Заттық құқықтың коллизиялық мәселелері


1. Заттық құқықтың коллизиялық мәселелері.
Меншік құқықығы халақаралық жеке құқықтағы ең басты орын алатын институттардың бірі болып табылады. Ол міндеттемелік құқыққа қарағанда әрдайы статикалық жағдайда болады. Ол сонымен қатар обсолюттік құқықтың бір түрі болып келеді және оның объектісі әрқашан анықталған нысанда болады.
Әртүрлі мемлекеттердің заңнамаларынада жылмайтын мүлікке құқық пен жылжымалы мүлікке құқықтың арасында алшақтық бар. Жылжымайтын мүлікке қатысты көптеген мемлекеттердің заңнамасы мен сот практикасы және құқық доктринасы жылжымайтын мүлікке құқық сол мүлік орналасқан жер заңымен анықталады деген принципке ұсталады. Жылжымайтын мүлік орналасқан жердің заңы ондай құқықтың мазмұнын, жылжымайтын мүлікке құқықтың өзгеру, тоқтау, пайда болу формасын да бекітеді. Әсіресе коллизиялық мәселелер жылжымайтын мүлік ретіндегі жерге қатысты пайда болады.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен жеке тұлғалары, егер оларда шетелде жеке меншікте жылжымайтын мүлігі болса, ондай мүлікке сол жылжымайтын мүлік орналасқан жер заңы бойынша иелене, пайдалана және билік ете алады.
Меншік құқығындағы басыты коллизиялық мәселелердің бірі жылжымалы мүлікке басйланысты ережелер болып табылады. Мүліктің мұндай категориясына байланысты мәселе мүліктің орналасу жері заңына байланысты әртүрлі мемлекетте әрқалай шешіледі, бірақ жылжымалы мүлікке байланысты мүліктің орналасқан жер заңы ерекше маңызды принцип болып белгіленген.
Егер бір мемлекетте нақты бір мүлік, айталы көлік, басқа адамның меншігіне заңды жолмен өтсе, ол мүліктің орнасу жері ауысса да оған меншік құқығы тпнылады. Яғни шетелде пайда болған меншік құқығы басқа елде танылады. Өйткені ол мүлік орналасқан жерзаңы бойынша меншікке заңды жолмен өткен болатын.
Жалпы ережеге сәйкес, меншік құқығының көлемі, ол меншік орналасқан жер заңымен анықталады (лекс реи ситае) . Осыдан көретініміз меншіктегі мүлік бір мемлекеттен екінші мемлекетке өткенде меншік иесінің меншік құқығының мазмұны да өзгереді. Және бұл жерде меншік иесіне алдындағы мемлекетте қандай құқықтар болғаны ескерілмейді, меншік иесін мүлкін басқа мемлекетке ауыстырғанда мүлікке қатысты алдыңғы елде болған құқықтарынан айырылуы немесе мүлікке қатысты жаңа құқықтарға ие болуы мүмкін. Жалпы айтқанда басқа менлекетте меншік құқығының пайда болу фактісі танылады да, бірақ оның мазмұны танылмай, оның мазмұны заттың азаматтығы заңымен емес заттың орналасқан жер заңымен анықталады.
Халықаралық жеке құқық доктринасында меншік құқығының өту кезеңі қандай елдің заңымен ретелетініне байланысты әртүрлі көз қарастар бар. Кей мемлекеттерде ол процесс мүліктің орналасу жер заңымен реттелуі керек десе, ал кейбір мемлекетерде ол процесс меншік иесінің жеке заңымен реттелуі керек деген пікірді айтады. Ұлыбритания мен Америка Құрама Штаттарында көп уақыт бойы ондай процесс меншіктің орналасу жер заңымен емес меншік иесінің жеке заңымен реттеледі деп айтылған болатын. Дайси бағдарламасында меншік иесінің жеке заңы принципінен мүліктің орналасу жер заңы принципіне өту туралы айтылған болатын.
Францияның құқығында меншік құқығының пайда болуы кейбір кезде мүліктің орналасқан жер заңымен реттелсе, ал мұрагерлік құқықта мүліктің басқа меншік иесіне өтуі мұра қалдырушының жеке заңымен реттеледі делінген. Бірақ бүгінгі меншік иесінің жеке заңын қолдануды жалпы ережеден ауытқу деп таниды. Жоғарыда талған принцип әлі күге дейін Агентинада және Бразилияда әрекет етуде.
Әдебиеттерде меншік құқығының ауысуын мүліктің орналасу заңымен реттеудің мәнін ашып түсіндіреді. Шетел заң әдебиеттерінде оның жергілікті азаматтық айналамның мүддесін қорғау үшін қоладанады дейді.
Сонымен қысқаша айтсақ, lex rei sitae:
- қандай заттар меншік құқығының объектісі бола алады екенін,
- құқықтардың көлемі мен мазмұнын;
- міндеттердің көлемі мен мазмұнын;
- меншік құқығының пайда болу, өзгеру және тоқтау негіздерін белгілейді.
Меншік құқығына байланысты коллизиялық мәселелер кейбір арнайы халықаралық шарттармен де реттеледі. Мысалы 1958 жылғы меншік құқығының өту кезіндегі қолданылатын құқық туралы Гаага конвенциясы меншік құқығының өтуіне байланысты бірнеше коллизиялық мәселелерді қарастырады. Және онда коллизиялық мәселелерді шешуде lex rei sitae байламы емес, міндеттемелік статут қолданылады. 1
Қазақстанға келер болсақ, меншік құқығына байланысты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 7-бөлімінің 6-тарауының, 4- параграфы бірнеше коллизиялық мәселелерді шешеді.
Біздің заңнама, меншік құқығының мазмұны, оған қолданатын заңды реттеуде мүлік орналасқан жер заңы қолданады дей келе, егер Қазақстан рЕспубликасында заң актілеріенде өзгеше көзделмесе, меншік құқығы мен басқа өзге де қозғалмайтын және қозғалатын мүлікке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің заңы бойынша анықталады деп бекітеді. Яғни, Қазақстанда lex rei sitae байламы танылады. Қандай мүлік қозғалатын немесе қозғалатын мүлікке жататындығы сол мүлік орналасқан жер заңы бойынша анықталады, яғни бір мүлік бір мемлекетте қозғалатын болып екінші мемлекетте қозғалмайтын мүлік қатарын кіргізілуі мүмкін.
Мысалы, Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлікке жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер, және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Ал Ресей Федерациясында жер учаскелері жылжымайтын мүлік құрамына кіргізілмейді.
Мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайла болуы не тоқтатылуы үшін негіз болған іс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады. Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, мәміленің нысаны болып табылатын мүлікке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдің осы мәміле бағындырылған құқығы бойынша анықталады. Ал алыну мерзімі ескіруі салдарынан мүлікке меншік құқығының пайда болуы аяқталған алу мерзімінің ескірген кезінде болған елдің құқығымен анықталады. Бұл біздің заңнаманың меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуына байланысты коллизиялық жағдайлады реттейтін ережелері.
Заңнама мазмұнынан егер мүлікке құқық оның орналасқан жері заң бойынша пайда болса, мүлік басқа мемлекетке ауысып ол мемлекетте ондай құқық пайда болу негізі көзделмесе де ол меншік құқығы тоқталмайтынын көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz