Шәкәрімнің тәлімтәрбиелік ғибраты


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әбу Насыр әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Журналистика факультеті

Шәкәрімнің тәлім-тәрбиелік ғибраты

Оқытушы: Баялиева Дәмегүл

Студент: Карибжанова Сандуғаш

401-топ

Алматы-2007ж.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Шәкәрім шығармалары. Алматы-1988ж.
  2. Әбдіғазиев Б. «Асыл арна», Алматы - 1992ж.
  3. Шәкәрім. «Үш анық», Алматы - 1991ж.
  4. А. Бужеева «Шәкәрімнің тәлім - тәрбиелік ғибраты», «Қазақстан мектебі», №5-6, 2007ж.
  5. А. Х. Қасымжанов «Ұлы даланың зиялылары», Алматы - 1996ж.
  6. М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек «Елтұтқа», Астана-2001ж.
  7. А. Асқаров «Ұлы Тұранның ұлдары», Алматы-1998ж.
  8. Дала даналары. Қаазақстан даму институты-2001ж.
  9. Әлем альманағы. Алматы-1991ж.

Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді. Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс - ұждан.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, гуманитарлық технологиялар, психологиялық өзгерістер сияқты көрінісімен ерекшеленген, XXI ғасырға сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу - мемлекетіміздің бүгінгі ең маңызды міндеті.

Болашақ ұрпақ экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени және рухани салаларда қандай жетістіктерге қол жеткізсе де, ұрпақ тұлғасында адамгершілік құндылықтарды меңгерген, халықтың өзіндік санасына енген мұраларды жоғалтпауымыз керек. Соның бірі - Шәкәрімнің ізгіліктік және адамгершілік идеялары. Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын қайраткер өз заманының прогресшіл ағымының жаршысы болған Шәкәрім мұрасындағы тәрбие, білім берудің бай қазынасы жинақталған.

«Жауыз халық жоқ. Жат нәсіл жоқ. Бар кілтипан - теріс пиғыл, жемқор қиянатшылдықта жатыр. Адамда ынсап та, мейірім мен шапағат та мол. Алайда «мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ». Адамзат оң жолға - бауырластық, кісілік жолына түсуі үшін «ар түзейтін ғылым» керек. Сонда ғана зұлымдыққа тоқтау салынбақ» - дейді ақын.

Шәкәрім өзінің айналасындағыларды сырттай ғана саралап, салғырт жырлаушы болып қалған жоқ, бар нәрсенің қай-қайсысына да терең мән беріп, жақсылығына қуанып, кемшілігіне егіле зер салды. Адам баласына тұсау болып отырған жаман әдеттер - Шәкәрімнің басты дұшпаны. Айналасындағыларды ол осы тұсаудан босатуды аңсайды. Тіпті өзгеге қиянат жасамаған надандардың өзін Шәкәрім адам қатарына қосады. «Надан болсаң бол, бірақ өзгеге қиянат, кедергі жасама, соған да шүкіршілік», - дейді ақын. Ақын алдымен адамның мінез-құлқындағы, жүріс-тұрысындағы кемшіліктерге шүйлігеді. 1904 жылы шамасында жазған «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Еріншек», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Құмарлық» деген сияқты өлеңдерінің аттарының өзі айғақтап тұрғандай, Шәкәрім надандықтың басын осы тәрізді кемшіліктерден іздейді.

Еріншектен салақтық,

Салақтықтан надандық,

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сөйтіп адамдық, -

деп («Еріншек») надандықтың өзі түптің түбінде осындай жолдармен туатынын топшылайды. Осы тәрізді надандық белгілерін көре тұрып, оны түбірімен жоюға жалғыз өзінің шарасыз екендігін сезген ақын:

Жолыққан кісіге соқтық,

Қалжыңға қосып айт боқтық.

Осы ғой сәулесі жоқтық,

Сен күлдің, мен білдім, әйдә! -

деп («Қалжыңшыл қылжақпас») сөзіне әжуа, мысқыл араластыра лағынет айтады.

Бірлік пен талапты еңбекке салыңдар,

Өнерлі елдерден өнеге алыңдар.

Күндестіктің өзімшіл көзін құртып,

Ұмтылып ерікті ел болып қалыңдар, -

дейді Шәкәрім. Осы өлеңнің өне бойында ақын ар мәселесіне, ардың тазалығына айрықша мән береді, өзінің гуманизмін танытады.

Шәкәрімнің бұл сөздері бүкіл қазақ қауымына парасаттылыққа, адамгершілікке шақырған ұраны іспеттес.

Шәкәрімнің жастарға айтар үгіт-насихаты: «Нені үйренсең де алдыңда үлгі тұтар нысанаң болсын, содан үйрен, соған қарап өркен жай. Ондай нысана біз үшін, бізден кейінгі жас ұрпақ үшін Абай болмақ».

Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы,

Түбі - жүрек, болады мида басы.

Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға

Талаптың алты түрлі бар ноқтасы, -

дей келіп, талаптың жүйрік тұлпарына мінген жанға ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық сияқты алты түрлі қасиеттің қажеттігін, соларды бойына жия білген адам ғана мұратына жете алатынын айтады. Сондай-ақ бұл қасиеттердің әрқайсысына жеке-жеке талдау жасап, мәнін түсіндіреді. Шәкәрімнің мұраты - адамның бойына талаптың нәрін сіңіру. Әйткені талапты адам бәріне де қол жеткізе алады. Бұл жолдардың тәрбиелік маңызы айрықша. Тіпті қандай тарихи дәуірде де өз мәнін жоймайтын ұлы ғибрат.

Шәкәрімнің гуманистік сипаттағы өлеңдерінің тәрбиелік мәні мұнымен шектелмейді. Оның бірқатар өлеңдерінде адам бойындағы жағымсыз мінез-құлық, іс-әрекет сыналса, енді біразында жоғарыдағыдай өлмейтін ақыл-кеңес айтады.

Шәкәрімнің лирикасында ақыл мен талап категорияларына айрықша мән беріледі, үнемі қайталанып отырады. Адамға тән жақсы қасиеттірдің бәрін де Шәкәрім осы екі ұғымның аясына сыйғызуға тырысады. Бұл екеуі бас қосқан жерде адам баласынан қашып құтылатын еш нәрсе болмайтынын айтады:

Талап шапса ақылға мініп алып,

Жақсы, жаман бәріне бірдей салып.

Анық ақыл адымын аштырмайды,

Еш нәрсе одан құтылмас жетпей қалып.

«Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар», - дейді Шәкәрім. Олары - кірсіз ақыл, мінсіз сөз және адал еңбек.

Гуманизизм - Шәкәрім лирикасындағы қуатты идея. Ақын адамгершілік туын биік ұстайды, ар тазалығын бірінші орынға қояды:

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,

Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.

Арың сатпа, терің сат, алалды ізде,

Ғибадат пен адалдық ар үшін жи, -

дейді ақын «Мал жимақ» атты өлеңінде. Осынау төрт жолдың ауқымына ақынның бүкіл адамгершілік идеясы, азаматтық нысанасы сыйып тұрғандай. Адам болу үшін арыңды сатпай, еңбек етуді, адал болуды қажет деп санайды. Шәкәрім бұл мәселелердің бәріне өз дәуірінің азаматы, халқының перзенті тұрғысынан қарайды. Адамгершіліктің асқақ идеясына жетудің жолын іздеді. Ойға батты, толғанысқа түсті. Бұл бағыт Шәкәрімнің бүкіл шығармашылық сапарының өне бойында ақынның жан серігі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім және Хафиз: өнер философиясындағы үндестік
Абайдың ақын шәкірті шәкәрім құдайбердіұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы-қазақтың көрнекті ақыны туралы ақпарат
Шәкәрім Құдайбергеновтың өмірі мен шығармашылығы
Имандылықтың сыры
Менің отбасым
Ә.БӨКЕЙХАН - ӘДЕБИЕТШІ ҒАЛЫМ
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
А.С.Пушкиннің шығармаларын аударудағы Шәкәрім Құдайбердіұлының шеберлігі
Қазақ санасына мұсылман дінінен енген жаңа этикалық ойлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz