Швецияның аумағы, географиялық жағдайының ерекшелігі, шекарасы


Жоспар:
- Швецияның аумағы, географиялық жағдайының ерекшелігі, шекарасы
- Табиғи жағдайы мен ресурстары
- Швецияның тарихи дамуы
- Саяси құрылымы
- Халқы және таралуы
- Шаруашылық құрылымы
- Транспорты
- Ішкі ерекшеліктері
- Швециядағы туризмнің дамуы
Аумағы, географиялық ерекшелігі, шекаралары.
Швеция корольдігі солтүстік Европада, Скандинавия жартылай аралының шығыс және оңтүстік жағында орналасқан. Батысында Норвегиямен шекаралас, солтүстік шығысында - Финляндиямен, ал шығыс пен оңтүстіктен оны Балтық теңізінің суы және Ботника заливы жуады. Оңтүстігінде Эрессун проливі, Каттегат пен Скагеррак Швецияны Даниядан бөледі. Швецияның құрамына Балтық теңізінің - Готланд және Эланд аралдары кіреді. Швеция көлемі 450 мың. км
2
, халқы - 8, 7 млн. адам. Астанасы - Стокгольм. Ақша бірлігі - швед кронасы. Ұлттық мейрам 6 маусым - Швед туының күні.
Швецияның солтүстігі мен батысында Скандинавия таулары орналасқан ( ұзындығы 2123 метрге дейін; Кебнекайсе тауы) . Көлдері гидроэнергияға бай болып келеді; өзендері көп, аумағының 57%-ы орман; солтүстігінде тундра.
Швеция корольдігі (швед. Konungariket Sverige (i) ) - 1995 жылғы 1 қаңтарынан Европалық Одақтың мүшесі және де, Шенген келісіміне қол қойған. Конституциялық монархия. НАТО-ға мүшелікке кірмеген. Елдің аты скандинавиялық svear-rige - «свендер мемлекеті» деген сөзінен шыққан.
Швецияның жері солтүстіктен оңүстікке қарай созылған. Осының нәтижесінде швед елінің табиғаты соншалықты көркемді: оңтүстік жағында гүлдер бүршекетеніп жатса, солтүстігінде жер бетін аяқ бастырмайтын қар жатады.
Табиғи жағдайы мен ресурстары.
Швеция аумағын екі ірі табиғи аймаққа бөлуге болады. Ол солтүстік және оңтүстік аймақтар. Солтүстік Швецияның үстіртті жерлерінде үш тік белдеу ажыратылады: жоғарғы - Скандинавия таулы өкесінің өзені мол шығыс бөлігі; орта - Норланд үстірті; төменгі - Ботаника шығанағында жазықтағы теңіздік ылғал. Норланд үстірті аймағында елдің басты руда шығатын жері орналасқан. Негізгі ағаш ресурстары да осы жерден алынады. Кейбір солтүстік жазықтары жер қыртысының құрамымен ерекшеленеді. Олар негізінен жайылым үшін қолданылады.
Елдің оңтүстік бөлігі: Орта Швеция жазығы, Смоланд үстірті және Сконе аралының жазықтары болып бөлінеді . Оңтүстік Швеция өзінің халқының тығыздығымен және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір жерде шоғырлануымен ерекшеленеді. Жұмсақ климатына байланысты Смоланд басқа жерлерге қарағанда адамдардың өмір сүруіне қолайлы. Жер қыртысы бұл жерде егін шаруашылығына онша жарамды емес, бірақ осы топырақта қарағайлы және шыршалы ормандар өседі. Аумағының көп бөлігін шым тезекті батпақ алып жатыр. Швецияның ең оңтүстігінде орналасқан Сконе жазықтарының басым бөлігі тегіс жыртылған. Бұл жердің топырағы өте құнарлы, қолдануға жеңіл әрі мол өнім береді. Жазықтар солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған орташа биіктегі жартасты адырлар қырқаларымен қиылысады. Алғашқы кезеңдерде жазықтар қайың, шамшат, емен, шетен және басқа жалпақжапырақты қалың ормандармен жамылған болатын. Қазіргі кезде оның барлығы адамдармен игерілген.
Жануарлар әлемі қатты кедейленген. Швецияда бұлан, қоңыр аю, құну, сілеусін, түлкі, сусар, тиын, ақ қоян кездеседі. Американдық қара күзен мен ондатра Солтүстік Америкадан аң терісі шаруашылығы үшін әкелінген болатын, бірақ кейбір жекеленген түрлері қашып, табиғатта өз бетімен өмір сүруге дағдыланған және елде тез таралған популяциялар құрды (кейбір аралдар мен шеткі солтүстікті санамағанда) .
Елдің тарихи дамуы.
Ежелгі заманда Швеция аумағын герман тайпалары мекендеген. 8-11 ғғ аяғында шведтер викингтер саяхатына қатысқан. 11ғасырда Біріккен Швед Корольдігі құрылды. 12-14 ғасырларда шведтер Финляндияны жаулап алды ( Швецияның құрамында 1809 жылға дейін) . 1397 жылғы Швецияның Дания мен Норвегия елдерімен бірігуінің салдарынан Швеция Данияға бағынуға мәжбүр болды. Бұдан Швеция өз тәуелсіздігін тек 1523 жылы ғана алды. 16 ғасырдың 30-жылдары лютерандық Реформация өтті. 16 ғасырдың ортасында және 17 ғасырда ( Густав II Адольф кезінде) Швеция Балтық өзенінде орналасқан елдермен соғыс жүргізді ( Ливонс шайқасына қатысу 1558-1583, Орыс мемлекетіндегі интервенцияға 17 ғасырдың бас кезі, Отызжылдық соғысқа 1618-16486, Польшамен, Даниямен, Ресеймен соғыс 17 ғасырдың 2-жартысында) .
Солтүстік соғыс кезіндегі Карл XII -нің Ресейге басып кіруі (1700-1721) швед армиясының талқандалуымен аяқталды; швеция өзінің көптеген жерлерінен айырылды. 19 ғасырдың басында Швеция напалеон шайқастарына қатысып, антифранцуздық коалицияның жағында болды. Кильдік достық келісім-шарттардың негізінде 1814 жылы Швецияның құрамына Норвегия қосылды ( ол келісім 1905 жылға дейін қолданылды) . 1809 жылы демократиялық реформалар жүргізіліп, конституция қабылданды.
Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста Швеция өзінің бейтараптығын жариялады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әскери-политикалық блоктарға қатыспау принципін ұстанады. 1932-1976, 1982-1991 және 1994 жылдан бастап социал-демократтар ( Социал-демократиялық жұмыс партиясы, 1889 жылы құрылған) өздерінің басты политикасын «шведтік үлгіде», яғни социалдық тұрақтанған мемлекет ретінде ұсынды. Сонымен қатар, Швецияда соңғы жылдардағы дүние жүзіндегі ең үлкен политикалық өлімдердің біразы болды: 1986 жылы Улоф Пальме өлді және 2003 жылдың 10 қыркүйегінде - шет ел қатынастары министрі Анне Линд көз жұмды.
Швеция 1995 жылдан бастап Еуропалық Одаққа мүше, бірақ евро аумағына әлі кірген жоқ.
Саяси құрылымы.
Швеция -конституциялық монархиялы ел. 1818 жылдан бастап елдің қарамағында Бернадот династиясы бар. Конституция 1975 жылдан бері қолданылып келеді. Мемлекет басшысы - король, ол мемлекеттің символы ретінде ғана қызмет атқарады. Заң шығару органы - парламент ( риксдаг), 1435 жылы құрылған. 1971 жылдан бастап бұл бірпалаталы парламент, 349 депутаттан тұрады. Депутаттар әрбір 4 жыл сайын жалпы тікелей және құпия сайлауда сайланып отырады. Риксдагқа сайлауда басым орынға ие болған партия немесе коалиция премьер-министрмен бірлесіп атқарушы қызметке ие болады.
Халқы және таралуы.
Швеция халқының 87%- ы - шведтер. Жергілікті тұрғындардың ішінен кішігірім ұлттардың басымдысы саами болып табылады. 1 миллионға жуық тұрғындар не иммигранттар, не олардың ұрпақтары болып келеді. Олардың ішінде - бұрынғы Югославия тұрғындары, финдер, Шығыс Еуропадан, Түркиядан, Таяу Шығыстан шыққан - даниялықтар. Мемлекеттік тіл - швед тілі. Ағылшын тілі халық арасында кең тараған ( ағылшын тіліндегі газеттер, радио, телеграммалар бар) . Шведтердің Лютерандық шіркеулері мемлекеттен алшақтатылмаған. Әрбір жаңа туған нәресте онық құрамына жазылады, бірақ кей жағдайда сәбидің ата-анасы басқа дінге еретін болса, онда бұл шіркеуге жазылмайды. Лютерандықтан бөлек 100 мың мұсылмандық, 90 мыңға жуық православиелік және басқа да діни сенімдер бар.
Швеция халқының тығыздығы км
2
-ге 19, 7 адамнан келеді. Қала тұрғындары халықтың 83%-ын алады. Елдің көп бөлігі Стокгольм мен Мальмада қоныстанған. Солтүстік аудандарында халық оңтүстікке қарағанда он есе аз орналасқан.
19 ғасырдың 2-жартысында Шведция экономикалық қиындықтарды бастан өткізді. Соның салдарынын халықтың басым бөлігі басқа елдерге көшуге мәжбүр болды ( көбіне АҚШ-қа) . Бұл экономикалық құлдырау 1930-шы жылға дейін созылған болатын. Осы жылдары (1930-шы) Шведция халықтың өсуін жақсарту үшін көп балалы отбасыларға көмек көрсеткен ең алғашқы ел болды. Ал қазіргі таңда Швецияда туу мен өлім жағдайы өте төмен болып отыр, халқы қартайып барады ( бұл ел Еуропадағы осы проблемаға шалдыққан ең алғашқы ел) . Сондықтан қажетті политикалар жүргізілуде.
Шаруашылық құрылымы мен жеке салалары.
Швеция әлемдегі дамыған 20 елдің қатарына кіреді. Ал өмір сүру сапасы жағынан алдыңғы ондықта. Бұл елде өнеркәсіп жеке капитал есебінен дамып жатыр ( 90% кәсіпорын) . Сонымен қатар көлемді және өте көлемді кәсіпорындар осы елдің иелігінде бар. Олардың ең үлкен 20 кәсіпорында жұмыскерлердің 35%-ы жұмыс атқарады.
Кәсіпорындар үлесі Швецияда 29%-ды құрайды. Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндер - жалпы санның 20%-ын алады. Алдыңғы қатардағы салалар - қара және түсті металлургия, әр түрлі машина жасау: судо-, авто- және авиақұрастыру, электротехника мен радиоэлектроника («Электролюкс» компаниясы) ; ағаш өңдеуші және целлюлоз-қағаздық экспорт бағытындағы өнеркәсіп; химиялық, жеңіл, тамақ ( негізінен сүт өнімдері мен ет өнімдері) өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығында халықтың 3%-ы бос емес, бірақ жұмыстың жоғары нәтижесіне байланысты Швеция өзін сауда арқасында 80%-ға қамтамасыз етіп отыр. Басты салалар : ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығында - жем өндіру ( өндірілетін жердің 3/4 бөлігі), дәнді-дақылдар ( арпа, сұлы, бидай), қант қызылшасы, картоп шаруашылығы бар. Фермалардың көпшілігі - кішігірім отбасылық шаруашылық болып келеді.
Швецияның ішкі кірісінің негізгі үлесі қызмет көрсету сферасы арқылы көрінеді, бұл постиндустрияға жататын қасиет болып табылады. Оның құрамына туризм де кіреді ( жылына 6 млн турист) .
Швед экономикасы экспортына жоғары деңгей тән: өндіріс тауарларының 45%- ы экспортталады, бұл жалпы экспорттың 95%- ын құрайды. Басты порттары: Гетеборг, Стокгольм, Лулео, Мальме.
Швеция халықтың әлеуметтік қорғау дәрежесінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Салық прессасының арқасында халық түсімінің деңгейі 4-5 есе ғана болып ажыратылады. Мемлекет адам басына шаққандағы үй-жай санынан дүние жүзінде бірінші орынға ие.
Транспорт.
Швецияда ішкі тасымал автокөлік және теміржол транспортымен жүзеге асырылады. Жүк машиналарында жалпы тасымалданатын жүктің жартысына жуығы жақын жерлерге тасымалданады. 1854 жылы мемлекет құрылысын бастаған теміржолдар 1960 жылдарға дейін басты көлік түрі болды. Олардың міндетіне жалпы жүк тасымалының үштен бірі тиесілі болды ( көбіне алыс жолдарға) . Темір жолдар арқылы руда солтүстіктен Нарвик және Лулео порттарына әкелінді. Су транспортының үлесіне жалпы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz