер жүзiнде миллиондаған кәсiпкерлер тәуекелге бел буып, жаңа бизнес түрлерiн ашуда. Осы творчествалық процестiң түбiрiнде экономиканың жеке секторының күш-қуаты, жалпы ұлттың әл-ауқатының кiлтi жатыр.
Шағын және орта бизнестiң Қазақстан Республикасында құрылуы мен дамуы тауарлы нарықтың және кәсiпкерлiк iс-әрекеттiң кең ауқымға құлаш жаюымен байланыстыруға болады. Әрине мемелекетiмiздiң тәуелсiздiкке қол жеткiзуi, нарық экономикасына бет бұруының өзi елде кәсiпкерлiк пен шағын және орта бизнеспен айналысуға мiндеттi еттi. Бастапқы кезең ретiнде көрiнген мұндай бизнес 1995-1996-шы жылдары делдалдық қызмет ретiнде жүзеге асты. Ал соңғы 5-6 жыл iшiнде қолынан iс келетiн азаматтар, заңды тұлғалар әлемдiк тәжiрибе арқылы дәлелденген бизнес кiлтi - өндiрiс екендiгiн түсiндi. Республикамыз табиғи жер қойнауларына бай, жер ауқымы кең, ауыл шаруашылығы - фермерлiк iс, шаруашылық қожалықтарын құру, төл өсiру, сүт тағамдарын нарыққа шығару соңғы кезде жақсы дамып отыр. Және осылайша көркейе алатынына кәсiпкерлердiң көздерiде жеткен. Мемлекет тарапынанан да заңдылық, құқықтық атмосфера да бiр арнаға түстi десек те болады.
Қазақстанда шағын және орта бизнестi жұмысшылар санына байланысты анықтауымызға болады. Бұл мәселенi мен келесi кестеде қарастырдым.
Кесте 1. 1.
Казақстандағы шағын кәсiпкерлiктi Ресеймен салыстыра отырып анықтау критериi.
Қазақстан Республикасының ұлттық статистикалық агенттiгiнiң 1997 жылдың 6 тамыздағы № 44 қаулысына сәйкес бекiтiлген Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту бойынша кәсiпорындардың классификатор көлемiне байланысты 250 адамнан аспайтын жұмыспен қамтамассыз етiлген кәсiпорындар орта бизнеске жатады.
Экономикасы жаңа-жаңа дамып отырған елдер үшiн орта жёне шағын бизнестi жандандыру шешушi роль атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жолы болып отыр. Шағын және орта бизнес-экономиканың тиiмдi де қомақты секторы. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды дамыған экономикасы бар, және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Экономикада бiрден-бiр маңызды элемент жұмыссыздық. жұмыссыздықтың кең етек алуы экономикалық әл-ауқаттылыққа зардабын тигiзер фактор болса, шағын бизнес аясында көптеген жұмыс орындары ашылады. Осы жаңа жұмыс орындарын ұсына отырып шағын бизнес ел экономикасына қыруар көмек етедi. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады.
И. Шумпетердiң айтуынша: «Кәсiпкерлiк шағын және орта бизнестi жүргiзу - прогрестiң алға тартар күшi, iргелi инновация. Инновация - ғылыми-техникалық прогрестiң, қоғам мен адамның барлық iс аясында жүргiзiлетiн коммерцияның жетiстiктерi. Ол өндiрiспен ғана емес, менеджмент, маркетинг, ойлау, Өмiр сүру сипаты мен кәсiпкерлiк мәдениетiмен де ұштасып жатады.
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатының төмендеген кезiнде, ел экономикасының макроэкономикалық дағдарысқа ұшыраған кезiнде де өмiршең күй танытты. Елдегi объективтi және субъективтi қиындықтар оның динамикалық дамуына кедергi етуде. объективтi қиындықтары:
Экономиканың жаппай дағдарысқа ұшырауынан, бюджет тапшылығы, қаржылық ресурстар жетiспеушiлiгi, мiне осы мәселелер шағын және орта бизнестiң кең масштабта қарқын алуына кедергi етуде. Нарықтық экономикаға таяну жақындаған сайын, мемлекеттiң инвестор ретiндегi ролi төмендеуде. Мемлекет өз тарапынан бизнестi дамытуда қолайлы климат жасауы, заңдық-нормативтiк актiлердi жолға қоюы, шетелдiк және отандық инвесторларды шағын және орта бизнестi дамыту жолында капитал құюына тартуы, шағын және орта бизнестi қолдау мен дамыту бағдарламаларын қолдайтын микроэкономикалық саясатты жасауы қажет.
Субъективтi негiздегi қиындықтарға, негiзiнен мынандай түсiндерме беруге болады. Қоғамның сана-сезiмiнде қалыптасып қалған пайда табу, табыс алу, бай болу әрекеттерiн әлi де болса, психологиялық жағынан дайындық жоқ. кәсiпкерлер тарапынан да нарықтың тез өзгеру қозғалысына жылдам әрi тиiмдi реакциясы толық әдетке енбеген. кәсiпкерлер менеджмент, маркетинг салаларының қыры мен сырына әлi де түсiнбеген. шағын кәсiпорындардың жұмысының тиiмдiлiгi - өнiмдер өндiрудегi тар мамандану ғана емес, еңбек құралдарына да мамандануында. Мұндай өндiрiстер шектеулi тауар ассортиментiн шығарып, қажет болған жағдайда оны тез ауыстыруы да мүмкiн. шағын бизнестiң дамуы транспорттық шығындар мен өнiмдердiң құрып қалуы қаупiн төмендетедi. Сонымен, шағын кәсiпорындар - негiзiнде алып инфраструктуралық бөлiмдердiң (қоймалық, арнаулы коммуника-циялар, көлiктiк шаруашылықтар, тазалау құрылғылары) құрылуына көп шығындар жұмсалмайды. Өндiрiстiң аздаған көлемi бойынша тауарларды сату, айналымға жiберу, материалды техникалық жабдықтауларды өнiм дайын болған кезiнде реализациялау тез жүредi. Батыс экономистерiнiң тұжырымдаулары бойынша шағын кәсiпорындардың артықшылығы - меншiктi менеджменттiң бiрлiгi, ол өз кезегiнде басқарушылық және орындаушылық процестерiн тездетедi, сонымен қатар бүкiл ұжымның алға қойылған мәселелерiн бiрiгiп шешуiн және оны iске асыруын қамтамасыз етедi. Осылайша шағын және орта бизнестiң дамуы ресурстар айналымдылығын, өндiрiс процесi мен тұтыну процестерiн жеделдетедi. Әрине шағын және орта бизнестi ашып оны жүргiзушiлер өз даму сатыларында түрлi қиыншылықтарға кәзiргi ықтимал. шағын және орта бизнестiң дамуын жеңiлдету үшiн қоғамда, заң жүйесiнде толығымен өзгерiстер енгiзiлуi керек. Осыған байланысты кешендi түрде шағын және орта бизнестiң ел экономикасына тигiзетiн пайдасы зор және де iрi кәсiпорындардың жанында көмекшi өндiрiс ретiндегi ролiн арттыру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz