ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруда цехты, учаскені ұйымдастырғын кезде немесе өндіріп отырған өнімнің - детальдің тораптың, бұйымның өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады:

  • негізгі материалдар;
  • отын мен энергия;
  • жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;
  • амортизациялық жарна.

Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады. Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден- өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек.

Екіншіден - жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу керек.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың даму тенденциялары

Елдегі әлеуметтік - экономикалық жағдайдың тұрақтылығы және мемлекеттің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша жүзеге асырып отырған шаралары шағын кәсіпорындардың дамуына оң ықпал етті. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы 18-ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында « . . . шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. », - деп атап көрсетті. (2) Қазіргі таңда шағын кәсіпорындардың даму деңгейі айтарлықтай жоғары болмағанымен жыл сайын даму динамикасы байқалады.

Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша республикада барлығы 643035 бірлік шағын кәсіпкерлік субъектілері (жеке және заңды тұлғалар) ресми тіркелсе, оларда 1, 4 млн. жуық адам жұмыс істейді, ал ол экономикалық белсенді халықтың 19, 5 % құрайды. (33) Еліміздегі шағын кәсіпорындардың тіркелгендері мен нақты жұмыс істейтіндерінің саны үнемі өсіп отырған. Атап айтсақ, 2005 жылдың басында 103291 шағын кәсіпорын жұмыс істеген және бұл көрсеткіш 2004 жылдың басындағы мәліметтермен салыстырғанда 10, 5 % -ға көп. Алайда шағын кәсіпорындардың даму динамикасын тек бір немесе екі жылдағы мәліметтер бойынша талдау жасау арқылы көрсету мүмкін емес. Сондықтан шағын кәсіпорындардың бірнеше жылдар аралығындағы мәліметтер бойынша талдау жасау мақсатқа сай болады деп есептейміз. Осыған байланысты шағын бизнес субъектілерінің даму динамикасын келесі кесте (3-кесте) түрінде көрсетуге болады. Шағын бизнес субъектілеріне шағын кәсіпорындармен қатар заңды тұлға құрмастан қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары да жатқызылатындықтан, ол жөніндегі мәліметтерді де көрсету қажет. Бірақ басты назарды шағын кәсіпорындардың даму динамикасына аудару қажет.

3-кесте - Шағын бизнес субъектілерінің даму динамикасы

Шағын бизнес субъектілері
2001жыл
2003жыл
2004жыл
2004жыл 2001жылға пайызбен

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні
Шағын бизнес субъектілері:

Барлығы, бірлік :

соның ішінде

2001жыл: 365499
2003жыл: 289496
2004жыл: 541073
2004жыл 2001жылға пайызбен: 431503
643035
497871
175, 9
172, 0
Шағын бизнес субъектілері: шағын кәсіпорындар, бірлік
2001жыл: 102182
2003жыл: 77398
2004жыл: 130779
2004жыл 2001жылға пайызбен: 93494
145087
103291
142, 0
133, 5
Шағын бизнес субъектілері: жеке кәсіпкерлер, бірлік
2001жыл: 144257
2003жыл: 119038
2004жыл: 260937
2004жыл 2001жылға пайызбен: 215116
321838
247688
223, 1
208, 1
Шағын бизнес субъектілері: шаруа қожалықтары, бірлік
2001жыл: 119060
2003жыл: 93060
2004жыл: 149357
2004жыл 2001жылға пайызбен: 122893
176110
146892
147, 9
157, 8
Шағын бизнес субъектілері: Ескертпе - Статистика агенттігі мәліметтері негізінде есептелді

Үшінші кестеден көріп отырғанымыздай шағын бизнес субъектілері 2004 жылы 2001жылмен салыстырғанда тіркелгендері 277536 бірлікке (75, 9 %), жұмыс істейтіндері 208375 бірлікке (72, 0 %) өскен. Соның ішінде шағын кәсіпорындар сәйкесінше 42905 (42, 0 %) және 25893 (33, 5 %) бірлікке артып отыр. Бірақ, тіркелгендері мен нақты жұмыс істейтіндерінің арасындағы айырмашылық 8, 5 % құрайды. Бұл шағын кәсіпорындардың әлі де болса тиімділігін арттыру мәселесіне көңіл аудару қажеттігін көрсетеді. Ал, жеке кәсіпкерлер санының 2 еседен астам шамаға ұлғаюы олардың тіркелуі, қызметін жүзеге асыруы және салық салу ерекшеліктеріне байланысты деп айтуға болады. Соңғы жылдары шаруа қожалықтарының да дамуы және қызмет тиімділігі артқанын байқалады. Жалпы алғанда шағын бинес субъектілерінің барлығында да даму динамикасы жоғары.

Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне талдау жасағанда, әсіресе, олардың даму динамикасы жөнінде айтқанда біз олардың аймақтар мен қызмет түрлеріндегі даму ерекшеліктеріне де тоқталмай кете алмаймыз. Шағын кәсіпорындардың аймақтар бойынша орналасуын келесі кестеден (4-кесте) көруге болады.

4-кесте-Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпорындар саны

Аймақтар
2001жыл
2003жыл
2004жыл
2004жыл 2001жылға пайызбен

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні

тіркел

гені

жұмыс істейтіні
Аймақтар: Қазақстан Республикасы
2001жыл: 102182
2003жыл: 77398
2004жыл: 130779
2004жыл 2001жылға пайызбен: 93494
145087
103291
142, 0
133, 5
Аймақтар: Ақмола
2001жыл: 3411
2003жыл: 2872
2004жыл: 4305
2004жыл 2001жылға пайызбен: 3477
4790
3534
140, 4
123, 1
Аймақтар: Ақтөбе
2001жыл: 4042
2003жыл: 2990
2004жыл: 4879
2004жыл 2001жылға пайызбен: 3757
5487
4298
135, 7
143, 7
Аймақтар: Алматы
2001жыл: 4654
2003жыл: 3853
2004жыл: 5730
2004жыл 2001жылға пайызбен: 4564
6108
4574
131, 2
118, 7
Аймақтар: Атырау
2001жыл: 2172
2003жыл: 1670
2004жыл: 3354
2004жыл 2001жылға пайызбен: 2879
3735
3245
172, 0
194, 0
Аймақтар: Шығыс Қазақстан
2001жыл: 7473
2003жыл: 5462
2004жыл: 8904
2004жыл 2001жылға пайызбен: 6309
9569
6838
128, 0
125, 2
Аймақтар: Жамбыл
2001жыл: 3520
2003жыл: 2701
2004жыл: 4005
2004жыл 2001жылға пайызбен: 2874
4206
2990
119, 5
110, 7
Аймақтар: Батыс Қазақстан
2001жыл: 2190
2003жыл: 1831
2004жыл: 2859
2004жыл 2001жылға пайызбен: 2404
3039
2586
138, 8
141, 2
Аймақтар: Қарағанды
2001жыл: 7117
2003жыл: 5797
2004жыл: 8482
2004жыл 2001жылға пайызбен: 6542
9129
6649
128, 3
114, 5
Аймақтар: Қостанай
2001жыл: 4681
2003жыл: 3486
2004жыл: 5317
2004жыл 2001жылға пайызбен: 4018
5551
4332
118, 6
124, 3
Аймақтар: Қызылорда
2001жыл: 2137
2003жыл: 1711
2004жыл: 2560
2004жыл 2001жылға пайызбен: 2124
2762
2349
129, 2
137, 3
Аймақтар: Маңғыстау
2001жыл: 2630
2003жыл: 2247
2004жыл: 3610
2004жыл 2001жылға пайызбен: 2896
3936
3282
149, 7
146, 1
Аймақтар: Павлодар
2001жыл: 5398
2003жыл: 4177
2004жыл: 6489
2004жыл 2001жылға пайызбен: 4962
6992
4749
129, 5
113, 7
Аймақтар: Солтүстік Қазақстан
2001жыл: 2536
2003жыл: 2107
2004жыл: 3033
2004жыл 2001жылға пайызбен: 2448
3496
2725
137, 9
129, 3
Аймақтар: Оңтүстік Қазақстан
2001жыл: 9523
2003жыл: 7679
2004жыл: 11819
2004жыл 2001жылға пайызбен: 7614
13248
9194
139, 1
119, 7
Аймақтар: Астана қаласы
2001жыл: 6815
2003жыл: 5733
2004жыл: 9921
2004жыл 2001жылға пайызбен: 8477
11953
9950
175, 4
173, 6
Аймақтар: Алматы қаласы
2001жыл: 33883
2003жыл: 23082
2004жыл: 45512
2004жыл 2001жылға пайызбен: 28149
51116
31996
150, 9
138, 6
Аймақтар: Ескертпе - Статистика агенттігі мәліметтері негізінде есептелді

Төртінші кестеде берілген мәліметтер негізінде қысқаша талдау жасасақ, шағын кәсіпорындардың тіркелгендері де, соның ішінде жұмыс істейтіндері де жыл сайын өскен. 2001 жылмен салыстырғанда 2004 жылы республикадағы шағын кәсіпорындардың тіркелгендері 42 %, нақты жұмыс істейтіндері 33, 5 % артса, Атырау облысында 72 % және 94 %, Астана қаласында 75, 4 % және 73, 3 %, Алматы қаласында 50, 9 % және 38, 6 %, Маңғыстау облысында 49, 7 % және 46, 1 % ұлғайып отыр. Сонымен қатар шағын кәсіпорындардың көпшілігі едәуір өнеркәсіптік-дамыған және халық тығыз қоныстанған аймақтарда орналасқан, оларға Алматы және Астана қалаларын, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарын жатқызуға болады. Яғни, жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санындағы үлесі 31, 0 % және 9, 6 %, 8, 9 %, 6, 4 %, 6, 6 % құрайды.

Шағын кәсіпорындардың басым бөлігі сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( жұмыс істейтін кәсіпорындардың жалпы санының 43, 5 %) маманданған, ал құрылыспен айналысатын шағын кәсіпорындардың үлесі 14, 2 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде 12, 3 % құрайды. (34) Шағын кәсіпорындардың қызмет сфералары бойынша даму жағдайындағы үлкен кемшіліктердің бірі олардың өндірістік сфера емес сауда және қызмет көрсетудегі басымдылыққа ие болуы. Оның басты себептерінің қатарына өндіріспен айналысу үшін қаражат көлемінің жеткілікті деңгейде болмауын, жұмсалатын шығындардың жоғары болуын жатқызамыз, сондай-ақ, тәуекел деңгейінің жоғарылығы мен капитал қайтымдылығының салыстырмалы түрде ұзақ болуымен байланысты қарастыруға болады.

Шағын кәсіпорындардың дамуы еліміздегі жұмыссыздықтың азаюы мен қосымша жұмыс орындарының ашылуына, экономикалық белсенді халықтың тез өсуіне де ықпал етеді. Бұл экономикалық реформаларды жүзеге асыруда жоғары мәнге ие болады. Шағын кәсіпорындардағы жұмыс істейтіндерді де аймақтар және қызмет түрлері бойынша қарастыруға болады.

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2005 жылдың басында және өткен жылдарда да экономикалық қызмет түрлеріндегі жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде (барлық жұмыспен қамтылғандардың 28, 3 %), құрылыста (17, 9 %), өңдеуші өнеркәсіпте (13, 0 %), ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында (12, 9 %), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (12, 3 %) еңбек етеді.

Шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандарды аймақтық деңгейде қарастырсақ, барлық жұмыспен қамтылғандардың ¼ бөлігі Алматы қаласының үлесінде, ал едәуір көп үлесі Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарына және Астана қаласына келеді. Оны келесі кестеден (5-кесте ) көруге болады.

5- кесте - Қазақстан Республикасының аймақтарындағы 2000-2004 жылдардағы шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандар саны

жыл басында (мың адам)

Аймақтар
2001
2002
2003
2004
2005
Аймақтар: Қазақстан Республикасы
2001: 393, 1
2002: 413, 6
2003: 431, 6
2004: 528, 6
2005: 582, 1
Аймақтар: Ақмола
2001: 30, 4
2002: 29, 7
2003: 33, 6
2004: 29, 9
2005: 31, 2
Аймақтар: Ақтөбе
2001: 19, 8
2002: 20, 3
2003: 17, 4
2004: 21, 2
2005: 24, 2
Аймақтар: Алматы
2001: 15, 7
2002: 25, 3
2003: 30, 1
2004: 31, 3
2005: 35, 0
Аймақтар: Атырау
2001: 14, 0
2002: 14, 9
2003: 13, 8
2004: 15, 4
2005: 17, 9
Аймақтар: Шығыс Қазақстан
2001: 33, 6
2002: 33, 1
2003: 39, 2
2004: 47, 4
2005: 52, 8
Аймақтар: Жамбыл
2001: 17, 8
2002: 16, 4
2003: 16, 4
2004: 21, 8
2005: 22, 4
Аймақтар: Батыс Қазақстан
2001: 27, 6
2002: 25, 8
2003: 27, 2
2004: 19, 6
2005: 21, 6
Аймақтар: Қарағанды
2001: 27, 4
2002: 28, 7
2003: 28, 9
2004: 39, 8
2005: 39, 9
Аймақтар: Қостанай
2001: 23, 3
2002: 23, 3
2003: 24, 1
2004: 25, 8
2005: 30, 1
Аймақтар: Қызылорда
2001: 17, 6
2002: 16, 5
2003: 18, 6
2004: 14, 7
2005: 16, 2
Аймақтар: Маңғыстау
2001: 12, 7
2002: 10, 7
2003: 11, 5
2004: 22, 8
2005: 23, 6
Аймақтар: Павлодар
2001: 25, 1
2002: 24, 9
2003: 21, 6
2004: 25, 2
2005: 25, 9
Аймақтар: Солтүстік Қазақстан
2001: 21, 1
2002: 20, 8
2003: 20, 9
2004: 20, 7
2005: 22, 8
Аймақтар: Оңтүстік Қазақстан
2001: 22, 1
2002: 26, 4
2003: 24, 5
2004: 41, 9
2005: 49, 1
Аймақтар: Астана қаласы
2001: 19, 4
2002: 20, 3
2003: 23, 0
2004: 42, 4
2005: 46, 7
Аймақтар: Алматы қаласы
2001: 65, 5
2002: 76, 4
2003: 78, 8
2004: 108, 7
2005: 122, 7

Дерек көзі : ҚР-сы статистика агенттігі

Шағын кәсіпорындардың көпшілігі жергілікті ресурстарды пайдалана отырып ішкі нарықта қызмет еткенімен олардың өнім өндіру көлемін ұлғайту, жалпы ішкі өнімдегі үлесін арттыру негізгі мінддердің бірі болып табылады. 2004 жылы шағын кәсіпорындарда тауарлар өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) көлемі 444091, 1 млн. теңгені құрады. (33) Бірақ мұнда да басымдық жоғарыда аталаған қызмет түрлерінде байқалады. Атап айтқанда, сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( барлық жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың жалпы көлемінің 31, 5 %), құрылыста (18, 3 %), өнеркәсіпте (15, 6 %), жылжымайтын мүлікпен операциялар, жалға беру және тұтынушыларға қызмет көрсетуде (11, 6 %) өндірілген (орындалған, қызмет көрсетілген) .

Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігіне олардың қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу деңгейінің де едәуір әсер ететіндігі белгілі. Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі де шағын кәсіпорындардың қаржымен қамтамасыз ету деңгейін арттыру болып табылады. Қаржы-қаражатпен қамтамасыз етілу - шағын кәсіпорындардың негізгі проблемаларының бірі. Олардың бастапқы (меншікті) капиталы нарыққа шығумен байланысты шығындарды жабуға жеткіліксіз. Сондықтан шағын кәсіпорындарға өзқызметін кеңейту және әрі қарай дамыту үшін қосымша қаражат көздерімен толықтыру қажет. Мұндай көздердің бірі екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілеріне беретін несиелері болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша екінші деңгейдегі банктер шағын бизнес субъектілеріне 2002 жылы 146515 млн. теңге сомасында, 2003 жылы - 196212 млн. теңге, 2004 жылы - 288380 млн. теңге несие берген. Аймақтар бойынша бөлінген несиелік қаражаттардың ең көп бөлігі Алматы қаласының үлесінде (соңғы үш жыл ішінде берілген несиелердің жалпы көлемінің 58, 8 %), себебі, шағын кәсіпорындардың басым бөлігі Алматы қаласында шоғырланған. Екінші деңгейдегі банктердің соңғы үш жыл ішінде шағын бизнес субъектілеріне берген несиелерінің аймақтар бойынша бөлінісін келесі кесте (6-кесте) түрінде көрсетуге болады.

6-кесте - Шағын кәсіпорындарға 2002-2004 жылдары аймақтар бойынша берілген несиелердің көлемі

2002

мың тг.

үлес салмағы %

2003

мың тг.

үлес салмағы %

2004

мың тг.

үлес салмағы %
: Барлығы
2002мың тг.: 146515
үлес салмағы %: 100
2003мың тг.: 196212
үлес салмағы %: 100
2004мың тг.: 288380
үлес салмағы %: 100
: Ақмола
2002мың тг.: 1154
үлес салмағы %: 0, 8
2003мың тг.: 1636
үлес салмағы %: 0, 8
2004мың тг.: 2571
үлес салмағы %: 0, 9
: Ақтөбе
2002мың тг.: 3798
үлес салмағы %: 2, 6
2003мың тг.: 7096
үлес салмағы %: 3, 6
2004мың тг.: 10172
үлес салмағы %: 3, 5
: Алматы
2002мың тг.: 440
үлес салмағы %: 0, 3
2003мың тг.: 676
үлес салмағы %: 0, 3
2004мың тг.: 1047
үлес салмағы %: 0, 4
: Атырау
2002мың тг.: 7848
үлес салмағы %: 5, 4
2003мың тг.: 11288
үлес салмағы %: 5, 8
2004мың тг.: 14741
үлес салмағы %: 5, 1
: Шығыс Қазақстан
2002мың тг.: 7848
үлес салмағы %: 5, 4
2003мың тг.: 11288
үлес салмағы %: 5, 8
2004мың тг.: 14741
үлес салмағы %: 5, 1
: Жамбыл
2002мың тг.: 1340
үлес салмағы %: 0, 9
2003мың тг.: 2203
үлес салмағы %: 1, 1
2004мың тг.: 2992
үлес салмағы %: 1, 0
: Батыс Қазақстан
2002мың тг.: 2487
үлес салмағы %: 1, 7
2003мың тг.: 3412
үлес салмағы %: 1, 7
2004мың тг.: 4621
үлес салмағы %: 1, 6
: Қарағанды
2002мың тг.: 4044
үлес салмағы %: 2, 8
2003мың тг.: 8047
үлес салмағы %: 4, 1
2004мың тг.: 16458
үлес салмағы %: 5, 7
: Қостанай
2002мың тг.: 3975
үлес салмағы %: 2, 7
2003мың тг.: 6675
үлес салмағы %: 3, 4
2004мың тг.: 12664
үлес салмағы %: 4, 4
: Қызылорда
2002мың тг.: 344
үлес салмағы %: 0, 2
2003мың тг.: 306
үлес салмағы %: 0, 2
2004мың тг.: 689
үлес салмағы %: 0, 2
: Маңғыстау
2002мың тг.: 1785
үлес салмағы %: 1, 2
2003мың тг.: 2838
үлес салмағы %: 1, 4
2004мың тг.: 4592
үлес салмағы %: 1, 6
: Павлодар
2002мың тг.: 5745
үлес салмағы %: 3, 9
2003мың тг.: 9907
үлес салмағы %: 5, 0
2004мың тг.: 13461
үлес салмағы %: 4, 7
: Солтүстік Қазақстан
2002мың тг.: 1900
үлес салмағы %: 1, 3
2003мың тг.: 1875
үлес салмағы %: 1, 0
2004мың тг.: 3272
үлес салмағы %: 1, 1
: Оңтүстік Қазақстан
2002мың тг.: 4703
үлес салмағы %: 3, 2
2003мың тг.: 10019
үлес салмағы %: 5, 1
2004мың тг.: 14530
үлес салмағы %: 5, 0
: Астана қаласы
2002мың тг.: 9804
үлес салмағы %: 6, 7
2003мың тг.: 14592
үлес салмағы %: 7, 4
2004мың тг.: 24593
үлес салмағы %: 8, 5
: Алматы қаласы
2002мың тг.: 95403
үлес салмағы %: 65, 1
2003мың тг.: 112467
үлес салмағы %: 57, 3
2004мың тг.: 155668
үлес салмағы %: 54, 0

Дереккөз: ҚР-сы статистика агенттігі

Шағын кәсіпорындарға берілген несиелердің қызмет түрлері бойынша ең көп үлестері келесі түрде орын алған: сауда; автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке пайдаланатын заттарды жөндеуде ( үш жыл ішінде берілген несиелердің орта есеппен 41, 6 %), құрылыста (13, 8 %), өнеркәсіпте (14, 3 %), ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығында (10, 3 %) .

Статистика агенттігіне есеп берген кәсіпорындар мәліметтері бойынша 2004жылдың 9 айы ішінде олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 16, 3 % құрады, ал 1999 жылы 11, 1 % болған, жалпы қосылған құн - 17, 4% және 11, 8 % құраған, яғни, аталған кезең ішінде 1, 5 есеге жуық өскен. Осы шағын кәсіпорындардағы бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 24570 теңге болды. Ол 2003 жылмен салыстырғанда 39, 7 % жоғары. Шағын кәсіпорындардағы жалақының өсу тенденциясы барлық экономикалық қызмет түрлерінде байқалады. Атап айтсақ, ең жоғары жалақы тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында (43420 теңге), қаржылық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындарда (42036 теңге), құрылыста (30202 теңге) (32) .

Республика аймақтарындағы шағын кәсіпорындарда 2004 жылы еңбек ақы деңгейі әртүрлі болған. Еңбек ақының жоғары деңгейі тек Атырау (46784 теңге), Маңғыстау (39359 теңге) облыстарында және Алматы (40096 теңге) мен Астана (48322 теңге) қалаларында ғана байқалып отыр.

Зерттеу жүргізілген шағын кәсіпорындардың 2001-2003 жылдар аралығындағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері теріс сальдоны көрсетіп отыр. Тек 2004 жылы ғана табыстылық анықталып, шағын кәсіпорындар 61, 7 млн. теңге табыс тапқан. Ол мәліметтерді келесі кестеден (7-кесте) көруге болады.

7-кесте - Шағын кәсіпорындардың қаржылық нәтижелерінің динамикасы

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері
2001
2002
2003
2004
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері: Табыс соммасы, млн. теңге
2001: 56103
2002: 60152
2003: 103349
2004: 245114
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері: Залал соммасы, млн. теңге
2001: 64359
2002: 88960
2003: 112389
2004: 183457
Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері: Сальдоланған қаржылық нәтиже, млн. теңге
2001: -8256
2002: -28808
2003: -9040
2004: 61657

Дерреккөз: ҚР-сы статистика агенттігі

Шағын кәсіпорындардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және салынатын инвестиция көлемін ұлғайту да басты міндеттердің бірі. 2004 жылы шағын кәсіпорындарға салынған инвестиция республика бойынша салынған инвестиция көлемінің 35, 1 % құрады. Инвестициялық салым көлемі де соңғы жылдары жылдан-жылға ұлғайып келеді.

  1. Шағын кәсіпорындар қызметінің экономикадағы рөлі

Қазақстанның нарықтық экономикаға өте отырып экономиканы жедел дамытуда, жоғары экономикалық өсімге қол жеткізуде кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті қолдау экономиканы құрылымдық қайта құруды жандандыруға, таңдау еркіндігі мен қосымша жұмыс орындарын ұсынуға, шығындардың тез қайтымдылығын қамтамасыз етуге, тұтынушылық сұраныстың өзгерістеріне жедел бейімделуге мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар торабын құруды тездетуді талап етеді. Ел экономикасын дамытуда шағын кәсіпорындардың маңыздылығы өте жоғары. Ал, осы шағын кәсіпорындар іс бастау үшін ірі көлемде инвестицияларды талап етпейді және ресурстар айналымының жоғары жылдамдығына кепілдік береді. Сол арқылы экономиканы қайта құрылымдау проблемаларын ұтымды шешуді, нарықты тұтыну тауарларымен толықтыруды, бәсекелік ортаны күшейту арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын құра отырып жұмыссыздық мәселесін шешуге қол жеткізуге болады.

Шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі, өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. А. А. Шулустың пікірінше, шағын кәсіпорынның келесідей ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

  • кәсіпорынды тікелей басқару және меншік құқығының бірлігі;
  • кәсіпорынның көз жетерлік болуы: оның масштабының шектеулілігі кәсіпорын иесі мен жұмыскердің арасындағы қарым-қатынастың ерекше, жеке сипатын көрсетеді. Ол қызметкер жұмысын мотивациялау мен оның еңбекке қанағаттануының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
  • ресурстар мен өткізу нарықтарының салыстырмалы түрде үлкен еместігі;
  • кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму перспективасында кәсіпорын басшысының ролі. Яғни, ол шаруашылық қызмет нәтижелеріне толық жауапкершілікте болады.

Шағын кәсіпорындар тиімділігінің басты факторы - олардың өнім өндіру облысында, сондай-ақ, қолданылатын еңбек құралдары бойынша тар мамандануы. Шағын кәсіпорындар шектеулі номенклатурада (1-2 ден 5-7 дейін) өнімдер өндіреді және бірмезгілде жоғары өнімділікпен ерекшеленетін тармамандандырылған құрал-жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс технологиясын және өндірістік үрдісті интенсификациялауға ғана емес, сондай-ақ, негізгі құралдардың ұдайы өндіріс үрдісін өзгертуге мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни, көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс көлемінің шағын болуы материалды-техникалық жабдықтауды, сондай-ақ, өнімнің дайындығына байланысты өткізуді жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше мәнге ие болады. әсіресе, олар қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға маман ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай туғызады.

Сонымен жалпы экономикалық көзқарас тұрғысынан шағын кәсіпорындардың дамуы өндірісті мамандандыру өсімін, ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуді, өнім өндіру мерзімін қысқартуды, шикізаттар мен дайын өнімдерді жеткізудің көлік шығындарын, жоғалтуларды азайту, еңбек және материал ресурстарын едәуір толық пайдалануды қамтамасыз етеді.

Нарықтық экономикаға өту және өзгерістерге бейімделу кезеңінде шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық прогрестің бірқатар маңызды бағыттары бойынша тың серпілісті жүзеге асырады. Мұның барлығы шағын кәсіпорындарды елдегі және аймақтағы экономикалық реформалардың құрамдас бөлігі және елеулі факторы ретінде көрсетеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында шағын кәсіпорындардың теория-әдістемелік аспектілерін және ел экономикасындағы ролін қарастырған кезде жаңашылдық немесе жаңашылдықты енгізу мәселесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Нарық өзіндік өзгешеліктері мен ерекшеліктеріне байланысты тұтынушыларға бәсекеге қабілетті және жоғары сапалы өнімдер жеткізу мақсатында өндірісті жаңартуды талап етеді. Сондықтан кәсіпкерлер немесе кәсіпорын басшылары оларды шешу жолдарын іздеуі қажет. Оның үстіне нарықтық экономикасы дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей шағын кәсіпорындар жаңашылдық облысында ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға ие болады. Ол шағын кәсіпорындардың нарыққа тез бейімделу, басқару икемділігі және ішкі коммуникациялар тиімділігі және басқа да осындай сапалы қасиеттерімен байланысты.

Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет ету мүмкіндігі ірі өндіріспен салыстырғанда келесідей бірқатар артықшылықтарымен түсіндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Муниципалды меншікті басқарудың ғылыми теориялық негізі
Шағын кәсіпорынның қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар
Ұсақ бизнес
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы
Ұсақ бизнесті ұйымдастыру жолдары
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі, даму теңденциясы мен қызмет тиімділігі және жетілдіру жөнінде ұсыныстар
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz