Шетелдік Еуропа


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті

Құқық және экономика колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Шетелдік Еуропа

Орындаған: Ахметбекова Н.

Тексерген: Қанағатова К.

Алматы 2005 ж

Шетелдік Еуропаның территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай 3 мың км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Еуропа елдерінің ішінде едәуір ірілері де, орташалары да бар, бірақ олардың көпшілігі айтарлықтай шағын елдер.

Шетелдік Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайын екі басты белгі айқындайды. Біріншіден, бұл елдердің бір-біріне көршілік жағдайы. Территориясы шағын, шалғай аудандары аз және көлік тез арада өте шығатын бұл елдер бір-бірімен тікелей шектесіп жатады, немесе олардың арасын болмашы қашықтық бөліп жатады. Бұған қоса, олардың шекаралары негізінен алғанда, көлік қатынасы үшін айтарлықтай кедергі келтірмейтін табиғи шептер арқылы өтеді.

Екіншіден, елдердің басым көпшілігінің теңіз маңайына жайғасуы, олардың көбі қатынас қызған теңіз жолдарына жақын орналасқан, аймақтың тыс бөлігінде теңізден 480 км-ден, шығысында - 600 км-ден шалғай орналасқан мекен жоқ. Ұлыбританияның, Нидерландының, Данияның, Норвегияның, Исландияның, Португалияның, Испанияның, Италияның бүкіл тіршілігі теңізбен тығыз байланысқан, олардың әрқайсысы жөнінде «теңіз қызы» деп айтуға болады.

Аймақтың саяси картасы 20 ғасырдың өн бойында үш үлкен өзгерісті басынан өткізді: бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстан кейін және соңғы жылдары (Германияның бірігуі, Литва, Латвия, Эстонияның тәуелсіздік алуы, Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық құрылыстың өзгеруі. )

Шетелдік Еуропа республикалар да монархиялар да, мемлекеттер де, федерациялы мемлекеттер де бар.

Шетелдік Еуропаның өнеркәсібіне қажетті табиғи алғышарттар пайдалы қазбалардың орналасуының зор ықпалымен қалыптасты. Алайда олардың аймақтың солтүстік және оңтүстік бөліктеріндегі құрамының бір бірінен айтарлықтай айырмашылықтары бар.

Солтүстік бөлікте Балтық қалқанымен және герцин қатпарлығымен байланысқан кенді пайдалы қазбалар, сондай-ақ бәрінен бұрын платформаның шөгінді тысы мен оның шеткі ойыстарына «жиналған» отын пайдаоы қазбалры жиналған.

Оңтүстік бөлікте магмалық, сондай-ақ шөгінді кен орындары басым, бірақ мұнда отын қоры әлдеқайда аз. Жеке елдеродегі пайдалы қазбалар жиынтығының «толық болмауы» едәуір дәрежеде территорияның осындай тектоникалық құрылысына байланысты.

Шетелдік Еурпаның су энергетика байлықтары айтарлықтай мол, бірақ олар негізінен алғанда Альпі, Скандинавия және Динар таулары ауданына келеді.

Аймақтың ауыл шаруашылығына қажетті табиғи алғышарттары айтарлықтай қолайлы және көптеген ғасырлар бойы кеңінен пайдаланылуда. Осының нәтижесінде өңделетін жерлерді ұлғайтуға қажетті резервтер іс жүзінде таусылған, ал оларға түсетін «күш» артып барады. Сондықтан теңіз маңындағы шағын елдер, бәрінен бұрын Нидерланды тенңіздің жағалық бөліктеріне жабуылды үдете түсуде.

Аймақтың агроклиматтық факторлары оның қоңыржай, оңтүстігіңде - субтропиктік белдеуге орналасуына байланысты айқындалады. Жерорта теңізі маңайындағы тұрақты егіншілік қолдан суаруды керек етеді. Суарылатын жерлер бәрінен де Италия мен Испанияда көп.

Кәдімгі орман ландшафтырлары басым Швеция мен Финляндияда орман шаруашылығын жүргізуге қажетті табиғи алғышарттар жеткілікті. Мұнда ормандар ойпаттар мен қыраттарды, өзендер мен көлдердің жағасын басып, елді мекендерге тиіп тұрады. Халықта «Финляндияда орман болмаса, афда жүн де болмас» деп айтылатыны бекер емес.

Соңғы уақытта шетелдік Еуропаның халқының өсуі баяулады. Кейбір елдерге тіпті халықтың саны кеміп барады. Осымен бірге халыұтың жас құрамы да өзгеріп, егде адамдардың үлнсі өсіп келеді.

Осының бәрі халықтың сыртқы көшіп қонуының дүниежүзілік жүйесіндегі аймақ үлеснің күрт өзгеруіне әкеп соқтырды. Ұлы географиялық ашылулар заманынан бәрі эмиграцияның ошағы балған шетелдік Еропа еңбек иммиграциясының дүниежүзілік басты ошағына айналды. Қазір мұнда 12-13 млн. шетел жұмысшылары бар, олардың едәуір бөлігі азаматтар ретінде емес, уақытша мейман жұмысшылар деп танылады.

Шетелдік Еуропа халқының ұлттық құрамы айтарлықтай біртекті: аймақтағы 62 халықтың басым көпшілігі үнді еуропа тіл әулетіне жатады. Мұнда славян, роман, герман топтарына жататын туыс тілдердің көптеген ұқсастық белгілері бар. Урал әулетіне жататын тілдерге де осындай белгілер тән.

Христиан діні - шетелдік Еуропаның барлық елдеріндегі үстем дін. Оңтүстік Еуропада католицизм, Солтүстік Еуропада - протестанттық күот басым; ал Орта Еуропада әр түрлі қатынаста таралған. Католицизмнің дүниежүзілік орталығы - Ватикан Римде орналасқан.

Шетелдік Еуропа - дүние жүзіндегі халық неғұрлым жиі қоныстанған аймақтардың бірі. Онда халықтың орналасуы ең алдымен қалалар географиясына байланысты. Мұндағы урбандалу деңгейі дүние жүзіндегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі боып отыр: қалаларда орта есеппен алғанда бүкіл халықтың 70%-тен астамы, ал кейбір елдерде - 80 % -тен астамы және тіпті 90 %-і тұрады. Қалалардың жалпы саны әлденеше мыңға жетеді, ал олардың желісі өте жиі. Түп тамыры Рим империясы мен орта ғасырлар заманынан басталатын батыс еуропалық қалалар үлгісі біртіндеп, мыңдаған жылдар ішінде қалыптасты.

Шетелдік Еуропадағы урбандалуға тән белгі - халықтың үлкен қалалар мен қала агломерацияларына өте көп шоғырлануы. Қала агломерациялары мұнда АҚШ пен Жапонияны қосып алғандағыдан көп. Олардың ішіндегі ең ірілері - Лондон, Париж және Рейн-Рур агломерациялары.

Шетелдік Еуропаның халқыаралық геогрфиялық еңбек бөлінісіндегі «келбеті» 200 жылдан астам уақыт бойы, тіпті қазіргі кезде де көбінесе өнеркәсіптің дамуына байланысты болып отыр.

Машина жасау - шетелдік Еуропа өнеркәсібінің жетекші саласы, шетелдік Еуропа машина жасаудың отаны болып табылады. Аймақта өндірілетін бүкіл өнеркәсіп өнімінің 1/3-і және оның экспортының 2/3-сі осы саланың үлесіне келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетелдік Еуропаға жалпы сипаттама
Қауіпсіздік туралы жалпы түсінік
Жак Ширак билігінің Франция саясатын айқындауы
Қазақстан және еуропа елдері арасындағы туристік қатынастарды дамыту келешегі
Францияның Еуропалық Одаққа қатысты саясаты
Франция туралы жалпы мағлұмат
Шетелдік Еуропа туралы
Әлем халықтарының этнологиясы
Ертеде осы жерлерде
Франция мемлекеті жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz