Тұщы су


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

СРО

Саян Даму

Тұщы су - минералдану дәрежесі 1 г/л-ден аспайтын табиғи су атауы, минералдануы 1%-дан кем су. [1]

Жер бетіндегі судың көлемі 1400 млн текше шақырым. Оның 2, 5 пайызы, яғни 35 миллион текше шақырымы ғана ішуге жарамды тұщы су. Егер де адам саны (қазірдің өзінде 7 миллиард) жылдан-жылға өсе берсе, алдағы 30-40 жылда бір жұтым су табудың өзі жер шарының кейбір аймақтарында қиямет-қайымға айналмақ. БҰҰ зерттеуінде алысқа бармай-ақ 2030 жылдары 5 миллиард халық тұщы судың зардабын тарта бастамақ. Бұл - әлемдегі халықтың 67 пайызы ауызсуға қаталайды деген сөз. Дамушы елдердегі аурулардың 80 пайызы сапасыз суды пайдаланғаннан болуда. Содан жыл сайын 3 миллион адам шейіт болады екен. Шөлді, шөлейтті, жартылай шөлейтті болып келетін Қазақстанда суға қаталап жатқан ел. Бүгінгі күні Қазақстанда жер үстіндегі сулардың көлемі 42 млрд т. м. құрайды. Ал жерасты суларының қоры 19 млрд т. м. 2012 жылы қаңтар соңында Ресей ғалымдары Антарктида мұзын 30 жыл бұрғылап, 4000 метр тереңдіктен әлемдегі аса ірі тұщы көлді тапты. Ол көл жалғыз емес екен. Мәңгілік мұзды аймақта ірілі-уақты 80 көл бар болып шықты. Егер де ол суларға қолжетімді болса, жер бетіндегі халықты 150 жыл ауызсумен қамтамасыз етуге болады екен. Бірақ тұщы су мұз астында, тым тереңде жатыр

Дүние жүзінің көптеген елдерінде тұщы су тапшы. Адамдардың өмір сүруіне ең қажетті табиғи зат болғандықтан, онымен қамтамасыз ету жолдарын іздестіруде. Дүние жүзінде ең бірінші Қазақстанда Каспий теңізінен алынған ащы теңіз суын тазартатын қонырғы Ақтау қаласында салынған. Ол қазір қаланы тұщы сумен толық қамтамасыз етіп отыр. Таза, Тұщы судың азаю себебі табиғаттағы таза су көздеріне зауыт, фабрика, тұрмыстық мекемелер пайдаланған лас сулар, ауыл шаруашылығында пайдаланылған тыңайтқыштар және зиянкестерге себілген улы химикаттар қосылып, табиғи таза су ластанады. Әсіресе өнеркәсібі жақсы дамыған, халық жиі қоныстанған Еуропа мемлекеттері тұщы суға зәру.

Тұзды су - құрамындағы еріген тұздардың мөлшері >24, 69 г/кг. болатын теңіз суы. Мұндай сулар былайша ажыратылады:

а) минералдылығы 3 г/дм 3 (г/кг) дейінгі өлсіз тұзды (элсіз түздылау), кұрамы әдетте гидрокарбонатты және сульфатты, кейде хлоридті су;

ә) минералдылығы 3-10 г/дм 3 (г/кг) орташа тұзды (өте түздылау) су, құрамында сульфаттар, содан кейін хлоридтер басым болып келеді;

б) минералдылығы (10-36 г/дм 3 ) (10-35 г/кг) өте тұзды, хлоридтер мен сульфаттар басым су. [1]

Тұзды судың негізгі ерекшелігі (тұщы және сортаңды суларға қарағанда) қатуы мен ең үлкен тығыздығы температурасына тең; құрамында 15-50 г/л еріген минералды заттары бар табиғи су.

Тұзды суды мұзға айналдыру әдісімен тұщыландыру - тұзды сулы ерітіндінің мұз болып қатуы кезіндегі құрамдық бөлшектерге бөліну құбылысы, әдетте, тұщы су 0°С қатқан кезде тұщы мұз кристалдарын құрайды.

Тұзды суды химиялық жолмен тұздан арылту - тұзды судағы еріген тұздардың катиондары мен аниондарын бөліп алу арқылы тұщыландыру әдісі.

Тұщы суларға - көлдер, өзендер, бұлақтар жатады. Олар атмосфера жауын

шашынынан пайда болады. Тұщы су қоймаларының көлемі 4 млн. квадрат км. Барлық материктің су қоймалары терең емес, орташа тереңдігі 1000 метрдің шамасында. Тек Байкал көлінің тереңдігі -1600 м, не болмаса Танганьика колінің тереңдігі -1435 м. аспайды

Тұщы су қоймалары біркелкі орналаспаған. Тұщы су қоймаларында: басаяқты моллюскалар, теріинелілер мүлдем жоқ. Немертиналар, көпқылтаңдылар саны аз. Ішек қуыстылар мен губкалардың бірең сараң түрлері кездеседі. Тек тұщы суларда бауырымен жорғалауышар жақсы тіршілік етеді. Соған қарамастан тұщы сулардың фаунасы теңіз фаунасынан пайда болады. Қазірдің өзінде теңізден көлге, өзенге жануарлар өтіп тіршілік етуде. Тірі организмдердің тұщы суларда тірішілік етуіне қоршаған орта факторлары әсер етеді.

Оларға -судың химиялық құрамы, температурасы, судың қозғалысы жатады. Су қысымы тұщы суларда роль атқармайды. Теңіз суының негізгі тұзы -хлорлы натрий -тұщы суларда болмайды. Тек кейбір көлдердің сулары тұзды болады. Судың тұздылығы 0, 3 -0, 5 %, ал Каспииде 12-17 %, Өлі теңізде 230% болады.

Кейбір жануарлар судың тұздылығының өзгеріп тұруына бейімделген. Оларды эвригалиндік организмдер дейді. Белгілі бір тұздылықта тіршілік ететіндерді стеногалиндік дейді. Судың температурасы жануарлар тіршілігіне айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Судың температуралық тұрақтылығы жергілікті жердің климатына, орналасқан орнына байланысты. Ішкі суларда тіршілік ететін жануарларды эвритермдік ағзалар дейді. Температуралық аутқүлар анда санда болып тұрады.

Тұщы суларда жарықтың түсуі айтарлықтай роль атқармайды. Жарық судың түбіне дейін жетеді де, фаунасының бай және әртүрлі болуына әсер етеді. Жарықтың мол түсуі өсімдіктің көп болуына әкеледі, соның арқасында О 2 көбейеді, жануарлар азығы, өсімдіктер көбееді. Жануарлар қарқынды өсіп дами бастайды, саны көбееді.

Тұщы су қоймаларында сулардың жағалауға келіп қайтуы болмағандықтан су ағыстарының рөлі ерекше. Әсіресе тау өзендерінде ағыс өте жылдам, ал кейбір көлдерде мүлдем ағыс жоқ. Тұщы су жануарлары 1) ағынды судың жануарлары реофилдер , ағынсыз сулардың жануарлары лимнофилдер деп бөлінеді.

Жалпы тұщы су мекендеушілерін эврибионтарға жатқызады. Ағынсыз сулардың жануарлары-судың тереңдігіне, климат жағдайына, химиялық құрамына байланысты. Көлдерде пелагиаль мен бентальді ажыратады. Ондағы нейстон, планктон, нектон және бентості бөледі. Көлдерде пелагиальді лимналь деп атайды, терең аймақтарын профундаль дейді, ал жағалаудағы тіршілікті латераль дейді.

Азот пен фосфорға бай көлдерді эвтрофті көлдер дейді. Көлдерге келіп құятын өзендер минералды және органикалық заттарды алып келеді. Көлдің терең қабаттарында өсімдіктер қалың, жануарлар түрлі болады. Тіршіліктің қайнаған ортасына айналады.

Олиготрофті көлдер терең, суы көк жасыл болып келеді. Азот пен фософр аз, жануарлар тығыздылығы төмен. Бұл топқа биік таудағы альпі көлдері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұщы суларды жіктеу
Тұщы су дефициті
Су ресурстарын қорғау және жағдайы туралы қоғамды ақпараттандыру
Жер бетіндегі су қоры және оның таралуы
Губкалар типінің классификациясы
Зеренді ауданының шағын өзен көлдерінің сипаттамасы
Жер бетіндегі тұщы судың жетістеушілігі
Гидросферадағы физика-химиялық процесстер
Тұщы судың қасиеттері мен экологиялық жағдайы
Күн энергетикасы туралы жалпы түсініктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz