Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
Эссе қалай жазылады?
Posted on 04162010 by Іңкәр Оспанбек
Бүгінде ЖОО-да берілген біліміді бағалау үшін ЭССЕ көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да ЭССЕге бөлінеді. Азғантай тәжірбиеммен бөліссем деп едім ...
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium - құрау ) - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал эссе сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты - авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты - белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:
:: Жеке көзқарастың көрінісі;
:: Фактілі дәлелдер (аргументтер);
:: Теоретикалық негіздеме;
:: Терминдерді қолдану;
:: Цитаталарды келтіру;
:: Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;
:: Логикалық заңдылықтың сақталынуы;
:: Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;
:: Сауаттылық (пункт., орфогр.);
:: Юмор, сарказм;
:: Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Эссенің жазылу құрылымы:
1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;
2. Тақырыпты дамыту: Тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).
Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер. 2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.
Бағалау талаптары. Бірінші әдіс:
1. Тақырып, проблеманы ашуда жеке көзқарас, позиция, қарым-қатынас көрініс табуы. 2-1-0.5-0
2. Проблема теоретикалық деңгейде негізделіп терминдер дұрыс қолданылуы. 1-1-0.5-0
3. Қоғамдық өмір немесе жеке тәжірбиесіне сүйенген фактілі дәлелдер. 1-1-0-0
Екінші әдіс:
Жалпы білімі-knowledgeable max 30
Сөздік қор-Vocabulary max 20
Тілді қолдану деңгейі (сан есім, сын есім, етістіктер, т.б.) max 25
Сауаттылық-Mechanics max 5
Айсұлу Молдабекова
Эссеге дайындалу мен оны жазу жолдары
⇐ Предыдущая123456
Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы - тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге ... кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы - бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек.
Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет;
Эссеге көптеген көркемдегіш құралдарды қолдану тән (бұл - метафоралар, аллегориялық образдар, символдар мен салыстырулар).
Кез келген эссенің мазмұны мен сапасы төмендегілерге байланысты болмақ: оқыған әдебиет бойынша конспект, дәрістер, пікірсайыс материалдары, автордың осы мәселеге байланысты көзқарасы мен өмірден жинақтаған тәжірибесі.
Бар материалды өңдеу (жүйелеу, дәлелдеу).
Дәйектеу (бар материалдың эссе тақырыбына сәйкес келуі).
Эссе жазу үдерісін бірнеше кезеңге бөлуге болады: проблеманы анықтау - ойлану - жоспарлау - жазу - тексеру - түзеу.
Эссе жазуда практикалық қадамдар:
1 - қадам. Контексті анықтаңыз.
Егер сізге эссе берілсе, онда кейбір өлшеуіштер анықталады: бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, бірыңғай аудитория (мысалы, бөлім басшылары). Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы.
2 - қадам. Тақырыпты таңдаңыз.
Әдетте тақырып сіз үшін таңдалды, бірақ сіз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға болады. Онда эссе жазу қиынға соқпайды. Сіз негізгі тезисті анықтап аласыз, бірақ ол шеттен шықпау керек. Қажет болған кезде ойыңызды жалғастыруға болады. Тезис - бұл эссеңізде бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысқаныңыз, мысалы Менің кәсібім - дүниеде ең жақсы. Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмасын, эсседе сіз айтатыңызды сиғызу қажет.
3 - қадам. Ақпаратты жинаңыз.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, сізге ақпарат қажет, сіз жазып отырғаныңыз ғылыми факт немесе жеке байқауларыңызды жазатын болсаңыз, фактілер қай жерден басталатынын байқаңыз. Сіздің көзқарасыңызды жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар аудармаңыз. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады.
4 - қадам. Эссені жоспарлаңыз.
Басты ойыңызды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Сіз жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алыңыз. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтайтыңызды ойластырыңыз. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастырыңыз, параграфтарға атау ойлаңыз.
5 - қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз.
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ойды анықтаңыз. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Өз жоспарыңызды сақтаңыз, сөйлемдеріңізді логикалық тәртіпке келтіріңіз. Барлық негізгі идеяларды жазып болған соң, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазыңыз.
6 - қадам. Қорытынды жазыңыз.
Өз негізгі идеяларыңызды жинақтап, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасаңыз. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды?
7 - қадам. Кіріспені жазыңыз.
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болған соң оқырманға не туралы жазатыңызды хабарлаңыз. Тезистік дәлелдемені түсіндіріңіз және оны қалай дәлелдейтіңізді жалпы суреттеңіз. Төмендегі қарапайым сөз тіркестерін қолданбаңыз: Эссе мына туралы... немесе Бұл эссе тақырыбы ... немесе Қазір мен сізге .... Жалпы дәлелден бастаңыз, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және сіздің көзқарасыңызға қысқаша шолумен бекітіңіз.
8 - қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.
Эссені басынан аяғына дейін тексеріңіз. Бір сөйлем екінші сөйлемге дұрыс жалғаса ма? Бір абзац екінші абзацқа? Әрбір дәлел алдыңғысымен байланысты болу керек. Егер сізге ой тәртібі мен абзацтар құрылымы ұнамаса, оларды өзгертіңіз.
9 - қадам. Қателерді тексеріңіз.
Мәтінді қатеге тексеріңіз: грамматикалық, пунктуациялық, стилистикалық. Қайталанатын сөздер, әдеби тілдің нормасына нұқсан келтіретін сөздерді қолданбаңыз, пунктуацияны тексеріңіз.
Жиі кездесетін қателіктер:
1. проблема ашылмайды;
2. автордың жеке позициясы көрінбейді;
3. теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;
7. келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;
8. қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. логиканың болмауы.
Қосымша мәліметтер:
1. Эсседе бейнелеу, афористік, парадоксалдық қаралу керек.
2. Эссе авторы дүниені жеке қабылдауын ұсыну үшін көптеген мысал келтіреді; жарыстыра салыстырады; ұқсастықтарды іріктеп алады; әртүрлі байланыстарды қолданады.
3. Эссеге көптеген көркем құралдарды пайдалану тән: метафора, салыстыру, аллегория, символ және астарлы образдар.
4. Егер эсседе болжап болмайтын қорытынды, күтпеген жағдайлар, қызықты байланыс болса, онда ол қызықты да жақсы болып келеді.
5. Сөйлеу құрылымы жағынан эссе - бұл ауыз екі сөйлеу ырғағы және лексикаға бағыттау, сұрақтарды, пікірталас сөздерінің динамикалық ауысып келуі.
Есте сақтаңыз! Эсседе зерттеген мәселе бойынша сіздің қатысыңыз ғана бағаланбайды, оны дәлелдей білуі бағаланады. Ең бастысы - өздігімен жұмыс жасай білу және ашық ой.
ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар:

:: Сауаттылық (пунктуация., орфография.);
:: Юмор, сарказм;
:: Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.
Бағалау межелері:
ü эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы;
ü тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы;
ü талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы;
ü нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы;
ü эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы;
ü қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы;
Эссе, оның құрылымы туралы жеткілікті теориялық мәлімет алдыңыз деп ойлаймыз.
Енді сол талаптар бойынша жазылған эссе үлгісін ұсынамыз.
Эссенің тақырыбы: Ұрпағымын ұлтымның
1.Тақырыптың мазмұнын ашатын жоспар құрыңыз.
Эссе құрылымы үш бөліктен тұрады. Сіздің жоспарларыңыз да үш бөлімнен тұруы керек. Жоспарды өзіңіз жазатын эссенің мақсаты, пайдаланатын деректер мен дәйектер қозғайтын мәселелерге байланысты құрыңыз. Ол жоспарда Сіз жазуға тиісті барлық пікірлердің түйіні берілгені жөн.
2. Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. Эссе мазмұнының логикалық желіде біртұтастықпен құрылу үшін қыстырма құрылымдар мен шылаулар, тірек сөздер және сөз тіркестерін пайдалану қажет.
Төмендегі тірек сөздерді эссе жазу барысында қолдану ұсынылады: ұлт болашағы, ұлт тағдыры, байтақ жер, жастар ие болып қалады.
Сіздің әрекетіңіз:
Ұсынылған тақырыпты түсініп, онда түйінделген мәселені нақтылаңыз.
Эссеңізге баяндалатын жағдаятты ойша бірнеше бөлікке бөліп алыңыз.
Әрбір бөлікті қамтитын жоспар құрыңыз.
Эссенің кіріспесін жазыңыз. Эссе жазудың бұл кезеңінде өз жұмысыңызда қандай жауап іздейтініңізді анықтау қажет.
Негізгі бөлімде тарихи, саяси-экономикалық өмірден, кітаптан,өзіңіздің тәжірибеңізден алынған мысалдар ендіре отырып, нақты деректер мен дәйектер арқылы тақырыбыңызды ашуға тырысыңыз. Эссені жеке ұстанымыңыз, пікіріңіз, көзқарасыңыз айқын көрінетін қорытындымен аяқтаңыз.
1-тапсырма
Жоспар
І Ұлт ұрпағы
ІІ Кең байтақ жер
ІІІ Әр адам өз ұлтымен мақтана алады
2- тапсырма
Ұрпағымын ұлтымның
Қазақ деген ұлттың өкілі болу - зор бақыт. Мен - сол бақытқа ие болған жанның бірімін. Қазақылықтың бәрін сүйемін. Күмбір-күмбір қара домбыра даусынан басқа әсем дауыс жоқтай. Жастарға ақ батасын жаудырған аппақ сақалды қарияның тілегінен артық ешкім айта алмастай. Құдалардың алдында құрдай жорғалағаны да жарасатын секілді. Еркежан деп жұмсайтын ақ жеңешелерімнің тауып айтатын, кейде тіпті сойып салатын әзіл-қалжындарына төтеп бере алмай, қызарақтап жеңілген қандай ғанибет!
Басқаны қайдам, ақ кимешекті әжелердің Ай, құрдас, ән айтсайшы, - деп қасындағыларға қолқа сала отырып, олардың әу деуін күтпей-ақ, Жүгіріп шықтым белестен, Белес жақын емес пе, Осы отырған отырыс, Бір ғанибет емес пе-ай! деп биязы жүнін түтіп отырып айтар қазақ әнінен өзге әнді тыңдағым келмейді. Жаны дарқан, жүрегі жұмсақ, қолы ашық, көңілі дария қазақ баласымын.
Осындай ұлтқа мекен болған кең-байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған батыр бабаларым-ай!
О шеті мен бұ шетіне көзің жетпейтін, шапса тұлпардың тұяғы тозатұғын, ұшса қыранның қанаты талатұғын қазақ жері - менің де жерім.
Жасыл жайлау түкті кілем боп қазаққа төселіп жатыр. Ақ бас тауы өр мінезді қазақ баһадүрі секілді мызғымай қасқаяды. Қыр мен қыраты, шөл мен шөлейті сабырыңды сынайтын, шыдамыңды шыңдап, шалқар шабытыңды шақыратын сырлы өлке де - менің Отаным.
Ұлт болашағы ұстамы мықты, ұят пен намысты ту еткен ұлдарының қолында. Ұлан-байтақ берекесі тасып жатқан елге еміренер ер керек. Ері де бар, ерім дейтін елі де бар. Қазақ ұлтының тағдыры үшін алаңдамаймын. Халық барда тіл де, дәстүр де, қасиет те жоғалмақ емес. Киелі жерге жастар ие болып қалады. Қазақ жастары - білімді, озық ойлы, алдына мақсат-міндет қойған Қазақстанның ертеңі.
Эссенің жазылу дәрежесіне талдау жасайық және бағалау межелері бойынша бағалап көрейік:
ü эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы -10
ü тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы -10
ü талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы; ұғымдар мен құбылыстардың өзара байланысын талдауда салыстыру мен жинақтау әдістерін шебер пайдалануы; көтерілген мәселеге өзіндік баға бере алуы -10
ü нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін сақтауы ( публицистикалық стильде жазылған) -10
ü эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы -8 (көлемі берілген талаптан аздау болғанмен, ол тақырыптың ашылуына айтарлықтай нұқсан келтірмейді)
ü қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы -10.
Эссені бағалауға қойылатын талаптар:
1. Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі - 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір - 1 дәлел (мысал) - 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі - 1 абзац).
2. Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.
3. Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын...), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.
Эссе балл қою жүйесімен төмендегі көрсеткіштер бойынша бағаланады:
(34) эссе тақырыбының сәйкестігі - 10 балл;
(34) мәселені берілген тақырып аясында нақты дәлелдемелермен шешу - 10 балл;
(34) жұмыстың академиялық стильде жазылуы - 10 балл;
(34) өзіндік тұжырымдардың берілуі - 20 балл;
(34) мағыналық тұтастық, ой байланыстылығы, мазмұндаудың жүйелілігі - 10 балл;
(34) ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты жеке бағалау - 20 балл;
(34) ұғымдар мен құбылыстарды талдау кезінде салыстыру мен жинақтау тәсілдерін қолдана алу қабілеті - 10 балл;
(34) жұмыс цитаталарды қолдану ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz