Ыбырай Алтынсариннің жазған еңбектері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1) Ыбырай Алтынсарин.
2) Жазған еңбектері.
3) Адам және қоғам туралы айтқан ой пікірлері.
4) Қортынды.
5) Әдебиеттер тізімі.

Ыбырай Алтынсарин
Алтынсарин Ыбырай (Ибраһим) (2.11.1841, қазіргі Қостанай облысы,
Қостанай ауданы – 30.7.1889, Қостанай) – ағартушы, педогог, жазушы,
этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырайдың өз әкесі (Алтынсары)
ерте қайтыс болғандықтан, ол атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өскен.
Балғожа би немересін 1850ж. Орыбор шекара комиссиясының осы қалада қазақ
балалары үшін ашқан жетіжылдық мектебіне оқуға береді. Ресей үкіметінің
көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың
өз ішінен қызметкерлер әзірлеу еді. Мектеп оқушылары отаршылық саясат
рухында тәрбиеленуге тиісті болды. Бірақ жасынан зерек Алтынсарин бұл
мектептің оқу жүйесі шеңберінде қалмай, дүние жүзі әдебиеті мен орыс
әдебиеті классиктерінің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алды. Мектепті
бітіргенен кейін, 1857 – 1859 ж. аралығында Алтынсариннің атасы Балғожа
бидің хатшысы болды. Кейін Орынбор облысының басқармасына кіші тілмаштық
қызметіне ауысады. 1860ж. Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор
бекінісінде (Торғайда) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды,
сонымен бірге оны осы мектепке орыс тілінің мұғалімі етіп белгіледі.
Осыдан былай Алтынсаринның ағартушылық-педогогиялық қызметі басталды.
Шалғай түпкірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан,
ағартушылық идеялармен қанаттаған Алтынсарин көздеген мақсатын орындауға
құлшына кірісті. Ауыл-ауылды аралап халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен
мақсатын түсіндірді. Алтынсариннің талабы мен қадамын халық қуаттады.
Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Мектеп 1864 ж.
8 қаңтарда ашылды. Осыған байланысты үлкен той болып, сол күні мектепке 14
бала жазылды. Мектеп жайынан интернат ашылды. Алтынсариан дүние жүзі
педагоктарының классиктерінің гуманистік идеяларын басшылыққа алып, оларды
қазақ даласында оқу-ағартупрактикасына енгізген тұңғыш педагог болды. 1860
– 1679 ж.. арасында Алтынсарин мұғалімдік, ағартушылық қызметімен қатар
арагідік басқа да қызметтер атқарды: 1858 – 1874 ж. орынбор генерал-
губернаторының арнайы тапсыруы бойынша төрт рет Торғайдың уездік судьясы,
1876 – 1879 ж. Алтынсарин Торғай уездік бастығының аға жәрдемшісі болды.
Инспекторлық қызыметке кіріскен кезден бастап, Алтынсарйн зайырлық
мектептер ашуды қолға алды. Ең алдымен, ол облыст уез орталықтарында уч-
щелер ашуға шешім қабылдады.содан кеиін Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз
уездеріне бір-бірден екі класстық орыс-қазақ мектептерін ашты, олардың
бәрінде де кітапханалар ұйымдастыруға зор мән берді. Осыдан кейін болыстық
бастауыш мектептер ашу ісі қолға алды. Бұл үшін ол “Болыстық қазақ
мектептері туралы записка” жазды. Мұнда Алтынсарйн тек қазақ даласының
ғана емес, Ресейдің жартылай көшпелі аймақтарының өмір тіршілігіне бейім,
жазда көшіп жүретін, қыста бір жерде орнықты отыратын мектептің жаңа түрін
үсынып, халық ағарту жүйесіне елеулі үлес қосты. Алтынсарйнның ұсынысы
бойынша 1888 ж. 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ
жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылды. Оған Торғай,
Ырғыз қалаларындағы орыс-қырғыз училищелерініңжастар алынды. Алтынсарин
қазақжастары арасынан экономика салаларына қажетті мамандар әзірлеу ісіне
ерекше мән беріп, қолөнер ауыл шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі
жерін беретіні туралы өсиет қалдырды. Алтынсарин Ырғызда қазақ қыздары
үшін жанында интернаты бар мектеп аштырды. Мұның өзі қазақ халқының
тарихындағы маызды оқиға болды. Ол пата әкімшілігінен Торғай обылысының
барлық уездеріне қыздар училищелерінүйымдастыруды өтінді. Алайда рұқсат ол
қайтыс болған соң, екі жыл өткенен кеиін, Торғайда, Қостанайда,
Қарабұтақта, Ақтөбеде жанында интернаттары бар қыздыр училишелері ашылды.
Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет
депсанады.

Оқу
әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланыңынтасы мен қызығушылығын
артыруды көздедеі, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, әсіресе,
ана тілін үйретуде К. Д. Ушинскийдіңойларына жүгінді. Қазақ балаларының
таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ
училищесінде Ушинскийдің “Балалар дүниесін”, Л. Н. Толыстойдың “Әліппе
және оқу құралын”, Д. И. Тихоммировтың “Граматиканың қарапайым курсын” оқу
құралы ретінде ұсынды. Алтынсаринның пікірінше, мектептрге арналып
жазылатын оқу кітаптары өзінің идеалық мазмұны және нақты материалдары
жағынан ана тілінің және халқ даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс
болды. 1879 жылы оның “Қазақ хрестоматиясы” атты оқулығы және дидактық.
Оқу мәселесі жөнінде “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастуыш құралы”
жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқуға
арналған тұңғыш оқу құралдары болды. Алтынсаин өз мақалаларныда жерді
пайдалану қазақтардың отырықшылыққа көшуі, тағы басқа мәселелерді көрді.
Ресей империясының қазақ даласын отарлау қазақ еңбекшілерінің шұрайлы
жерлерін мемлекет қорына тартып алу жөнінде заң жобасына 1880 жылы “Орен
бургский литок” газетінде өз наразылығын білдірді.

Алтынсарин жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес
қосты. Ол қазақ жастарын, еңалдымен, оқу, өнер-білім, техниканы игеруге
шақырды (“Оқыңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар . Тілегенің алдынан,
Іздемейақ табылар”). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылтынына
мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыджахаттылық, талап пен сабырлық
қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап,
олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенінайтады (“Оқымаған жүреді,
Қараңғынықармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас”). Оқу,
білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір
үшін, болашақ үшін қажет екнін талдап көрсетеді (“Ана- енең қартайса,
Тіреу болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу”).
Жастарды өнер-білім, техналогияны игеруге үндеу ақынның Өнер-білім бар
жұрттар деген өлеңде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің
артықшылығы қандай, олар сол өнермен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің
талап-тілектері не деген секілді күрделі мәселелерді жастар алдына
көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер-білімді батыл игеруге
шақырады (Адамды құстай ұшырды, Мал істейтін жұмысты, От пен суға
түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан сусын ішірді).
Табиғат көріністерін жеке алып, нақты суреттеу Алтынсариннің лирикалық
өлеңдерінен басталады. Ақын өзінің Жаз, Өзен атты өлеңдерінде жыл
мезгілдерін шеберлікпен сипаттайды. Мұнда ол Жаңа жыл басы – Наурыздағы
елдің жайлауға көшкен бір сәнді кезеңін алып оны малдың төлдеуі, ақтың
көбеюімен, табиғат пен адамның өзара табыстап астасқан сәтімен қатар алып
суреттейді. Күн мен Жердің мейрім-шапағатын ата-ана кейпінде, ал қызыл
жасылгүлдерді жас балаға балап көрсетеді. Осы табиғат пен адам өмірін
салыстыра бейнелеу алтынсариннің қазақ поэзиясына әкелген жаңалығы болып
табылады.
Алтынсариннің төл әңгімелері қысқа да нұсқа құрылып, мазмұны жағынан
ұтымды келкді. Осыған орай оның Қыпшақ Сейітқұл, Киіз үй мен ағаш үй
тәрізді новеллаларын тілге тиек етуге болады. Бұлармен үндес Аурудан
аяған күштірек, Асыл шөп, Шеше мен бала, Бай мен жарлы баласы,
Таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ыбырай Алтынсарин ағартушы педагог
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Алтынсарин әңгімелері
Ыбырай Алтынсарин жайлы ақпарат
Ыбырай Алтынсарин әңгімелеріндегі құндылықтар
Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Ыбырай қазақ мектептерінің инспекторы болып жұмыс істеп жүргенде
Пәндер