Ресей


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Экономикалық-географиялық жағдайы

2 Мемлекеттің қалыптасу тарихы

3 Табиғат жағдайлары

4 Халқы

5 Халқының ұлттық құрамы

6 Мәдениеті

7 Экономикалық аудандары

8 Туризм

9 Пайдаланған әдебиеттер

Ресей

Ресе́й (гр. Ρωσία - Русь; ресми түрде - Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс. Россия, қысқартылған атауы - РФ орыс. РФ ) - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде, бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.

Экономикалық-географиялық жағдайы

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста - Украинамен, батыста - Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.

Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады:

Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.

Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.

Қиыр Шығыс Ресейі.

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды.

Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58, 3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.

Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда, қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы

Петр І, Ресейдің бірінші императоры

Ресей - сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV-XV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар-моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды.

Кейінгі ғасырларда Орыс мемлекеті көршілес аумақтарды басып алып, өзінің құрамына қосу саясатын жүргізді. Солтүстік-батысындағы, шығысындағы, оңтүстік-шығысындағы аумақтарды күшпен бағындырған Ресейдің XVI ғасырда Батыс Сібір халықтарын қосып алу кезеңі басталды. Келесі ғасырда Украина мен Белоруссия жерін басып алу мақсатында көршілес елдермен, соның ішінде құдіретті Осман империясымен ұзаққа созылған соғыс жүргізуге мәжбүр болды. Нәтижесінде Киев бағындырылып, Ресей Азов теңізіне шығуға мүмкіндік алды.

XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.

1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында I Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады. Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс және оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. XIX ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польша мен Бессарабияны, Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Бірақ 1853-1856 жылдары болған Қырым соғысынан соң Ресейдің геосаяси жағдайы күрт нашарлап кетті. Осы кезеңде Ресей Бессарабияның оңтүстігінен айырылып қалды және АҚШ-қа Алясканы сатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен дерлік тәуелді аумақтарға айналды.

Ресейдін, XX ғасырдағы жаңа тарихы 1917 жылы Қазан революциясынан бастау алды. Құлаған империя орнында пайда болған Кеңестер Одағы тарихи қалыптасқан геосаяси кеңістікті қалпына келтірумен бірге, оны көршілес аумақтар есебінен кеңейте түсті. Жаңа үлгідегі аса күшті алып мемлекет әлемдік экономика мен саясатта өзіндік орын алды. Өзінің аумақтық тұтастығын сақтаумен қатар, көршілес мемлекеттердегі саяси жүйенің өзгеруін қамтамасыз еткен бұл мемлекет одақтастары есебінен Еуразиядағы ғана емес, әлемдегі саяси күштердің арасалмағын анықтаушы факторға айналды.

1991 жылы ішкі қайшылықтар мен сыртқы жағдайлардың ықпалымен ыдыраған Кеңес Одағының басты мұрагері ретінде Ресей Федерациясы жаңа геосаяси күйзелісті басынан кешірді. Біртұтастығы бұзылған кеңістікте экономикалық, байланыстар әлсіреумен қатар, Ресей мемлекетіне онша қолайлы емес геосаяси жағдай қалыптасты.

Табиғат жағдайлары

Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне

кедергі жасайды.

Сонымен қатар Ресей жерінің жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта ендіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара теңіз жағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла орналасқанына қарамастан, Ресей жерінде жыл мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған. Батыстан шығысқа қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте шұғыл континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, қатал климаттық жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән болады. Сондықтан Ресей жерінде көпжылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары, олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.

Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.

Халқы

Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.

Халқының ұлттық құрамы

Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің; байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы - орыстар, олар Ресей халқының 80%-ын құрайды. Орыс халқының ең басым ауданы - Орталық қара топырақты аудан, мұнда олардың үлесі 95%-дан асады. Ресей аумағында 30-дан астам ұлттық автономия құрылған, бірақ олардың көпшілігінде байырғы халыққа қарағанда орыстардың саны басым.

Тілдік құрамы жағынан Ресей халықтары, негізінен, үндіеуропалық (халықтың 89%-ы), алтай (7%), кавказ (2%) және орал (2%) 4 тіл семьяларына жатады. Ресейдің мәдени кеңістігінде орыс тілі мен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың, соның ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт-дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген. Орасан зор аумақты алып жатқан Саха республикасының байырғы тұрғындары түркі тілдес якуттар болып табылады. Солтүстіктің басқа халықтары, негізінен, бұғы шаруашылығымен айналысса, якуттар атакәсібі болып саналатын жылқы өсіруден әлі қол үзген жоқ. Елдің солтүстігін, Қиыр Шығысты саны жағынан аз ұлттар мен ұлыстар мекендейді.

Мәдениеті

Ресей мәдениеті адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті - өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынысына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар:

көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы - православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру;

уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу;

жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
Ресейдің әскери - саяси жағдайы
Ресей Федерациясының Конституциясы
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы қарым қатынас
Стратегиялық әріптестік шеңберіндегі Қазақстан мен Ресей экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуы мен дамуы
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық
1991-2000 жылдардағы Қазақстан-Ресей қарым-қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz