ЖЕЛДІҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Бұзылу-тозу. І-тарау.
  3. Желдің геологиялық әрекеті ІІ-тарау.
  4. жер бетінің суларының геологиялық жұмысы ІІІ-тарау.


Кіріспе

Экзогендік процестердің негізгі энергия көзі, Күннің жылу энергиясы және гравитациялық күштер болып саналады. Олар төрт топқа: 1) үгілу; 2) үгілу өнімдерінің жаңа орынға тасымалданып көшуі, яғни орын ауыстыруы; 3) аккумуляция (шоғырланып жиналу) ; 4) диагенез (шөгінділердің тасқа айналуы болып ажыратылады.

Үгілу (выветривание - немісше «веттер» - ауа райы деген мағынада) процесі деп, жер қыртысын құрайтын алғашқы заттардың (магмалық, метаморфтық және шөгінді жыныстардың) жер бетінде табиғи жағдайда үздіксіз жүріп жататын (физикалық, химиялық және биохимиялық) әр түрлі әрекеттердің нәтижесінде (ыстық ауа мен салқын ауаның кезек алмасуы, Жауын-шашын, су мен жел, ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газының және әр түрлі қышқылдардың химиялық әсері, күн радиациясы, тірі организмдер мен өсімдіктердің-әрекеттері) байқалатын өзгерістердің жиынтығын айтады.

Денудациялық (латынша «денудацио» - ашылу) процесс - үгілу заттарының денудациялық агенттердің (гравитациялық күштер, мұхиттар мен теңіз сулары және атмосфералық сулар мен құрлық сулары, мұздықтармен соққан жел әрекеттері) күшімен жайа орынға тасымалданған тау жыныстарының орын ауыстыру әрекеттерін қамтиды. Бұл әрекеттердің нәтижесінде жер беті тегістеліп, тегіс пішінді бедер түрлері қалыптасады.

Аккумуляциялық (шөгінді қабаттардың жиналуы) процестердің нәтижесінде, алғашқы жыныстардың (магмалық, метаморфтық) үгілу заттары жер бедерінің ойыс немесе шұңғыл аудандарында (өзен аңғарларында, көлдер мен батпақтарда, мұхиттар мен теңіздерде) тұнбалар түрінде шөгінді қабаттар түзіледі.

Диагенез - борпылдақ шөгінді қабаттардың цементтеліп, шөгінді тау жыныстарына айналуына әсерін тигізетін термодинамикалық күрделі процесс. Мысалы, құмнан - құмтас, жұмырланған малта тастан - конгломерат, су жәндіктерінің қалдықтарынан - қабыршақтас (ракушняк), өсімдіктер қалдықтарынан - торф, тас көмір қабаттары пайда болады, ал құмға араласқан ізбесті лайдан ізбестас түзіледі.

Экзогендік геологиялық процестердің барлығы да бір-бірімен өте тығыз байланысты. Бұл әрекеттердің қарқындылығы әр түрлі геологиялық, физикалық-географиялық және т. б. көптеген факторларға тәуелді.

Олардың ішінде жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары, климаттық жағдайы мен геологиялық құрылыс ерекшеліктері, бедер пішіндері және уақыт мерзімдері маңызды роль атқарады. Экзогендік процестердің арқасында жер қыртысының топырақ қабаты және әр түрлі пайдалы қазбалар құралады. Пайдалы қазбалардың дүниежүзілік мөлшерінің 60%-і экзогендік процестерге байланысты түзілген кен-орындарынан өндіріледі.

Сонымен қатар өзен, көл және теңіз жағалауларының бұзылуы, құлама жарқабақтардың опырылып құлауы немесе сырғып-жылжуы, қар көшкіндері, тау беткейлерінің бұзылып-шайылуы, терең сайлардың ұлғаюы және кейбір аудандардың батпаққа айналуы секілді қолайсыз жағдайлар экзогендік геологиялық процестердің нәтижесі болып саналады. Әрине, мұндай күтпеген оқиғалардың халық шаруашылығына тигізетін зияны орасан зор.

Кіріспе

Жер тарихындағы барлық өзгерістер екі түрлі күш әсерінен туған. Ішкі күштер жинағы эндогендік, сыртқы динамиканы экзогендік пен жинастырады. Олар, әрине, қашанда болса бір-біріне ықпал тигіізіп отырады да ішкі күштердің әрекеті өктем орын алады.

Бұзылу-тозу (выветривание) деп тау жыныстарының жер бетіндегі әр түрлі физикалық, химиялық, органикалық факторлар әсерінен өзгеріп, бұзылу, күлпарша үгілу процестерін айтады. Бұзылу термині орыс тілінде де, қазақ тілінде де күрделі құбылысты тегіс қамтымайды. Соны ескерген А. Е. Фереман бұл құбылысты «гипергенез» деген терминмен анықтаған болатын. Бузылу процестерін басымдылығына байланысты үш түрге бөледі: 1) физикалық, 2) химиялық және 3) органогендік. Ескерте кету керек - олар қашанда болсын қатарласа жүреді де араларына нақтылы шек қою қиын.

Физикалық бұзылудың негізгі факторы: күн сәулесі (инсоляция), соған байланысты температураның тәуліктік, маусымдық өзгеруі, су ылғалының механикалық әсері. Температура көтерілген кезде тау жыныстарын құрайтын минералдардың көлемі ұлғаяды да температура төмен түскенде олар қысылып, көлемі кішірейеді. Әсіресе әр минералдың көлемдік және ұзындык ұлғаю коэффициенті әр түрлі болуының себебінен көп компонентті тау жыныстары (мысалы, гранит, габбро, гнейс) тез және жетік бұзылады. Ақырында минералдың өзара ұстасуы кеміп, жыныс жарықшақтанып, кесектерге бөлінеді. Жыныстың бұзылуына оның түсі мен мөлшері де себепкер болады. Күрең, қара түсті минералдар күн сәулесінен тез қызады, соған байланысты күрең жыныстая және ірі кристаллы жыныстар тез бұзылады. Температуралық бұзылу әсіресе температурасы құйқылжыңы әуәсі құрғақ, әсімдік жабуы селдір елкелерде болады. Мұндай жағдай алдымен шөлді белдеуте тән.

Шөлде десквамация (чешушение - қабыршықтану) жиі тарайды. Жыныс кесектерінің беткі тұсынан үлкенді-кішілі қабыршақ - ластинкалар қыртыстанып бөлініп түседі. Температуралық бұзылу сол сияқты ауасы тұнық, күн қызуы кеп болғандықтан қар мен мұзда ашық тау бастары мен баурайларында күшті жүреді.

Механикалық бұзылу агенттердің механикалық әсерінен болады. Әсіресе ылғалдың әсері күшті. Су тамшылары жыныс жарықшақтары мен кеуегіне жиналып, қатқан шақта оның келемі 10 проценттей өседі де тасты сына ұрғандай жарып жібереді. Оны аяз бұзылуы деп те атайды және бұл әрекет алдымен полярлық жоғарғы белдеуілер мен биік таулар беткейлерінде кездеседі. Мысалы Үлкен Алматы көлінің маңы тегіс үлкен-кіші сандық пішінді тау жыныстарының кесектерінің қорымынан тұрады.

Сол сияқты тау жыныстарының жарылып, сынуын үгілуіне ағаштардың тамыр жүйелері мен ін қазу жануарлар себепкер болады. Ағаш тамыры өскен сайын тасты сынадай жарып, жолындағы кесектерді ығыстырып отырады. Ағаштың бір түрін қазақтар «тасжарған» деп тегін атамаған. Құмырысқалардың, жаңбыр құрттарының, кейбір насекомдардың, құстардың (мысалы, жағалауындағы торғай тұқымдастар), кеміргіштер тұқымы (суыр) жыныстарды қуыстап, үнгілеу әрекеті әркімге болсын жақсы таныс.

Физикалық тозудан жер бетінде қойтас, қырлы жұмыр кесектер, ұсақ үгінділер, қала берсе құмдар ынтығы түзіледі.

Химиялық тозудың (үгілудің) басты агенттері су, тек, көмір қышқылды газ, органикалық қышқылдар агенттер алдымен гумидті тропиктік, субтропиктік белдеулерде жетік, оның үстіне химиялық өзгерістерге беруші температура да жоғары. Химиялық тозу-үгілуде химия пәнінен жақсы таныс тотығу, гидратация (сулану), еру, гидролиз реакциялары жүреді.

Тотығу процестері әсіресе шала тотықты темір, марганец т. б. элементтерге қанық минералдар арасында толық жүреді де, олар тотықтарға, сулы тотықтарға, сульфаттарға айналады. Мысалы, сульфиттердің өзгеруін пирит арқылы көрейік:

Реакцияның басында темір сульфаты мен күкірт қышқылы пайда болады. Қышқыл бұзылу қарқынын одан әрі күшейте түседі, ал темір сульфаты темірдің тұрақты қосындысы лимонитке (қоңыр теміртасқа) айналады. Пирит болса басқадай мыс, қорғасын, мырыш сульфидтерімен парагенезисте кездеседі. Олардың қосындылары жақсы еритіндіктен төмен ығысады да лимонит жер бетін жабады. Осындай қабатты қазақтар жоса, жосалы (железная шляпа) деп атайды. Ол астында түсті металдар кені барлығының айғағы. Бұл жолы тотығу, артынан сулану реакцияларын көріп отырмыз.

Гидратация реакциясында минералға су молекуласы қосылып, оның көлемі ұлғаяды да жыныс арасын бұзады. Мысалы, ангидрит гипске көшеді:

Қызыл теміртас қоңыр теміртасқа ауысады: Ғ 2 О 3 + Н 2 О = Ғе 2 О 3 2 О.

Еру. Су мен көмір қышқылды газдың әсерінен галогенді тұздар, сульфаттар, әктастар ерш кетеді. Олардың еру қабілеті көрсетілген реттей. Жер үстіндегі және жер асты суларының еріту нәтижесінен аталмыш жыныстар қабаттарының үстінде, арасында карст процестері өрбіп, апан, шұңқыр, әжімдер, үңгірлер, пайда болады.

Гидролиз. Күрделі гидролиз процесінің әсерінен минералдар ыдырал, кейбір элементтер ысырылады да, олардың орнына гидроксилдер тобы кіреді. Гидролизден минералдардың алғашқы кристалдық құрылымы бұзылып, жаңадан пайда болған гипергендік минералдар түзіледі. Үлгі ретінде алюмосиликаттарға бай (гранит, гнейс) жыныстарындағы дала шпаттарының ыдырауының тәсілін көрсетуге болады:

К, Nа (АlSі 3 О 8 ) + Н 2 О + СО 2 + О 2 → (К, Nа) НСО 3 +

ерітіді

+ Аl 4 (Sі 4 О 10 ) (ОН) 8 + SіО 2 · nН 2 О

каолинит ақық

К, NаСа катиондары бикарбонаттар түзіп, ерітіндіге көшеді және ылғалы мол болса төмен ағып кетеді. Климат құрғақ, ылғалы жетімсіз болса, карбонаттар жаралған жерінен аумай қатты қайызғаққа айналады немесе аздаған ғана тереңдікте өтеді де бәрібір шөгеді.

Дала шпаттарының қаңқа құрылымы бұзылып, каолиниттің және сол сияқты сазды минералдардың тақталы құрылымын құрайды. Кремнеземнің бір сыпырасы сумен шайылып, коллоидқа көшіп, артынан гидратты тұнбаға - ақыққа (SіО 2 · nН 2 О) айналады.

Пайда болған каолинит жер беті жағдайына төзімді минерал. Дегенмен жоғары температураға, атмосфералық ылғал жеткілікті органикалық қышқылдар беретін өсімдіктер қалдықтары көп тиімді жағдайда каолинит те бұзылып, ең тұрақты боксит тобы түзіледі. Көп минералды тау жыныстарынан темір, магниттің гидратты тотықтары шығады. Түбі ақ түсті каолинит пен бокситтердің, үнемі қызғылт, қоңыр түске боялуы сол сулы темір тотығына байланысты.

Органикалық бұзылу . Тау жыныстарына биохимиялық, әсер олардың тас бетіне алғашқы микроорганизмдер - қына мен мүктер қоныстанғанда-ақ басталады да олар жайлаған жерде шұңқырлар пайда болады. Олар шіріп біткенде шұңқырында биомасса қалдықтары жиналып, жоғары сатылы өсімдіктер мен жәндіктерді жайылуына жағдай жасайды. Кейінгілер жыныстан қосымша Р, S, Са, Мg, Nа, Sr, В сияқты керегіне жарамды химиялық элементтерді сорып алып, тасты бұзады.

Биогендік тозура организмдер тіршілігіне байланысты бөлініп шығатын оттек (фотосинтез арқылы), органикалық қышқылдар мен көмір қышқылды газы едәуір себепкер болады. Органикалық дүниенің жыныс массасы бұзуын жеделдету климат белдеулеріні өсімдік топтарының күйіне бағынышты. Мысалы, өсімдікке бай тропиктік өлкелерде топырақ ылғалы қышкыл болады да жыныс қабаттарын тез бұзады.

Климат, жердің бедері, жыныс құрамы, тағысын тағыларына байланысты бір жерде химиялық, басқа жерде физикалық не органогендік бұзылу басым болады. Табиғи жағдайда тау жыныстарының бұзылу-үгілу жолы біркелкі болмайды. Бұл жай алдымен жыныс жарықшақтығына байланысты. Жарықтары жиі өңірде атмосфера ылғалы мен басқа қоспалар тез және оңай кіріп, үгілу процесі де терең жүреді. Ақырында үгілу жайыла келе құздар арасында ірі қуыс-жыралар, ұя-ойпаңдар пайда болады. Тау жыныстарының құрамы, беріктігі әр түрлі болса, нашар қабаттары тез бұзылып, тез ериді де неше түрлі адам таңданарлық мүсінді жартастар, құздар пайда болады.

ҮГІЛУ ҚАБЫҒЫ

Үгілу-тозудың барысында пайда болған жыныстар тобыны бір түрлері орнынан азды-көпті жылжып, ауысуы мүмкін. Ал, көпшілігі сол пайда болған жерінде аумай-көшпей сақталады да олардың жиынтығын элювии (латынша «элюо» - шаю) деп атайды. Ол үгілу қабығын (кора выветривания) кұрайды. Кейінгінің негізгі өзгешелігі - ол түгелдей бастапқы жыныстың бұзылған қалдықтарынан түзіледі. Үгілу қыртысының құрамы мен қалыңдығы әр түрлі факторларға байланысты. Алдымен жоғары температура мен мол ылғал, беті жайпақ, жазық бедер қолайлы. Одан соң өсімдіктердің қалың өсуі, көп минералды магмалық және метаморфтық жыныстар және жыныстың тозу-үгілу мерзімі ұзақ болуы шартты.

Ағын су әсерінен тау, жыраға тілімделген жас таулы өлкеден түзіле бастаған үгілу қабығы оп-оңай жуылып-шайылып, ысырылып кетеді. Жыныстың химиялық бұзылуы ақырына дейін жетпейді, тек физикалық үгілуден пайда болған ірілеу кесек жыныстар ғана қалады. Ең қалың (80-100 м) үгілу қабығы айтылған факторларға байланысты жылы тропиктік және субтропиктік белдеулердің жазық өлкелерінде түзіледі. Үгілу қабығының тік қимасында белгілі жолмен бағытталған рет болады. Қабықтың табанында түпкі жыныстардың уатылған кесектері орналасады да ол бірте-бірте әр түрлі балшықтар қыртысына көшеді. Одан жоғары темірдің сулы тотықтарымен тарғылданған каолинит горизонты орналасады. Әбден бұзылған үстіңгі беті алюминий мен темірді, кейде кремнийдің сулы тотықтарынан құралған кірпіштей қызыл өңді, өзі қатты қабаттан тұрады. Осындай бұзылу қабығын латериттік (латынша «ла-тер» - кірпіш) қабық деп атайды. Жоғарыдағыдай реттелген қабаттардың шектері өзара біртіндеп қана белгіленеді. Әсіресе астыңғы түпкі жыныс шегін айқындау Қиынға түседі. Ол ойқы-шойқы келеді де ірі жарықтар ойымен тереңге таралады.

Шөл және қуаң далаларда элювий негізінен түпкі жыныстардың оншалық өзгермеген үлкенді-уақты кесектерінен тұрады. Тундралық және полярлық белдеулерде де солай.

Бұзылу қабығы бокситтің, каолиниттің, никель, кобальт, темір тотықтарының кені. Оларға қосымша көптеген сирек металдардың ерімейтін (мысалы, қалайытас, титан минералдарының) қоры.

Геологиялық ерте дәуірлерде тозу қабығы қазіргі кезден гөрі күшті және аумақты тараған көрінеді. Протерозой эрасының бұзылу қабығы Карелия мен Украинада, девондық бұзылу қабығы Тиман қыратында, мезозой мен төменгі кайнозой қабықтары Орал, Сарыарқа және оларға шектес Сібір аймақтарында бар. Кейінгі өлкелерде бұзылу қабығының қалыңдығы 100 метрге жетеді. Белгілі Аманкелді боксит кеніштері - осы үгілу қабығы. Сарыарқадағы Қайрақты вольфрам кеніші үшін де бұзылу процестерінің қатысы бар.

Көне үгілу қабаттарын, олардың құрамы мен құрылымын ұқыптап зерттеудің теориялық маңызы да зор. Бұзылу-тотығу кезінде берік, шомбал, қатты магмалық метаморфтік және шөгінді жыныстар уатылып, майдаланып, миннералдар күрделі химиялық өзгерістерге ұшырайды. Осының бәрін жел қағып, су шайып, мұздар мен жерасты сулары тасымалдайды.

Топырақ және оның түзілу жолы. Жер қабығының ең үстіндегі барлық тірі дүниеге қорек беретін топырақ бұзылу-үгілу процесімен тығыз байланысты. Оны желдің «есі» десек те болады.

Топырақ деп құрамында органикалық құнарлылық қасиеті бар кұрлықтың бет қыртысын айтамыз. Топырақ тау жыныстарына судың, ауаның, күн энергиясының өсімдік пен жан-жануарлардың бірігіп жасаған әсеріне түзіледі, ол әлі де даму жолында. Сондықтан топырақты каскеттері жер-жердің табиғи өзгешеліктерімен адамзаттың шаруашылық қызметімен тығыз байланысты.

Жоғарыда баяндалғандай дүниенің биологиялық айналма жолында өлі органикалық заттар шіріп, шірінді жасайды да топырақ түзілуіне соның маңызы күшті. Органикалық қалдықтар тез және толық шірісе, олар толық минералданады. Егер оттек жетімсіз болса олар шала бұзылады да жаңа тұрақты органикалық қосындылар түзеді. Өңі қоңыр, не қара осы затты шірінді (перегной) немесе гумус (латынша «гумус» - топырақ) деп атайды. Топырақтың құнарлылығы 85-80% гуминдік заттар құрамына кірген гумуске тікелей байланысты. Ол топырақтың күш-қуат беретін байлығы. «Арысаң ат береді, ашықсаң тамақ болады».

Топырақтың түрлері, оның құрамы, биоклиматтық жайы, астыңғы субстраттың литологиялық өзгешелігі және оның рельефтегі орнына байланысты. Орыстың көрнекті ғалымы В. В. Докучаев топырақ белдеулері жазық аймақтарда ендік бойынша, таулы өлкелерде биіктігіне қарай ауысатынын көрсеткен болатын. Ғалым сөзімен топырақ дегеніміз - жер қабығының игілікті қыртысы. Топырақтың типтері: 1) тундра мен тоғайлы тундра; 2) орманның күлгін және шымдыкүлгін; 3) орманның сұр және орманды даланың қара; 4) шалғын даланың қара; 5) қуаң даланың сарғылт және қоңыр; 6) қуаң дала мен шөлдің құба топырағы; 7) сор және сортаң; 8) қуаң субтропиктің қоңыр топырағы; 9) ылғалды тропиктің қызыл, сарғыш топырағы.

Топырақ жамылғысы жер-дүниенің ең бір басты қазынасы. Ол жұтаң күйге ұшыраса, адам баласы ашаршылыққа душар болады. ЮНЕСКО-ның зерттеуі бойынша, дүниеде жыл сайын ауыл шаруашылығына тиімді 5-7 млн гектар жерден ада боламыз. Осы қарқынмен ғасыр аяғына таман 50-70 млн гектар құнарлы жерден айрылады екенбіз. Бұл Литва немесе Латвия республикасының жеріне тең. 1990 жылы игерілген тыңнан 700 млн тонна астық өндірдік, есесіне 1 млрд тонна гумустен айрылдық. Ал 100 жылда 1 см ғана топырақ жаралады. Ендеше Жердің топырақ бүркенішін көздің қарашығындай сақтап, өңдеп күту керек.

ЖЕЛДІҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ӘРЕКЕТІ

Ежелгі гректер жел құдіретін Эол деп атаған, сондықтан желдің геологиялық жұмысын эол әсері дейді. Ол ысқырған ауа толқынының тау жыныстарына көрсеткен күш-қимылына байланысты. Содан жыныстар бұзылады, үгіледі, құз беттері мүжіліп, тегістеліп, қашаланады. Пайда болған үгінді желмен көтеріліп, бір жерден келесі жерге ауып көшеді де жел басыла келе жер бетіне үйіледі.

Эолдық эсер желдің типі мен жылдамдығына бағынышты. Ауа массасы көбінесе жердің бетін жағалай соғады. Жел күші мен «қылығы» ақылға сыймайды десекте болады. Бірнеше қызық мысалдар айта кетейік. Кұйын тұрғанда ол тауықтардың жүнін, жастықтың тысын көз ашып жумғанша жұлып әкетеді, орманды, үйлерді құлатып, көліктерді аударып кетеді. 1904 жылы Мәскеу қаласының үстінен өткен құйын бірнеше секөнд арасында өзеннің 12 тонна суын «қылқып алып» өзен түбі сәл шақ құрғап қалыпты. 1953 жылы тамыз айында Ростов қаласының үстінен еткен құйын ғасырлар бойы аман тұрған Кремльдің төбесін қиратып, маңындағы Неро көлінің 10 млн тонна суын «жұтып» кеткен. Құйын өзі сорып алған құм, шаңмен қоса барлық заттарды 10 - 13 м/с жылдамдықпен көтеріп әкетіп, оларды ондаған километр алысқа апарып тастайды. Сонан со көмбеден аршылған теңгелер, судан сорылған балықтар мен бақалар, қираған асханадан «қымқырылған» шұжықтар (Австралия, 1989 жылғы ақпан) аспаннан жерге жауып көрген жұртты таңқалдырады.

Тозаң кұрамына қарай дауыл қара, қоңыр, сарғылт, қызыл, қала берсе ақ та болады. 1992 жылы Жамбыл облысының Байқадам ауылында аспаннан қызыл шаң жауған. Қейбір дауылды жел үнемі бір бағытта, бір мезгілде соғады. Мысалы, Сахарада туатын хамсин солтүстік бағытта тура. 50 күн үрлейді. Онтүстік Ауған шөлінен теріскейге соғатын «ауған» желі 40 тәулік ішінде 1-3 күн аялдамамен гуілдейді. Ебі дүлей желі Жоңғар кақпасын бойлап, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 3-7 тәулікке шейін соғады; жалпы алғанда 70 - 100 күнге созылып, жылдамдығы 60-80 м/с жетеді. Ебі қазан-ақпан айларында нығайып, жаз бойы саябырлайды. Ебі желі туралы түңғыш ғылыми деректі Шоқан Уалиханов жазды.

Жел күші жазықтан гөрі биіктікте күшті, ендеше оның әрекеті таулы жерде айқын көзге түседі. Жел әрекеті әсіресе құрғақ климатты, тәуліктік, маусымдық температуралары ауытқымалы аймақтарда күшті, сондай ақ өсімдігі селдір, ендеше жыныс беті ашық жерлерде қатты келеді. Ондай өлкелер - шөл дала, тау басы, теңіз жағалауы.

Ауа ағысына шарпылға үгінділер ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір мезгілде жер бетіне түсіп, үйіледі. Желдің геологиялық жұмысы мынадай процестерге бөлінеді 1) тау жыныстарының бұзылып-мүжілуі (дефляция мен корразия) ; 2) үгілген затты көтеріп әкетіп, көшіру; 3) эолдық аккумуляция - үгіндіні үйіп шөгіндіру.

Дефляция және корразия. Дефляция (латынша үрлеу, үрлену) деп жер бетіне шыққан тау жыныстарының жел әсерінен бұзылу, үгілу, артынан үрленіп ұшу процестерін айтады. Егер ауа ағыны ылғалға немесе құм-шаңға қанық болса оның бұзу қабілеті де басым болады. Қатты бөлшектер арқылы қажап бұзуды корразия (латынша қашау, қырлау, жону) дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желдердің геологиялық әрекеттері
Жер бетіндегі ағынды сулардың геологиялық жұмысы. Селдер. Қар еруі. Желдің геологиялық әрекеті
Жер қабығының құрамы
Жел
Геология пәнінен дәрістер
Оңтүстік Балқаш маңы аумағының шөлдену мәселелері
Ландшафт түзуші құрайтын факторлар
Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары
Геология –жер туралы ғылым
Төтенше жағдайлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz