Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау

«Кәсіпкерлік тәуекел» ұғымы өз дамуын 17 ғасырда ала бастады. Бұл кезде кәсіпкер атауына қандай да бір қызметті жүзеге асыруға немесе белгілі бір өнімді жеткізуге міндеттейтін мемлекетпен келісім шартқа отыратын тұлға ие болды. Келісім - шарт бағасы алдын-ала анықталады. Пайда мен шығынның көлемін кәсіпкердің сәттілігі анықтады.

Экономикалық әдебиеттерде «кәсіпкер» ұғымы 1723 жылы Парижде басылған коммерцияның жалпы сөздігінде пайда болды. Онда «құрылыс және өндіріс объектісінің міндетін» өз мойнына алатын тұлға туралы айтылды.

Ғылыми термин ретінде «кәсіпкер» сөзі 18 ғасырдың танымал ағылшын экономисті Ричард Кантильон еңбектерінде пайда болды. Ол кәсіпкерліктің бірінші концепциясын әзірледі. Ал, кәсіпкер ретінде ол үнемі тәуекел жағдайында қызметететін адамды түсінді. Өйткені сатушылар, фермерлер және тағы басқа ұсақ меншік иелері бегілі бір бағамен сатып алып, белгісіз бағамен сатады.

Француз К. Бодоның айтуы бойынша, кәсіпкер белгілі бір парасатқа ие болуы керек, яғни әртүрлі ақпаратты меңгерген білімді адам болуы керек. Тюрго, тек әртүрлі ақпарат қана емес, сонымен қатар капитал иесі болуы керек деген. Ол «капитал - бүкіл экономика негізі, пайда - кәсіпкердің жетістігінің мақсаты, өндірістің даму негізі, - деп айтқан.

А. Маршал және оның ізбасарлары кәсіпкерліктің ұйымдастыру функцияларына көп зейін аударған. Олар кәсіпкер болу үшін, кәсіпкерлік қабілет болу керектігі туралы айтқан.

Әрбір ұлт өз кәсіпкерлерінің қызметінің жемісін мақтан тұтады. Бірақ, әрбір ұлт және оның жекелеген өкілі қандай да бір нақты кәсіпкерлік идеяның жүзеге асуына ықпал етуді армандайды. Шағын бизнес қоғамдық қатынастың нақты формасы ретінде, қоғамның материалдық және рухани әлуетінің жоғарылуына ғана емес, әрбір жеке адамның қабілетінің көрініс табуына жағдай жасап қоймай, сонымен қатар ұлттың бірігуіне және потриатизм мен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Шағын және орта бизнес нарық экономикасында белгілі бір экономикалық және әлеуметтік қызмет атқарады, қазіргі қоғамда маңызды роль атқарады. Барлық экономикалық дамыған елдер қаржылық тұрақтылық пен әлеуметтік қолайлы жағдайға бизнестің дамуы арқылы жетті. Нарықтық экономикаға көшкен кез келген елдің экономикалық тарихы осы шындықты дәлелдейді.

Сонымен қатар, батыс еурораплық постсоциалды мемлекеттері нарықты экономикаға бизнес маңызды роль атқаратынын дәлелдеп отыр. Қазақстан экономикасында оның қызмет етуінің актуалдығын болжамдау қиын емес. Біздің елімізде шағын және орта бизнестің дамуына объективті қажеттіліктен туындаған қалтқысыз қадағалау қойылды.

Шағын және орта кәсіпорындар - экономиканың қоймасы, өйткені кәсіпкерлер нарық конъюктурасының өзгеруіне жедел жауап береді, өз қорларын, тұрып қалған күштері мен адамдарын жұмылдырады. Сондықтан, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңінде тұрақтандыруға әсер етеді. Шағын және орта бизнеске мемлекеттік көмек көрсету Қазақстан Республикасының Президенті жарлығына да және өкіметтік құжаттарда көрсетілгендей, экономика реформасы бағытында маңызы зор. Бәсекелестің дамуына әсер етіп, қызмет және тауармен тұтынушы нарығын толтырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлер мен меншік иелерінің кең топтарының дамуына әсер етті.

Шағын және орта бизнес түріндегі кәсіпкерлік біздің елімізде зор болашаққа ие болуы тиіс. Осыған байланысты, барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдарға әлі де бизнес кең тыныс алу үшін және мемлекеттегі тұрақтылықтың негізі болуы үшін көп істер атқаруы қажет болып отыр.

Қазақстанның экономикасының қор негізін нарық қатынасына өткенге дейінгі кезеңде ірі, алып өнеркәсіпті құрады және шағын және орта бизнеске мемлекет көңіл бөлмеді. Бірақ, жоспарлы экономиканы трансформациялау кезеңінде шағын және орта бизнес мемлекеттің стратегиялық дамуын таратуда негізгі аспап болып табылады. Мемлекет деңгейіндегі нарықты экономикаға өткен елдерде шағын және орта бизнеске өту және оны дамыту жүздеген жылдарға созылды. Қазақстанда экономиканың осы секторы санаулы жылдарда дамыды. Шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бағытындағы мемлекеттік бағдарламаның Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуы мен құрылымдарының негізін қалады және осы қайтымсыз процесстер тенденциясын жасады.

Шағын және орта бизнестің құрылуы мен дамуы өнеркәсіп секторының диверсификациясымен бірлесуі “Қазақстан 2030” стратегиясының негізін құрайды. Бизнеске бейімделу экономикаға ерекше сипат беріп, оның дамуының шешуші факторы болып табылады, бірақ шағын және орта бизнестің дамуына бас-мектеп сараптама жасау тұрақты түрде бақылау жүргізуі қажет.

Біз білетіндей, бүгінде шағын және орта бизнес субъектісінің негізгі бөлігі сауда және қызмет саласында жұмыс атқаруда. Бірақ нарық жағдайында жаңа фазаға көшу мүмкін емес болып отыр, өйткені жоғары технолнгиялық кәсіпорындары бар шағын бизнес салалары негізгі бәсекелестіктің факторы болып табылады және жаңа жұмыс орындарын құрып отыр.

Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатының қалыптасуы кәсіпкерлікпен жетілдірумен тығыз байланысты. Нарықтағы монополизмнің орнуге кері әсерін тигізетін тоқырауға қарсы тұра алатын бірін-бірі факторы болып, әлемдік тәжірбиеде кең етек алған, енді біздің мемлекетімізде дамып келе жатқан кәсіпкерлік саналады. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырушы қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына себепкер болады. Дамыған елдер шағын бизнес санын арттырып, оларға арнайы көмек көрсете отырып, бірқатар әлеуметтік экономика тауқыметтерді шешуде шағын бизнес келесі функция орындайды:

1. Жеке қаражаттың бизнесті дамытуға жұмсалынуы

2. Ынта-жігерді қолдауы

3. Бәсекелестікпен нарықтың қалыптасуы

4. Экономика құрылымдық қайта құруын қамтамасыз ету

5. Тауар ассортиментінің кеңеюі және оның тұт-ға бейімделуі

6. Ірі өндіріс қалдықтарын қайта өңдеуге оң әсері

7. Мемлекеттен тиімсіз объектілерді сатып алу немесе жолға алу

Шағын бизнестің артықшылдықтары:

- нарықтағы сұраныста бизнес ортасында тез бейімделуі;

- шешім қабылдаудағы оперативтілік;

- басқару шығындарының аз мөлшері;

- іс-әрекеттіңтәуелсіздігі;

- қорға деген аз сұраныс өнімге және өндірістерді тез енгізу мүмкіншілігі;

- капитал айналымының жоғарғы деңгейі.

Шағын бизнесте бірқатар кемшіліктерге ие:

  • тәуекелдің жоғарғы болуы
  • нарық тұрақсыздығының әсерінің жоғары деңгейі
  • ірі кәсіпорындарға тәуелділігі
  • басшылық біліктілігінің төмен деңгейі
  • қаржы ресурстарын тартудағы қиыншылықтар, олардың жетіспеушілігі

Республика шағын бизнестің дамуымен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалған. Оған келесі ережелер бекітілген:

  • шағын кәсіпорындар кез-келген салада, кез-келген меншік формасында құрыла алады.
  • өнеркәсіппен құрылыста жұмысшылар саны 200-ге дейін
  • білім мен ғылыми өнер көрсету саласында 100-ге дейін
  • өндірістік сферасының басқа салаларында қызмет істейтіндер саны 25-ке дейін
  • бөлшек сауда жұмысшылар 15-ке дейін

Шағын және орта бизнестің дамуы үшін мемлекет меншігін жекешелендірудің макроэкономикалық тұрақтылығы, салықтық және кедендік заңдарды жетілдіру, тіркеу және лицензиялық процедураларын жеңілдету сияқты, іскерлік және инвестициялық климат факторларын жақсарту керек. Мемлекет шағын және орта бизнесті қолдауда нақты қағидаларды ұстанады, анық бағыттары бойынша өңделген өз саясатын жүзеге асырады және көзделген нәтижелерге жету барысында нақты шараларды қолданады. Шағын және орта бизнес субъектлерін қолдаудың басты қағидалары, негізгі бағыттары және шаралары Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 19-шы шілдедегі “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңында жазылған.

Мемлекеттік қолдаудың басты қағидалары болып мыналар саналады:

  • Қазақстан Республикасында шағын бизнесті дамытудың басымдылығы;
  • Шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымының және жүзеге асырылатын шаралардың шағын бизнестің барлық субъектлері үшін қол жеткізерлік болуы;
  • Шағын бизнесті қолдау мен дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

Шағын және орта бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуде маңызды рөл атқарады. Шағын және орта бизнес қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Себебі ірі кәсіпорындардың монополиялық әрекетінен, экономикалық өзгерістер кезінде шағын және орта бизнес қиын хал-жағдайда болады. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, өркениетті нарықтық қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

Кез-келген экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын, мемлекеттің араласуын қажет ететін: бюджеттік, несиелік, салықтық, инвестициялық сферасында мемлекеттік реттеу прблемалары бар.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдауда мемлекет қандай бағыттар бойынша жүзеге асырады? Ал ол бағыттар келесідей:

  • Шағын бизнес субъектлері үшін кадрлар даярлауды, қайта даярлады және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру:
  • Шағын бизнес субъектлерінің мемлекеттік, қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми техникалық талдаулар мен технологияларды пайдалануына жеңілдікті жағдайлар жасау;
  • Шағын бизнес субъектлерін мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензиялаудың, олардың өнімдерін тәртібін белгілеу;
  • Шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың, кеден бажын төлеудің жеңілдікті режимін қамтитын қолайлы жағдай жасаудың құқықтық режимін белгілеу (салықтық каникулдар, мүліктік гранттар, салықтық несиелер, салық ставкаларын кеміту, затты сипаттайтын құжатқа сәйке кеден баждары бойынша жеңілдіктер) ;
  • Шағын бизнес субъектлерін қолдау мен дамыту үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пай”далану жүйесін жасау;
  • Шағын бизнес субъектлерінің шетелдік әріптестерімен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және өзге де байланыстарын дамытудықоса алғанда олардың сыртқы экономикалық ықзметін қолдау;
  • Қаржы көздерін анықтай отырып, шағын бизнес субъектілеріне несие берудің арнаулы бағдарламаларын қабылдау;
  • Өнімдер өндіруге, жұмыс атқарып, қызмет көрсетуге, мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде шағын бизнес субъектілеріне артықшылықтыр беру.

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады. Шағын бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдаудың басты шаралары мыналар болып табылады:

  • Шағын бизнес субъектілеріне шағын бизнесті мемлекеттік иқаржымен қолдау шеңберінде тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат шегінде жеңілдікті жағдайларда статистикалық және ақпараттық қызмет(құралдар), сондай-ақ ғылыми-техникалық талдамалар мен технологиялар беру;
  • Шағын бизнес үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау және қайта даярлау жене біліктілігін арттыру осы заңның 12-бабына сәйкес шағын бизнесті дамытуға жұмсалатын барлық қаражат көлемінің кем дегенде 2% мөлшерінде шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларында көзделген қаражат есебінен жаңа оқу және зеттеу ортиалықтарын, мамандандырылағн консалтигтік ұйымдар және шағын бизнесті қолдау мен дамыту арқылы жүргізіледі;
  • Өндіріспен айналысатын шағын бизнес субъектлілері мемлекеттік тіркеу кезінен бастап үш жыл бойына жылжымайтын мүлікке құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады.

- Шағын бизнес субъектілерін мемлекеттік тіркеу қолданып жүрген заңдарға сәйкес оңайлатылған тәртіппен жүргізіледі (тіркеу мерзімі мен ақысын, қажетті құжаттар тізбесін қысқарту, жарғылық қор мөлшерін азайту және т. б. )

  • Өндірістік қызметпен айналысатын шағын бизнес субъектілеріне (заңды және жеке тұлғаларға) жер учаскелерін беру (сату, жалға беру) олардың жергілікті атқарушы органдарға жазбаша өтініші бойынша жерді пайдалану (жерді иелену) актісін бергені үшін ақы алмастан және жерді алғаны үшін төленетін соманы үш жыл кейінге қалдыра отырып жүргізіледі.
  • Өндіріспен айналысатын шағын бизнес субъектілері кәсіпорындардың - табиғи монополистердің қызметін монополияға қарсы реттеу қолданыла отырып, электр энергиясы, жылумен, сумен жабдықтау және канализация бойынша біріктірілетін қуат үшін ақы төлеуден босатылады.
  • Шағын бизнес субъектілері үшін мемлекет қатысатын екінші деңгейдегі банктерде шот ашу ақы алмастан жүргізіледі.

Берілген шаралар, жоғарыда аталып өткендей заңды түрде бекітілген. Осы шаралардың қалай іс жүзінде асырылатынын және қандай деңгейде шағын және орта бизнеске қолддау көрсетілетіні жайлы осы жұмысымның келесі бөлімдерінде қарастырылады. Ал қазір, шағын және орта бизнес субъектілеріне, соның ішінде, Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыратын жергілікті өкілді және атқарушы органдарының және уәкілеттік мемлекеттік органдарлың қандай қызмет атқаратынын айтып өтемін.

Қазақстан Рспубликасының шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар:

  • Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады және үлестіріп отырады;
  • Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, Үкіметке табыс етеді;
  • Шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • Республика аймақтарында шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен оның инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі;
  • Шағын және орта бизнес саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

  1. жергілікті өкілді органдар:
  • Шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекітеді;
  • Жергілікті бюджеттердің шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуға арналған шығыстарын бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзіреті шегінде жергілікті атқарушы органдардың шағын және орта бизнес субъектілеріне арналған жергілікті салымдар мен алымдар жөнінде жеңілдіктер белгілейді; жергілікті атқарушы органдар:
  • Шағын және орта бизнесті қолдаудың аймақтық бағдарламаларын әзірлейді және оларды қаржымен қамтамсыз етуді іске асырады;
  • Шағын және орта бизнесті қолдау мен инновациялық қызметтің аймақтық инфрақұрылымын дамытуды жүзеге асырады;
  • Шағын және орта бизнес саласында кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырып, бұл шараларды қаржыландыруды қамтамсыз ету.

Бизнес экономикада бәсекелестік ортаны құратын болғандықтан, әрине, шағын және орта кәсіпорындардың ұйымдармен табиғи монополистермен нақты қарым-қатынастары қаланады. Осы ұйымдар өндіріс салаларындағы шағын және орта бизнес субъектлері интеграциялау сұрақтарын қарастыратын салалық бағдарламаларын өңдейді, сонымен қатар тұрақты ереже бойынша ірі тиімсіз өндірісті сигменттеуді жүзеге асырады, олардың негізінде шағын және орта кәсіпорындарды құрады.

“Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында шағын бизнес субъектілерінің шаруашылық қызметіне мемлекеттік органның қызметкерлерінің негізсіз қатыспайтыны анықталды. Бизнес қызметін еркін жүргізуге кедергі жасайтын қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңды актісі бойынша жауапқа тартылады.

Сонымен, әр мемлекеттің өзінің даму тарихы, өзінің қалыптасқан дәстүрлері, өз менталитеттері, өзінің кәсіпкерлік мәдениеті болғандықтан, барлық мемлекеттерге сай мемлекеттік қолдаудың әмбебап бағыттары мен шаралары жоқ қорытындылауға болады.

Бірақ, барлық елге сай басты қағида - ол бизнесті ықыласты жүзеге асыру үшін қолайлы климат құруы тиіс.

Әрине, бизнеспен айналысуға азаматтарды ынталандыру үшін жүзеге асыратын шаралардың барлығын бір заңмен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бүгінгі күні Қазақстандағы шағын және орта бизнес дамуының тиімділігі көп жағдайда нарық инфрақұрылымына тәуелді, сол үшін кәсіпкерлікті қолдау қоры құрылды. Қордың негізгі мақсаты : кәсіпкерлерге қаржылық көмек көрсету, ол негізінен халық тұтынатын тауарды шығаратын фирмаларға, құрылыс материалдарын жасайтын және халыққа қызмет көрсететін салаларға байланысты кәсіпорындар.

Қор отандық және шетел инвесторларын қызықтыру бағытындағы шараларды қаржыландырады, жарыстар, көрмелер, аукцион және конференциялар ұйымдастырады, мамандар даярлау мен оқытуды нарық экономикасы үшін тиімді қолдануды ұйымдастырады. өкінінке орай, кейбір облыстарда құрылған қорлар өздерінің қор қаражатын өнімнен несиеге беруді Қазақстан Республикасның халықтық банкісінің рұқсатынсыз қолдануда.

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Қазақстан Республикасында жеке бизнестің жасақталу мен қалыптасуына негіз қалады.

АҚШ-та шағын және орта бизнесті қолдау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын және орта бизнесті дамыту туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту жайлы мәлімет
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың әрекет етуші жүйесі
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын және орта бизнес
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz