ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МӨЖУРСТЫ
ТАҚЫРЫБЫ: ШӘКӘРІМ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІК

Құрылымы.

Еңбек кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде Шәкәрім аудармаларына шолу жасадық, яғни Пушкин мен
Толстойдан, Қожа Хафизден аударған шығармаларын атап өттік. Және Шәкәрім
аудармаларын осыған дейін кімдер зерттегенін санамалап бердік. Шәкәрімнің
аударма саласына қалай келгендігі жайында да сөз қозғадық.
Бірінші бөлімде, орыстың ұлы жазушысы Пушкиннің Боран және
Дубровский шығармаларына тоқталдық. Бұл шығармаларды аударуда ақын қандай
тәсілдер пайдаланды және қандай көркемдік дәреже де бере алды деген
сұрақтар төңірегінде ой қозғадық, түпнұсқа мен аударманы салыстыра отырып
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сараладық.
Екінші бөлімде, Л.Толстойдың Алты әңгімесіне шолу жасадық, оның
ішінде Ассархиядан патша және Үш сауал әңгімесіне тереңірек үңілдік,
яғни жан-жақты талдауға тырыстық. Шәкәрім Толстой ойын бере алған ба? Не
үшін Толстойдың Алты әңгімесін таңдап алған? Осы сұрақтарға жауап бере
алдық деп ойлаймыз.
Ал, қорытындыда Шәкәрімнің аудару барысында қандай көркемдеуіш
құралдарын пайдаланғанын және қандай ерекшеліктері бар екенін атап
көрсеттік.
Мақсаты: Шәкәрімнің аудармаларын зерттеудегі мақсатымыз – Шәкәрімнің
аудармасы екенін, ақынның аудармаға қосқан орасан үлесін зерттеу, дәлелдеу.

Міндеті: Шәкәрімнің әр бір аудармасын жеке-жеке атап өтіп, түпнұсқамен
салыстырып, көркемдігі қандай дәрежеде деген сұрақтарды талдап, саралау.
Шәкәрімнің аудармашы екенін дәлелдеп, аударма теориясына сіңірген еңбегін
атап өту.
Зерттелуі: Задан Жұмағали Шәкәрім аудармаларын көптеп зерттеп жүр.
Оның Пушкин мен Шәкәрім, Шәкәрім А.С. Пушкиннің Дубровский шығармасын
қалай аударған еді атты мақалаларында Шәкәрім мен Пушкин араларындағы
байланысты зерттейді. Шәкәрім аудармаларына толықтай зерттеуді Балтабай
Әбдіғазыұлы жасап жүр: Шәкәрім аудармалары және нәзира дәстүрі, Ақын
аудармаларының асыл қыры атты мақалалары бар. Зерттеушілерден Салтанат
Ізтілеуованы, Абиыр Ақботаны, Ж.Қ. Ахметованы, Базарбек Атығайды, Өтеген
Күмісбаевты, Г. Құдайбергенованың зерттеу еңбектерін атап өтуге болады.

Шәкәрім аудармалары
Рухани мұраның кемелденуіне қатысты факторлардың бірі - әдебиеттер
арасындағы байланыс, қаламгерлердің өзге жұрттардың ақын-жазушылармен,
олардың шығармаларымен таныс болуы, ондағы үздік туындыларды өз оқырманына
жеткізуі, яғни туған тілінде сөйлетуі. Әдебиеттер арасындағы осынау
байланыстың қазақ топырағында өркен жайған туысы – Абай, Шоқан, Ыбырайлар
дәуірі. Шынайы қазақ топтарындағы көркем аударманың алғашқы үлгілері де
солардың таланты арқылы өмірге келеді. Ыбырайдың аударма мысалдары, Абайдың
Пушкин мен М. Лерммонтовтарды тәржімалауы осынау ұлы үрдістің басында
тұрған тамаша үлгілер болды.
Абайдың кейінгі кезеңде, XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде көркем
аударма жанры мейлінше кең өрістеді. Бұл дәуірде әлем әдебиетінің небір
үздік үлгілері А.Байтұрсынов, Б.Өтетілеуов, Ш.Құдайбердіұлы, С.Көбеев,
Т.Ізтілеуов, М.Сералин, С,Дөнентаев, т.б. көптеген ақын-жазушылардың
қаламының құдіретімен қазақша сөйлейді.
Осы қатарда Шәкәрім ақынның шоқтығы биік тұрады. Шығармашылық
сапардың мұндай соқпағында Шәкәрімді өзінің биік парасатымен мол білімді
алып келді. Өзінің талант сыйлаған білімінің арқасында ол бірнеше тілді
меңгері “Жасымнан жетік білдім түрік тілін” дегеніндей, тіл үйрену арқылы
ол ұлы Абайдың тәлімімен өзге жұрттардың рухани қазыналарына ерте бастан-ақ
көз жүгіртеді. Іздейді, табады, оқыды, ой түйеді. Сол себебті де Шәкәрім
талантына Шығыстың да, батыстың да асыл жауhарлары жат көріне бермеген.
Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар,
Тауып айтқыш тәтті тіл, сайраушылар.
Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,
Қожа Хафиз, Науаи, Физули бар, - дегенде Шәкәрім Шығыс пен батыстың
көркем сөз өнерінің дүлдүл өкілдерінің асыл маржандай ойларымен жете
таныстығын сездіреді.
Осы жайлар Шәкәрімді аударма жанрына алып келді. Шәкәрім парсы тілдес
шайырлардың арасынан Хафиздің “өмір философиясына” арналған ғазалдарын,
орыстың әйгілі сөз зергері Александр Сергеевич Пушкиннің “Дубровский” және
“Боранын”, Л.Талстойдың сырлы әңгімелерін, американ жазушысы Гарриэт Бичер
Стаудың “Том ағайдың балалары” романын қазақ ортасында көркемдеп жеткізді.
Ол аударған шығарманың қайсысын алсақ та, одан қазақ жұртының ұғымына
жақындықтың иісі аңқып тұрады. олардағы нәрлі сурет, өрнекті оқиғалардан
туындайтын небір ғибратты ойларды сахара оқырмандарының жүрегіне рухан
сусын етіп сіңірді. Әдебиеттің дамуына, өзге халық әдебиетінің берері мол.
Шәкәрім ақын мұны жақсы түсінген, сондықтан ол қазақ поэзиясының көркемдік
әлемін тың бояуларымен қоса, мазмұнында арттырды. Өзге әдебиеттің ең бір
өзек жарды, мазмұнды мәселесін, тақырыбын қазақ әдебиетіне түрлендіріп,
қазақы ұғым мен санаға сай бейнелеп жеткізді.
Алдыңғы Абай үлгісі, Шәкәрімге тағылымдық жағынан көп ықпал етті.
Абай шәкіттерінің ішіндегі озығы, тереңдей айтсақ, терезесі тең келер,
Шәкәрім поэзиясының да өзге әдебиеттен сусындап, қазағына лайықтап
жеткізгні баршылық.
Әдебиет тарихында бір тақырыпты, екінші бір ақын өзінше жырлау,
өзінше бояумен бейнелеу бар. Бұндай тәсілдің шығыстан дәстүрлі қазақ
әдебиетіне де ықпалын тигізгені анық. Нәзира үлгісін Абай да, Шәкәрім де
қазақы ұғымға сай етіп, тың жаңа үлгімен өрнектеген.

Шәкәрім XX ғасырда өмір сүрген парсы елінің ұлы ақыны Хафизді өзіне
ұстаз етіп алады. Ақын Көрініске шоқынған, Кел, аяқшы қымыз құй, Ей
жарымыз, ай нұры, Тұр
аяқшы, Бер қымыз, Көңіл жібі қолымнан, Анық ерге жолдас бол,
Мәжілісінде досыңның, Кешегі басшы піріміз деп аталатын өлеңдерін
Хафизден аударған. Ақын: Баяғыда осыдан бірнеше ғасыр бұрын парсы жұртында
әрі білгіш, әрі данышпан, әрі сопы, әрі ақын Қожа Хафиз деген кісі болған
екен. Сол кісінің өзі мен сөзінің байқалған иманына қазақ жұртының талапты
да алғыр жастарын таныс қылмақ үшін, төменгі жырын қазақ тіліне аударамын,
- деп жазған. (1.322 б)
Ақын Хафиздің өмірге, тіршіліктің сырларына, құдай жолына, адамның
көңіл күйлеріне қатысты ішкі философиялық ой толғаныстарын жете пайымдаған.
Шәкәрім аударған Хафиз жырларының барлығы да тақырыптық жағынан бірімен-
бірі сабақтасып жатыр. Олардың қай-қайсында да ақынның көңіл-күйінің терең
қатпарлары көрініс тапқан.
Айта кететін бір жайт – Шәкәрімнің осы бағыттағы, яғни көркем аударма
өнеріндегі өзіндік қолтаңбасының табиғатын біртұтас әдеби эстетикалық
құбылыс ретінде жан-жақты ашып көрсету қажет. Ақын шығармаларының жалпы
сипаттамаларын қамти қараған, сондай-ақ әдебиеттер байланысы мәселелеріне
арналған еңбектерде көрнекті ойшыл тұлға талантының бір қыры ретінде оның
аудармалары аталып жатады. Атап айтқанда, Шәкәрім Құдайбердиев атты
монографиясында ақынның аудармалары туралы жалпы мағұлмат бекілсе,
Ө.Күмісбаевтің Терең тамырлар, Казахские и персидско-арабские
литературные связи XІX – XX вв монографияларында, А. Қыраубаеваның
Шығыстық қисса - дастандар кітабы мен жекелеген мақалаларында Шәкәрімнің
Шығыс – батыспен байланысының бірқатар мәселелерін, Ләйлі – Мәжнүн
дастанының дүниеге келуі ғылыми тұрғыдан біршама талданады. Бұл бағытта
бірлі – жарым диссертациялық зерттеулер жүргізілді. Және жас ғалымдардың
зерттеу мақалалары баспа бетінде шығып жүр.
Ендігі мақсат – Шәкәрім аудармаларын біртұтас ала отырып, оның
аудармаларына тән көркемдік кестелер мен өрнек – бояуларды саралап, олардың
өзіндік ерекшеліктерін айқындау.
Шындыққа жүгінер болсақ, Шәкәрімнің аудармашылық өнері өзгеге ұқсай
бермейтін, классикалық тәржіма заңдылықтарынның аясынан асып кетіп жататын,
өзіндік ерекшеліктері айқын өнер. Шәкәрімнің көркем аударма принциптері
мен жүйесінің өзі үлкен рухани тәжірбие, тағлым, үлгі. (2.16 б) Ол
тәржімалаған қай шығарманы алсақ та, одан түпнұсқа тілінен қазақ жұртының
ұғымына жақындықтың исі аңқып тұрады. Көп жағдайда қазақ өмірінен алынған
оқиғалар жайындағы төлтума туындылар секілденіп тұрады. Бір елдің
түпнұсқаларын өз тіліне аударғанда, аударушы өз әдебиетінің, өз тілінің
қамын ойлауы – заңды құбылыс, (3.158 б) екенін ескере отырып, мұның өзі
шәкәрім талантының көркемдік – эстетикалық құдіретін айқын танытатынын ашып
айтар едік. Сол арқылы жирмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің үрдісті
көшінде аударманың өркен жайып, ілгері басуында Шәкәрім салған осындай дара
соқпақтың мәні зор болды.
Ал, біздің қарастыратынымыз, Шәкәрімнің орыс әдебиетінен аударған
туындылары. Соның ішінде, Пушкиннен аударған Боран, Дубровский
шығармалары мен өзіне ұстаз санаған Толстой әңгімелері.

Шәкәрім аудармасында Пушкин шығармалары
Тұтас буынның төл басы, кешесі Абай ағасының ұстаған туын жықпай,
ілгері көтеріп кеткен көрнекті ақын, ғұлама ойшыл, білгір тарихшы, дарынды
аудармашы Шәкәрім Құдайбердиев қалдырған бай мұраның бір саласы – оның
көркем аударма дамуына қосқан үлесі.

Шәкәрім Пушкиннің сүбелі туындыларының ішінен әлеуметтік романы
Боран, Дубровский повестін өлеңмен аударған.
Шәкәрім Пушкин шығармашылығын аударғанда өте сақ және әрбір сөздің
байыбына барып, әрбір жолына айрықша мән береді. Пушкиннің көтергн
мәселесіне, шығармаларының идеясына, ішкі қалпына терең түсінікпен
қарайды.(4.63 б) Ал, екі ақынның да шығармашылық тақырыбында, ойларында да
ұқсастық пен үндестік бар.
Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін деп өзі айтқандай, Шәкәрім
аударманың еркін түрін шебер пайдаланған. Қазақ ұғымына қонымды жаңа
шығарма тыңдаушысын елең еткізіп, ұлттық әдебиетіміздің өз топырағында
туған төл шығармадай қазақ оқырмандарының жүрегінен жол тапты.
Пушкин де романның сюжеті бірден: Несколько лет тому назад в одном из
своих поместий жил старинний барин, Кирилла Петрович Троекуров (5.129 б)
деп басталса, Шәкәрімнің Дубровскийі 124 жолдан тұратын прологтан кейін
барып, желі тартады. Пушкиннің ой - өрісін, қалам ұстау өзгешелігін,
азаматтық позициясын толықтай терең зерделей білген дала ақыны әр дәуірдегі
адамның, қоғамның болмысын шола келіп, жеке мен жекенің, жеке мен көптің
арасындағы үйлестіктің, не қайшылықтың әрқилы себептерге байланысты бір
қалыпты тұрмайтынын тілге тиек етеді. Бүгінгі бардың ертеңі жоқ болуының,
бүгінгі достың ертең жауласып шығуының әлеуметтік, психологиялық астарына
үңілуге талпынады. Түптеп келгенде бұл – романда айтылатын ойдың негізгі
қазығын, идеялық нысанасын меңзейді.
Жазған жоқ Пушкин мұны ермек үшін,
Мақсұты. Бізге ғибрат бермек үшін.
Қиянатшыл, зорлықшыл, парақорлық,
Мінезінің суретін көрмек үшін.(6.232 б)
Осындай толғаныстан кейін барып біз жоғарыдағы Пушкиннің өзінен
алынған жолдардың қазақшасын оқимыз.
Жер айналмай тұрмайды дүние жай,
Сол өткен көп заманның бір кезінде.
Келер, кетер адамзат із қалдырмай,
Болыпты Троекуров деген бір бай (6.250 б)

Келтірілген шумақтың бастапқы екі тармағы жоғарыда Пушкиннен алынған
үзінді де жоқ, аудармашының өз тарапынан берілген прологтағы айтылатын
ойдың қайталамасы. Ал, оның есесіне түпнұсқасындағы старинный русский
барин деген айқындама қалдырылып кеткен. Бірақ, оқырман романмен әрмен
қарай танысу барысында Троекуровтың ата – бабасынан бері атақты алпауыттар
тұқымынан екеніне көз жеткізеді. Демек, бұл – қалдырылып кеткен ол
тіркесінің орны жоқталмайды деген сөз.
Шәкәрім аудармасына тән қасиет – түпнұсқа оқиғаларының философиялық
толғамдарымен астас берілуі. Прозалық шығармаларды поэзия тілімен
айтарлықтай дәлдікпен аударып шығу да мүмкін емес. Проза мен поэзияның
табиғаты мүлдем бөлек.
А.С.Пушкиннің диалогтарын Шәкәрім өлеңмен болса да, шебер бере
білген. А.С.Пушкин:
- Что же ты хмуришся, брат, - спрасил эго Кирилла Петрович, или
псарня моя тебя не нравится?
- нет, - отвечал он сурово, - псарня чудная, - втед людям волим житье
такое ж, как вашим собакам.

Один из псарей обиделься.
- Мы на свое житье, - сказал он, - благодаря бога и барина, не
жалуемся, а что правда – то правда, иному и дворянину не худо бы променять
усадьбу на любую здешнюю конурку. Ему было бы и сытнее и теплее. (5.203)
Шәкәрім:
Қонақ итін мақтаса – көңіл хошы.
Троекуров байдың да тілегі осы.
Сөз сөйлемей тұр еді Дубровский
Сен неге сөйлемейсін, - деді досы. (6.252)

Мақтан міндет ес қай ит мақтамақ,
Жаңа көрген қонақтар алсын сабақ
Ит түгіл, қызметшіңе табылар ма,
Мұндай орын, мұндай үй, мұндай тамақ?!

Бұл сөзге бір қызметкер ашуланды,
- Иттен кейін көрдің бе сен адамды?
Біз түгел сіз сықылды бір алпауыт
Мұнда тұрса қуанар, деп-ақ, - салды.
Троекуров, Дубровский, малайдың сөздерін Шәкәрім шырайлы тіл, орамды
қолданыстармен сәтті бере алған. Ол Пушкиннің адамның мінез-құлқын астарлай
жазған тұстарын жіті байқап, дәл аударады.
Дубровский дастанында ақынның көркемдік шеберлігін тануға болады.
Ұлттық дүниемізге сәйкес баламалар мен әдіс – тәсілдер арқылы өзіндік
жаңашылдық, жаңаша сөз қолданыстарын танытады.
Қазақ ұғымына сәйкес қолданымдар көптеп кездеседі:
Петербор – патша тұрған үлкен қала,
Ғылым, өнер оқитын үй бар жаңа,
Университет деген медреседе
Оқып жүр Владимир деген бала (6.254)
Ал, салыстырып қарасақ, Университет деген медреседе деп қазақ
ұғымына сай етіп алған мына жолдар Гвордейский пехотный полк.
Түпнұсқадан дәлме – дәл аудармай, шығармашылығында еркін аудармаға
жол береді ақын.
Дубровский мал сүймей Адам сүйгіш
Қиянат залымдықты көрсе күйгіш.
Мал сақтама, ар сақта деп ойлайды.
Адамдық әділетті ерте түйгіш. (6.249)
Төл әдебиетіміздің, тіліміздің сөздік қоржынындағы бар ұғым сөздерді
ақын поэмада тамаша және орында қолдана білген. Мал сақтама, ар сақта деп
ойлайды деген жолдарда қазақи дүниенің иісі аңқып тұр.
Шәкәрім Пушкинді сөзбе – сөз қуаламайды, дастанға керекті деген
жерлерін шашауын шығармай теріп алып толғатады. Тәржіме сюжетінде
шашырандылық жоқ, белгілі бір желінің бойымен жүріп отырады. Екі шығарманы
салыстырған кезде, түпнұсқа мен қазақшасының

арасындағы аракідік айырмашылықтарды байқаймыз. Мысалы: Егоровна добрая
старуха, никогда ходившая за его сыном, теперь, сделалось и его нянькою
деген сөйлемді:
Ерте өлген Андрейдің бәйбішесі
Қатын жоқ, бала оқуда, қалды несі?
Әлгі айтқан Егоровна деген әйел –
Асыраған жалғыз ұлдың сүт енесі (6.252)
Бұл жерде нянька деген сөздің тура баламасы күтуші, болса бағушы,
ал Шәкәрім сүт енесі деп, көркем, қазақи ұғымға сай аударғаны үлкен
шеберлік.
Түпнұсқада орыс халқының жерлеу рәсімі былай баяндалады: Похороны
совершились на третий день. Тело бедного старика лежало на столе, покрытое
саваном. Готовились к виносу. Владимр трое слуг подняли гроб. Свещенные
пошел вперед, сейчас сопроваждая его воспевая погребольные молитвы.
Шәкәрім бұл эпизодтағы әрбір детальға егжей – тегжей тоқталмайды.
Құл – құтан, қала берді өңкей ғаріп.
Ажалға айла табады қайда барып?
Шығарып өз заңынша жаназасын
Қасына әйелінің қойды апарып, (6.252)
Жерлеу рәсімін Шығарып өз заңынша жаназасын, - деп бір ауыз сөзбен
түйіндейді, яғни аудармадағы рефферентті, денотот тәсілімен береді. Уақыт
томаты солай еді. Дәлме – дәл, сөзбе – сөз етіп аударып отырса. Сол кездің
тыңдаушысына, оқырманына тартымды да қызықты болмаған болар еді.
Аудармашы орынды жерде орыс сөздерін де қолданып, олардың
кейбіреулеріне түсінік те беріп отырады. Шәкәрім керекті жерінде мәтінге
қосымша детальдар қосып, тап сол тұстың әрекетіне тереңдеу мән беріп
отырады. (7.125)
Олай болса жұмысы оңай маған,
Түп – түгел әперейін жерін саған.
Закон – түйе бұйдалап жетелерміз,
Несі Адам осындайда жол таппаған?!
Закон – түйе бұйдалап жетелерміз деген тіркес Пушкинде жоқ, оны
Шәкәрім енгізіп отырған қазақи деталь мәтінге сіңісіп тұр.
А.С.Пушкин өзен көрінісін былай өрнектейді: Взирая на тихое течение
ручья, уносящего несколько поблеклых листьев и живое представляющего ему
верное подобие жизни – подобие столь обыкнавенное ал, Шәкәрім: Аққан өзен
көрсетіп о да өмірін, менше аңшы деп, бұраңдап былдырлады, - деп ақынның
ойының үстінен түседі. наконец замениш он, что начало смеркаться.
Табиғаттың бұл құбылысын алдымен, Күн төмендеп барады жоғалмаққа, десе
кейіннен Перде қылып тау тартты көлеңкесін, - деп көркем аударуы –
Шәкәрімнің шеберлігі.
Пушкин: ... Ужамное сметение изобразилось на лице его – багровый
румянец заступил место обыкновенной бледности, глаза засверкали, им
произносил невнятные звуки. (5.205) Шәкәрім: Көзі оттанып, көңілін ашу
кернеді. Айтуға тіл, тұруға қуаты жоқ... (6.253) Немесе, ... указывая пальцем
на двор с видом ужаса и гнева. (5.205)
Шәкәрім: Қолымен құр есікке ымдай берді.
Сұп – сұр болып, көзінің оты жайнап,
Жұдырығы түюлі, тісін қайрап ... (6.253)
Шәкәрім аудармасында бұл сияқты сәтті тәржімаланған шумақтар мол.
Шәкәрім өмірлік талаптары мен алдына қойған мақсаттарымен Пушкинмен
ұқсастық

тапқан. Өйткені, рухани әлем, рухани құндылықтар адамның ішкі қалпын
айқындауда
байқалады. Екі ақынның да көздеген шығармашылық міндеттері мен мақсаттары
– адамтану, Адам жанының терең, ізгі әлемін суреттеу. Сондықтан екі ақында
да шығармашылық ортақтастықтың болуы айғақ дүние.
Өлшеусіз көп жасаған дүние кәрі,
Тағы талай жасамақ мұнан да әрі.
Иесінен басқаға мәлім емес,
Қанша тұрмақ, қанша жыл тұрғандары (6.250)
Осы шумақтардың әрбір жолы ақынның өмір, дүние жайлы танымдық жүйелі
көз қарасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай аудармаларының көркемдік сипаты
Шәкәрім мен Пушкиннің аудармаларындағы үндестік
Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық көзқарастары
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын
Абай тұлғасы
Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Ана тілін оқыту әдіістемесі
Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы
Ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударудың прагматикалық мәселелері
Пәндер