Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
1.Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
Қазақстандағы социалистік индустрияландыру: мәні мен ерекшеліктері. Қазақстандағы индустрияландыру ірі өнеркәсіпті, бірінші кезекте ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту арқылы жүзеге асырылды. Индустрияландыру кез келген елде жаңғырту кезеңі болып табылады.20-жылдардың ортасына қарай КСРО-да индустрияландыруды жүргізу себептері:
- Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Кеңес экономикасы негізгі көрсеткіштер бойынша соғысқа дейінгі деңгейге шықты. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған зауыттарды қайта жарақтандырып қана қоймай, жаңа кәсіпорындар салу керек болды.
- Екіншіден, алдағы уақытта елдің экономикалық әлеуетін орналастыру мәселелерін тиімді шешу міндеті тұрды. Ресей аумағының 3%-ын алып жатқан Орталық өнеркәсіптік ауданда өнеркәсіптік өндірістің 30%-ы мен жұмысшы табының 40%-ы шоғырланды. Елдің бұрынғыша аграрлы, шаруалар елі болып қалды. Ауыл халқы басым болып, қалаларда жұмыссыздық өсті. Бұл әлеуметтік шиеленісті күшейтті.
- Үшіншіден, индустрияландыруды жеделдетуге елдің халықаралық аренада экономикалық және саяси оқшаулануы әсерін тигізді. Капиталистік елдердің қоршауында қалған КСРО үнемі соғыс қатерінде болды. Елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеті тұрды.
Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсан айында БК(б)П XIV съезінде қабылданды. Съезде индустрияландырудың негізгі міндеті тұжырымдалды: КСРО-ның экономикалық дербестігін қамтамасыз ету, машиналар мен жабдықтарды тасып әкелетін елден оларды шығаратын елге айналдыру. Осылайша индустрияландырудың мақсаты КСРО-ны аграрлы елден жетекші индустриялық державаға айналдыру болды.
Индустрияландыруды жүргізу көздері БК(б)П сәуір (1926 ж.) мәжілісінде аталды:
- мемлекеттік кәсіпорындардан түсетін табыстар;
- халықтың ішкі несиелері;
- өндірістегі аса қатаң үнемдеу мен ұқыптылық.
Алайда ауылшаруашылығы индустрияландырудың басты көзіне айналды, соның есебінен өнеркәсіпті техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асырудың сәті түсті. Қаражатты ауылшаруа-шылығынан өнеркәсіпке аудару экономикадағы үйлесімділіктің едәуір бұзылуына әкелді: ауылшаруашылығы құлдырады; жеңіл өнеркәсіп мүлдем дамымады. Бұған қоса, ауыр өнеркәсіптің өзінде әскери өндіріспен байланысты кәсіпорындар басым болды. Бұл экономиканы адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға емес, әскери-өнеркәсіптік кешенді дамытуға бағдарлады және кеңес адамдарының өмір сүру деңгейінің өсуіне жағдай жасамады.Қазақстанда социалистік индустрияландырудың басталуына халық шаруашылығын дамытудың бірінші бесжылдық жоспарының (1928 - 1932 жж.) бекітілуі себеп болды. 1929 жылдан бастап ел бас-шылығы индустрияландыру екпінін қарқындатуға шақыра бастады. Сталин Бесжылдықты - төрт жылда! ұранын ұсынды. Жоспарлық тапсырмалар ұлғайту мақсатында қайта қаралды. Ел түсті және қара металдар, шойын, автомобильдер, ауылшаруашылық машиналары және т.б. алғашқы жоспарланғаннан екі есе артық шығаруға тиіс болды. И.В.Сталин былай деді: ...Екпінді кідірту - артта қалу деген сөз. Біз алдыңғы қатарлы елдерден 50 - 100 жылға артта қалдық. Біз бұл арақашықтықты он жылда жүгіріп өтуге тиіспіз. Не біз мұны істейміз, не бізді жаншып тастайды.Мәскеудің ойынша, Қазақстан жеделдете индустрияландырылған негізгі аудандардың біріне айналуы тиіс болды. БК(б)П ОК саясатын белсенді жүргізуші Ф.И.Голощекин республикада өндіруші өнеркәсіппен шикізатты тасып әкетуге арналған теміржол құрылысын жақтады. Осылайша, Қазақстанды КСРО-ның өнеркәсіптік дамыған аймақтарының шикізат базасына айналдыру көзделді. С.Сәдуақасов бастаған бірқатар жергілікті коммунистер Орталықтың саясатына қарсы шықты. Ол өңдеуші және жеңіл өнеркәсіпті дамытуды, инду-стрияландыруды жүзеге асыру кезінде республиканың мүдделерін есепке алуды, республиканы шикізат көзіне айналдырмауды ұсынды.
Осылайша 20 - 30-жылдардың екінші жартысында Қазақстанда Ф.И.Голощекин жүргізген бағыт жеңді. Ол КСРО тарихында Қазақ-стан индустриясының бүкіл кеңестік кезеңіндегі тағдырын алдын ала белгіледі.Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері:
1. КСРО-мен, сондайақ одақтың жекелеген республикалары-мен салыстырғанда, Қазақстанның индустриялық дамуы жоғары қарқында өтті.
2. КСРО бойынша ең ірі кәсіпорындар құрылысы басым болды. Сондықтан кейін оларды жаңғырту кезінде қиындықтар көбірек кездесті.
3. Ауыр өнеркәсіптің өндіруші салаларының: көмір, мұнай және түсті металлургия дамыды. Ал бұл республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт алуына негіз болды.
Қазақстанда елдегі индустрияландыруды жүзеге асыру бойынша қызу пікірталастар өрістеді. түйеден социализмге өту мүмкін емес, өмірдің көшпелі салты - қазақ халқының ерекшелігі, сондықтан индустрияланды-ру оның ұлттық ерекшелігіне нұқсан келтіреді деп есептеді.
4. Қазақстан өнеркәсібінде машина, станок жасау, құрылыс материалдары (цемент, шыны және т.б.) өндірісі болған жоқ, жеңіл және тамақ өнеркәсібі артта қалды.
5. Салынған ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары одақтық бағынысты болды, яғни тек Мәскеуге бағынды.
Табиғи ресурстарды зерттеу және оларды белсенді игеру. Қ.Сәтбаев. Қазақстанның индустриялық дамуын тежеген қиындықтардың бірі оның аумағының геологиялық тұрғыдан нашар зерттелгендігінде еді. Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын іздеу қарқынды жүрді. 1928 - 1929 жылдары Қазақстанның жер қойнауын зерттеу үшін Геологиялық басқарма тарапынан 50-ден астам іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қазақстандық арнаулы геологиялық барлау тресі ұйымдастырылып, Ембімұнай орталық ғылыми-зерттеу зертханасы, Ақтөбеникель геологиялық барлау қызметі және т.б. пайда болды.1931 жылы 140-тан астам геологиялық барлау партиясы жұмыс істеді. Олар бағалы, жаңа минералдық шикізат түрлерінің бірегей кен орындарын тапты. Шикізат қорлары бойынша Қазақстан біріншіорынға шықты. Мыс кендерінің (Қоңырат, Бозшакөл, Жезқазған), қорғасынның (Кенді Алтай, Қаратау мен Жоңғар Алатауы таулары), темір кендерінің (Атасу), хромит пен никель кендерінің, фосфориттің (Ақтөбе облысы) елеулі қорлары ашылды. Орал-Ембі ауданында мұнайдың жаңа кен орындары ашылды. Қарағандыда ірі көмір бассейні айқындалды. Осының арқасында Қазақстанда республиканың жаңа ғылыми геологиялық картасы жасалды.Орталық Қазақстанның минералдық-шикізаттық ресурстарын академик Н.С.Курнаков басқарған геологтер мен геофизиктер тобы зерттеді. Ол өз зерттеулері нәтижесінде республика Кеңестер Одағының тұтастай металлогенді провинциясы екендігін дәлелдеді. Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеумен айналысқан академик И.М.Губкин бұл кен орны елдегі аса бай кен орындарының бірі деген қорытындыға келді. Жезқазған ауданындағы мыс кен орындарына жас инженер-геолог Қ.И. Сәтбаев барлау жүргізді.
Түрксіб құрылысы. Өндірісті дамыту үшін бірінші кезекте теміржол желілері керек болды, Алматыдан Семейге дейінгі Түркістан-Сібір теміржолының (Түрксіб) құрылысы ҚазАКСР-дағы индустрияландырудың алғашқы нысандарының біріне айналды. Түрксіб құрылысы туралы шешім КСРО Еңбек және қорғаныс кеңесінің 1926 жылғы 3 желтоқсандағы отырысында қабылданды. Құрылыс бастығы болып В.Шатов тағайындалды. РКФСР үкіметі жанынан РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарған Түрксіб құрылысына жәрдем көрсетудің арнаулы комитеті жұмыс істеді. Рельстер тау өзендері, жартасты қыраттар, құмдар арқылы 1442 км-ге салынуы тиіс болды. Құрылысқа дайындық 1927 жылы сәуір айында басталды.
Семей стансысынан басталған жолдың бірінші буынын 1927 жылдың 15 қыркүйегінен бастап салды. Түрксібтің іс жүзінде түйісуі мерзімінен 8 ай бұрын, 1930 жылы сәуірде жүзеге асып, 1931 жылы пайдалануға берілді. Жол Орта Азияны Сібір аудандарымен жалғастырды және елдің шығыс аудандарының экономикасы мен мәдениетінің көтерілуіне әсер етті.
1927 жылы Петропавл-Көкшетау жолы салынды. Ол 1931 жылы Ақмолаға дейін жалғастырылды. 1939 жылы Қазақстаннан шикі-затты тасып әкету үшін Ақмола - Қарағанды, Елек - Орал, Рубцовск - Риддер, ал 1940 жылы Қарағанды - Жезқазған жолдары салынды.
Қазақстан ауыр өнеркәсібі ірі кәсіпорындарының құрылысы. Теміржолдар құрылысымен бір мезгілде жұмыс істеп тұрған өнер-кәсіп кәсіпорындары қайта құрылымдалып, жаңасы салынды. Риддер, Қарсақпай комбинаттары қалпына келтірілді. Қарағанды-көміртресінің шахталары елдегі үшінші көмір бассейніне айнал-ды. Индустрия алыптары: Балқаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл, Текелі полиметалл, Жезқазған мыс қорыту комбинаттары мен Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылыстары жүрді. Бұлар КСРО түсті металлургиясының аса ірі кәсіпорындары болды. Шымкентте, Ақтөбеде химия өнеркәсібі кәсіпорындарының құрылысы басталды. Электр энергиясы өндірісі артты: Қарағанды ОЭС-і, Үлбі СЭС-і, Балқаш мыс қорыту комбинатының ЖЭО-і сол уақыттағы екпінді құрылыстар болды. Ембі мұнайлы ауданы дамыды. Қосшағыл, Мақат сияқты ескі кәсіпшіліктер кеңейтілді. Құлсары, Сағыз жаңа кен орындары игерілді. Индустрияландыру жылдары тамақ өнеркәсібінің ірі кәсіпорындары: Семей ет комбинаты, Гурьев балық-консерві зауыты, Жамбыл, Мерке, Талдықорғанда қант зауыттары салынды.қиын жағдайларда жұмыс істейтін жұмысшыларға әртүрлі жеңілдіктер беру; - түрмеде отырғандар мен арнайы қоныс аударылғандардың мәжбүрлі еңбегін пайдалану тәсілдерімен шешілді. Еңбек өнімділігін арттыруда техниканы игеру және еңбекті ұйымдастыруды жақсарту есебінен табыстарға жеткен стахановшылар қозғалысы үлкен рөл атқарды. Оның бастамасын кенші Алексей Стахановтың рекорды салды. Ол 1935 жылы 1 қыркүйекте бір ауысымда 14 күндік норманы орындады. Стахановтың табыстары көпшілікке кеңінен белгілі болды және шаруашылықтың барлық салаларына таралды. Әрбір кәсіпорында өз стахановшылары пайда болды. А.Мұрынбаев, С.Өтебаев, М.Сағымбеков, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова және т.б. өндіріс озаттары болды. Стахановшылар қозғалысы ізбасарларының бірі Қарағандының кенші маманы Т.Күзембаев болды.
Алғашқы бесжылдық жылдары жұмысшы табының саны артты. Білікті жұмысшылар тобы қалыптасты. Жұмысшылар теміржолшы, құрылысшы, техник, жол ісінің шебері және басқа да кәсіптерді меңгерді. Жұмысшылар мен шаруалардан шыққан қазақ инженер-техник зиялы қауымы пайда болды.Жұмысшы күшін толықтыру көздерінің бірі арнайы жер ауда-рылғандар - орталық аймақтар мен Сібірдегі шаруашылықтары тәркіленген ауқатты шаруалар болды. 1931 жылы Қарағандыға 70 мың-дай адам жер аударылды, олар концлагерьлерге орналастырылды. Арнайы жер аударылғандардың кенттерден шығуға құқықтары болған жоқ. Олар шахталарда, теміржол құрылысында жұмыс істеді. Жұмыс істейтіндерге күніне 600 гр, оның қарауындағы адамдарға 300 гр нан берілді. Аштық пен аурудан жер аударылғандардың басым бөлігі қаза болды, алайда олардың орнына басқаларын әкелді.
Қазақстандағы индустрияландырудың қорытындылары. Республика аграрлы елден индустриялыаграрлы елге айналып, КСРО өнеркәсіп өндірісінде алдыңғы қатарды иеленді. Қазақстан қорғасын өндіру бойынша Одақта бірінші орынға, түсті металдар өндірісі бойынша екінші орынға, мұнай өндіруден үшінші орынға шықты, Қарағанды КСРО-ның үшінші көмір базасына айналды. Республикада 120 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын салынды, мың кило-метрден астам жаңа теміржол іске қосылды. Өндірістің өсуі, әсіресе соғыстың алдындағы жылдары байқалды. 1940 жылы республикада 2,5 мыңнан аса жаңадан салынған және қайта қалпына келтірілген кәсіпорын жұмыс істеді. Жұмысшы табының өсуі жүріп жатты, кеңестік біліктілігі жоғары инженерлік-техникалық зиялы қауым қалыптасты.Индустрияландырудың сипатты белгісі урбандану (қалалардың өсуі) болды. Бірқатар кенттер (Қарағанды, Риддер, Балқаш және басқалар) қалаларға айналды. Өнеркәсіптік құрылыс қала халқының күрт өсуіне жағдай жасады.
Индустрияландырудың жағымсыз салдары да болды. Қазақстан өнеркәсібі шикізаттық бағытта болды. Мұнай, газ, металдарды қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар; машина жасау, құрылғы жасау, аспаптар, автомобиль жасау және басқа да кәсіпорындар болған жоқ. Қазақстан елді электрмен жабдықтау, теміржолдар мен олардың пайдаланылуы бойынша артта қалып қойды. Қазақстанға көшіқон ағыны артты. Олар Ресей, Украина, Белоруссия мен басқа да аймақтардан қоныс аударушылар болды. 1928 - 1939 жылдары Қазақстан қалалары халқының көші-қон есебінен 1,8 млн адамға өсті. 20 - 30-жылдардағы ашаршылық пен көші-қон үдерістерінің нәтижесінде негізгі этнос - қазақтардың Қазақстан халқының жалпы санындағы үлесі 1939 жылы 38%-ға дейін қысқарды.Индустрияландыру мен қаражатты ауылшаруашылығынан аудару аграрлық өндірістің құлдырауына әкелді. Қалалардағы азық-түлік мәселесі шиеленісіп, 1929 жылы карточкалық жүйе енгізілді Карточкалық жүйе барлық азық-түлік тауарларына қолданылды. Алайда тауарлар тапшылығы бұрынғыша қалды және оларды сатып алу үшін үлкен кезектерге тұруға тура келді.
Индустрияландыру нәтижелерін біржақты бағалауға болмайды. Тұтастай алғанда, Қазақстан экономикасында өнеркәсіптік өндірістің айтарлықтай өсуі мен өнеркәсіптік өнімнің меншікті үлесінің артуы байқалды. Индустрияландыруды жүзеге асырудың нәтижесінде қысқа мерзім ішінде Қазақстан артта қалған аграрлы өлкеден аграрлы-индустриялы республикаға айналды. Екінші жағынан, соғыс алдындағы бесжылдық жылдары Қазақстан КСРО-ның ірі шикізат орталығы болды.

2.Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік- экономикалық салдарлары.
Қазақстандағы Кіші Қазан: мазмұны мен оны жүзеге асыру іс-тәжірибесі. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы 1925 жылдан БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің Бірінші хатшысы болған Ф.И.Голощекинмен байланысты. Ф.И.Голощекин Қызылордаға (сол кездегі Қазақ АКСР-ның астанасы) келісімен қазақ ауылын-да Кеңес өкіметінің жоқтығы туралы мәлімдеп, ауылда Кіші Қазан жүргізу керек деген қорытынды шығарды. Ф.Голощекиннің бұл ұраны Кіші Қазан саясаты (1925 - 1928 жж.) атауын алды.
Кіші Қазанның мақсаты қазақ ауылын-да социалистік өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталды. Кіші Қазан негізгі ұрандарының бірі Қоныс аударушылар деревнясындағы азаматтық татулық және қазақ ауылындағы азамат соғысы ұраны болды. Ұранды өмірге енгізе отырып, ол қазақ ауылындағы әртүрлі топтардың бір-біріне қарсы тұруына және кедейлер мен батырақтардың көмегімен Қазақ-станда коммунистік іс-қимылдарды жүзеге асыруға үміттенді.
Кіші Қазан мынадай ісшараларды қамтыды:
- қазақ ауылын кеңестендіру;
- егістік-шабындық жерлерді қайта бөлу;
- бай шаруашылықтарын тәркілеу.
Ауылды кеңестендіру бағыты. Кіші Қазанның басты міндеттерінің бірі қазақ ауылын кеңестендіру болды. 1925 жылға дейін қазақ ауылында коммунистерді қолдамаған байлар мен дәулетті шаруалардың ықпалы зор болды. Көптеген қазақ аудандарында ауылдық Кеңестер болған жоқ немесе оларға байлар сайланды. Бұл жағдайдың Орталыққа және жергілікті коммунистерге ұнамауы заңды еді. 1926 - 1927 жылдары ауылдық Кеңестер құру үдерісі бас-талды. Ал 1927 жылы Кеңестерді қайта сайлау жүзеге асырылды. Өз ықпалын күшейту және байлардың ықпалдарын болдырмау үшін коммунистер Кеңестердің пайыздық құрамын реттеді. Кедейлердің, батырақтардың, әйелдер мен коммунистердің пайызы арттырылды. Сондай-ақ 1928 жылға қарай пайыздық нормалар мәліметтерін есеп-ке алғанда, болыстық, селолық және ауылдық кеңестер 50 - 60%-ға жаңартылды. Мұндай құрамдағы Кеңестер жеңіл басқарылатын күйге түсті. 1927 жылы қаңтарда ҚазАКСР ОАК қаулы қабылдады. Ол бойынша ауылдық Кеңестер кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу, жекелеген тұлғалардың, үйлер мен жер қоғамдарының жерді, суаттарды пайдалану құқықтары туралы дауларды талқылау, жайылымдар мен шабындықтарды бөлу туралы шешім қабылдау құқығын алды.
Егістік-шабындық жерлерді қайта бөлу, бай шаруашылықтарын тәркілеу. Егістік және шабындық (жайылымдық) жерлерді теңгермешілікпен қайта бөлу ҚазАКСР ОАК мен ХКК-нің 1926 жылғы 20 мамырдағы қаулысына сүйенді. Бұл қайта бөлу 1926 - 1927 жылдары жүзеге асырылды. 1360 мың десятинаға жуық шабындық пен 1250 мың десятина егістік жер бай және дәулетті шаруашылықтардан тартып алынып, кедейлерге берілді. Алайда жерді жай ғана қайта бөлу бас-ты міндетті - кедей шаруашылықтарының экономикалық жағдайын жақсартуды шешкен жоқ. Өйткені қазақтардың малшаруашылығына негізделген шаруашылық жүргізу ерекшеліктері ескерілмеген еді. Жерді алғанымен, кедейлерде мал, ауылшаруашылық құралдары т.б. болған жоқ. Малдары болмағандықтан, олар жайылымдар мен шабындықтарды, ал ауылшаруашылық құралдары болмағандықтан, жыртылатын жерлерді пайдалана алмады. Сондықтан кедей шаруа-шылықтардың көпшілігі алған жерлерінен бұрынғы иелері - байлар-ға қайтарып беруге мәжбүр болды. Бұл реформа ешқандай нәтижеге жеткізген жоқ.
Партиялық органдарға жерді тек қайта бөлудің өзі жеткіліксіз екендігі түсінікті болды. Кіші Қазанның келесі қадамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустрияландыруға бағыт алу
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Қазақстандағы индустрияландыру және индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Индустрияландырудың қарқыны
Қазақстандағы индустрияландыру шаралары
Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістеріне байланысты теориялық айтыстар
Қазақстанды индустрияландыру
Индустрияландыру: жүргізілуі, қарқыны, аумағы
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуы
Қазақстандағы индустрияландыру. Индустрияландыруға қатысты қазақ қоғам қайраткерлерінің ұстанымдары
Пәндер