Шоқан Уәлиханов


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Шоқан Уәлиханов

(1835-1865)

Шоқан Уәлихановтың шын есімі - Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан - анасының еркелетіп қойған аты. 1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің атамекені Сырымбетте өткізген. Сырымбет - Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан-ақ қалыптаса бастады. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін үлкендерше тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Батыс Сібір генерал-губернатордың жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шоқан сүйікті әжесі жөнінде суық хабарды алған бойда Сырымбетке арнайы келіп, Айғаныммен қоштасып, оны ақырғы сапарына шығарып салады.

Шоқанның жас ағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясы өкілдерімен тығыз юайланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, декабристер С. М. Семенов, А. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенті С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың аулында талай рет болып жүрген.

1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет сапар шегіп, әкесімен Омбыға келеді. Әкесі өзінің оыс достары көмегімен баласын сол кездегі ең алдыңғы қатарлы оқу орнына, Сібір каде корпусына оқуға түсіреді. Декабрист И. Завалишеннің берген бағасы бойынша, ол «ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы» еді.

Белинский мен Герценнің азаттыққа шақырған идеялары Шоқан білім ала бастаған Сібір кадет корпусына да жетті. Кадет корпусы жан-жақты әрі терең білім беретін оқу орны болды. Қазақстан географиясына да зор көңіл бөлінді. Бірақ өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу мен игеру патшалы Ресейдің іскери стратегиясы тұрғысымен қажет еді. Қазақ халқының тарихын да көңіл бөлінетін. Шоқанның көрнекті орыс ғалымы И. Н. Березинмен, таңдаулы ұстазы Н. Ф. Костылецкиймен байланыста болуы әуелден-ақ ғылыми бағытын дұрыс анықтауға себепші болды.

Пушкин мен Лермоновтың поэзиясы Шоқанға да әсер етті. Олардың көптеген өлеңдерін жас Шоқан жатқа білді, сол кездегі Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Айдаудағы ақын С. Ф. Дуров, саяхатшы, ғалым П. П. Семенов-Тян-Шаньский, Г. Н. Потанин, Ш. Уәлихановтың білімділігін жоғары бағалаған. 1853 жылы кадет корпусын он сегіз жасында бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атақ аталды.

Батыс және шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген Шоқан шығармашылық еңбек етуді аңсады. 1855 жылы ол генерал Г. Х. Гасфорттың сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстанды аралады, Іле Алатауы өңірінде болды. Шоқан тарихи аңыздарды, өлеңдерді жинай жүрді. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстықкөлдің көлемін топографиялық суретке түсірді. Кей маршруттарда ол көрнекті ғалым, географ П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен бірге болып, достығы жалғаса түсті. 1865 жылдың күзінде екеуі Құлжаға барып қайтады. Ол Қытаймен екі арадағы сауда байланысын жақсартуға өз үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізеді.

1857 жылы Ш. Уәлихановтың Алатау қырғыздарына сапары Қашқар экспедициясының алдындағы сын қадамы болды. «Манас» атты алып шығармаға көңіл аударды. 1858-1859 жылдары Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашқар саяхатына барып қайтты. Марко Поло мен иезуит Гоестен кейін бұл елге тұңғыш барған Шоқан еді.

Петербургте болған жылдар (1859-1861) Шоқан өміріндегі ең бір қызықты кезең болды. Орыстың озат ойлы интеллигенциясымен араласа жүріп, ол өзінің білімділігін, талантын танытты. Шоқан шығысты зерттеушілер В. В. Григорьевпен, В. П. Васильевпен, В. В. Веньяминов-Зерновпен, Петербург университетінің профессоры, Құлжадағы бұрынғы орыс елшісі И. Захаровпен, сыншы Н. Н. Страховпен, ақындар А. Н. Майковпен, Я. П. Полонскиймен және басқа орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен байланысын үзбеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Шоқан шыңы
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz