Аралас экономикалық жүйелер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

I БӨЛІМ . КЛАССИКАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

§ 1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Бұл тақырып жалпы экономикалық теория құрылымында ерекше орын алады, себебі ол осы зерттеліп отырған курсқа өзіндік әдістемелік кіріспе болып табылады.

Экономикалық ой-пікірлер негізінен ежелгі дүниеден бастау алады. Ежелгі Египет, Қытай, Үндістан, Грекия ойшылдары мен философтарының еңбектерінде экономиканың жекелеген құбылыстары мен процестері қарастырылған. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж. ж. ) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді. Оның зерттеулерінде экономика бірнеше салаға: ауыл шаруашылығына, қолөнерге және саудаға бөліп қарастырылған. Платон (427-347ж. ж. ) еңбек бөлінісі туралы, еңбекке мамандану мен олардың ерекшеліктеріне мән беріп зерттеген. Аристотель «Саясат» және «Этика» трактаттарында ең алғаш рет экономикалық процестерді, құбылыстарды қарастырады. Аристотельдің пікірі бойынша экономика шаруашылықты жүргізудегі әмбебап тәртіптердің жиыны болып табылады, яғни ол арқылы байлықты өсіруге болады. Ол байлық ретінде осы шаруашылықта өндірілген өнімдердің жиынын қарастырды. Сонымен бірге, ол шаруашылықты көркейту үшін айырбас, сауда қатынастарын дамытудың қажет екендігін түсінген.

Бірақ ежелгі дүние ойшылдары экономика туралы ілімді толық бір жүйеге келтіре алмады және де экономикалық құбылыстарды жалпы қоғамдық процестерден бөліп қарастырмады.

Сонымен, экономикалық теория шаруашылықты жүргізу туралы қолданбалы ғылым ретінде құл иеленушілік кезден бастап қалыптасты. Бірақ ол XVI-XVIII ғ. ғ. ғана саяси экономия (грек тілінен аударғанда политейя- қоғам, ойкос- үй, шаруашылық, номос- заң) деген атқа ие болды. Саяси экономия - бұл қоғамдық шаруашылықтың қызмет етуінің заңдылықтары туралы ғылым.

Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы- меркантилизм мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұғымын береді. Бұл мектеп өкілдерінің алға қойған мәселесі- мемлекет байлығының қалыптасу көздері мен нысанын анықтау. Қоғамдық байлықтың негізгі нысаны- ақша, алтын, ал оның пайда болу көзі- сауда деп білді. Меркантилистердің көзқарасы бойынша тауарларды шет елден арзанға сатып алып, мейлінше қымбатқа сату арқылы елдегі алтын ақша қорын молайтуға болады. Алтын ақша неғұрлым көп болса, соғұрлым қоғамның байлығы да мол болады. Бұл экономикалық ойдың кемшілігі- сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын артыратын күш бола алмайды, себебі айырбас саласында тек қана құн нысаны ауысады, байлық бөлінеді, басқаша айтқанда, тауар бір қолдан екінші қолға өткенде, ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.

Меркантилистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп- физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында жасалады. Мектептің негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго және т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндірістік процесі көрсетіледі.

Бірақ, олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі және халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны классикалық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди сынға алды. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық саяси экономияның басты табысы құнның еңбек теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың қоғамдағы ерекше рөлін атап, көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Құнның еңбектік теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия - еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты. Олардың бірі - маржинализм (французша marginal-шекті) мектебі . Олардың ортаға салған мәселесі- шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Яғни, кез-келген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, оның пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері - К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842-1924) . Оның басты еңбегі "Экономика ғылымының қағидалары" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847-1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторларының саны өскен сайын, оның өнімділігі кемиді. Сөйтіп, XIX-XX ғасырларда экономика ғылымын математикалық әдіс-тәсілдер арқылы зерттеуге негізделген мектеп пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушылар - М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.

Экономика ғылымында «laissez faire» қағидасын ұстанушы экономистердің де алатын орны ерекше. Олар Август Фридрих фон Хайек және Людвиг фон Мизес және т. б. Бұл ғалымдар өздерінің бүкіл шығармашылық өмірінде экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуына қарсы пікірді ұстанған. Ал XX ғ. басында Батыс елдерінде кең тараған дағдарыстық құбылыс рыноктық механизм арқылы экономиканы дағдарысты жағдайдан алып шығу мүмкін емес екендігі дәлелденді. Осы «Ұлы дағдарыс» кезеңінен бастап экономиканы қалыпқа келтіру мақсатындағы көптеген бағыттар өз зерттеулерін ұсынды. Солардың бірі кейнсиандық бағыт. Оның негізін қалаған ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнс. Оның «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» атты әйгілі еңбегі бар. Осы еңбегінде Дж. М. Кейнс экономиканы дағдарысты жағдайдан шығару үшін макроэкономикалық құралдарды, тиімді сұраныс қағидасын қолданып, жұмыссыздық деңгейін төмендету шараларын ұсынады.

§ 2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де әдістеме бірдей қажет. Әдістеме дегеніміз- ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру қағидалары туралы ілім.

Экономикалық теорияның пәні - адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» атты еңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпен байланысты қызмет түрлері деп түсіндірген. П. Самуэльсон көптеген мысалдар келтіріп, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген. Ол экономикалық теорияның бірнеше анықтамаларын берді. Олар:

  1. адамдар арасында ақшалай келісім-шарттар мен айырбасқа байланысты қызмет түрін зерттейтін ғылым;
  2. әртүрлі тауарды өндіру үшін және оларды қоғам мүшелері арасында бөлу үшін қажетті шектеулі ресурстарды пайдалану туралы ғылым;
  3. адамның күнделікті өмірде тұтыну мен өндіріс саласындағы міндеттерін жүзеге асыруды қарастыратын ғылым;
  4. байлық туралы ғылым.

Экономикалық зерттеу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмашылықтары бар. Бірақ, барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсіл қолданылады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны ғылыми жүйелеген неміс философы Гегель болып табылады.

Экономикалық процестерді танып-білудің бірнеше зерттеу әдістері бар. Олар: ғылыми абстракция, талдау және жинақтау, индукция мен дедукция әдістері, статистикалық мәліметтер жинақтау, болжамдар жасау және оны тексеру, тәжірибелер жүргізу, логикалық және математикалық модельдер жасау.

Ғылыми абстракция дегеніміз - зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу . Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нақтылыққа карай жүреді.

Талдау- экономикалық құбылыстарды жеке элементтеріне жіктеп, оның әрбір элементін біртұтастықтың қажетті құрамдас бөлігі ретінде зерттеу. Синтездеу- бұл экономикалық құбылыстардың жеке элементтерін біріктіріп, біртұтас зерттеу.

Индукция- жеке оқиғадан, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, қағидалар шығару.

Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Ғылыми жүйенің қалыптасуы индукция және дедукция әдістемелік әдістермен жүзеге асырылады.

§ 3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН ЗАҢДАР

Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т. б.

Экономикалық заңдар- адам қоғамы дамуының түрлі сатыларындағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну қатынастарын анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар - шаруашылық жүргізудің нақты тарихи нысандарының даму заңдары.

Жалпы экономикалық заңдар - барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық процестер күрделі және сан алуан. Олардың тұрақтылығы мен өзгергіштігі тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әртүрлі және әр типте болады.

Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардың даму заңдарын ашамыз. Бір маңызды, ескеретін жағдай, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды қатынастарды ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай, заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Солай бола тұрғанымен, экономикалық заңдар табиғат заңдарынан өзгеше. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-әрекетінен туындайды.

Экономикалық заңдар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп немесе жойылып кетіп отырады. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Әрдайым ескеретін бір нәрсе- ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни, адамдар өз еркімен, дербес шешімдер арқылы экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жаңа заңдарды жасай алмайды. Экономикалық заңдардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қоғамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдың, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты.

Алайда, экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-әрекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге қайшы келетін кез-келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық жүргізуде қиындықтарға, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену мен дамыту жолында осыны қатаң ескеру қажет.

ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

§ 1. ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМНЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ҚАТЫНАС

Адам қазіргі экономикалық ғылымда ғана емес, сондай-ақ өмірлік тәжірибеде де экономикалық өсудің соңғы және қорытынды межесі ретінде танылып отыр.

Адам - қоғамдық өмірдің басты қозғаушы күші, мәні, иесі. Адамзат қоғамын зерттеуде экономикалық теория ең алдымен, адамның өндіргіш күш және экономикалық қатынастардың субъектісі ретіндегі маңызын басты деп түсінеді. Адам - бұл басты өндіргіш күш, өйткені ол тек қана өнімді өндіріп қана қоймайды, сонымен қатар оны өндіруге қажетті өндіріс құралдарын өндіруде де, оны іске қосуда да рөлі зор.

Адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді, қоғамның аясында болады, соның өрісінде дамиды. Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы. Сондықтан қоғам дамуының сатыларына байланысты ол үнемі даму үстінде болады. Адамның өндірістегі орны, рөлі қоғам дамуына қарай арта түсуде, адамға қойылатын өндірістік, әлеуметтік және т. б. талаптар да күшеюде. Еңбектің сипаты мен мазмұны, ұйымдастыру, басқару тиімділігін арттыру, жұмыс жағдайлары мен жұмыс уақыты, еңбек белсенділігін арттыру және т. б. сан алуан жағдайлар қоғамда да әр түрлі болып келгені белгілі. Сондықтан өндіріс жүйесінде адам дамуының заңдылықтары әр түрлі қоғамдық құрылыстың дамуына сәйкес келеді, сонымен белгіленеді. Өндірісте адам факторының барлық қоғамға тән ортақ даму заңдылықтары бар. Олардың негізгілері: бірлескен жұмыс күшінің қалыптасуы; жұмысшылардың жалпы және кәсіптік білімінің өсуі; мамандық, біліктілік дәрежесінің артуы; маманданған еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігінің артуы; күрделі еңбектің басым болуы; кәсіптік құрамының және ой еңбегі мен дене еңбегінің ара қатынастарының өзгеруі; еңбек мазмұнының және жұмысшылардың өндірістегі атқаратын қызметінің өзгеруі; адам факторының маңызының арта түсуі; адамның интеллектуалдық дамуы, адам капиталының қалыптасуы және т. б.

Экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі- өндірістік қатынастар немесе өндіру, бөлу, айырбас және тұтыну.

Экономика- қоғамға қажетті өмірлік игіліктерді жасау және оларды пайдалану арқылы адамдардың және жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын шаруашылық жүйесі.

Шаруашылық қызметі мақсатты іс-әрекетті білдіреді, яғни шаруашылық жүргізудегі адамдардың күш-жігерін жұмылдыруы, ол белгілі бір есептеулерге негізделеді және де олардың әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталынады.

Адамдардың шаруашылық қызметі әр түрлі құбылыстар мен процестердің күрделі және шырмалған кешенін білдіреді, теориялық экономика оның төрт кезеңін бөліп көрсетеді: өндірістің өзі, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс- қарапайым түрде бір нәрсені өндіру, яғни қоғамдық тұтынудың қандай түрін болсын қанағаттандыруға қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерді жасау процесі. Осы кезеңде экономикалық ресурстар- жер, капитал, еңбек, кәсіпкерлік қабілет сынды өндіріс факторларының өзара ұштасуы қажет.

Ал экономикалық ресурстардың өзі: 1. Материалдық немесе табиғи ресурстар - жер мен капиталдан. 2. Адам ресурстары - еңбек пен кәсіпкерлік қабілеттен тұрады.

Өндіру - бұл адамның өмір сүруі және жетілуі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді жасау процесі.

Бөлу- бұл өнімнің өндірісіне қатынасқан шаруашылық субъектілерінің тиісті үлестерін анықтайтын қоғамдық өндірістің бір кезеңі.

Айырбас- бұл материалдық игіліктердің және қызметтердің бір субъектіден екіншісіне өтудегі қозғалыс процесі, және де заттардың қоғамдық айырбасын білдіретін өндірушілер мен тұтынушылардың қоғамдық байланысының нысаны.

Тұтыну- бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндіріс нәтижелерін пайдалану процесі. Осы төрт кезең өзара байланыста болады және өзара әрекеттеседі. Өнімдердің айналымы процесіндегі қоғамдық өндірістің осы төрт кезеңде атқаратын рөлі маңызды әрі әрқилы болып келеді.

§ 2. ӨНДІРІСТІҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ

Адамдардың қажеттіліктерін тұрақты өтеу үшін қоғамда экономикалық қорлар жеткілікті болуы керек. Экономикалық қорлар дегеніміз - тауар өндіріп және қызмет көрсетуге пайдаланылатын барлық табиғи, адам және адам қолымен өндірілген ресурстар.

Табиғи ресурстар - бұл тауарлар мен игі қызметтерді өндіру кезіндегі пайдаланылатын табиғи игілік. Оған жер, су, орман, газ, мұнай кен орындары және т. б. кіреді және де олар өндірісте қолданылады.

Өндіріс факторлары : жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал жатады, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер факторы жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, оны сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің "жемісі" емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану әуел бастан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда "жер" ұғымы ең кең мағынада қолданылады. Ол белгілі өлшемде табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылық - жердің өзі, су ресурстары немесе қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір учаскелері адамның өндірістік қызметіне ықпал етеді.

Еңбек адамның мақсатқа сай қызметі, еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де еңбек. «Адамды адам еткен- еңбек», - деп айтудың өзі де жайдан-жай емес. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу-өнер, ғылымды игерді.

Еңбек өндіріс факторы ретінде игіліктер мен қызметтерді өндіру кезінде пайдалануға болатын адамның мүмкін болатын барлық қабілеттері мен дағдыларын қамтиды. Бұл жерде еңбек адамның мақсатты іс-әрекеті емес, жұмыс күші ретінде қарастырылып отыр.

Жұмыс күші - адамның дене еңбегі және рухани күштерінің, оның еңбекке деген қабілетінің жиынтығы. Өндіріс процесінде жұмыс күшін пайдалану еңбек болып табылады немесе табиғат заттарын өзгертуге, оларды адамдардың қажеттіліктеріне бейімдеуге бағытталған адамның мақсатты іс-әрекеті. Іс-әрекеттердің саналылығы, мақсаттылығы, олардың қажетті нәтижеге жетуге бағыттылығы, еңбек процесі кезінде өндіріс құралдарын дайындау және пайдалану, сондай-ақ жинақталған тәжірибелермен ақпарат алмасудың барлығы адам еңбегін сипаттайды.

Капитал өндіріс факторы ретінде өндірісте қолданылатын ғимараттардан, құрал-жабдықтардан, құралдардан, көлік құралдарынан, өткізу құралдарынан және жартылай фабрикаттар қорынан тұрады.

Капитал көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда, адамның қабілеті, білімі. Бірқатар экономистер капиталды тек өндіріс құрал-жабдықтары деп қарайды. Мұндай пікір саяси экономияның классиктерінен тараған. А. Смит капиталды жинақталған еңбек деп, ал Д. Рикардо капиталды өндіріс құрал-жабдықтары деп тұжырымдаған. Қазіргі экономистердің еңбектерінде де мұндай анықтамалар кездеседі. Мысалы, П. Самуэльсон мен Нордхаустың "Экономикс" деген еңбегінде, капитал дегеніміз экономикада басқа тауарларды өндіруге арналған, ұзақ мерзімді қолданылатын игіліктер деп түсіндірілген. Бұл игіліктерге сансыз станоктар, жолдар, компьютерлер, жүк машиналары, өндірістік үйлер және т. б. жатады. Кейбір зерттеушілер капитал ұғымын ақшамен байланыстырады. Мысалы, Дж. Робинсон "Қазіргі экономикадағы күрделі қаржы" деген еңбегінде, "Капитал қаржыландыру көзі болмай тұрып, ақша сомасы ретінде танылған", - деп жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТҰРПАТТАРЫ
Экономикалық жүйелердің негізгі үлгілері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар жайлы
Экономикалық жүйелер және оның мәні
Экономикалық жүйелер туралы
Экономикалық жүйенің мәні мен тұрпаты және оның салыстырмалы тиімділігі
Аралас экономиканың қалыптасуының теориялық ас – пектісі
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты жайлы ақпарат
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері, даму сипаты туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz