ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ


Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары өзіміз білетіндей шағын және орта бизнеске жете көңіл бөлінуде. Шағын және орта бизнесті қолдау қазіргі таңда өте өткір міселелердің бірі болып тұр, себебі жұмыссыздық деңгейін қысқартатын діңгектің бірі.
Қазіргі таңдағы жұмыссыздықтық деңгейін қарайтын болсақ: 2008 жылдың статистикалық көрсеткіштерде болсақ жұмыссыздық деңгейі келесідей:
Ал 2007 жылдың бірінші тоқсандағы статистикалық көрсеткіштермен есептейтін болсақ келесідей:
Осы 2007 және 2008 жылдардағы жұмыссыздық деңгейін салыстырсақ, 2008 жылы бұл көрсеткіш 0, 7-ге азайғанын көреміз. / 1 /
Міне осындай алға ілгерлеушіліктің нәтижесі соңғы жылғы елдегі кәсіпкерлікке көңіл бөлудің нәтижесі болып табылады. Елбасымыздың да жыл сайынғы жолдауында да жете назарда болады. 2008 жылғы: жолдауында елбасы шағын және орта бизнеске байланысты былай делінген: «Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыруға тиіс. Шағын несие ұйымдарының жұмысын, соның ішінде мемлекет қаражаты есебінен де қолдау керек. Олар біздің жүз мыңдаған азаматтарымыздың өз ісін ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берудің қолжетімділігін арттыру және көптеген қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажет. Дамыған кәсіпкерлік сектор - кез келген ел экономикасының негізі. Осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырамын.
Бір мысал келтірейін. Дүниежүзілік банктің “Бизнесті жүргізу” туралы соңғы есебі бойынша барлық экспорттық рәсімдерден өту үшін Қазақстанға 89 күн, мәселен, Эстонияға бұл үшін небәрі 5 күн керек екен.
Кәсіпкер үшін нағыз кесапат - 50-ден астам заңда көзделген түрлі-түрлі тексерулер болып отыр.
Кейбір ведомстволар заңнаманы бұза отырып, түрлі сылтаулармен кәсіпорынды бірнеше рет “тексеруге” мүмкіндіктер іздейді. Бұл бизнесті өз ісінен едәуір алаңдатады. Бұл мен жүргізіп отырған саясатқа қайшы келеді. Құқық қорғау және басқа да тексеруші органдардың тексерулерінің санын едәуір қысқартып, ретке келтіру керек. » / 2 /
2008 жылғы қаңтарда ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындар саны 26 мың адам болса, ал қызметкерлердің жалпы санына % -бен бөлу көрсеткіші 0, 9 болды; ақпан айында бос жұмыс орындары саны 28 мың, ал % -бен бөлу көрсеткіштері 1 болды; наурыз-сәуір айларындағы бос жұмыс орындар саны 27 мың, % - бен бөлу көрсеткіштері 0, 9 болған. /сурет 1, 1бет/
2008 жылғы сәуір- наурыз айларында бос жұмыс орындары санының азаюы өнекәсіпте - 985 бірлікке және құрылыс ұйымдарында - 306 бірлікке тіркелді. / 1 /
Сурет 1-2008 жылғы ірі және орта кәсіпорындардағы бос жұмыс орындарының саны
Бәрімізге де тікелей болмаса да жанама түрде әсер етіп жатқан әлемдік дағдарысқа қарсы экономиканы тұрақтандыру мақсатында ұлттық қордан 10 млрд. доллар бөлінген болатын.
Міне осы бөлінген қаражатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдау үшін экономиканы тұрақтандыру мақсатында ұлттық қордан бөлінген 10 млрд. доллар қаржының 1 млрд. долларын бөлуді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл тапсырманы бүгін Ақордада өткен ҚР Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің бірінші пленарлық мәжілісінде берді.
«Ең алдымен шағын және орта бизнеске қаржы құралдарын ұсынуды жалғастыру керек. Бүгінде екінші деңгейлі банктер бұрынғыдай кредит бере алмайды. Оларда ондай мүмкіндік жоқ. Соңғы жылдары бұл сектор үшін ресурстар қымбаттады. Әрі оларға қол жете бермейді. Сондықтан мен Үкіметке экономиканың аталмыш сегментін қолдауды және 1 млрд. АҚШ долларынан кем емес қаржы бөлуді тапсырды.
Елбасы «Самұрық-Қазына» қоры шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін қосымша көздерден қаржы тарту керектігін қадап айтты. Бұл ретте қол жетімді пайыздық ставка қамтамасыз етілуі тиіс. «Екіншіден, шағын және орта бизнес тауарлар мен қызметтер сатып алу тетігі арқылы тұтастай алғанда барлық отандық өндірушілерді қолдауы тиіс. Бұл барлық мемлекеттік органдарға, ұлттық компанияларға қатысты. Мен «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңға қол қойды. / 3 /
Шағын және орта бизнесті қаржыландыруда, яғни неиелендіруде Үкімет республика бюджетінен айтарлықтай қаржы бөлген болатын. Оған екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлер қолын жеткізуді көздеген билік басындағылар мұнымен банктерге де көмек көрсетіп отырғандарына күмән келтірген емес. Бірқатар сарапшылар Үкімет пен «Қазына» даму қорының мұнысын құптай да қоймады. «Коммерциялық банктер мемлекеттің «ерке баласы болды» деген әңгімелер де айтылды. Әйтсе де, бизнесмендер де, басқалар да бұған көнбістік танытты. Соған қарамастан, банктер шағын және орта бизнесті қаржыландыруға соншалықты мүдделі болмай отыр.
Жылдың сегіз айы көзді ашып-жұмғанша өте шықпақшы. Ал биліктің шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялап, сауықтырмақ ойы да, сонымен бірге оған мол қаржы бөлуі де айтарлықтай нәтиже берер емес. Бұған министрлердің де көзі жете бастағандай. Әсіресе, ауыл бизнесмендері ауыр жағдайда. Бөлінген қаржы ауылға жетіп болар емес. Оның басты себебі екінші деңгейлі банктер белгілі бір субъективті себептерге байланысты ауыл кәсіпкерлерін несиелендіруден қашқақтауда. Оны өздерінің ауылдарда филиалдары жоқтығымен түсіндірмек болса да, ар жағында пайызы төмен ақшамен қаржыландырғылары келмейтіні көрініп қалады. Оның үстіне ауыл кәсіпкерінің кепілдікке қоятын құнды заты да жоқ. Қайтарылмай жатқан несиелер проблемасынан әбден шошынып қалған банктер маңдайына сарт етіп тиген таяқтың ұшын екінші рет басқылары келмейді. Мұны түсінуге де болар. Оның үстіне ауыл бизнесін қаржыландыруды тұсап отырған әкімдіктер көрінеді. Өйткені олар кәсіпкерлерге мемлекеттің қолдауымен арзан несие алуларына болатынын сауатты түрде түсіндіріп, қажетті ақпаратты жеткізуде дәрменсіздік танытуда. Аймақтардағы көптеген кәсіпкер өзінің ісін бастау үшін арзан несие алуға болатыны жөнінде мүлдем хабарсыз. Үкімет басшысы К. Мәсімов «бәрін жасап жатқан секілдіміз, ал оның нәтижесі басқаша болып шығады» деп бекер таңданбаса керек.
Сонымен, республикалық бюджеттен отандық бизнесті дамыту үшін 156 млрд теңге бөлінген болатын. Үкімет бөлген қаражаттан билік басындағылар мен жергілікті әкімдіктердің таңдап алған 753 шағын бизнес жобасы дәмелі еді. Өкінішке қарай, бөлініп дайын тұрған қаржыны банктер несие ретінде кәсіпкерлерге беру міндеттемесінен бас тартуда. Құлық танытқандар тек «Нұрбанк», «Тұран-ӘлемБанк» және «ЦентрКредитБанк». Қалғандары өз филиалдарынан 100 шақырым алыста орналасқан елді мекендегі кәсіпкерлерді қаржыландырудан бас тартуда.
Ұлттық банктің мәліметі бойынша, барлық берілген несиелердің 45 пайызы Алматыға жол тартады екен. Ал 90 пайыздан аса қарыздардың бәрі облыстық орталықтарда қалады. Яғни шалғайдағы ауылдарға мемлекет бөліп отырған ақша жетпейді. Бұл - ауылды қаржыландыратын Агробанктің орны үңірейіп тұрғанын, оның рөлін толып жатқан коммерциялық банктердің бірі де атқара алмайтынын тағы да дәлелдеп отыр деген сөз. Шалғайдағы ауылға қаржының жетпейтінін Сәйденов мырза енді біліп, таңданысын жасыра алмауда.
Тағы бір проблема - Үкімет банктерге «бюджеттен бөлінген қаржыны сегіз пайызбен беріп, енді оның пайыздық ставкасын төрт пайыздан асырмай, кәсіпкерлерге беріңдер» дегенін құлақтарына ілмей отырған банктер жетіп-артылады. Олар «үстеме төрт пайыздық ставка несиегерлердің несиесін ұстап отыруға тым аз» деген уәж айтып, кәсіпкердің қолына тиетін несиені 10-12 пайызбен емес, 20-22 пайызбен беріп отыр. Коммерциялық банктер бұл жерде де өз пайдаларын ұмытар емес. Мемлекеттің қаржысын айналымдағы ақшасын көбейтуге пайдалануда. Бұл кәсіпкерлердің зығырданын қайнатпай қоймайды, сондықтан да олардың көпшілігі арзан несие бағдарламасына иек артып отырған жоқ.
Банктерді араластырмай, бизнесті тікелей қаржыландыру жолына түскен облыстар да бар көрінеді. Оны жергілікті әкімдіктер өз қолына алған. Коммерциялық банктердің өздеріне мойын бұрғысы жоқ екенін түсінген осындай облыстардың ісі Үкімет басындағыларға үлгі болса екен деген тілек бар. / 4 /
Қазақстан Республикасының Индустрия және Сауда министрі В. Школьник Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында 1. 11. 08ж баяндауында. Негізінен ол мыналарды атап кетті.
2008 жылғы 1 қазанға арналған жағдай бойынша 984 319 шағын кәсіпкерлік субъектісі (ШКС) тіркелді, бұл жыл басымен салыстырғанда 5, 3 %-ға артық. ШКС шығарған өнім көлемі 2008 жылғы қаңтар - қыркүйек ішінде былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 0, 1% артып 1 748, 9 млрд. теңгені құрады. Елде 2007 жыл ішінде ҚҚС -да шағын кәсіпкерлік үлесі 30, 8 % құрады. ШКС өнімдерін шығару көрсеткіштері нашарлап келеді. Көрсеткіш орташа республикалық көрсеткіштен барынша төмен өңірлер бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz