Шиит ағымының ішіндегі Батыния бағыты


философия
Шиит ағымының ішіндегі Батыния бағыты.
Сырт көріністе шииттер сенімін ұстанатын секілді көрінген түрлі топтар болды. Олар Ислам тарихы бойынша көптеген дінбұзарлық әрекеттер жасап, ұстанған сенімі мен идеяларын 20 ғасырға дейін жеткізе білген ағымдардың қатарында Батыния, Исмаилия немес Карматилер тобын атауға болады. Бұл топтар шиит бетпердесін киіп, істемеген нәрселері қалмады. Әсіресе бұл дінбұзар топқа Батынилер деп атаған. Бұларды Иракта Батынилер, Карматилер, Маздакилер деп атаса, Хорасанда Мулхидтер деп атаған.
Батынилерге бұл аттың берілуіндегі себеп, олар Құран аяты мен Пайғамбар хадисінің сыртқы көріністегі мағынасы болғандай, ішкі мағынасының да болатындығын жария етуде. Олардың айтуынша бұқара халық үшін оның сыртқы мағынасы жеткілікті болса, зиялылар үшін ішкі астарлы мағынасы маңызды екен. Шариғаттың негізгі үкімі аят пен хадистің сырт көзжегі мағынадан шыққандықтан сонымен амал етушілер сол шеңберде жауапты болары сөзсіз. Бірақ ішкі астарлы мағынасын тапқан, түсінген кісі бұл жауапкершілік пен үкімдерден азат болады. Яғни олар шариғаттың үкімдерін орындамайды. Себебі, ол аяттың мағынасы басқа ұғымға келгендіктен сен үшін мәселе болмайды.
Батынилердің екінші бір жағы жетеулік жүйені ұстанады. Яғни жер беті Аллаһтың ескертушілерінен үзілмейді. Ескертушілер «сөйлейтін» және «үндемейтін» болып екіге бөлінеді. Сөйлейтіндер Пайғамбарлар, үндемейтіндер олардың мирасқорлары болған имамдар болады. Имамдар жеті кісілік топқа бөлінеді. Әрбір бөлімді «дәуір» дейді. Жетінші имам сол дәуірдің соңғысы болғандықтан, содан кейінгі келетін дәуірдің имамы бірінші имам болады. Исламдағы «қияметтің» мағынасы бір дәуірдің жетінші имамының ақыры деген сөз. Дәуір негізінен шексіз бола береді. Исмаилилер бойынша бірінші дәуір Али бин Әби Талибтен басталып, (оның үлкен ұлы Хасанды қабыл етпейді) Хусейн, Али Зейнул Абидин, Мухаммед Бакр, Жағфар Садық және баласы Исмаилмен жалғаса келіп, оның баласы Мухаммед бин Исмаилмен аяқталады. Олардан кейін жеті мұрагер екінші дәуірді құрайды. Бірақ олардың есімдері жасырын екен. Ал, үшінші дәуірдің алғашқы имамы Фатимит халифатының құрушысы Убейдуллаһ болып есептеледі. (өл. 332/934)
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Батынилердің екінші бір есімі Исмаилиттер. Яғни Жағфар Садықтың (өл. 765) ұлы Исмаилды (өл. 760) әкесінен кейін имам деп есептегендер. Сонымен қатар бұл топ тарих бойынша Исмаилия атымен көптеген бүліктер шығарып отырды. Батынилерді Халифа әскерлері қыспаққа алмақ болса, дереу Исмаилия шииттерінен болғандығын айтып ақталатын.
Батынилердің іс-әрекеттеріне, киім киюіне қарап, кейде қызылбастар деп атады. Қызылбас атауының шығу тарихына көз жүгіртер болсақ, 1502 жылы Ирандағы билікті өз қолына алған Исмаил Шахтың кезеңінен басталады. Исмаил Шах Ирандағы билікті өз қолына алысымен мемлекеттің ресми мазхабы ретінде «Имамияны» бекітті. Ал, Имамия сенімі бойынша он екі имамға сену парыз. Сол имамдардың ең әуелгісі - Хазіреті Али болып саналады. Міне сондақтан Исмаил Шах өз әскерлерінің басына он екі қатардан тұратын қызыл шүберек байлатуды әдетке айналдырды. Яғни, бас киімдерінде он екі имамның символы ретінде он екі қатар жіп байлауы, олардың қызыл бастар деп аталуына әкеп соқтырды. Халқымыз арасында да парсыларды, яғни ирандықтарды қызылбастар деп атау әлі күнге дейін жалғасын тауып келуде. Исмаил Шах бұл әрекетімен шектелмей, Иранда өмір сүріп жатқан суннит сеніміндегі мұсылмандарға қыспақ жасады және намаз үшін айтылатын азанға мына сөзді қостырды:
«Әшһәдү әннә Алииун, уәлииуллаһ».
Мағынасы: «Алидің Аллаһтың досы екендігіне куәлік етемін». Қызыл бастардың сенімі бойынша Али - Тәңірі. Аллаһ Али бейнесінде көрінген екен. Олардың түсінігі бойынша Али Мухаммед Пайғамбардың дәреже тұрғысынан жоғары тұрады және миғражда Мухаммед Пайғамбардың көкке көтерілуі Алидің арқасында болған деп есептейді. Олар иман еткен кезде: «Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммадун Расулуллаһ, Алииун уәлииуллаһ, уәлииун Али Аллаһ», -деп Алиді Тәңірі деп сенеді.
Әйгілі ғалым Имам Ғазалидың зерттеп қорытынды жасауы бойынша Батынилердің негізгі шығуы былай екен: «Аллаһқа, Пайғамбарға және ақірет күніне сенбеген мәжуси және маздакилердің бір тобы мен атеист философтардың басым көпшілігі Ислам дінінің жайылуы мен таралуына соққы беру үшін бірге әрекет теуге бел буады. Мақсаттары Исламды іштей құлату, мұсыландарды жеңудің толық шарасын-айласын қарастыру болды. Олар өздерінің бұл ниетімен ашық түрде ортаға шыға алмасына көздері жететін. Сол үшін олар өздеріне былай дейді: «Ұстанатын жолымыз, Ислам ағымдарының біреуінің сенімін ұстанатын секілді көріну. Ол ағымдағы адамдар сондай болу керек, яғни түсінігі төмен, пікірі шектеулі, болмайтын нәрселерді қабыл ете салатын, негізсіз нәрселерді қолдайтын болу керек. Бұл сипаттағы ағымға ең лайығы Рафызилер болады. Сондықтан соларға ілесіп, әһлі-бейтті қолдағансып, мұсылмандардың жамандығынан сақтанайық».
Ғасырлар бойы мұсылмандардың арасына іріткі салып, Исламды бұзуға тырысқан Батынилер қарапайым адамдарды дұрыс жолдан тайдыру үшін тоғыз дәрежелі дағуат тәсілін қолданды. Бұл тәсілге «Батынилердің қулықтары» деп атау берді. Мұндай тәсілді жаюшыларға «Дағи» (жанкешті) делінді. Осы азғыру тәсілдерін атап айтатын болсақ:
- Зер салып қарау мен зерттеу (зәрқ уә тәфәррус) .
Дағи (жанкешті) кісі ақылды, түсінігі бар, қабілетті болып, мына үш мәселеге назар аударуы шарт:
1) Ең маңызды, басты ісі жетегіне жүретін адамды жақсылап тануы керек. Мысалы қаншама адам бар, бұрын естіп, үйренген нәрсесінен бас атртпайды. Мұндай кісілермен еш әуреленбейді. Сонымен қатар, білімді адамдарға жақындамау.
2) Дағи ақылын қолданып, түрлі тәсілдерді қолданып, аят пен хадистің сыртқы айтылған мағынасынан ауытқып, ішкі астарлы мағынасын шығаруға тырысады. Егер қарсыдағы адам оның дегенін қабыл етпейтін болса, оған зорлық күштеудің қажеті жоқ. Тек оның түсінген нәрсесін де түрлі жаңсақ пікір айтумен шектеледі.
3) Өздерінің үгіт-насихатын жүргізу барысында әрбір адамға бірдей методты қолданбау керек. Егер алдайтын адам тақуа біреу болса, оған алдымен кеңес айтумен үгіт-насихат жасау тиіс. Ал егер, құлшылықтан алыстау жүрген болса, құлшылық пен тақуалықтың қажеті жоқтығын, ондай нәрсемен кертартпа адамдарың айналысатындығын айтып, алдауға болады. Сондай-ақ, тұзаққа түсетін кісі яһуди, христиан яки мәжуси болса, олардың сенімдерін мақтаумен оларды одан әрі азғыру керек.
2) Тәнис - өзін жақсы көрсете білу, достық құру.
Дағи кісі сөздерін жая білу үшін өзінің айналдрып жүрген адамдарына өзін жақсы көрсете білу үшін жылы-жылы сөз айтып, жақсы мәміле жасайды. Имам Ғазали олардың бұл әрекеттерін айтқан кезде мынандай мәліметті береді:
«Дағилер әр күні түнде Батынилікке мүше болатын кісілердің үйлеріне түнеп, қасында әдемі Құран оқитын кісімен бірге жүретін. Себебі, дауысы әдемі кісі Құран оқыған соң дағи жүрек тебірететін уағыз жасайтын. Артынан ел билеуші әміршілерді, өз ғасырларының ғалымдарын жамандайды. Міне осындай проблемалардан құтылудың жалғыз жолын Пайғамбардың және оның әулетінің берекетінен келетіндігін айтып өтеді. Осындай уағыз ішінде дағи кісі қатты күрсініп, қайғырып жылап алады. Уағыз ішінде айтылған аяттар мен хадистерді түсіндіргенде оның астарлы-ішкі мағынасын Аллаһ қана білетіндігін және адамдардан таңдап алынған кейбір кісілер ғана білетіндігін айтып өтеді. Дағи миссионері қонақ болған үйде түнде намаз оқиды да, әдейі үй иесінің еститіндей дәрежеде жылауы керек. Бұл әрекеттер Батыни миссионерлерінің өздерін жақсы көрсету үшін қолданатын тәсілі болды».
3) Күмәндандыру (тәшкик) . Батыни жакешті мұсылмандардың арасына іріткі салу үшін өзіне таңдаған адамдарын күмәндандыру үшін кейбір діни мәселеде жауабы қиын болған сұрақтарды қояды. Бұнымен ол өзіне сенген адамды күмәндандырып, туралықтан ауытқытпақ ниеті болады. Мысалы, Құран сүрелерінің кейбірінің басындағы бір-екі әріптен басталып, аяқталған аяттардың мағынасын сұрайды. (Хуруфул мұқаттаа) .
Неге әйел заты етеккір кезінде оқи алмаған намаздарын кейін қаза ете алмайды да, оразаларын қаза етеді? Негізінде екеуі де парыз.
Неге адам жүніп болса, ғұсыл құйыну керек? Ал, одан да жаман болған нәжіс шыққанда тек дәрет қана алады ?
Неге жәннат есіктері сегіз, жәһаннам жеті?
Міне, осындай діни сұрақтар сұраған негізі діннен тыс кейбір күмәнды сұрақтарды да сұрау арқылы адамның санасына күмән тудырады. Сөйтіп оларға мұндай сұрақтың жауабы жоқ емес, бар деп айтады. Бұның жауабын Пайғамбарлар мен ілімі терең имамдар ғана біледі деп, өздерінің (яғни, Батыни имамдарын) айтып өтеді. Нәтижеде сұрақтың жауабын қандай екен деген сезім ұялатады.
4) Ант ішу (тәғлиқ) .
Дағи (дағуатшы) өзіне тартып жүрген адамдардың санасына жоғарыдағыдай күмән тудырып, жауабын дереу атпайды. Себебі, мұндай сұрақтардың жауабын екінің біріне айтуға болмайды дейді. Сөйтіп, Батынилікке кандидат болатын адамды біраз уақыт ұстайды да, оның сабырсызданған сәтін күтеді. Егер іс өзінің жоспарлағанындай жүріп жатса, онда әлгіндей адамдарға сұрақтың жауабын айтатындығын ескертіп, бірақ ол сырды ешкімге айтпауға алдымен ант ішкіздіреді. Бұлай ант ішу Пайғамбарлардан бері келе жатқан дәстүр деп түсіндіруді де ұмытпайды. Шынында да кандидат болған кісі ынталы болып тұрса, Батыниліктің сенімі үйретілуге көнеді.
5) Байлану (Рабыт) .
Рабыт дегеніміз қатаң түрде ант ішкізу. Яғни, Батыни кандидатынан сырды сақтайтындығына, Батыни көсемдері мен мүшелеріне деген сенімділігін, беріктігін ұстайтындығы жайында уәде алынады. Бұл анттың ерекшелігі, егер кандидат болған кісі кейіннен уәдесінен таятын болса, Аллаһтан, Пайғамбарынан, кітаптарына алыстап, бүкіл діндерден айрылған болып есептеледі. Сонымен қатар, бүкіл мал-мүлкі талан-таражға салынады, әйелінен ажырайды деп қабыл етіледі.
6) Айла қолдану (тәусил) .
Батынилікке кандидат болған кісіден ант ішкізіп болған соң да құпиялар толығымен айтылмай, біраз уақыт күттіреді. Себебін ашықтағанда мәселенің күрделі екендігін айтады. Сөйтіп, шындықтың сыры құпия екендігі тағы да айтылып, бұл шындық ақылмен емес, Пайғамбар ұрпақтарын сүйетін шынайы ғалымдардан үйренілетіндігі тілге тиек етіледі. Егер кандидат болған кісі әлі де күдік ішінде болса, оған танымал болған кейбір адамдарды өздерінің адамдары екендігін айтумен оның күдігін жоюға тырысады. Мұндай кезде көбінесе алыс өлкедегі танымал тұлғаларды мысалға алады. Өйткені мәселені аша алмау үшін.
7) Құру (тә’сис) .
Батынилердің жетінші әдісі кандидаттарды жайлап-жайлап Батыни түсінікке жақындатады. Бұл баптағы әдіс кандидатқа бір қарағанда ештеңе білінбейтін кейбір пікірлерді үйретеді. Мысалы: «Заһир (сырт көрінісі) қабық, батын (ішкі астары) негізгі дән», «Заһир бұл символ, батын - негізгі мақсаттағы мағына», «негізді білетін Аллаһ, бірақ Аллаһ ақиқатта жасыруын ойлай алмаймыз», -дегендей.
Бұл сұрақтардың астары мынада:
Әрбір нәрсенің сыртқы мағынасы боғандай, астарлы мағынасы да болады. Астарлы мағынаны Аллаһ қана біледі. Бірақ Аллаһ мұндай ақиқатты жасыруы мүмкін емес. Сондықтан бұны кейбір ғалымдарға үйреткен. Ол да біздің имамдарымыз демекші.
8) Шариғаттан алыстау (халғ) .
Шариғаттың бүкіл діни үкімдерінен мақсат - олардың астарлы мағынасын түсінуден тұрады. Кандидат болған кісі осы діни үкімдердің астарлы мағынасын түсінетіндей деңгейге жеткен соң оған парыздарды орындау мен харамдардан тыйылу қажет болмай қалады.
9) Сенімнен шығу (инсилах) .
Батынилікке мүше болған кісі ең соңғы мәртебе ретінде иманмен байланысты мәселелерге сенуге мәжбүрлікте болмай, әртүрлі қағидадан босаған болып саналады.
Батынилердің ішкі былығын өз көзімен көргісі келген Иемендік әһлі-сүннет ғалымдарынан біреуі болған Мухаммед бин Мәлик (өл. Х. 470/М. 1077) олардың іштеріне мүше ретінде кіреді. Ол кісінің айтуы бойынша, Батыни мүшелері шариғат үкімдерінен кейбір айтуға ұят шарттармен босайды екен. Дағи деген Батыни өзіне тартып жүрген Батынилікке болашақ мүше болатын кісіні әбден дайындап пісіреді. Яғни, жоғарыда айтылған мәртебелер бойынша. Сөйтіп имаммен кездестіретін дәрежеге дайындап болған соң, оған он екі дирхам садақа беруін айтады. Садақадан мақсат Батыни имаммен кездесу, сұқбаттасу салығы деген сөз. Оның ақшасын алғаннан кейін дағи оны имамның құзырына әкеледі де, былай дейді:
«Тақсыр! Пәленше құлың намазды білді, оның мағынасын түсінді. Енді мойнынан намазды алып тастаңыз. Мойнындағы ауыр жүкті түсіріңіз! Міне, он екі дирхамдық өтініш ақшасы!». Бұны естіген имам айналасындағыларға қарайды: «Куә болыңдар, ондағы намазды алып тастадым», -деп мына аятты оқиды:
«Олардың үстіндегі ауыр жүктерді, шиеленіскен нәрселерді шешеді», (Ағраф сүресі, 157-аят) .
Осылайша ресми кеш аяқталып біткен соң өзге Батыни мүшелері араларына қосылған жаңа әріптестерін құттықтайды. Олар жаңа әріптестерін құттықтау сөз айтқанда былай дейді екен:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz