Фирмалық жарнама



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті

Тақырыбы: Фирмалық жарнама
Орындаған: Сәндібек Алмагүл Сәндібекқызы
Факультет: Гуманитарлық ғылымдар және өнер
Дизайн 421 топ
Тексерген: Муканова Айнур Турлановна

Атырау 2020 жыл
Коммуникациялық қызметте жарнама аса кең көлемде қолданылады. Меркетингте жарнама: тауар өндірушінің (сатушының), тұтынушының немесе сауда делдалының тауарды неүшін сатып алуы қажет екендігі жөнінде ақпарат жеткізуші механизм ретінде қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, жарнама - потенциялдық тауар алушыларға немесе делдалдарға фирманың ұсыныстары жөнінде дұрыс жөн сілтеу құралы болып есептеледі.
Ол белгілі бір тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер. Жарнама латын тілінен аударғанда айқайлау (reclamare) ұғымын сипаттайды. Ол белгілі бір тапсырыс берген демеушінің атынан тауарды тартымды көрсетуге және оны сатып алушыға қарай жылжытуға бағытталған ақылы әрекеттер.
Жарнаманың төмендегідей ерекшеліктері бар:
* Қоғамдық сипаттама алады;
* Үгіттеуге қабілеттілігі бар сатушы жарнама арқылы өзінің хабарландыруын бірнеше рет қайталай алады;
* Мәнерлік - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге болады;
* Иесіз жарнама монолог ретінде ғана жасалады:
Жарнаманың мақсаты тек қана тауар өткізуді ұлғайту деп түсіну дұрыс емес. өйткені тауарды өткізу немесе фирманың нарықтағы үлесін көбейту маркетинг процесінің негізгі мақсаты, ал жарнама болса - соны жүзеге асыру құралдарының бірі ғана. Сондықтан тауар өткізудегі табыстылық немесе сәтсіздікті түгелімен жернама үлесіне жатқызу әділ болмайды.
Кейде жарнаманың жалпы тауар өткізу процесіне қатысы болмауы мүмкін. Мысалы, фирма білімі жоғары мамандарды өз жұмысына тарту үшін де жетістіктері жөнінде жарнама құралдарын пайдалануға мәжбүр болады. әйтсе де жақсы ұйымдастырылған жарнамалық құлақтандырулар тауарға деген сенім тудыруда және фирманың атағын шығаруда қолайлы әрі таптырмайтын механизмдердің қатарына қосылады.
Жарнаманың қоғамдық рөлі оның адамдардың санасы, көзқарасы, пікірлері мен мінез-құлқының қалыптасуына әсерін тигізуде. Сәннің (мода), стильдің және дизайнның беталысын (тенденциясын) көрсету арқылы жарнама адамның эстетикалық қажеттілігіне әсер етеді.
Жарнама сұраныс пен ұсыныс жасауға, бәсекенің пайда болуына, инвестиция үйіруге, өткізу нарығының кеңеюі мен сайып келгенде, жалпы экономиканың және оның әр түрлі саласының дамуына әсерін тигізеді. Бұл жарнаманың экономикалық рөлін ерекшелейді.
Жарнама тек өнім туралы ақпарат беріп қана қоймай, оның тұтынушы санасынада әлдебір бейне ретінде қалыптасуына әсер етеді. Осыдан жарнаманың коммуникациялық рөлін байқауға болады.
Жарнама тауар сұранысының, өткізу көлемігің және фирма пайдасының өсуіне әсер етеді. Бұл оның маркетингтік рөлін көрсетеді.
Жарнаманың тарихи дамуы ерте замандардан басталған. Бұл туралыең алғаш жазба тарихи құжаттарда айтылған. Жерорта теңізі елдерінде жүргізілген қазбалар бойынша археологтар әр түрлі оқиғалар және ұсыныстар жазылған маңдайшаларды тапқан. Римляндар гладиатор сайыстары жөнінде қабырғаларға құлақтандырулар ілген, ал финикийстер әр түрлі салтанатты шерулер кезінде шың - құздарды суреттермен әшекейлеп, онда өз тауарларын мадақтаған. Осының бәрі қазіргі сырт жарнаманың негізін салушылар. Помпейдің жарына жазылған бір суреттемелерде бір саясаткерді мадақтап, адамдарды соған дауыс беруге шақырған.
Ертеректегі жарнаманың тағы бірін жаршылар кейіптенген. Ежелгі Грецияның Алтын ғасыры Афин көшелерінде құлдарды, малды және басқа тауарлардың сатылуы туралы хабарлаушы жаршыларды көрген. Афинаның ежелгі тұрғындарына арналған жарнаманың өлеңінде былай делінген Көзіңіз жарқырасын, бетіңіз қызылтатсын, қыздың әдемілігі ұзақ сақталсын, есті әйел косметиканы дұрыс бағамен сатып алады.
Ертеректегі жарнаманың тағы бір түрі қолөнершілердің өз тауарларына, мысалға, қыш бұйымдарға салған таңбалары болған. Қолөнершінің атағы тараған сайын, сатып алушылар оның таңбасы салынған тауарларды іздейтін болған. Қазіргі күндері осы мақсаттарда тауар белгілері және марка атаулары пайдаланылады.
Жарнама тарихының маңызды бір бет бұрысына Гутенбергтің баспа станогін ойлап шығарған 1450 ж. жатады. Жарнама берушіге өзінің хабарлама қағаздарының қосымша даналарын қолдан жазып тарату қажет болмаған. Бірінші баспа түріндегі құлақтандыру 1478 ж. ағылшын тілінде пайда болған.
1622 жылы Укли Ньюс деп аталған ағылшын тіліндегі бірінші газеттің шығуына байланысты жарнама қуатты ынталандыруға ие болған. Одан кейінірек Эддисон және Стил Тэттлер газетін шығарып, жарнаманың үлкен жақтаушылары болған. Бұдан кейін радионың, ал кейінірек теледидардың ойлап табылуы жарнаманы таратудың тамаша екі құралының пайда болғанын көрсетеді.
Бастапқыда жарнаманың даму орталығы Ұлыбритания болды, кейіннен әлемдегә жарнама шығындарының жартысынан көбі АҚШ-қа ауысты.
Біздің елімізге келетін болсақ, социолизм кезіндегі өнімдердің жоспарлы бөлінісі жарнаманың маңызын жоққа шығаруға шақ қалды. Ал тәуелсіздік алып, экономиканың дамып келе жатқандығының нәтижесінде біздің елде де жарнамалық қызмет қарыштап дамып келеді.
"Gallup Media Asia" деректері бойынша, 2002 жылы Қазақстандық жарнама бюджетінің жалпы көлемі ЖҰӨ-ң 0,34%-ын құрады. Бұл көрсеткіштерді батыс елдерінің деңгейімен салыстырсақ, АҚШ - та жарнама шығыны ЖҰӨ-ң 2,1-2,2%-ын, Францияда - 1%-ын, ал Ресейде - 0,65% құрады.
Әлемнің ең ірі жарнама берушілерінің тізіміне "Procter g Gamble" компаниясы бірінші орында. Оның жарнама шығындары 1993 жылы 3,6 млрд. доллар немесе компанияның сату көлемінің 15,5 %-на жуық болды.
Кейбір жарнама берушілер тікелей БАҚ - тың жарнама бөлімдерімен өзара әрекет жасап, жарнамаларын орналастырады. Ал басқалары жарнама агенттіктеріне тапсырыс береді. Қазақстан нарығындағы жергілікті жарнама агентіктеріне "Proba", "Pro - Media Counsel", "Das - Marketing" сияқты жетекші агенттіктерді жатқызуға болады.
Негізгі жарнама берушілер болып өндірушілер, бөлшек - көтерме саудагерлері, мемлекеттік емес ұйымдар және т.б. табылады. Қазақстан нарығында негізгі жарнама берушілер - шетелдік компаниялар. Мәселен, "Unilever"-дікі - 2,8 млн. доллар, "LG Electronics", "Coca - Cola" компанияларынінкі 1,9млн. доллар болады. Отандық жарнама берушілер бюджет бойынша шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алмайды.
Жарнама агенттіктері - жарнама қызметін ұсынатын делдалдар болып табылады. Олардың көбі бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау, жарнама орнын немесе уақытын сатып алу, жарнама науқанын шығармашылық өңдеу және жарнаманы жасау сияқты қызметтерді ұсынады. Жарнама беруші оны шығаруға байланысты кейбір қызмет түрлерін өзі жасай алады. Жарнама агенттіктерін таңдаған кезде жарнама бағасын, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін, қызметінің сапасын талдау керек.
Көрсетілген қызмет көлеміне байланысты жарнама агенттіктері әмбебап және мамандандырылған болып бөлінеді.
Әмбебап жарнама агенттігі ақпарат және жарнама қызметінің барлық аумағындағы қызметін ұсынады. Осындай агенттіктерге "Стикс","Юлия", "Триумф", "Бизнес Магазин", "Алина" және басқалар жатады.
Мамандандырылған жарнама агенттігі жарнама қызметінің белгілі бір түрін ғана ұсынады. Мәселен, "Герона", "Гридан", "Биік" агенттіктері кең өрісті полиграфиялық қызметтерді, визуалды жарнама жасайтын жаңа технологияларды ұсынады. Жарнама уақытына ие болушы фирмалар алдын ала үлкен көлемде БАҚ- тан орын сатып алады, содан кейін оны жарнама берушілерге және жарнама агенттіктеріне сатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жарнама қызметінің нарығында 788 жарнама агенттіктері тіркелген, ал оның саны Жапонияда - 4000-ға жетеді.
Жарнама агенттіктерінің барлық түрлері өздерінің пайдасын бұқаралық ақпарат құралдарынан түсетін комиссиялық алым немесе көрсетілген қызметтері үшін үстеме баға қою арқылы тауып отырады.
Жарнама агенттіктері қызмет барысында көптеген жарнама түрлерімен жұмыс жасайды. Яғни, әр жарнаманың өзіндік ерекшелігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Графикалық жарнамалардағы геометриялық фигуралардың маңыздылығы
Фирмалық стильдің негізгі элементтерін жобалау
Жарнаманың тарихи кезеңдері
Паблик релейшнз (PR) - туралы түсінік және оның әлеуметтік ортамен байланысы
Шығармашылық үйдің визуалды имиджі
Маркетингтік коммуникация түрлері
Маркетингтегі коммуникация
Жарнама және өткізуді ынталандыру
Сыртқы жарнама түсінігі және оның өзіндік ерекшеліктері
Маркетингтік коммуникациялар туралы
Пәндер