Шығыс Қазақстан: табиғат


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Шығыс Қазақстан:

табиғат”.

Дайындады : Мамырбаева Айсұлу

Тексерді: Шакиева Гүльзада

Шакиевна

Табиғат.

Көне халықтың ежелгі мекені - Шығыс Қазақстан - көркем әрі бай өлке. Ол республикамыздың солтүстік - шығысында шарықтап ұшұға қомданған қыран қатындай болып кең көсіліп, кербез жатыр. Оның құнарлы топырағы мен таспадай тартылған өзен - көлдері, алабы атшаптырым жайылымдықтары мен металдың бай кені, таусылмас орман байлығы және кәсіпшілік аң мен балық молшылығы әлмисақтан - ақ оған деген адамдар қызығушылығын арттырып, өзіне баурап келеді.

Шығыс Қазақстан облысы - табиғи - климаттық жағынан алғанда Евразияның сирек кездесер бірегей аймағы. Бұл аймақта далалы, шөлейт және таулы - орманды жер бедері қатарласып келеді. Республикадағы өсімдік пен жан - жануарлар байлығының жартысынан астамын да содан табасыз. Мұнда әйгілі Алтай мен Сауыр - Сайқан, Тарбағатай жоталары түйіскен. Ал Нарым менБұқтырма өзендерінің аңғарларымен «жердің алтын арқауы» өтеді деп саналған. Десек те әр адамға өзі тұрған аумақ жер кіндігіндей көрінері рас қой.

Ресей шекарасын бойлай Листвяга мен Холзун тау тізбектері көсіліп жатыр, ал аппақ арудай мұзартты Мұзтау бұл тау тізбектерінен оқ бойы оқшау көрінеді (4506 м) . Олардан Иванов, Үлбі және Уба жоталары таралады. Бұлардың басым бөлігін қалың орман басып жатса, шыңдарын мәңгі ерімейтін қасат қар мен мұз айдындары құрсаулаған. Тау тізбектері солтүстік жарты шарының су бөлу жолында орналасқан Олардың бір жағынан Үнді мұхитына қарай, ал екінші жағынан Солтүстік Мұзды мұхитқа қарай өзендер андыздайды.

Қар басқан биік асулар өлке өңіріне ерекше бір рең беріп тұрады. Бүкіл кеңістік біткен қызылды - жасылды, хощ иісті гүлге оранған. Жіңішке - жіңішке жылғалар қосыла келе шағын - шағын өзеншелерге айналып, олар ақ көбігінаспанға ата гүрілдеп, бүкіл шатқал біткенді күңірентіп, төменге қарай құлайды. Ақ көбіктен суық леп еседі. Ашық күні күркіреген сарқырамалар үстінде садақтай иілген кемпірқосақты көрер едіңіз. Сұп - суық шыңдарға биіктен төніп тұратын аспан әлемі де тап - таза әрі айбынды. Осы бір жасыл мен көгілдір түс құбылыстарының құдіретті тас поэзиясымен үйлесімінің өзінде қаншама таң қаларлық ғажайып сыр жасырынып жатыр десеңізші!

Бұл жерден қола дәуірінің ескерткіштерін де, скиф - сақ заманы және тасман, қимақтар мен қыпшақтар мәдениетінің белгілерін де тапқан.

Тау сілемдері тауаралық кең ойпаттармен бөлінген. Олардың ішіндегі ең ірілері - қылқан жапырақты ормандар басқан таулармен, тас шөгінділермен, жартастармен және альпі шабындықтарымен, тундралармен жиектелген Зайсан және Алакөл ойпаттары. Одан жоғары қарай - тек қарлар мен мұздақтар ғана. Батысқа қарай алмалы және көк терек - қайынды жайылмалары бар алып Тарбағатай көсіліп жатыр. Батысында ұсақ шоқылар да облыстың оңтүстік шекарасы Алакөл, Сасықкөл және Балқаш көлдері бар Алакөл ойпатымен шектеседі.

Шығыс Қазақстан - орманды өлке. Көп жерлерде ит тұмсығы батпайтын қараған - бұталы, тал - теректі жыныстар да кездеседі. Киіздей тұтасқан сан алуан шөп, жидек пен саңырауқұлақ, май қарағай жаңғағының, кәсіптік аң мен құс молшылығы жергілікті халықтың желігін оятады. Соған қарамастан онда ешкім барып көрмеген, тіпті адам аяғы баспаған жерлер де баршылық.

Мұнда табиғат ескерткіштері де жетерлік. Көгілдір тау алқабында самырсынды аралдар сақталған. Теректі және Үйдене өзендерінің бойында Тянь - Шань шыршалары мен шөптерінің ескілікті жұрнақтары бар. Иванов жоталарының бөктерлерінде жасы мың жылдан асатын бал қарағайлар тобы өседі. Олардың кейбірлерінің жуандығы сегіз құлаштан астам. Облыста Қайынды, Шыбындыкөл, Аюды, Сібе, Семей және басқа да қылқан жапырақты ормандар бар.

Өлкенің жануарлар дүниесі де өте бай. Мұнда жалпы саны құстардың үш жүзге, сүт қоректілердің алпысқа тарта түрі мекендейді. Ормандар қожайыны - қоныр аю. Одан басқа марал, бұлан, елік, тоқал бұғы, қасқыр, сілеусін, бұлғын, құну, сібір күзендері сақталған. Кеміргіштерден ұшпа, ала тышқан, тиін бар. Құстардың көптеген түрлерінің тіршілігі орманды және далалы өзендерге тәуелді. Қара құтан мен кәндек құс та жиі кездеседі. Өзендер жағасына сұр үйрек, шүрегей, барылдауық ұя салады. Орманның терең түкпірлерін саңырау құрлар, қарабауырлар тоқылдақтар, барылдақ торғайлар мекендейді. Бұл өлкеде суқарақұс пен балық жегіш қыран, ақшаңқан шағала мен қарабас қарқылдақ және балшықшы да бар. Марқакөл көлінде ускуч пен қара балық өседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Экологиялық туризмнің жіктелімі
Табиғат жағдайларын зерттеу тарихының басты кезеңдері
Орман және аңшылық шаруашылығы
Шығыс Қазақстандағы ерекше қорғауға алынған территориялар
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Шығыс -Қазақстан облысы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жұмысы туралы есеп
Ерекше қорғалатын табиғи территориялық кешендер
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz