Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Шәкәрiм Құдайбердiұлы
(1858-1931)

Шәкәрiм Құдайбердiұлы
(1858-1931)

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетi тарихында
Абайдан кейiнгi iрi ақын, ғұлама ойшыл Шәкәрiм Құдайбердiұлының орны үлкен.
Шәкәрiм қазiргi Семей облысы, Абай ауданындағы Шыңғыс тауының бөктерiде
1858 жылы
11 шiлдеде дүниеге келген. Оның әкесi Құдайбердi Құнанбайдың бәйбiшесi
Күңкеден туған. Құдайбердi 37жасында дүниеден өткенде, атасынан тәрбие
алған Шәкәрiм жетiмдiк тауқыметiн тарта қаймаған.
Өзiнiң Мұтылғанның өмiрi атты ғұмырнамалық өлеңiнде бес жасында
ауыл молдасынан сабақ ала бастағамын жазады. Жетi жасынан бастап өлең сөзге
бейiмдiлiгiн танытады. Оның ерекше зеректiгiн ағуғарған Абай Шәкәрiмдi өз
қамқорлығына алады. Молда сабағынан басқа, орысша үйренедi. Былайғы өмiрiн
ғылым-бiлiм қуумен қатар, домбыра тарту, гормонда ойнау, ән сану,
саятиетылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген
ортасы - Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағлымы болды. Ол жас
Шәкәрiмнiң азамат және ақын ретiнде қалыптасуда ерекше әсер етед. Абайдың
кеңесiмен әр түрлi кiтаптап оқуға машықтанған Шәкәрiм ақылы кемелденiп, ой
өрiсi тереңдеп өседi. Ақындық өнерiн таныта бастайды.
Жиырмаға талғаннан кейiнгi үш жылын Шәкәрiм болсы болып, ел басқаруға
арнаған. Бұл жылдарын ол Ерiксiз жемтiк шоқыдым, Ар кетiм ойла жамылдым
деп еске алады. Әйтiс де елмен қызмет бабында араласу ақының адам тануына,
тамырын басып, сырқатын анықтауына көмектеседi. Ақынның алғашөы өлеңдерi
жастық, махаббат тақырыбына арналады. Бастапқы өлеңдерiнен – ақ ол Абайдың
мәниетiн, ақындық үлгiлiн пайдаланады. Абай ағасынан ғылым-бiлiм үйренiп,
ақылын тындап қана қоймай, кiсiлiкке де, азаматтыққа да үйренедi. Оның
сынына түсiп, шығармашылық жаттығудан өтедi: Абайша еңбек етiп, өмiр сүрудi
өзiнiң бiрден бiр мақсаты санайды. Дүниеге қөзқарасы да Абайдың көзқарасы
мен қалыптасады. Жастай орыс, түрiк, араб, парсы тiлiн үйренуге деп қалды.
Талпынып орыс тiлiн үйренумен, надандықтың тазарып кеттi кiрi деп жырына
да қосады. Осының арқасында ұлғая кеое оқиғанын сынай бiлетiн ойшылдық
танытады. Философия мен дiн тарихына қатысты еңбектердi қадағалап оқиды.
1905-1906 жылдары ел, жер тану сапарымен Арап, Түрiк, Еуропа елдерiн
аралауға шығады. Меккеде болады. Станбул кiтапханасында жұмыс iстейдi. Ол
елдер мәдениетiмен әдебиетiн, дiнi мен философиясын, ғылым салаларын тануға
күш салады. Ой өрiсi кеңейiп, өмiр, қоғам, жан, тән жайында жанаша байыптай
бастайды.
Ұстады Аьай үйренiп, үлгi алған қазақтың төл әдеби нұсқаларын Шәкәрiм
де жастай көкiрегiне тоқып өскен. Қазақ халқының басынан өткен тарихы
оқиғалар адам тағдыры жайында сюжеттi дастандар жазады. Қалқаман-Мамыр,
Еңлiк-Кебек сияқты лирикалық-эпикалық дастандар ақынның алғашқы табысы
саналады. Ғылымдап iздеп, дүниенi көздеп, екi жаққа үңiмдiм деген Абай
мектебiнде тағлым алады, оның жолын жалғастырған Шәкәрiм де екi жаққа
бiрдей назар салған. Абай бiлген шығыс ақындарынан Шәкәрiм де ерте оқып,
нәр алған. Оятқан ерте менi Шығыс жыры деп алғашқы өнеге мектебiн нақты
атайды. Классикалық тәжiк-парсы поэзиясын да, ортағасырлық туыстас түркi
әдебиетiн де терең таныған ақынның айрықша қадiр тұтқан ақындары Хожа
Хафиз, Фузили, Науай болады. Әсiресе, Хафиздi жанына жақын тұтады.
Германиядағы Гейненi де Ресейдегi Пушкинiндi де баураған, жаңа дәуiрдегi
Еуропа поэзиясына үлкен ықпал жасаған Хафиздi Шәкәрiм өзiнiң ең ұлағатты
ұстаздарының бiрi санаған, Шәкәрiмнiң Хожа Хафизден аударған өлең-
жырларының саны оннан астам. Бұлардың бiрсыпырасы тәржiма аталғанымен,
Хафиз сарындағы төлтума шығармалары тәрiздi.
Шығым ақындарының шығармалары ертеден ақ нәзиралық жолмен аударылып,
қазақ арасында кеңiнен тараған. Қазақ ақын жыраулары олардың сюжетiн өлеңге
айналдырып, талай дастандап жасаға. Осындай үлгiмен Шәкәрiм де Фзулидiң
Ләйлi-Мәжнiн 1907 жылы қазақша жырлаған.
Ақынның махаббат тақырыбына арнаған Шын сырым өлеңiнiң өрнегi де,
сөз саптасы да үйреншiктi қалыптан бөлек. Ежелгi Шығыс поэзиясын еркiн
игергенiн аңғартады.
Шәкәрiм шығыс әдебиетi мен шығармалық байланысын мысалдар жазуынан да
көруге болады. Адамгершiлiк сапаларды аллегориялық көркемдiкпен
насихаттауда өз тәжiрибесiнде ақын Бояушы-суыр, Қасқыр мен бөдене,
Ақымақ торғай, Қасқыр, түлкi, бөдене, Ептi тышқан сияқты мысалдар
арқылы жеткiзедi. Абай дәстүрлiмен де, өздiгiмен iздену және Шығыс
әдебиеттерiн оқу арқылы да Шәкәрiм мысал жаңырын да жақсы игередi. Қасқыр,
түлкi, бөдiне мысалындағы кейiпкерлер: өткен күш иесi-қасқыр, айлакер
түрлкi, жазықсыз майын бөдене. Қасқырды түлкi алдап зығырданын қайнатса,
түлкiнi бөдене орға жығады. Құлықтың түбi қазамне аяөталып, ақыры әдiлет
жеңедi.
Шәкәрiмнiң қаламы арқылы Шығыс пен батыстың бiрқатар туындылары қазақ
жұртына мәлiм болады. Шәкәрiмнiң үлкен еңбегiнiң бiрi-орыс мәдениетiн
игерудегi Абай дәстүрлi берiктiгi. Оның ақын тоқтатқан кезегi бас алмай
оқыған рухани азығы – XIX ғасырдағы орыс әдебиетiнiң туындылары едi.
Шәкәрiм де Гоголь, Пушкин, Лермонтов, Тургенев, Л.Толстой, Некрасов,
Салтыков-Щедрин т.б. алыптарды оқиды. Оларды шығармалық тұрғыдан зерттеп,
үйренiп үлгi тұтқан. Бұл сияқты iзгi iстерiне кедергi келтiрушi, ұлты
өзгелердi кәпiр дейтiн молдалармен аянбай күреседi. Әсiресе, дiн, әдет,
ескi сенiм кедергiлерiн қатты сынайды.
Шәкәрiм орыс ғылымдарының еңбектерiн оқып, өзiнiң тарихи-
философиялық, эстетикалық ой-тұжырымдарын қалыптастыруда пайдаланады. Қазақ
жастарын бiлiм-ғылымға, мәдениетке үндегендi, оларды үлгi ретiнде ұсынады.
Шәкәрiмнiң интернационализмi тұған халқының тағдырына, оның болашағына
деген сенiмiнен бастау алады. Тұған халқы өзге жұрттың осындай озық ойлы
азаматтарын бiлсе, шығармалары оқып, ой-санасын оятса деген арманың пән
етедi. Ақынның өз басы олардың шығармасындағы құнарлы нәрдi терең сезiнедi.
Оны ұлы жазушы Лев Толстой есiмiне қатысты өлеңдерi айқындай түсе бастады.
Осы қоғамы Толстойды дiнсiз деп құдалап, жатқан заманда, Шәкәрiс
Жасымнан жетiк бiлдiм түрiк тiлiн өлеңiнде: Таңбаймын шәкiртiлiн
Толстойдың деп, ұлы жазушыға өзiнiң таза көзқарасын бiлдiредi. Толстойға
жаланың күйесiн жағушыларға: Толстой кәпiр емес, кәпiр өзiң деп, батыл
қарсы шығады. Ол Толстойдың мораль, ар-ождан, әдiлдiк тақырыбындағы
Асарходан патша, Үш сауал, т.б. әңгiмелерiн қазақ тiлiне аударады. Өзi
де әдiлдiктi, ар-ожданды, нұсқайтын шығармалар жазады. Шәкәрiм Пушкин
шығармаларымен де жақсы таным болған. Оның Дубровский, Боран повестерiн
өлеңмен аударып, (1908) жариялайды. Ол қазақтың байырғы өлiң-жыр үлгiсiмен
аударылғандықтан төл шығармадай оқылады.
Үнемi iздену үстiндегi Шәкәрiм өзiн толғандырған қоғамдық жайларға
қатысқты философ Шопенгауэрдiң еңбектерiн де оқып, оның дүние, өмiр туралы
көзқарасына сын пiкiр айтады. Америка жазушысы Бичер Стоу Гарриметтiң (1811-
1896) Америкадағы құл иелену озбырлығы туралы жазған Том ағайдың лашығы
романын оқып, көптеге ой пiкiр үндестiгiн табады.
Шәкәрiм-өзiнiң iзгi ойларын, халқына деген ақ, адал көңiлiн өлеңменен
өрнектеген ақын. Қай тақырыпта жырласа да, ос Абайдың гуманистiк, идеясы
үлгiсiнде, реалистiк тәсiмiмен жеткiзуге күш салады. Ағартушылықтың бiрден-
бiр жолы халықтың санасын аяту деп түсiнедi. Сондықтан ақын адагершiлiк,
имандылық, ар ождан, ақылмен iс iстеу, адалдық, әдiлдiк, бiрлiк, еңбек,
өнер-ғылымды насихаттау мәселелерiне айрықша көңiл бөледi. Ол Шыннан өзге
құдай жоқ, анық құдай-шын құдай деп, ақиқат-шыдыққа бiрiншi бас қояды.
Ақиқатқа жетудiң амалы оқу, үйрену дейдi.
Жастарға - Шәкәрiмнiң ағартушылық нысанасын жария еткен әйгiлi өлеңi.
Тақырыбы – Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы. Ол өз ортасынан
бiлiмдi, әрi ойшыл ақын, парасатты әдiл жан деп Абайды ғана таниды. Содан
үйренудi жастарға үлгi етедi. Ол адамгершiлiк-имандық қасияттi, жаңа адам
азамат болу үшiн қажеттi өнегелi мiнездi ардақтай отырып замандастарын
кесапат, кертартпалық атаулыдан, Абай сынаған мiнездерден аулақ болуға
шақырады.
Шәкәрiм өлеңдерiнiң жақсы мен жамандықтан қойып, қараша-қарсы
құбылыстардың сырын ашу арқылы ненi құптауға, ненi жек-көруге болатының
суреттеуi де жайдан жай емес. Бұл ақынның ағартушылық көзқарасының өзегi.
Мысалы, Ашу мен ынсап өлеңiнде осы екi ұғымның қарама-қарсы мазмұны
ашылады. Ынсап - қанағат, тойымдылық, ол қашан да сабырға жақын. Ал
қанағатсыздық ынсансыздық - ашудың досы. Ақын қайрат, ой, ақыл, ашу,
ерiншектiк, сабыр, ынсап сияқты қасиеттердi көзге көрiнетiн деректi
нәрседей сөйлетедi. Сабырмен, ақылмен кеңесiп iс iстеуге шақырады. Көп
наданнан жасқанып, топыраққа көмiлiп қалғандай болған рақым, ұят ар,
сақтық, ынсап келген соң, ақылдаспақ боп, жанжағына көз сала бергенде,
баяғы бауырмал ерiншек келiп. Ауыр қайғы, терең ой өкпеге зиян етедi,
Тiлiмдi ал да, мұны қой, түбiне осы жетедi деп қылмандайды. Қараңғы надан
елдiк көзiн ашар бiлiмдi адамдар көп болса, ғылым-бiлiм үйрену арқыды ел
азаптан, надандықтан құтылып, еркiндiкке, мәдениетке қолы жетер едi деп
болашаққа үмiт артады. Талап пен ақыл өленi де осы мен мазмұндас. Ақын
адамға тән жақсы қасиеттердiң бәрiн ақөыл мен талаптың аясына сыйғызуға
тырысады. Бұл өлеңдегi идея Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңiндегi
әйгiлi айлармен үндеседi.
Шәкәрiмнiң ғылым үйрену деуi өз заманының талабына сәйкес, тұған
халқының болашағын көздеген параматты үнi едi. Ақынның ағартушылық идеясын
дамыта түсетiн бiр өлеңi - Насихат. Бүдан қазақ қауымын бiреу-бай, бiреу-
батыр, бiреу- бiлгiш, бiреу-естi, айлалы деп топтай келiп, қазақты iлгерi
мәдениетке бастауға мұрындық болар адам таппай қиналады. Оларға өнердiң
өмiршендiгiн айтады. Өнер бiлсең он күнде жүздi аласың дейдi. Ұлы Абайдың
Адам баласы адам баласынан ақын, ғылым, ар, мiнез деген нәрселермен озбақ.
Одан басқа нәрселермен оздымғой демектiң бәрi де – ақымақтық деген даналық
ақыл-кеңес бередi. Бiлгенiң бiр тоғыз, бiлмегенiң тоқсан тоғыз бiлмегендi
бiле бар, бiлген ердiң шәкiртi бол дей келiп, бөлгенiңде басқаларға үйрет,
өзгелер пайдалансын. Бiлгенiң мен өнерiң орнына жұмсалмаса – өлi дүние.
Үйренемiн дейтiн адамды, ғылым бiлiмге деген ақ жүректi ажырата бiл.
Ешнәрсе ұқпайтың наданға, залым адамға үйретпей-ақ қой. Залым адам бiлгенiн
айлалыққа арамдыққа жұмсау мүмкiн. Шын пайдалы ғылым тап. Дүниенi бұзушы
жалған ғылым да, залым ойлы ғылымда болады. Одан аулақ бол деп түйiндейдi.
Осы идеяны Адам немене өлеңiнде Шәкәрiм толығырақ ашып, ғылыми,
мәдниетi жетiлген Еуропа елi бiр-бiрiне сенбей қару күшiне сүйенiп, күштiсi
әлсiздiне зорлық жасап жүргенiн мысалға келтiредi. Ғылым жетiстегi осылай
зорлық жасауға жұмсалса ондай ғылым адыра қалсын деуге дейiн барады.
Мылтық берiп тұрғанда, әдiлет жоқ деген тұжырым жасайды. Жайнар көнiл,
қайнар өмiр, ар бiлiмi оқылса деп, Ар түзейтiн ғылым керек деген ұран
тастайды. Бүгiнгi дәуiрiмiзде барша дүние жүзi ядролық апат қаруын жоюды
көтерiп жатқанда, Шәкәрiмнiң сол кезде бүкiл адамзат мүддесi үшiн үн қатуы
көрегендiк деуге болады. Ақын адамға адам жау емес, қандай ұлттың адамы
болсын бiрiмен-бiрi бауырдай болуға тиiс деп ойлайды. Шәкәрiм өлеңдерiндегi
өзектi бiр мәселе-ақынның еңбекке деген көзқарасы. Еңбек етiп мол табу –
Абайдан келе жатқан тақырып. Екi ақын да ата-бабасыздың өмiрi үшiн күрескен
бай тәжiрибесiн еске салып, салт, адалдық iзде, еңбекке ерiнбе. Құдай ой
бердi, аяқ бердi, адам етiп жаратты. Жатып iшер жалқау болма, харекет қыл.
Егiн сал не сауда қыл. Малыңды бақ, бiлiм ал. Әр iстiң шеберi бол.
Көрiнгенге көз сатып жалынба, қол өнерiмен пайда тап, дейдi. Адамгершiлiк
пен ар тазалығыг бiрiншi орынға қояды: Шәкәрiм мұны Мал жинақ өлеңiнiң
мазмұнына айналдырған.
Шәкәрiм Пiскен мен Шикi сюжеттi өлеңiнде ан аулап жүрiп, атынан
айырылып қалған бай баласы (Шикi) мен кедей баласының (Пiскен) iс-
әрекетiендегi қабiлет айырмасын шыншылдықпен ашып көрсетедi. Талаптанып
еңбек етiп, тер төккен жан мақсатқа жетедi дегендi кедей баласын үлгiсiнде
мысалдап жеткiзедi. Өлеңнiң тақырыбы мен идеясы Ы.Алтынсариннiң Бай-
баласы мен жарлы баласы әңгiмесiне ұқсас. Ойшыл ағартушылар Ыбырай, Абай
көрген қастерлi тақырыпты ұқсас сюжетпен әр жанрлық үлгiлi жасану-
әдебиеттегi көркемдiк даму көрiнiсi.
Ақын бiр өлеңiндегi ғибраттық ойларын келесi бiр өлеңмен толықтырып
отырады. Ол тұтас философиялық ойлардың үзiктерiндей елестейдi. Тұмақ,
өлмек-тағдырдығу шын қазасы өлеңiнде де адам өмiрiнiң мәнделiгiн дамытады.
Өмiрде кiм жоқ. Патша, батыр, бай, бағлан, ел ағасы, өнерпаз, бiлгiш
ғұламалар қайсысы да кәрiлiк пен өлiмге дауа жоғын бiлер ен екен? Оны
ұмытып арғы атасы әлi тiрi жүргендей менменсiп, кердендеп, кiсiмсiп,
мақтанып өлместей боп желiгiп, өзеленетiндер қанша ма? Солар бiр күнi
төбесiнен жарқ етiп жайдың тасы түсерiн бiле ме екен дейдi. Өлең соңында
өмiрдi өкiнбестей етiп мәндi өткiзудiң бiр жолы - қиянатсыз таза ақыл,
мейiрiм, ынсап, әдiлет, адал еңбек, таза жүрек тату достық деп, гуманистiк
ойын тағы да бекiте түседi.
Шәкәрiм жастайынан домбыра тарту, гармонда ойнау, өлең айту, сурет
салу, ою-өрнек жасау, тасқа бедер салу сияқты өнер және қол өнер түрлерiн
үйренуге деп қойған. Оның бойынла ақындық сазгерлiк өнерi қатар дамыған.
Сөз өнерiнiң адам өмiрiндегi қызметiн Абайша түсiнген ақын Ажалсыз әскер
деген әдейi әнi бар өлеңiнде поэзияны әскерне балап алып, оны патшща
әскерiмен салыстырады. Өлең сөздiң ьаспа арқылы көпке тарайтынын,
қартаймайтының, өлмейтiн өмiршендiгiн жыр етедi.
Ақындарға өлеңiнде ол ақындық өнер алдына зор, талаптар қояды. Ақын
қашанда өз дәуiрiнденiң ауыр жүгiн көтеруге тиiс екенiн мойындайды.
Поэзияның тазалығын, шынайылығын, көркемдiк деңгейiнiң жоғары болуын
қалайды. Ақын мен поэзияның халық алдындағы мiндетi мен мақсатына назар
аударады.
Шәкәрiм-Абайдың сазгерлiк ән дәстүрiн әрi қарай дамытушы. Оның әсем
сазға толы Жастық, Шын сырым әндерiн 21-23 жасында жазылса, өмiрiнiң
соңына дейiн iр жылда шығарылған әуенi мен өлеңi үйлесiм тапқан жиырмаға
жуық әндерi бар. Әндерiнiң адамдық болмыс, өмiрге көзқарасы асқан арманы
айқын сезiледi. Сондай өлеңдерiнiң бiрi - Бұл ән бұрыңғы әннен өзгерек
(1919).
Ел iшiнде кең тарағын бұл әндi музыка зерттеушiсi А.В.Затаевич нотаға
түсiрiп алған. Мұнда iшкi үйлесiм, шебер үндестiк, жаңаша формаға, тың
өлшемге қоса, ақындар алдына қойылар биiк көркемдiк талап бар. Ақындық
өнердiң сиқырын меңгеремiн деп талапкер, жалпы поэзияға зор мiндет
жүктейдi.
Ұлы Абай Өлең-сөздiң патшасы, сөз сарасы десе, Шәкәрiм өлеңдi
қоспасыз таза күмiске теңейдi. Оған мыс араластыруға болмайды дейдi. Өлең
мазмұны қамсыз жастық ғұмырды еске ала келiп, алпыстан асқан адамның
кәрiлiкке бой ұсына бастаса да, адам өмiрiнiң үзiлмейтiнiн әнге қосады. Ән
ырғағына лайықты, әннiң сазын өлшеуiш етiп жазған өлеңдерiндеге жаңаша
буын, бунақтар үздiксiз iзденiс жемiсi, қазақ поэзиясындағы жаңа үлгi.
Шәкәрiм Абайдың қазақ өлеңiнiң дәстүрлi формаларын дамыту бағытындағы
жаңа шылдық жолын одан әрi жалғастырып, оған өзiндiк кестесiн қосады.
Абайдың жағамыл дәстүрiнен тәлiм алған ақын өлең формасына көп
өзгерiстер еңгiзген. Ырғаққа, бұрынға дауысқа иек артып өлең тармақтарын
бөлшектеп, мәнер-мақамын, сазын құбылтады. Шын сырым, Бұл ән бұрынғы
әннен өзгерек-өлеңдерi Абайдың Сегiз аяқ өлеңiне ұқсас болғанымен, буын
саны да, ұйқасы да, құрайтын тармақ саны да түрлiше. Ақын өлеiдерi қара
өлең, кезектi, шалыс аралас ұйқастармен шектелмей, Абай қолданған Шығыстың
ғаруз ұйқасының үлгiсiнде қолданады. Ақын өлеңдерiнiң әлемi фигуралық
айшықтаулары да кеңейтi түседi. Арнаулар, сұрай арнау, сөз қайталау, сөз
орнын ауыстыру сияқты үлгiлерi мол.
Ш.Құдайбердiұлының поэзиясы-өзiнiң қөркемдiк бар асылдарымен Абай
стилiн, релистiк дәстүрiн дамытқан бай мұра.
Патша үкiметi құрылған тұста Шәкәрiм Бостандық туы жарқырап,
Бостандық таңы атты деген өлеңдер жазады. Осы кезде Қазақстанның өоғамдық
өмiрiнде болған толып жатқан бағдарсыз өзгерiстердi түсiне алмай, ақын
олардан өзiн ауалқ ұстауға тырысады. Алаш қозғалысына әуелде тiлiктестiк
танытқанымен, кейiн одан да кетедi. Саятқорда шығармашылықпен айналысады.
Шәкәрiс Кеңес үкiметiнiң орнауына қарсы емес едi, бiрақ оған жаңа үкiмет те
тыныштық бермедi.
Өкiмет белсендiлерi оны бандылар мен байланысты деп айыптаған. Бай-
жуандар оны ата жоланнан бездi, алжыды десе, дiн басылары қажы бола
тұрып, дiн жолын ұстамады деп наразы болды. Ол қуғынға ұшыраған. Ақыры
Мемлекеттiк саяси басқарманың өкiлдерi ақынды 1931 жылы 2 қазан күнi өз
жұмысы мен оңаша үйiнен ауданға бет алып келес жатқан жолжа атып өлтiредi.

Ш.Құдайбердiұлының әдеби мұрасы өте бай. Оның шығармалары жаңыр жағынан
да әртүрлi. Ол поэзия, проза, аударма, тракт саласында жұмыс iстейдi. Оның
бiр сыпыра кiтаптары Кеңес дәуiрiне дейiн-ақ жарыө көрдi. Түрiк, қырғыз,
қазақ һәм хандар шежiресi және Мұсылмандық шарты кiтабы Орынборда
(1911), Қазақ айнасы өлеңдер жинағы, Қоқаман-Мамыр, Еңлiк-Кебек
поэмалары Семейде (1912) басылды. Айқап журналы мен Қазақ газетiнде
бiрнеше мақалалары жарияланды. Бiрсыпыра шығармалары әр кезде жарық көрдi.
1988 жылы ақын аты ақталғаннан кейiн шығармалар жинағы кiтап болып шықты,
Шәкәрiмтану саласында жаңа зерттеулер жазыла бастады.
Ш.Құдайбердiұлы Қазақ төңкерiсiне дейiн сыншыл реалист ақын ретiнде
қалыптасты. Идеялық мақсаты жағынан демократтық-халықтық, гуманистiк-
ағартушылық бағытты ұстады.

БАЯНДАМА

Сөз арқауы – Шәкәрім

Бұл жұмысымызда біз Шәкәрімнің өмір-баянына тоқталмай жазған
еңбектеріне шолу жасаймыз.

“Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі”

Шәкәрімнің ақындық қуатын, өнер-білімге құштарлық қасиетін және зор
қабілеті ерте танып бағалаған, кейін шежіре жазуды да тапсырып, оған
тікелей өзі басшылық еткен – ағасы Абай. Шәкәрім ол туралы былай дейді:

“Абай қазақ шежіресін жаз деп, 19 жасымнан қазақ шежіресін жинай
бастадым. Абайдың ұқтыруымен және сол кісінің ел-елге кісі жіберіп, хат
жазып жинақтаған мағлұматтары да шежіреде бар”.

Абайдың Шәкәрімге шежіре жазуды тапсырғандағы негізгі мақсатын оның
“Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы” деген еңбегінен түсінуге
болады. Онда Абай: “Біздің қазақтың ықыласы атасын ғараптан шықты
дегенді, яки бәни Исраилден шықты дегенді ұнатқандай.

Онысы - әрине тарихтан хабар тисе жақтан тигендіктен, ислам діні
бұрынғы ата-бабаларын ұмыттырып, діндестерді жақын көрсеткендіктен һәм
артқы жағы хабарсыз қараңғылықта қалғандықтан болған іс...”,- деп, бұндай
жалған, жат пікірдің тарихтық-ғылыми негізсіз екенін түсіндіріп,
Шәкәрімге шежіре жазуды тапсырған.

Сөйтіп, Шәкәрім, қазақ шежіресін жазу жұмысына кірісіп, Абайдың көзі
тірісінде жаза бастап, осы үлкен еңбегін “Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар
шежіресі” деген атпен 1911 жылы Орынборда бастырып шығарған. Бұл оның
басылып шықан тұңғыш еңбегі (көлемі 114 бет).

Шәкәрім шежіре жазу жұмысымен көп жыл бойы шұғылданып, зор еңбек
еткен (1877 жылдан 1911 жылға дейін – 34 жыл). Шежіренің басында Шәкәрім
былай дейді:

“Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол
туралы естіген-білгенімді жазып алып және әр түрлі жұрттың шежіре
кітаптарын оқыдым. Оқыған кітаптарымның мұсылманшасы; Табари “тарих
гумуми”, “Тарих ғұсмани”, Нәжип Ғасымбектің “Түрік тарихы”, Абұлғазы
Баһадұрханның “Шежіре түрік” және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер”...

“Орысша кітаптан оқығаным,- дейді Шәкәрім – Радловтың ұйғыр туралы
(“К вопросу об уйгурах” деген 1893 жылы Петербургте басылған кітап),
Аристовтың түрік нәсілі туралы, дүниедегі әр түрлі жұрттың шежірелерінен
орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішінде түріктің ең ескі замандағы
шежіре кітаптары, “Құтадғу білік”(ХІ ғасыр, Жүсіп Баласағұни дастаны),
“Кошо - Цайдам” деген кітаптың сөзі (Солтүстік Монғолия, Орхон өзенінің
өлкесі, Кошо – Цайдам деген жердегі “Орхон ескерткіші”) және Қытайдағы
Юань-чао-ми-ши деген жазушының сөзі. Және ғарап, парсы, рум. Европа
жазушыларының сөзі.”

Шәкәрім сондай-ақ арабтың философ, тарихшыларының Ибн-ал-Асирдің
(1160-1233), Ибн Халдунның (1332-1406), Рашид-ад-диннің парсы тіліндегі
“Джами-ат-тауарих” еңбектерімен де таныс болған. Орыстың тарихшы
ғалымдары Левшин, Березин, Спаский, Маевскийлерді де шежіресінде атап
айтып, олардың еңбектеріне сілтеме жасап отырады.

“Шежіре ... ” Шәкәрімнің әлі зерттелмеген еңбегінің бірі. Оны
зерттеп, талдап, әділ пікір айту – ең алдымен тарихшы ғалымдарымыздың
борышы болуға тиіс.

Шежіренің құрылысы

1. Кіріспе.
2. Шежіре басы. Мұнда ол түрік тарихшысы Нәжип Ғасымбектің, Абұлғазы
Баһадур ханның, т.б. шығыс тарихшыларының еңбектеріне шолу жасап
талдайды.
3. Қазақтың қайдан шыққаны жөнінде. Мұнда үш жүзден бастап, негізгі-негізгі
руларға тоқталады. Әсіресе кеңірек сөз ететіні – Орта жүхдегі Арғын
рулары. Содан кейінгі жүйе мынадай:
Хан шежіресі (үлкен тарау).

Шыңғыс хан шежіресі (Бұл да көлемді тарау).

Стамболдағы Ғұсмаилы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шекәрім Құдайбердіұлы
Эпикалық шығармаларды оқыту
Әңгіме жанры туралы түсінік
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Қ.Бітібаева техгологиясы бойынша көркем шығармаларды талдау
Алашорда және қазақ әдебиеті
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Абай Құнанбаевтың қара сөздері
Әдебиетті оқытудың инновациялық әдістемесі, технологиясы
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Пәндер