Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Талқыланатын сұрақтар:

1. Фашистерден отанды қорғау соғысының басталуы.

2. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру қызметі.

3. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал.

4. Республика өңіріндегі ядролық сынақтар және олардың зардаптары.

5. Н. Хрущевтың «жылымығы» жылдарындағы Қазақстан .

1) Ұлы Отан соғысының басталуы. Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Германияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия өзара шабул жасаспау жөніндегі кеңес-герман шартын бұзып неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына Баса-көктеп кірді. Жер бетінде болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс басталды. 1940 жылы жасалған « Барбаросса » жоспарына сай Германия қысқа мерзім ішінде Архангельск-Еділ-Астрахан шебіне шығуды көздеді. Бұл қауырт соғыс-блицкригтің негізгі мақсаты еді.

Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру. Қазақстан түкпірдегі алыс тыл бола отырып, үкімет шешімдеріне сай соғыстың алғашқы күндерінен бастап өз экономикасын майдан мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қарай бейімдеуге тиіс болды. Бұл-қорғаныс өнімдері мен стратегиялық шикізат өндірісін меңгеру мен кеңейту, өнеркәсіп құрылысын кең өрістету, майдан шебіне жақын жерлерде тез іске қосу деген сөз еді. Іс жүзінде материялдық және адам ресурстарына қайта бөлумен, өнеркәсіптегі майданға кеткен арнайы дайындағы бар мамандардың орнына жаңа жұмысшылармен толықтырумен қатар жүрген Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру басталды.

Фашистік Нерманияның КСРО-ның батыс аудандарын басып алуы Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңыздылығы күрт өсірді. Соғыстың алғашқы айларында өкімет орындарына жаудың қолына түсуі мүмкін өнеркәсіп орындарын эвакуациялаудың сәті түсті. Қазақстан аумағына қысқа мерзім ішінде 200-дей ірі өнеркәсіп мекемелер қажетті құрал-жабдықтармен, шикізатымен бірге тасып әкелініп, орналастырды. Бұлар- ауыр және орташа машина жасау зауыттары, сондай-ақ тоқыма, мақта-мата, аяқкиім фабрикалары еді. Жаңа өнеркәсіп нысандарына салу жалғастырылып, тездетілді. Соғыстың алғашқы бір жарым жылының ішінде Қазақстанда 25 кеніш, шахта, түсті және қара металлургия 11 байыту фабрикасы, 19 жаңа көмір шахтасы, 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, Гурьевте Мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.

Соғыстың алғашқы жылдары Қазақстанға батыс аудандардан эвакуацияланған 532, 6 мың адам баспана мен жұмыс тапты, сонымен 50 мың маманданған жұмысшы, инженер- техник қызметкерлер келді. Республика жұмысшы табынның ұатарына Донбастың 2 мыңдай шыхта құрлысшысы келіп қосылды. Өте қысқа мерзім ішінде эвакуацияланған кәсіпорынддарды тиісті өндірістік алаңдармен қамтамасыыз етіп, майданға қажетті өнімдер өндіруді жолға қою, адамдарды тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету қажет болды. Майданға жақын аймақтардан адамдарды амалсыз эвакуациялау көптеген қиындықтар әкелді. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға орналастырылды. Қалалардағы соғысқа дейінгі тұрғын үй проблемасы одан әрі шиеленісе түсті. Ел үшін ауыр болған осы жылдардың өзінде тұрғын үй құрылысы жалғастырыла берді. 1941-1945 жылдары жалпы көлемі 3317 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі. Қатарында Мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысынның алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізіді. Қазақстанда армия қатарына 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап барлық жерде әскери құрамалар мен бөлімдер құрыла бастады. Қазақстанда 12 атқышта және 4 атты әскери дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар құрылды. Олар әскери қару-жарақ, киім т. б. жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Қазақстанда құрылған әскери құрамалардан алғашқылардың бірі 312-атқыштар дивизиясы (командирі -полковник А. Ф. Наумов, кейіннен генерал- майор) айқасқа кірісті. 312 дивизиямен бір мезгілде дерлік, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған, генерал-майор И. В. Панфилов басқарған 316-дивизия өзінің жауынгерлік жолын бастады. Панфиловшылар Жоғарғы Бас қолбасшының бұйрығымен Мәскеуді қорғау шебіндегі 30 шақырымдық бөлікке орналасты. Панфиловшылар жаумен күші тең болмаса да оның 50 танкісімен болған шайқаста жеңіп шықты. Бұл тарихи шайқасқа қатысқан 28 жауынгерге КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумның қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Волоколамск ауданында өткен осындай шайқастардың бірінде ержүрек жауынгер, талантты командир, генерал-майор И. В. Панфилов ерлікпен қаза тапты. Оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді, ал 8-гвардиялық атқыштар дивизиясына генералдың есімі берілді.

Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының ержүрек ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары- Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рашид Жанғозин, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Әбдібековтер бар. Мәскеу үшін болған шайқаста - полковник Г. П. Коротков басқарған 238-атқыштар дивизиясындағы қазақстандық жауынгерлер өздерін даңққа бөледі. Дивизия жауынгерлік Қызыл Ту орденімен марапатталып, табандылығы, ержүректігі мен батырлығы үшін 30- гвардиялық дивизия қайта құрылды.

1943 жылы Орал обылысынан майданға 24 қазақ қызы аттанды. Подольск қаласындағы мергендер мектебін бітірген соң, олар Сталинград майданына келді. Ержүрек қазақстандық қыздардың даңқы бүкіл майданға тарады ішінде М. Тоқтамысова, Р. Момынова, А. Бекетова, М. Нестеренко, Е. Семенюк т. б. болды.

Момышұлы Бауыржын (1910-1982) - әскери қайраткер ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры (1990), Қазақстанның Халық Қаһарманы(1995) . Мектеп бітіріп біраз уақыт мұғалім болып істеді. 1932 жылы әскер қатарына алынып, мергендік өнері игерді. Ауылға оралғансоң қаржы орындарында жұмыс істеді. 1936 жылы қайтадан армияға шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болды. 1941 жылы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И. В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында майданға аттанды. Батальон, полк командирі болды. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарды. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабулға бастап шықты. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретінде таланты соғысқа полк, дивизияны басқарған жылдары кеңінен ашылды.

БМомышұлы- әскери педагогика мен әскери психологияның байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. 19950 жылы Кеңес Армиясы Бас штабының арнаулы Жоғарғы әскери академиясын бітіріп, әскери академияда дәріс оқумен бірге шығармашылық жұмыспен де шұғылданды. 1956 жылы демалысқа шығып, өмірінің соңына дейін шығармашылық қызметпен айналысты. «Офицер жазбалары»(1962), «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әскерлері», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы», «Қанмен жазылған кітап» туындыларын жазды. Шығармалары бірнеше рет шет тілдерге аударылды. Қазақстанда ауылдарға, көшелерге, республикалық әскери балалар мектебіне т. б. Бауыржан Момышұлы есімі берілді.

2) Ғылым мен мәдениет- майданға. Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның мәдени қызметкерлері де үлкен үлес қосты. Ғылым және өнер адамдарының шығармашылық еңбегі майданға кеңестік әскерлердің ерлігімен, жұмысшылармеен калхозшылардың тылдағы даңқыты істерімен қатар, Ұлы Отан соғысының ерлік тарихына Өзіндік Жарқын із қалдырды. Бұл кезеңдегі әдебиеттің негізгі тақырыбы- патриоттизм , отанды қорғауға арналады Ә. Тәжібаевтың өлеңдері, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаевтың шығармалары көпке белгілі болды. Бірқатар жазушылар мен ақындар қолына қару алып, Отан қоғауға соғысқа аттанды. А. Жұмағалиев, Б. Бұлқышев, В. Чугунов соғыста ерлікпен қаза тапты. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ 90-ға жуық ақын мен жазушы майданға кетті. Олар майдандас жауынгерлерге батырлықтың үлгісін көрсетіп, оларды өздерінің шығармашылығымен жауға қарсы соғысқа рухтандырды. Оларың қатарында Д. Снегин, Д. Әбілев, Ж. Саин, Қ. Әбдіқадыровтар болды. Соғыс жылдары дарынды жастар ж. Молдағалиев, Ә. Нұрпейсов, С. Мәуленов, Б. Момышұлы әдебиетке жауынгерлік рух, шығармашылық серпін берді. Кеңес халқының мморальдық-саяси бірлігін күшейту ісіне Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мустафин, С. Мұқанов, М. Әуезов, Т. Жарокрв сынды қазақ көокем проза мен Поэзия шеберлері аянбай еңбек етті.

Қазақстан өнершеберлерінің бригадалары майданға аттанды. Осындай 11 бригада майданда болып 870 концерт қойды. Госпитальдарда, шақыру пункттеріне, әскери бөлімшелерде, шегаралық заставаларда 15 мыңнан астам концерт берді. Халық артисті, Халық Қаһарманы Роза ТәжібайқызыБағланова соғыс жылдарында концерттік бригада құрамында болып майдандағы жауынгерлер алдында ән айтып, өнер көрсетті. Оның репертуарында кезіндегі КСРО және шетел халықтарының әндері болды. Жалпы Концерттік ұйымдар 36, 5 мың концерт қойып 9 миллионнан астам көрермердер тамашалады.

3) КСРО үшін соғыс орасан зор материалдық және адам шығынын алып келді. Қалалар, ауылдар мен селолар, өндіріс орындары, теміржолдар қиратылды. Ел ұлттық байлығының шамаман үштен бірінен айырылды. Бейбіт өмірге қайта оралу әскери өнім шығаруға бағытталған бүкіл экономиканы қайта құруды талап етті. Соғыстан кейінгі өнеркәсіп дамуының басты міндеті кәсіпорынды қайта құрылымдау (реконверсиялау), яғни республика халқы үшін өнім өндіру бағытына қарай қайта құру болды. Экономиканы бейбіт өмірге көшіруге бағытталған шаралар атқарылды:1) Мемлекеттік Қорғаныс комитеті (МҚК) жойылып, оның орнына Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) құрылды;

2) өндірісте, көлікте, мемлекеттік мекемелерде соғыс кезіндегі кейбір шектеулер алынып тасталды: 8 сағаттық жұмыс күні қайта орнатылды, міндетті үстеме жұмыс тоқтатылды, жыл сайынғы де-малыс қалпына келтірілді т. б.

КСРО экономикасын (Қазақстандағы сияқты) басқарудың әміршіл-әкімшіл әдісі соғыстан кейінгі кезеңде де жалғасын тапты. Қазақ КСР-ның экономикалық даму ерекшелігі - өнеркәсіптің дамуы соғыс кезінде де тоқтап қалған жоқ. Керісінше, үзіліссіз арта берді. Қалпына келтіруді қажет еткен Одақтың кейбір республикаларының өнеркәсібіне қарағанда, Қазақстан индустриясы оған мұқтаж болған жоқ. Көшіріп әкелінген кәсіпорындар мен 20-30-жылдары индустрияландыру кезінде құрылған өндірістік база соғыс жылдары майданды жабдықтаудың мықты қорына айналды.

Аймақтың пайдалы қазбаларын игеру және өнеркәсіпті дамыту. Жалпы төртінші бесжылдықта (1946-1950 жж. ) Кеңес Одағындағы сияқты республиканың индустриалдық саласының негізі болған ауыр өнеркәсіптің дамуына баса назар аударылды. 40-50-жыл-дары республикада кәсіпорындар, зауыт, фабрика мен шахталар іске қосылды. 1947 жылы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты алғашқы өнімін берді, Екібастұздағы көмір қабатын аршу істері аяқталды, Қарағанды көмір бассейніндегі көмір шығару жұмысы жалғасын тапты. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Балқаш мыс қорыту комбинатының қуаты арттырылды. Теміртау металлургия зауытында үш прокат станогі мен екі мартен пеші іске қосылды Кенді Алтай өңіріндегі әртүрлі кен орындарының ашылуы мен пайдаланылуы оның атымен тығыз байланысты. Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы жанынан төрт бөлімше жұмыс істеп, соның бірі геология-география бөлімшесі болды. Ондаған пайдалы кен орындарын тауып, зерттеген геолог-ғалымдар жемісті еңбек етті. Мұнай шығаруды арттыруға мүмкіншілік жасаған Ембі алабының жаңа кәсіпорындары мұнай шығаруды бастады.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамығанымен, республика қажеттілігін өтей алмады. Семейдегі тері илейтін комбинат, Петропавлдағы «Комсомолка» тігін фабрикасы, Жамбыл (Тараз), Қызылорда және Павлодар тері өңдеу зауыттары өнім бере бас-тады. Қазақстанда 1950 жылы 65 жеңіл өнеркәсіп орындары ғана болды, оның көпшілігі революцияға дейін салынған болатын. Өнеркәсіптің басқа салалары (химия, ағаш өңдеу, құрылыс мате-риалдарын шығару және т. б. ) республиканың өнеркәсіп өндірісінде елеусіз орын алды.

Қазақстан сияқты зор аумақ үшін мақта өңдеу кәсіпорны республикалық өнеркәсіп өндірісінің 0, 1%-ын, жүн өңдеу 1, 6%-ын, ал былғары аяқкиім шығару 1, 7%-ды ғана құраКенді Алтай өңіріндегі әртүрлі кен орындарының ашылуы мен пайдаланылуы оның атымен тығыз байланысты. Қазақ КСР-і Ғылым Академиясы жанынан төрт бөлімше жұмыс істеп, соның бірі геология-география бөлімшесі болды. Ондаған пайдалы кен орындарын тауып, зерттеген геолог-ғалымдар жемісті еңбек етті. Мұнай шығаруды арттыруға мүмкіншілік жасаған Ембі алабының жаңа кәсіпорындары мұнай шығаруды бастады.

Жеңіл және тамақ өнеркәсібі дамығанымен, республика қажеттілігін өтей алмады. Семейдегі тері илейтін комбинат, Петропавлдағы «Комсомолка» тігін фабрикасы, Жамбыл (Тараз), Қызылорда және Павлодар тері өңдеу зауыттары өнім бере бас-тады. Қазақстанда 1950 жылы 65 жеңіл өнеркәсіп орындары ғана болды, оның көпшілігі революцияға дейін салынған болатын. Өнеркәсіптің басқа салалары (химия, ағаш өңдеу, құрылыс мате-риалдарын шығару және т. б. ) республиканың өнеркәсіп өндірісінде елеусіз орын алды. Мұндай жағдай тұтыну тауарларын шығаратын өнеркәсіптің барлық саласына тән сипат алды1949 жылы көктемде Алматыда автоматты телефон желісі жұ-мыс істеуін бастап, аудан орталықтарының бәрі телефон желісіне қосылды. Көлік желісі дамыды, 1950 жылы Мойынты-Шу теміржол құрылысы аяқталды.

Қазақ КСР-нің соғыстан кейінгі онжылдықта өнім қарқынының өсуі жалпы одақтық көрсеткіш бойынша ғана емес, сондай-ақ көптеген одақтас республикалардың өсу қарқынынан алда болды. Қазақ КСР-і төртінші бесжылдық жылдарында (1946-1950 жж. ) өнеркәсіптің жалпы өнім қарқыны бойынша Эстония, Латвия, Армения КСР-інен кейін төртінші орынды алды. 1951-1953 жыл-дары Молдавия және Литва одақтас республикалары алға шықты. Соғыстан кейінгі жылдардағы әлеуметтік жағдайлар. Соғыстан кейінгі алғашқы бесжылдық жылдарында кеңес халқының еңбегі соғыс жағдайынан көп ерекшелене қойған жоқ. Жұмысшы отба-сының көпшілігі барақтар мен жертөлелерде тұрды. Өмір сүру жағдайы ауыр болып қала берді. 1947 жылы карточка жүйесі жойылып, ақша реформасы жүр-гізілді. 1946-1950 жылдары баға үш рет төмендеп, рубльдің сатып алу қабілеттілігі нығайды, еңбекшілердің жалақысы өсті.

Ұлы Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, майданда қаза болған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. Қарттық жасына жеткен, асыраушысынан айырылған, уақытша еңбек ету-ге қабілетсіз жандарға зейнетақы тағайындалды. Көпбалалы және жалғызбасты аналардың балаларына қосымша ақша төленді. Жұ-мысшылар мен қызметкерлерге жеңілдікпен демалыс орындары-на, шипажайларға және пионер лагерьлеріне жолдамалар берілді. Біршама алға жылжуларға қарамастан, кеңес халқының соғыстан кейінгі онжылдықтағы тұрмыс деңгейі төмен болды.

КСРО аграрлық секторының жағдайы. Өнеркәсіпке қарағанда ауылшаруашылығының жағдайы ауыр болды. Соғыстың салдары КСРО-ның аграрлық сек-торын апатты жағдайға жеткізген еді. Соғыс жылдары ұжымшар халқының саны қысқарды. Ұжымшардағы ауыр жұмыста әйелдер мен балалар еңбегі басым болды. Сондай-ақ егістік алаптар көлемінің қысқаруы мен агротехникалық дақылдардың аз себілуі егін өнімінің төмендеуіне алып келді. 1946 жылы КСРО-ның бірқатар республикаларындағы егістік аудандарын құрғақшылық пен ашаршылық жайлап алды. Соғыстан кейінгі жылдардағы алапат ашаршылық туралы айтылмады. Елді ашаршылық жайласа да, КСРО социалистік елдерге азық-түлік жағынан көмек көрсетумен болды. Бидай шетелге шығарылып (Болгария, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Германия), ұжымшар-лардан мемлекет қоймасына өнім жеткізуді арттыру талап етілді.

1946 жылы күзде егін шықпай қалып, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу қысқарғаннан кейін үкімет шаруаларға бақы-лауды күшейте түсті. КСРО ауылшаруашылығы терең дағдарысқа ұшырады. Қазақ КСР ауылшаруашылығы. Қазақ КСР-інде аграрлық саланың жағдайы ауыр болды. Бірақ республика соғыстан зардап шеккен көптеген аймақтарға көмек көрсетіп отырды. Ірі қара, жылқы және қой мұндай аймақтарға арзан бағаға сатылып, тегін де берілді.

Республика бұрынғыдай малшаруашылығымен айналысатын аймақ болып қалды. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан мал басы қысқара түсті. 1946 жылы жалпы мал саны ұжымдастыруға дейінгі мал санының 50%-ын ғана құрады. 1946-1951 жылдары малшаруашылығын ұйымдастырудың ешқандай жаңа әдістері жүр-гізілмеген және ойластырылмаған да еді.

Аграрлық сала жағдайы 1951 жылдан бастап күрт өзгерді. Қатал қыс Қазақстан-ның бірқатар аймақтарында малшаруашылығының күйреуіне алып келді. 1952-1953 жылдары мал саны азайып, 23 млн басты құрады. Малшаруашылығы аймақтың табиғи-климаттық жағдайына тәуелді экстенсивті түрде болып қала берді.

Елді азық-түлікпен (ең бірінші кезекте, астықпен) қамтамасыз ету мәселесі жаңа шешімдер қабылдауға алып келді. 1946 жылы 26 желтоқсанда КСРО Министрлер Кеңесі «КСРО-ның шығыс аудан-дарында егіс алқаптарын кеңейту және дәнді дақылдарды, әсіресе жаздық бидай өсіруді арттыру» туралы қаулы қабылдады. Қазақ КСР-інің осы қаулысына сәйкес егіс алқаптарының көлемі жыл сайын арттырылып отырды. Он жыл аралығында (1940-1950 жж. ) ауылшаруашылығын қаржыландыру 3, 4 есе өсті. Бірақ бұл салымдар нәтиже бермеді. Қазақстанның аграрлық дамуына сапалылық пен тиімділік тән болмады. Одақ бойынша Қазақ КСР-інің егін жинаудан жалпы өнімінің үлес салмағы (КСРО бойынша республика төртінші орын-да болғанымен) 1953 жылы республикада егін өнімі аса жоғары болғанның өзінде 6, 6%-ды ғана құрады.

1950 жылы ұжымшарларды ірілендіріп, машина-трактор стан-сыларын (МТС) құруды жоспарлаған жаңа ауылшаруашылық ре-формасын жүргізу қолға алынды. Нәтижесінде ұжымшарлар саны қысқарды. Бұл жағдай бірқатар елді мекендердің жойылуына, шаруалардың жеке жер үлесінің азаюына, заттай төлемақылардың қысқаруына соқтырып, ауылшаруашылығының жағдайын жақсар-туға еш пайдасы тимеді. Сөйтіп, ХХ ғасырдың 40-жылдарының аяғы мен 50-жылдардың басындағы КСРО-дағы аграрлық саясатта азық-түлік тапшылығы қайта туындады. Ауыл халқының өмір сүру жағдайы. Кеңестік ауыл тығырыққа тірелді. Ұжымшарлар өз жұмысшыларына еңбегіне сай жалақы төлейалмағандықтан, еңбекшілер жеке шаруашылықпен айналысуға мәжбүр болды. Сонымен қатар мемлекет үнемі заттай және ақшалай салықты өсіре отырып, ауыл халқына жеке жер телімдерінде өнім өндіруді арттыруға кедергі жасап отырды.

Жане Шаруалардың еңбегін шынайы бағаламау еңбекке ден қоюға кедергі болды. Кезекті реформадан кейін ұжымшар еңбеккерлері жұмысшылардан 4 есе кем жалақы алды. 1946-1949 жылдары аралығында ұжымшарлар меншігіне шаруалардың жер телімдері тартып алынды. Қосалқы шаруашылық өнімдерін сатудан түскен табысқа салынатын салық анағұрлым жоғарылады. Қиын жағдайға қарамастан, ұжымшар еңбекшілерін өз шаруашылығынан алынған өнімдер құнының 1-10%-ын ғана құрайтын бағаға сатуға мәжбүрледі. Әрбір шаруа қожалығы мемлекетке жер телімінің салығы есебінде ет, сүт, жұмыртқа, жүн т. б. өнімдерін өткізуге міндетті болды.

Ұжымшар еңбеккерлерінің еркіндігін шектейтін соғысқа дейінгі тәртіп сақталды. Олар қоныс аудару мүмкіндігінен айырылды. Шаруалардың жеке құжаты болмады, жылсайынғы демалыс, зейнетақы, еңбекке жарамсыздық қағазы және т. б. берілмеді. Малшылардың тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени жағдайлары тым ауыр болды. Тұрғын үйлер, монша жетіспеді. Шаруалардың ауыр жағдайы КСРО ауылшаруашылығы дағда-рысының тағы бір себебіне айналды

4) Атом сынақ алаңдарының құрылысы және Семейдегі ядролық сынақтар. Кеңес Одағында атом қаруын жасау жұмыстары қарқын алды. Қазақстанда ядролық қару жасаудан уран өндіруден бастап ядролық қаруды сынауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтитын қуатты ядролық ғылыми-өндірістік кешені құрылды.

1947 жылы 1 тамызда Қазақ КСР-де сынақ алаңын құру туралы шешім қабылданды. Екі жыл өткен соң мемлекеттік комиссия сынақ алаңының нысандарын қабылдап, онда ядролық қару жеткізілді. Ядролық қару жасау жұмысына ірі кеңестік ғалымдар: И. Курчатов, К. Щелкин, Ю. Харитон, Я. Зельдович, А. Сахаров және т. б. тартылды. 1949 жылы 29 тамызда Семей ядролық сынақ алаңында КСРО-да ең алғашқы атомдық жарылыс жүзеге асырылды (бомбаның қуаты -22 кт) .

Сынақ алаңы үш облыстың: Семей, Қарағанды және Павлодар облысының түйіскен жерін алып жатты. 1953 жылы ең алғашқы термоядролық бомба (400 кт), 1955 жылы КСРО-дағы алғашқы сутегі бомбасы сыналды. 1961 жылы КСРО-да ең алғашқы ядролық жарылыс жасалды.

КСРО Қорғаныс Министрлігі мәліметтері бойынша, 1949 жылдан 1963 жылға дейін сынақ алаңында қуаты бірнеше тоннадан 100 кт-ға дейін жететін 113 жарылыс жасалған. Барлығы 40 жылішінде сынақ алаңында 470 ядролық жарылыс жүргізілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы отан соғысын қайта қарастыру-кейінгі ұрпақтың борышы
Менің семестрлік жұмысымның мақсаты - Ұлы Отан соғысы кезінде фашисттік аргессияға қарсы Қазақстандықтардың көрсеткен ерліктерін зерттеп, онды баға беру
Отан соғысы майдандарында
Сталинград шайқасы және Қазақстан
Мәскеу түбіндегі шайқаста Қазақстандықтардың ерлігі көрсету
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерлігі
Отанға деген сүйіспеншілік
Ұлы Отан соғысы жыдарында марапатталған қазақстандық Совет одағының батырлары
Қазақ жеріндегі еңбекшілердің тылдағы ерліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz