Балалардағы темір тапшылығы анемиясын Тотема препаратымен емдеудің клиникалық тиімділігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

С. Д. Аспендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті

Тақырыбы: Шығыс социологиясы

Жоспар:

1. Темір және теміртапшылық анемиясы

2. Теміртапшылықты анемия

3. Балаларда темір тапшылығынан пайда болатын қаназдық

Балаларда темір тапшылығынан пайда болатын қаназдық

Ағзада темірдің азаюынан пайда болатын каназдық жер шарында ең көп тараған аурулардың бірі. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, планетамыздың әрбір бесінші адамында каназдықтың осы турі кездеседі. Ал темір тапшылығынан пайда болатын қаназдық балалардын 1/3-1/4 бөлігінде ұшырасады. Осылардың ішінде темір қаназдығы 70-80 пайызды құрайды.

Бала ағзасында темірдің азаюының бірнеше себептері бар:

1. Екіқабат кезінде осы қаназдықпен ауырған анадан туған, щала, шүрегей не шамадан тыс ірі болып, не егіз туған балаларда жиі кездеседі.

2. Ана сүтін ембейтін, балаларға бейімделіп жасалған арнайы сүт тағамдарымен тамақтанбайтын, қосымша тамақтар мен жеміс-жидектерді аз және кешіктіріп бергенде, тағы да ет тағамдарын аз жейтін балаларда болады.

3. Жедел не созылмалы ауруларда, оның ішінде жиі асқазан мен ішек ауруларында ағзада темірдің мөлшері азаяды.

Бала ағзасында темідің мөлшері азайғанда, тез шаршайды, терішең болады, басы жиі ауырып, құлағы шыңылдайды, көзі қарауытады, бензин не керосин иіскегенді жақсы көреді. Тәбеті төмендеп, әк пен борды, шикі ет, картоп және құм-балшықты жегенді ұнатады. Қаназдық кезінде баланың терісі құқылданып, шамадан тыс құрғап, қабыршықтанып тұрады. Тырнақтары жұмсақ, тез сынғыш, ал шаштары жұқа, сирек, көп түседі. Тістерінің эмалі тез бұзылып, үгілгіш келеді.

Мұндай балаларды уақытында сапалы емдемесе әлжуаз иммунитеті төмендеп, түрлі инфекцияларды тез кабылдағыш, аурушаң болып өседі. Сырқаттың бұл түрін құрамында темірі бар дәрілермен емдейді.

Емдеу кезіндегі негізгі мақсат темір тапшылығын жою ғана емес, сонымен катар ағзада темір қорын толтыруы болып саналады.

Казіргі кезде құрамында темірі бар дәрілерді қолданғанда мына қағидаларға сүйенген жөн:

- баланы емдеген кезде егетін емес, ішетін дәрілерді тағайындау керек, себебі темірі бар препараттарды еккен кезде аллергиялық реакииялар, абсесс, көктамырдың қабынуы, қан қысымының төмендеуі сияқты жағымсыз жағдайлар болуы мумкін.

- ағза құрамында II валентті темірі бар дәрілер III валентті темірі бар дәрілерден көрі жақсы сіңіріледі.

- баланың ағзасы дәріге ұйрену ушін алғаш темірі бар препаратгардың керекті емдік мөлшерінің жартысын берген жөн.

- темірі бар дәрілердін емдік мөлшерінің узақтығы 2-3 айдан кем болмауы керек. Содан кейін 1, 5-2 ай бойы ағзада темір қорын жинау ушін дәрінің емдік мөлшерінің жартысын қабылдаған жөн.

- дәріні тамақ аралығында жеміс-жидек шырындарымен қабышған дұрыс. Сүт не шаймен ішуге болмайды. Тәуліктік мөлшерін үшке бөліп ішкен жөн.

- темірі бар дәрілерді С, Е витаминдерімен қосып бергенде емдеу сапасы жоғарылайды.

- дәріні егіп емдеу тек қана сініру қабілеті бузылған асқазан-ішек ауруларында және бала ішетін дәрілерді қабылдай адмайтын жағдайларда ғана тағайындалу керек.

Ішетін дәрілерді таңдағанда оның жағымсыз әсерлері аз болатын түрлерін қарастырған жөн. Қазіргі кезде дәрілердің сұйық турлерімен емдеген ынғайлы және тиімді.

Өз тәжірибемізде осындай дәрілердің бірі - "Тотема" ("Иннотек, Интернасиональ" зертханасы, Франция) екендігіне көзіміз жетті.

Бұл дәрінің құрамында II валентті Ғе (темір) глюконатынан басқа ішекте темірдің сіңірілуін жақсартатын қалайы мен ағзада иммунитеттін дурыс қалыптасуына ықпалын тигізетін марганец бар. "Тотема" дәрісі біздің бөлімшеде "I, II дәрежелі қаназдық" деген диагнозбен емделген 30 балаға клиникалық сапасын және тиімділігін айқындау үшін тағайындалды.

Бұл топта 40% - 1 жасқа, 40% - 2-7 жасқа, 20% - 12-14 жасқа дейінгі балалар болды.

Ал 17 балада (57%) қаназдықтың жеңіл түрі, 13 балада (43%) орташа турі болды.

Бул балалардың ішінде 1 мешел, 3 дене салмағы аз, 3 аллергиялык диатезі, 3 дисбактериозы бар және 10 бала жиі ауратындар.

"Тотема" үш жасқа дейінгі балаларға күніне 3 мг/кг дене салмағына, үш жастан үлкен балаларға 45-60 мг/күніне, ересек балаларға 150 мг/күніне 2-3 қабылдауға бөлініп, тамақ аралығында жеміс-жидек шырындарымен бірге беріліп тұрды.

Дәрінің толеранттылығын айқындау үшін алғашқы 2-3 күн бойы оның жарты мөлшері беріліп, жағымсыз әсерлері болмаған жағдайда 4-5 күн ішінде толық емдік мөлшері берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір тапшылығы анемиясын парентеральды темір терапиясы арқылы емдеу: көрсеткіштер, препараттар және жанама әсерлер
Балалардағы АИТВ инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеудің клиникалық хаттамасы
Балалардағы анемия: түрлері, этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, алдын алу және емдеу
Балалардағы анемия: клиникалық көрінісі, себептері, жіктелуі және диагностикасы
Темір тапшылық анемиясын алдын-алуда учаскелік мейіргердің рөлі
Қынабы түскен сиырларды емдеудің клиникалық және фармакологиялық әдістерінің салыстырмалы тиімділігі
Балалардағы анемия: жіктелуі, патогенезі, клиникалық көріністері және емдеу принциптері
Балалардағы темір тапшылығына байланысты анемия: себептері, диагностикасы, клиникалық белгілері және емдеу-сақтану шаралары
Атопиялық дерматиті бар науқастардағы депрессиялық бұзылыстарды сульпиридпен емдеудің тиімділігі: Гамильтон шкаласы, SCORAD пен ДИКЖ бойынша клиникалық бағалау
Алтын Орда ішкі сауда кешенінде Деродент-Д препаратымен кеміргіштерді жоюдың тиімділігі мен экономикалық негіздемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz