Шерхан Мұртаза туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Шерхан Мұртаза

Шерхан Мұртаза 1932 ж. Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ аталатын ауылда дүниеге келген. Талапты жас оңжылдықты бітірген соң, М, В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1955 ж. ол кездегі ең таңдаулы, беделді оқу орындарының биік талаптары мен қатал сындарынан мүдірмей өтіп, ұстаздарының озық дәстүрі мен ұлағатты дәрістерін, зиялы тағылымдарын өз бойына мейлінше мол сіңіріп, талантты маман ьолып, елге оралады.

Драматург, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Ш. Мұртаза қай салада еңбек етсе де, халықтын сөзін айтып, жоғын жоқтайды. Оның мінезіндегі турашылдығы, еңбекқорлығы өзі жасаған кейіпкерлер бойынан табылып жатады. Драматургтын ‘’Сталинге хат‘’, ’’Бесеудің хаты‘’, ’’Жетім бұрыш‘’, т. б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылған. ‘’Бұлтиыз күнгі найзйғай‘’, ’’Мылтықсыз майдан’’, ’’41-жылғы келіншек’’, ’’Интернат наны’’, т. б. хикаяттар мен әңгімелер жинағы, көп томды’’Қызыл жебе’’ романы жарық көрді.

Көркем шығармалардың бір түрі - драмалық туындылар. Драмалық туындылар, яғни пьессалар театр сахнасына қоюға арнап жазылады. Осыған байланысты пьесаның көлемі, құрылысы, тілі, адам мінезін таныту тұрғысынан өзге жанрдағы туындылардан өзіндік ерекшкліктер бар.

Драмалық туынды құрылысындағы ерекшелік - оның кейіпкерлердің диалогы (диалог - оқиғаға қатысушы адамдардың өзара сөйлесуі) мен монологіне (монолог - әдетте, бір кейіпкердің сөзі, түрлі жағдайлардың әсерімен оның өзімен - өзі сырласуы, толғанысы) құрылуы. Диалог те, монолог те пьесадағы тартысқа қатысушы адамдардын алуан мінезін, көзкаркс - мақсатын айқын танытатындай мағыналыда көркем болуы керек. Өйткені драмалық туындыда автор басқа жанрлардағы шығармадағыдай (мәселен, әнгіме, повесть т. б. ) оқиғаларды өзі баяндап, әңгімелеп, кейіпкерлеріне мінездеме беріп отырмайды. Драматург адам мінезін де, тартысты да, бейнелеп отырған өмір шындығын да тек пьеса кейіпкерлернің сөзі (диалог монолог) мен іс - әрекеттері арқылы ғана көркем танытады. Қысқа түсіндірме түрінде келетін автордың сөзі ремарка деп аталады.

Пьесаның тағы бір ерекшелігі - оқиғаны, тартысты сахналық қойылым барысында актерлердің ойыны арқылы көрерменнің көз алдына дәл қазыр, осы сәтте өтіп жатқандай таныту.

Жазушы, драматург Ш. Мұртаза өз шығармаларына тарихи оқиғаны өзек етіп алады. Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес, себебі ол шындықты елдің бәрі біледі. Ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен қайта жаңғырту, оқырманының жүрегінен өткізу нағыз талантты жазушының қолынан ғана келеді.

Ш. Мұртаза ‘’Бесеудің хаты’’ атты драмасына арқау болған - ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасаған аштықтан қырылған екі милион халықтын тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайжаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әркейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голошекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ. Мүсірепов ашына жеткізеді.

Ш. Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігін өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез - құлқын ғана ашып қоймайды, оның жан дүнйесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді.

41 - жылғы келіншек

(Әңгіме)

- Сен мені танымай қалдың ба, неге үндемейсің, Мақсұт?

Ол тіл қатпады. Босағада тұрды да қойды.

  • Бір - бірімізді көрмегелі, отыз жылға жуық болды, Мақсұр.

Сен соғысқа кеткенде, мен жиырма сегізде едім ғой.

Ол үндемеді.

- Қартайдым, Мақсұт. Ал сен дәл осыдан отыз жыл бұрынғы қалпында қалыпсың.

Ол үндемеді.

- Танымадың ба, Мақсұт? Мен Хадишамын ғой! Сені әні келеді, міне келеді деп отыр едім. Жұрт көрсе, сені менің балам дер. Сен, сірә, сол кезден қорқып тұрсың ғой.

Ол үндемеді.

- Богсағадан тұрғаның қалай, Мақсұт! Төрге шық, өз үйің ғой. Хадиша Мақсұтты қолынан ұстап, төрге алып шықпақ болып, ілгері аттайын деп еді, - орнынан қозғала алмады. Арада екі адым жер, бірақ алынбас асу сияқты. Жілік - жілігіне қорғасын құйып, жерге қағып қойғандай, тырп етуге дәрмен жоқ.

Ал Мақсұт табалдырықта әлі тұр.

- Сенің келгенің жақсы болды, Мақсұт, - дейді Хадиша. - Туысың Шалабайдың қорлығына шыдай алмай, сені айқайлап тұрып шақырып ем, естіген екенсін . . . Шалабайдың былтыр күйеуге тиген қызы төркініне түсе келіпті. Ол қызды сен көрген жоқсын, мұнда туған бала ғой. Қағынып, былтыр байға қашып кеткен. Шалабай қызына: ‘’Енді сенің өлігінді ғана көрейін’’, - деп еді, бәлені ме, құдасы бахуат неме екен. Шалабайдың көмейіне тас тығылған қасқырдай бола қалды. Тас қауып, қапқаныңды ит жегір. Мейлі ғой, қыз - жат жұрттық. Күләй тұрмақ, сенің жалғыз қызың Жанар да әлдеқашан тұрмыс құрып, балалы - шағалы боп кеткен. ‘’Қолыма көшіп келіп, жалғыздан - жалғыз қайтып отырасың’’, - деп, мың айтып жалынды, - бармадым. - ’’Мақсұттың үйінің түтіні өшпенсін - отырамын осында’’, - дедім.

Ой, алжыған басым, бірді айтып, біріне кеткенім . . . Бәрі анау Шалабайдың қызы Күләйдан шықты ғой. Күләй күйеуімен келіп түсті. Ауыл болып жиылдық. Күйеу мен Күләй алып келген қоржынның аузын өзім ашамын ғой деп отырғанмын. Ата жағынан алғанда, менен жақын кім бар Шалабайдың? Аталастан осы мақсұттың үйінен жақын ешкімі жоқ қой, біле - білсе. Білмеді. Айдаладағы Ақшай кемпір ұстады қоржынның аузын. Ақшай кемпірдің бүгінде мұрнынан есекқұрт түседі. Шалы қасында, үш ьірдей келіні қызиетін істеп рұр. Шифрлеп сегіз бөлмелі үй салдырған балаларының бас - басына мотоциклі бар. Шалабай шіркін, сенің інің, менің қайным ғой, қайын болмай, қата қалғыр, қоржынды маған ұстатуға жарамады.

Бұрын бір құдайдың басқа салғанына көніп, жоқшылықты да, тоқшылықты да көріп, көндіккен бас қой мына бас. Бірақ анау қорлыққа жыдамады.

- Әй, шырақ, - дедім Шалабайға, - аруақ атып кетпесін, - дедім. - Егер Мақсұт болса, мен кіммін? Хадиша болар едім, алдымнаң көлденен жүрмес едің, сен шірік, - дедім. - Мақсұт жоқ болған соң, мен сияқты жетім кемпірді елеиейсің, - дедім. - Аруақ атқыр болмасаң, анау Ақшай кім, мен кім? - дедім. - Жөн білмейтін қандай көргенсіз едін, - дедім. - Тұқшиіп, төмен қарап, жер шұқылайды, жерге кіргір.

Ал, әлгі Ақшай құтырсын.

- Алды - артының бәрін жалмаған қақбас, - деді мені. - Өліп қалмай, жападан - жалғыз неғып отырсың. Қоржынның аузын ұстаған сенің не теңің, қақбас, - деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлы жазушылары
ШЕРХАН МҰРТАЗА ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Шерхан Мұртаза – жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері
Жазушы Шерхан Мұртазаның еңбектері
Қазақ драматургиясы туралы
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби тұрғыда талдау
Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (екі кітап), «Жұлдыз көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты бес кітаптан тұратын хамса-романын әдеби талдау
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза әңгімелеріндегі диалогтың кейіпкер мінезін ашу, образ жасаудағы рөлі
Американдық ағылшын тілінің лексикалық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz