Шығындар және оларды жіктеу. Шығыстың шығыннан айырмашылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Шығындар және оларды жіктеу
2. Шығыстың шығыннан айырмашылығы
3. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
Қолданылған әдебиет тізімі

1. Шығындар және оларды жіктеу

Басқару есебі ұйымның менеджерлері мен басшыларына шешім қабылдау,
жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен реттеу үшін ақпарат бере отырып, қызмет
етеді.
Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей
өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік
есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл
ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.
Бухгалтерлік ақпаратты жіктеудің көптеген сызбалары бар, олардың
біреуін эталон деп бөлу мүмкін емес, өйткені жіктеу сызбасы ақпарат
тағайындауына байланысты.
Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс
процесіндегі экономиқалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік
құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты
(өзгермелі және тұрақты).
Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің өзіндік
құны мен алынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және
кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің
шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең
шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу
-реттелетін және реттелмейтін.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған
шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы.
Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет
адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де
өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Шығындар есебі жүйесі екі негізгі іс-қимыл үшін өндірістік шығындар туралы
ақпаратты жинайды: жұмыс күшіне шыққан шығындар, материалдар немесе қосымша
шығындар (немесе шығындар қарқыны бойынша, мысалы, өз-гермелік және тұрақты
шығындар) сияқты белгілі бір категориялар бойынша жіктейді және оларды есеп
бағыттары бойынша бөледі.

2. Шығыстың шығыннан айырмашылығы

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің
барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет. Шығысдарды талдау олардың
тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға,
жұмыстын сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге,
шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін
жоспарлауға көмектеседі.
Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып
табылады.
Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық" деп аталатын тәсілмен анықтап
келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары
шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетті
мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.
1887 ж. ағылшын экономистері шығын туралы хабардар болуды арттыратын
және оларды бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын есебінің икемдірек
жүйесін жасауды ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-
өзгермелі деп бөлу жатты. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты - тұрақты
шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-
өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорциональды өсүіне немесе кемуіне
тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім
көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұракты және
шартты-өзгермелі шығын жолдауға жол алатын "директ-костинг" тұжырымдамасын
ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл анықтау
міндетті емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау құннен-күнге
көкейкесті болып келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын
стандарт-кост жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты.
Шыққан шығындар есебі әкімшілік шығыстарды ғана есептеп қана қоймай,
ақталмаған шығыстардың пайда болмауы үшін алдын алып, ресурстарды
пайдалануды бақылап, дами бастады. Кейіннен бұл жауапкершілік
орталықтарының тұжырымдамасы қалыптасуына әкелді, соған сәйкес шығындар
кәсіпорын шегінде ғана қарастырылып қоймай, жауапты адамдарды тағайындап,
жауапкершілік орталықтары бойынша әртараптандырылды. Осылайша, шығындар
есебі өндірістің түпкілікті өніміне назар аударып қана қоймай, тікелей
өндірістік процеске де бағытталды.

3. Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу

Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу
мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, онын бөлімшелерінің өндіріс
тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы
оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі.
Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен
өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын
орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы
және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс
ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан
қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша
шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданған жөн.
"Тауарлы-материалдық қорлардың есебі" атты Бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге)
шығындар былайша жіктеледі:
• пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық
бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті
ұйымдастыру мен өнімнің (жұмыстың, көрсетелгін қызметтің) өндірістік
өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
• шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін
қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін кажет;
• өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері
бойынша экономиқалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:
а) экономиқалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не
жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС-ке сәйкес бұған мынадай экономиқалық элементтер
жатады:
• материалдық шығындар;
• еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
• ақша аударулар;
• құралдардың төзуы;
• басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік
құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:
• материалдар;
• еңбекті өтеу;
• ақша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріске жұмсалған шығынды есептеу әдістері
Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
Өндіріс түрлері және тұрпаттары
Өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау жөніндегі жалпы ереже
Кәсіпорын шығынының жалпы сипаттамасы
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Калькуляциялау кезінде енімнің өзіндік қүнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дүрыс белгілеу
Институционалды бағыт
Шығындарды талдамалық топтарда талдау
Біріккен кәсіпкерлік туралы
Пәндер