Дамыта оқытудың шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудағы ғылыми-теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ___________________________________ _______________ 3
І Дамыта оқытудың шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудағы ғылыми-
теориялық негіздері ____________ 4
І.1 Шығармашылық қабілеттердің философиялық,
психологиялық, педагогикалық мәселелері_______________ 4
І.2 Даралықты қалыптастыруда дамыта оқыту маңызы_______ 17
2 Шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру жолдары ____ 21
2.1 Ұлттық тағылымда - халық тағылымы _________________ 21
2.2 Шығармашылық қабілеттерді қалыптастыруда қолданылған
педагогикалық технология ____________________________ 25
Қорытынды__________________________ ____________________ 34 Қолданылған
әдебиеттер _________________________________ 35

Кіріспе

Бүгінгі Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет
құруда. Үкіметіміз білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміздің
өркениеттке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту,
тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр.
Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру
мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық, жөні бөлек көзқарастарыды,
жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Бастауыш мектептен балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны
жалпы дамыту, яғни оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру,
жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс
айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Жұмыстың мақсаты - дамыта оқытудың басты мақсаты баланы оқыта
отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Қоғамға лайықты жаңа
сапа, рухани сап қалыптастыру және дамытуда тың жолдарымен шешімдерін
іздестіру. Жұмыстың міндеті - Оқу сабақтарында сөйлеу, оқу, қоршаған орта
жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап,
талдау жасаға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, сөйлеу
мәдениетіне үйрету.
Шығармашылық – бұл адамның шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермей оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол
өзін-өзі жетілдіруболашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып,
тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы
оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті ойландыруы тиіс.
Себебі, өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек қана шығармашыл адамдар
қолынан ғана келеді. Бұл мәселені шешуде алғашқы сатылардың бірі бастауыш
мектеп ерекше орын алады.

І. Дамыта оқыту шығармашылық қабілеттер жайлы
ғылыми-теориялық негіздері

1. Шығармашылық қабілеттердің философиялық, педагогикалық, психологиялық
мәселелері.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын
анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп
келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болған. Шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты – бүгінгі
күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа
қалыптастыру және дамытуда тың жолдары мен шешімдерін іздестіру.
Шығармашылық туралы жазған ойлар, тұжырымдар, көзқарастар, еңбектер
баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсіп Баласағұн, Әль - Фараби,
Абайды ерекше толғандырған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын,
қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, А.С.Макаренконың
шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы
шығармашылығына бағыт – бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген
М.Жұмабаев болатын. (1923ж).
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский,
С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков,
В.А.Крутецкий, Б.М.Тепловтың, өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар
Т.Тәжібаев, М.М. Мұқанов, Ж.Ж. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, Т.С.Сабыровтың
еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және практикасының
алтын қоры деп білеміз.
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті
педагогтар Ш.А.Амонашвили, И.Б.Волков, О.С.Газман еңбектерінде
қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар
Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешева жоғары сыныптарда шығарма жазғызу, В.Д.Чернов
факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық
деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеу
жұмысының негізгі идеясы – оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем-
шығармашылық қабілеттерін дамыту, М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы
шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді
талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі
бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа
адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешіліктерімен ерекшеленеді деген
қорытындыға келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең
алдымен “қабілет” ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді.
Философияда “қабілеттерді” тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын
атап көрсеткен.[38]
“Қабілет” ұғымына берілген психологиялық анықтамалар көп. “Қабілет”
деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге
жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
“Қабілеттер – білім алуға қажетті адамның психологиялық
ерекшеліктері”.
“Қабілеттер – іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттер мәселесі көптеген
зерттеушілердің назарын аударып келеді, әлі де күн тәртібінен түскен
жоқ десе де болады.
Кеңестік психологтардың қабілеттер жайлы еңбектерін шартты түрде
2 топқа бөлуге болады. Біріншілер – қабілеттер мәселесін теориялық
тұрғыдан талдаса, екінші топ өкілдері нақты қабілеттер құрылымын
зерттейді.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л. Рубинштейн іс-
әрекеттің қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің
әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі теория
біртұтастықта қарастырылатын болды. Б.М. Теплов және оның шәкірттерінің
еңбектері қабілеттерді жеке адамның психологиялық айырмашылығы деп
қарастырып, қабілеттер дамуындағы нышандардың рөліне ерекше назар
аударған. Қабілеттер туа пайда болады деген пікірлерге қарсы, туа
берілген тек табиғи алғышарттар, яғни нышандар деп қорытындылайды.
Қабілеттер жайлы ой пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып,
Б.Г.Ананьев қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды
қолдана білудегі дербестік, сапалылық, шығармашылық деген пікір айтады.
Қабілеттердің дамуын тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ
таланттылық жайлы мәселе көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің
көпқырлылығын айтады. Б.Г.Ананьевтің пікірі бойынша нышан қабілеттердің
алғышарты және олар тек іс-әрекетте ғана қабілетке айналады.
К.К.Платонов қабілеттер жайлы түсініктерді тұлғаның
ерекшеліктерімен байланыста қарастырады. Ақыл-ой қабілетінің кейбір
компоненттерін анықтайды. Жоғарыда аталып өткен нақты қабілеттер
жайлы зерттеулер туралы сөз еткенде, В.А.Крутецкийдің математикалық
қабілеттерге байланысты жасаған іргелі еңбегіне тоқталған жөн.
Көрнекті ғалым қабілеттерді әрекетке жарамдылық деп тануды ұсынады.
Және басқа да зертеушілер сияқты қабілеттер әрекеттің белгілі бір түрін
ойдағыдай орындауда көрінетін қасиет деген пікірді қуаттайды.
Бейнелеу өнеріне деген қабілеттер жайлы зерттеу жүргізген
В.И.Кирянко да басқа авторлар сияқты, қабілеттер адамдардың жекелік
айырмашылықтары деген қорытындыға қосылады және бейнелеу өнеріне деген
қабілеттер тек сурет салуда ғана емес, ойын, еңбек сияқты басқа да
әрекетте дамитындығын дәлелдейді.
Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузьмина оның
құрамының үш түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір-
бірімен байланысын ашып көрсетеді.
Қабілеттер жайлы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бұл
проблемаға деген қызығушылықтың үнемі болып отырғандығын және оларды
соншалықты қарама-қайшылықтардың жоқ екенін байқауға болады. Аталған
еңбектердің әрқайсысы қабілеттер мәселесінің теориялық негіздемесін
қамтамасыз етіп, әрі қарай жетілдіру жолдарын белгілеуге үлес қосады.
Қабілеттер проблемасы — оқушылардың жекелік айырмашылықтар
проблемасы. Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында
дамып отырады. Қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады.
Бала бойындағы жалпы және арнайы қабілеттердің алғышарты нышан болып
табылады. Қабілет әрекетте байқалып, сол әрекет арқылы дамып
отырады.
Қабілет әрекеттің белгілі бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділікте байқалады. “Бейімділік — адамның әрекетпен айналысуға бет
бұрысы, оған көңілінің аууы, оянып келе жатқан қабілеттердің алғашқы
белгісі” деп жазады академик Т.Тәжібаев. Бала кезде ерекше көзге
түсетін бейімділік оның келешек қабілетінің көрсеткіші екендігін айтады
[27,127].
“Бейімділік пен қабілеттің соншалықты тығыз байланыстылығы кейде
тіпті бірінен-бірін ажырату қиындығын туғызады. Дегенмен, бейімділік
ұмтылу, ал қабілет — мүмкіндіктер”,- дейді көрнекті психолог Н.С.Лейтес
[43]. Баланың бейімділігін тәрбиелей отырып, оның жалпы қалыптасуына,
ақыл- ойының өсуіне жағдай жасауға болатындығына тоқталады. Сондықтан
әсіресе бастауыш сынып мұғалімдерінде кішкентай бала бойындағы бейімділікті
көре, болжай білу қасиетінің, оның әрі қарай дамытуға деген үлкен
жауапкершіліктің болғаны дұрыс деп есептейді.
Қабілеттер мәселесін қарастыруда талант, дарын терминдерін
айналып өтуге болмайды.
Көптеген зерттеушілер мен психологтар “таланттылық” деп белгілі бір
салада (өнер, музыка т.б.) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті
айтады. Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп
кездесетін жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын
дәлелдейді . (З. Гильбух , В. Юркевич) .
Францияның ағарту ісінің өкілі К.А.Гельвецкий адамдардың барлығының
бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы
талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Осы
пікірді қуаттайтын ХІХ ғасырдағы неміс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу
үшін өз ұлын өзі дайындаған жүйесі бойынша тәрбиелейді. Нәтижеде әкесінің
атымен аталған кішкентай Карл тоғыз жасында Лейпцинг университетіне
түсіп, бір жылда оның толық курсын бітіреді. Он үш жасында философия
докторы деген атақ алады. Он сегіз жасында Гейдельберг университетінің
профессоры, жиырма үш жасында Берслау университетінің кафедра
меңгерушісі қызметін атқарады.
Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенің адамның ішкі мүмкіндіктерін
ашудағы күшті құрал екенін көрсеткенімен, Карлдың мұндай таңғажайып
жетістіктерін оның табиғи талантының болуынан мүмкін екенін де жоққа
шығара алмаймыз. К.А.Гельвецкийдің көзқарастарын қолдайтындар арамызда
осы кезде де кездесіп отырады. Мысалы, жаңашыл педагог И.П. Волков:
“... егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап, дамытуға жағдай
жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау сияқты
қатардағы шара”, - дейді [6,46].
“Дарындылық” ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы
адамдарға (балалардан) жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам
қасиетін жатқызады [48]. Кейбіреулер дарындылық пен таланттылықты синоним
ретінде қолданып жүр. Таланттылық арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге
жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы дәржесімен сипаталады.
Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың бәрі
бірдей талантты болмауы мүмкін [6].
Осы қарастырып отырған мәселеміз - оқушылардың қабілеттерін
дамыту, оны шығармашылық деңгейге көтеру үшін, процесте көздеген мақсатқа
жетудің жолдарын, құралдарын педагогикалық шарттарын қарастырамыз.
Шығармашылық тұлға қабілет арқылы жеке тұлғаның қалыптасу
компоненттердің бірі болса, онда “тұлға” немесе “жеке бас” ұғымының
мәнін түсініп алу қажет. “Тұлға” (латынша – persona) .
“Тұлға” — қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психикасында болатын жаңа сапа”, - деп жазды А.Н.Леонтьев [22,234]. Ал
Э.В.Ильенковтың айтуынша, “тұлғалар қоршаған ортада да, өздеріне де
өзгеріс енгізе алатын адамдар”. Г.М. Қоджaспарова “Тұлғаға” мынандай
анықтама береді. “Өзгелер арасында өзінің позициясын еркін және
жауапкершілікпен анықтап алатын және ұстана алатын адам” [20,15].
“Жеке адам - әлеуметтік қатынастарымен сапалы іс-әрекетті жүзеге
асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін,
өзінің кім екенін түсінетін, есі кірген ересек кісі”,- деген анықтама
береді академик Т.Тәжібаев [49,3].
Барлық ғалымдар дерлік адамның мұндай күйге бірден келмейтінін,
тұлғалыққа біртіндеп жететінін жазады. “Тұлға болып қалыптасу –
баланың жартылысынан бастап, қоршаған орта, басқа да әр түрлі
әлеуметтік факторларға байланысты дамитын күрделі процесс. Сондықтан
өмірге келетін әрбір адамның тұлғалық деңгейге көтерілмеуі мүмкін”, -
деп жазады психология ғылымының докторы В.Э.Чудновский [39,32].
Демек, ьастауыш сынып оқушыларының тұлғалығын тәрбиелеу үшін ең
алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор.
Екінші – адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр
түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы
ғалымдар, керісінше, көзқарастардың бар екеніне қарамастан, адам бойында
әрекеттің бірнеше түрін орындай алу мүмкіндіктерінің бар екенін дәлелдейді.
Б.М.Теплов ақындықпен қатар музыкаға, суретке қабілетті болған
А.С.Грибадовты мысал ретінде келтірсе, ұлы Абай, Шоқан, Шәкәрім сынды
ғұламаларымыздың қалдырған мол мұралары да осының айғағы дегіміз
келеді. Халқымыздың “жігітке жеті өнер де аз болмайды”, “сегіз
қырлы бір сырлы” деп айтылатын нақыл сөздері адам табиғатының
шексіз мүмкіндіктерін көрсетсе керек.
Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын
дәлелдейді .
1. Репродуктивті - іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша
қабылдай алу деңгейі .
2. Шығармашылық – жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі .
“Шығармашылық” сөзінің төркіні, этимологиясы “шығару”, “ойлап
табу” дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы
жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: “...
шығармашылық қайталанбайтын, тарихи - қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы
жаңалық ашатын іс-әрекет” - деп түсіндіріледі. [38,286]. Көрнекті
психолог Л.С.Выготский “шығармашылық” деп жаңалық ашатын әрекетті атаған
(4). Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі
Я.А.Пономарев оны “даму” ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық,
әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық
деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың
талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Зерттеле келе шығармашылыққа
берілген анықтамалар да өзгере бастады. Соңғы жылдары “шығармашылық”
сөзімен, “жаңалықпен” қатар “бастамалылық, белсенділік” ұғымдары
астарласа қолданылып жүр [35].
Шығармашылық - өте күрделі психологиялық процесс.
Қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған
жағдайда, кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Бірінші жағдай – баланың өз еркімен шұғылдануы. Екінші жағдай
- терең ықыласты еңбек [24,44].
Психолог А.Н. Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге
көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір
айтады.
Шығармашылық қабілеттердің белгілері ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті;
- ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;
- тасымалдай білуді;
- ақылдың икемділігі , ойдың оралымдылығын;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың
болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау
сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
В.И.Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу
орнында шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің
диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық
ауқымын, педагогикасының заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады (1).
Оқушылардың көркем-шығармашылық қабілеттерінің ерекшіліктері, оларды
дамытудың жолдары мен әдістері А.А.Мелик-Пашаевтың, В.С.Шубинскийдің,
Қ.Ә.Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі - дарындылық,
таланттылық мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э.Чудновский,
В.С.Юркевич, И.П.Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс
түрлері, дарынды, талантты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие
процесін жетілдіруге байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді
[6, 200, 42].
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған
В.А.Кан-Калик, Н.Д.Никандровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының
психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру
жолдарына талдау жасалады [17,18].
Жоғарыда аталып кеткен еңбектерде шығармашылық қабілеттердің
белгілерін анықтау, шарттарын айқындау, жолдары, құралдарын белгілеу
сияқты идеялардың бар екенін байқадық.
Сонымен, біз “шығармашылық қабілет” ұғымының соңғы уақыттарда
көптеген зерттеулердің негізгі арқауы болғанын көреміз. Шығармашылық
туралы айтылған ойлар мен жасалған тұжырымдарды талдай отырып, ол
төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталатын адам әрекеті деген қорытынды
жасаймыз:
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың
болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Бұдан: шығармашылық – қайшылықтарды шешуге бағытталған, ол үшін
жекелік қасиеттердің болуын талап ететін, нәтижеде әлеуметтік не жеке адам
үшін мәні бар соны жаңалыққа әкелетін адам әрекеті, - деген тұжырым
жасаймыз. Ал бастауыш сынып оқушысының шығармашылығы - тек өзіне ғана
жаңалық болып табылатын, субьективті жаңалық.
Көрнекті француз математигі Адамар шығармашылық процесті 4 кезеңге
бөледі [46,12]:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуцияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
А.Н.Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі [46,13]:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.
3. Проблемадан уақытша кету.
4. Интуицияның оянуы. Инсайт.
5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына
арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып
оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше
топтастырдық:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
3. Шешімнің жарық көруі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалық
қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну,
қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік
кезеңіндегі “бас қатырулар” табандылық, танымдық белсенділік, эрудицияны
қалыптастырса, еңбектің нәтижесі баланы жоғары көңіл-күйге бөлеп, жаңа
істерге жігерлендіреді. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға
тиісті қасиеттер болып табылады.
Әрине, шығармашылық жұмыстың түріне, мақсатына қарай бұл кезеңдер
бір-бірімен астасып, қабысып жатуы әбден мүмкін. Оларда қалыптасып, әрі
қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі, керісінше,
уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас алғанда, әр
баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен кезде
аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін
құрайды. Шығармашылық педагогикасының басты мақсаттарының бірі де осы.
Шығармашылық процесс баланың ақыл-ойын, қабілеттерін дамытатын
болса, келесі кезекте “даму” категориясының мазмұны мен мәніне тоқталған
дұрыс.
“Даму” ұғымы философиялық сөздікте” ...мөлшерлік өзгерістердің
белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы”, - деп
түсіндіріледі. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзінің жеткен
дәрежесіне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа
сапаға көшеді. Терістеу - белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын
ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.

“Даму” ұғымының психологиялық анықтамасы жаңару процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді [38]. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың
зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың
қатысатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл — бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл,
сондай-ақ, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-
құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен
сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын
рухани орта.
2. Әлеуметтік фактор .
Бұл — бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл,
сондай-ақ, баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-
құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен
сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын
рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Бұл — даму процесіне әсер ететін үшінші күш болып саналады. Оқитын
пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары
болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған
ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы күткен нәтиже
бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі,
азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.
Ең бастысы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса
да, басқа екеуінен ерекшеленіп жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш
басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С.Выготский [5].
Ол дамуды оқытуымен тең деп санайды, керісінше, оқу мен даму екі
бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алады. Ең алғаш рет бала
дамуының екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.
1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы,
адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл процесте ол бір
жағынан өзінің іскерлігі мен қабілетін нығайтып жетілдіреді, жаңа
дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар, осы
арқылы адамзат мәдениетіне өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық
мүмкіндіктері неғұрлым жан-жақты, үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген
кезде оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан-жақты, табысты болады. Оны
жүзеге асырудың жолдарын ол соғұрлым серпінді меңгеріп, жаңғырта алады.
Демек, шын мәніндегі педагогиканың міндеті ертеңгі күнді меңзеу болып
табылады.
Ғалым психологтар Л.В.Занков, А.А.Люблинская, В.В.Давыдов,
Д.Б.Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын
өзгертуге арналған зерттеулер жасалды. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова-
Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғышарты
екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер “даму” деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді [103]. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары
орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын
ақыл-ой қызметі де соншаалықты кең, ауқымды, демек, даму деңгейі де
жоғары болады.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жағзған әртүрлі авторлар оқушының
даму белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П.П.Блонский бұған индивидтің
абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс
жасай алу қабілетін жатқызса, Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская – оқи
алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар
құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс
баға бере білу дағдысын жатқызады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу [15].
В.В.Давыдов жинақтай, қорытындылай алу дағдысын ақыл-ой дамуының
көрсеткіші деп санайды [9].
Тұтас алғанда барлық авторлардың “даму” туралы ойлары оқыту
барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге
келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Соңғы жылдары философияда, психологияда әрекетті адамды зерттеудің
әдіснамасы деп қарастыруда. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның
жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Адамның іс-әрекеті,
оның бүкіл өмірі өзімен қатар жасап келе жатқан адамдармен тығыз
байланыста өтеді. Олармен бірге өмірді ұғынып, күнделікті тіршілік
мәселелерін шешеді, болашаққа жоспарлар құрады. Адам әрекеті сан алуан.
Оның негізгілері: ойын, оқу, еңбек. Олар жас мөлшерлерінің әр кезеңінде
түрліше көрінеді.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Демек, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі
жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген оқушы
шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің қалыптастыруына, өз идеясын
жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы
өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүдделер көзделген әртүрлі мақсаттар
шешеді. Мысалы: оқу әрекетінде белгілі бір ережені меңгертетін, дағдыны
қалыптастыратын жаттығулар орындалса, шығармашылық әрекетте баланың іздену
жұмысы басты нысанада болады. Сондықтан оқу баланың жалпы қабілетін
дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдай шешу барысында нәтижеге
жеткізетін қабілеттерін дамытады.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді.
Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа
жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа
шешім табуды белгілейді [22].
А.Н.Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке,
қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру (генерация жасай білу), болжай
білу қабілеттерін атайды [18].
Бүгінгі бастауыш мектепте, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым.
Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындау, есептер шығарумен
айналысады. Мұндай жаттығулар, бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау
мүмкіндігінен айырады.
Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені
шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа
дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осы тұста орыстың ұлы
жазушысы Л.Н.Толстойдың педагогикалық ізденістерінің, өсіп келе жатқан
жеткіншіктерді шығармашылықққа үйретудегі тәжірибесінің құндылығына,
көкейтестілігіне тоқтала кету жөн сияқты .
Ақынның Ясная Полянадағы мектебінде бала тек іс-әрекет, ойлау
еркіндігі бар жағдайда шығармашылық қабілеттерін дамыта алады деген қағида
басшылыққа алынып, оқу, оның мазмұны баланың тұлға болып қалыптасуына
қызмет ету керек деген бағыт ұстануы бүгінгі күнгі ғылыми психологияға
жақын екендігін көрсетеді. 1862 жылы жарияланған “Шығарма жазуды кім
кімнен, шаруа балалары бізден бе, әлде біз шаруа балаларынан үйренуіміз
керек пе?” атты мақаласында өз оқушылары Семка мен Федькаға еркіндік
бергені сол-ақ екен, олар “осыған дейінгі орыс әдебиетінде болмаған ”
шығарма жазғандарын келтіреді.
Л.Н.Толстой егер бала мектепте бір нәрсе жасауға, ойлап табуға
үйренбесе, тек біреуді қайталаса, еліктесе, ол үлкейгенде де өздігінен
ешнәрсе шеше алмайтын адам болады деген [46,145].
Бұдан қорытынды: бала әдемі, байыпты, мақсатты ұйымдастырылған
шығармашылық жұмыстардың қатысушылары болғаны дұрыс. П.П.Блонский
сөзімен айтқанда, “ол-біліммен толтыратын бос ыдыс емес, ол - жануға
тиісті шырақ, ұстаз шырақшы ғана”.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері шет елдік
психологтарды 1950 жылдардан бастап қызықтыра бастады. Және осындай өте
қысқа мерзім ішінде қабілеттер туралы діни көзқарастардан оны ғылыми
психологиялық ұғым деп тануға дейінгі дәрежеге жетті. Шығармашылық
туралы пікірлер А.Осборор (1953), А.Бионди (1967), Д.Треффингер (1976)
еңбектерінде айтыла бастады. Бұл жұмыстардың әдістемелік негізі ретінде
50 - жылдары жазылған Дж. Гилфорд және оның ізбасарларының
(креативтілік) интеллект туралы теориясы алынады.
Бұл теорияның негізгі мәні — факторлық зерттеулер нәтижесінде
шығармашылық ойлаудың балаларға, сондай-ақ ересектерге тән ортақ
компоненттері анықталған. Олар:
- интеллектуалдық шығармашылық бастамалылық;
- категоризациялаудың кеңдігі, заттарды пайдаланудағы
оқыстылық, оларға мән бере білушілік;
- ойлаудың шапшаңдығы;
- ойлаудың сонылығы, шешімнің дәстүрлі шешіммен
салыстырғандағы тапқырлығы .
Осы теория негізінде баланың шығармашылық қабілеттерін анықтауға
арналған тестер жүйесі өмірге келеді. Соның бірі - тәжірибеде көп
қолданылатын Е.Торренс әдістемесі (тесті творческого мышления Торренса).
Зерттеулер нәтижесінде Е.Торренс баланың шығармашылық ойлауы 4-5 жастан
басталады деген тұжырымға келеді.
Шығармашылық қабілеттердің дамуын зерттеген психологтар мәселенің
әр қырына, әртүрлі компоненттеріне тоқталады. Мысалы: жоғары шығармашылық
елестете білу және еркін ойын әрекетіне байланысты (Дж.Моран, Р.Мильграм,
1984), ата-анасының қызығушылықтары мен бейімділіктеріне байланысты
(Т.Ковач, 1984), от басындағы тәрбие ерекшеліктеріне (М.Филберг, 1977),
балаға еркіндік беріп, жағдай жасауға, оны көтермелеп, мақтап отыруға
байланысты (П.Смит, 1983) деген пікірлер бар. Д.Дельман (1982) зерттеулері
Ж.Пиаже теориясына сүйене отырып, баланың шығармашылығының сапалық
жақтарын ашуға бағытталады. Ол шығармашылықтың ақырғы нәтижесі баланың
ақыл-ойында логикалық интеллектуалдық құрылымдардың пайда болуы деп
есептейді.
П.Вайнцвайгтың көзқарасы бойынша ойлау, еңбек, мамандық қана
шығармашылық болып қоймайды, адамның өзіне деген көңілі, өз өміріне деген
көзқарастың да мәні зор.

1.2. Даралықты қалыптастыруда дамыта оқыту маңызы

80 жылдардың аяғында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде болған
өзгерістер оқыту, тәрбиелеу ісіне де жаңалықтар енгізіп, жаңа леп
әкелді. Республика мектептеріндегі оқыту жаңадан жазылған төл
оқулықтар, жаңа бағдарламалар негізінде жүргізіліп, білімнің
мемлекеттік, әлемдік стандартқа сай болуы қарастырылды. Оқытудың
жаңа технологиялары кеңінен енгізілді. Әсіресе, халықтық педагогиканы
пайдаланып, ұлттық үрдісте тәрбиелеуде атқарылған шаруалар ауқымы
біршама.
Оқушы қабілеттерін дамыту, талантты балалардың талабын
ұшқырлау мақсатында ашылып, жұмыс істеп жатқан жаңа үлгідегі лицей,
гимназия сияқты мектептерді заман талабы өмірге келтірді. Бұл
мектептерде оқушылар қабілеттеріне, қызығушылықтарына қарай лайықталынып
жасалған арнайы бағдарламалармен оқытылады. Жалпы білім беретін
мектептерге қарағанда жаңа үлгідегі мектептерде пәндер көбірек,
олардың балалардың талантын, дарынын ашуға мүмкіндігі де мол.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттерін дамытудың негізгі
факторы болып олардың білімі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Болашақ тәрбиешілердің шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Шығармашылық – адамның іс-әрекетінің жоғары формасы
Ішкі әрекет - сыртқы әрекеттің интериоризациясы
Бастауыш сыныптарда Л.В.Занков әдістемесін қолдану
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің технологиялық құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Мұғалім педагогикалық әрекеттің субъектісі
Тұлғаны бағдарлап оқыту үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту
Құзыреттілік теориясы
Шығармашылықты арттырудың теориялық мәселелері
Пәндер