ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН (1841-1889). Өмірі мен педагогикалық қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

(1841-1889)

Өмірі мен педагогикалық қызметі

Ы. Алтынсарин қазіргі Қостанай облысынң территориясында туып, өскен. Оның атасы Балғожа Жанбыршын ұлы Орта жүзінің атақты биі болған, орыс тілін білген. Ол Орынбор губерниясының шенеуніктерімен таныс болған. Балғожа қазақ жерінің Ресейге қосылуын ашық жақтаған және Кенесары Қасымовтың көтерілісін қолдамаған. Кенесарының өзіне қосыл деп шақыруына ол былай деп жазған:

. . . Сенің, сұлтан, дұшпаның,

Жалғыз патша емес-ті,

Қайда барсаң алдың

Құрылуы тұрған тор болар

Кішкентай Ыбырай жастайынан жетім қалған. Әнуар Дербисалиннің айтуынша, (өзінің «Ы. Алтынсарин» деген кітабында) Ыбырайдың әкесі Алтынсары ауырып қайтыс болған, ал оның шешсі Айманды қазақтың ұлттық салты бойынша әменгерлік жолымен Алтынмарының кіші інісі Қошанға күйеуге шыққан. Профессор О. А. Сегізбаевтың пікірі бойынша, Ыбырай 3-4 жаста болғанда оның ата-анасы Жанбыршы ауылына Кенесарының жасақтарының шабуылы кезінде қаза тапқан.

3-4 жасыннан бастап Ыбырайды (1846ж. ) Орынбордағы патша үкіметі ашпақшы болған қазақ балаларына арналған мектепке жаздырып қояды. Сол қағазында баланың аты-жөні «Ибрагим Алтынсарин» деп толтырылған. 1850 жылы Ыбырай бұл мектепке алғашқы алынған 30 баланың бірі болып түсіп, оқиды. 1857 жылы Ыбырай мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Сонан соң, Орынбордың басқармасында тілмаш болып істейді. Бұл кезеңде ол өзінің білімін жетілдіруге көп көңіл бөліп, орыс тілінде көп оқиды.

1860 жылы қазақтардың балалары үшін 4 бастауыш мектеп ашу туралы үкімет шешімі шығарылады. Алтынсарин Торғайда мектеп ашып, бала оқытуға сұранады. Ол бар болғаны 19-да еді. Сонымен, бір мезгілде ол тілмаш қызметін атқарады. 1869 жылдан бастап ол Торғай уезінде іс жүргізуші болып жұмыс істейді. 1879 жылы ол Торғай облысы мектептерінің инспекторы болады. Торғай, Ырғыз, Қостанай уездерінің оқу-ағарту ісін басқарады.

Ы. Алтынсарин қазақ жерінде қарапайым кедей балалары үшін орыс-қазақ мектебін ұйымдастыру үшін үресті, ол қазақ қыздарын оқытып, сауатын ашуға үгіттеді. Алғаш рет орыс графикасының негізінде қазақ алфавитын жасауға ниеттенді, бастауыш класта қазақ тілінде оқыту үшін оқулықтар дайындады. Ол ұйымдастырған мектептерде шәкірттер тек жазу ғана емес, сонымен қатар ән айтумен, гимнастикамен айналасты.

Алтынсариннің ағартушылық - тәрбие қызметі

Өзінің бүкіл күш-жігері мен денсаулығын қазақ халқын ағартуға жұмсады. Өзінің өлеңдерінде ол этикалық және эстетикалық көзқарасқа тәрбиелейді, ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білуге үйретеді.

Надандық белгісі -

Ақ, қараны танымас

Білмегенді білуге

Есті бала тырысқан,

Есер бала ұрысқан.

Адам бала кезден еңбектенуге үйренуі керек. Бұл туралы ол өзінің «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» мысалында айтады. Атасы немересін былай деп үйретеді: «Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жүруге жаратпаған».

Ағартушы - ұстаз адамның қалыптасуындағы тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы туралы айтады. «Бақша ағаштары» деген мысалда мынадай жағдай айтылады: «Әкесі баласымен бақшада жүрді. Мынау ағаш неліктен тіп тік, ана біреуі неге қисық біткен? - деп сұрады баласы. - Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, өз шығу қалыбымен өскен, - деді атасы. - Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, - деді баласы».

Ыбырай Алтынсарин басты нәрсе байлық емес екенін, бастысы ол не істей алады, неге қабілетті, ақ саусақ емес пе, басты нәрсе сол деп көрсетеді. Ол ойы «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде көрінген. Бай баласы Асан мен жарлы баласы Үсен бір күні ойнап жүріп көшкен жұрттан қалып қояды. Асан жылай бастайды. Ол ештене жасай алмайды, қорғансыз. Ал Үсен пысық, қолынан бәрі келеді, тамақ та тапты, көшіп кеткен ауылдарын да іздеп тапты.

«Таза бұлақ» деген әңгімесінде үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Сол жерде бір жазу тұр екен: «Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол», -деп.

Жолаушының әрқайсысы мұны өзінше түсіндіріпті.

Біреуі саудагер екен, ол айтты:

  • Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күні-түні тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де адам, тынбай қызмет қыл, еш уақытта жалқауланып, тоқтап қалма, сөйтсен, ақырында, сен де зорайып мұратына жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин өмірі
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы мен ағартушылық қызметі
Қазақ даласындағы педагогикалық ой-пікірдің сипаты
Ыбырай Алтынсарин көз жұмды
Ыбырай Алтынсарин - өткен заманның биік тұлғасы, қазақ педагог ағартушысы
Ыбырай Алтынсариннің қазақ халқының білім алуына қосқан үлесі
Кәсіптік орта білім беру
Ыбырай Алтынсарин публицист жазушы
Ыбырай Алтынсарин педагогикалық жүйесіндгі тәрбие
Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсарин
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz