Брежнев, Горбачев, Қонаев биліктері. Желтоқсан көтерілісі
Талқыланатын сұрақтар:
1.Л.Брежнев бастаған номенклатуралық топтың билікке келуі
2.М.С.Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
3.Д.А.Қонаевтың Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы ретіндегі қызметі.
4.Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі және оның шынайы себептері.
5.Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызы.
1)1965 жылғы өнеркәсіптегі реформа. 1964 жылы қазан айында КОКП ОК мәжілісінде Н.С.Хрущев партия жетекшісі және КСРО үкіметінің басшысы лауазымынан шеттетілді. КОКП ОК Бас хатшысы Л.И.Брежнев, Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Н.Косыгин болды. Л.И.Брежнев бұған дейін КСРО Қаржы министрі, КСРО Мемлекеттік жоспарлау төрағасы болып жұмыс істеп, 1965 жылғы реформаның жүргізілуін басқарды.
1965 жылы экономиканың дағдарыстық жағдайынан шығу жол-дарын қарастыру үшін, бірқатар реформа жүзеге асырылды. 1965 жылғы реформаның басты мақсаттарының бірі кәсіпорындарды басқаруды орталықсыздандыру, дербестігін арттыру және өндіріс өнімділігін көтеру болды.
1965 жылғы шаруашылық реформасының мәні:
- экономикалық аудандарды халық шауашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесі жойылды; Н.Хрущевтің кезінде, 1957 жылы жойылған басқарудың салалық жүйесі қалпына келтірілді;
- өнеркәсіптік өндірісті экономикалық ынталандыруды күшейту;
- ғылыми-техникалық прогресті жылдамдату;
- кәсіпорындардың шаруашылық дербестігін кеңейту, оларды толықтай шаруашылық есепке көшіру;
- табыс, баға, сыйақы, несие сияқты аса маңызды тетіктерді не-ғұрлым ұтымды пайдалану;
- жұмыскерлер мен ұжымның жоспарлы тапсырмаларды орын-дауға, өндіріс техникасын жетілдіру мен өнім сапасын жақсартуға материалдық қызығушылықтарын арттыру шаралары қолданылды.
8-бесжылдық (1966 - 1970 жж.) қорытындылары. 1965 жылғы реформаның экономикаға әсері уақытша болды. Ол тарихқа алтын бесжылдық ретінде кірген 8-бесжылдық нәтижелерінен көрініс тапты. Ол соңғы 30 жылдың ішіндегі ең үздік бесжылдықтардың бірі болды. 8-бесжылдық жылдары КСРО халықшаруашылық кешені ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Қазақстан экономикасында да ілгерілеушіліктер болды. 8-бесжылдықта жалпы өнім 1,5 есе өсті. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1,6 есе, ал пайдалылығы 3 еседен аса артты. Өнеркәсіп өндірісінде заманауи салалардың меншікті үлесі жоғарылады. Өнеркәсіпте қара және түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібі жетекші салалар болып қала берді. 1970 жылға қарай көмір, темір кенін өндіру, шойын қорыту мен қара металдар прокаты бойынша Қазақстанның үлесі айтарлықтай өсті. Республика бүкілодақтық қорғасын, мыс пен титан өндірісінің басым бөлігін берді.
1965 жылғы шаруашылық реформасы бойынша жасалған қадамдар техникалық жабдықтау, еңбек пен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру үдерісін жеделдетті.
Жетекші бағыттардың қатарына химия өнеркәсібі қосылып, осы жылдары оның көлемі 2,4 есе артты. Жамбыл-Қаратау және Шымкент өнеркәсіптік кешендері неғұрлым қарқынды дамыды. Машинажасау өнімдері жаңғыртылып, машиналардың жаңа түрлерін жасау игерілді. Өнімнің көпшілігі экспортқа жіберілді.
Экономиканың жақсаруы мен өнеркәсіпте еңбек өнімділігінің артуы жан басына шаққандағы электр энергиясын тұтынудың артуымен байланысты болды. Қазақстанда энергетика елеулі қарқын алабастады. Республика электр энергиясын жан басына шаққанда көп-теген жоғары дамыған елдерге (АҚШ, Жапония, Канаданы қоспаған-да) қарағанда артық өндірді. Республиканы электрлендірудегі маңызды істер электр желілерінің көптеп тартылуы болды. Әртүрлі аймақта олардың 90 мыңнан аса километрі тартылған.
Алтын бесжылдық кезеңіндегі экономикадағы тамаша нәти-желерге қарамастан, реформалау КСРО-ның саяси жүйесін қамтыған жоқ. Өйткені кеңестік басшылық түбегейлі өзгерістерді қаламады және қорықты. Экономиканы жаңғырту мен кеңестік саяси жүйенің арасындағы қарама-қайшылықтар 70 - 80-жылдары экономикалық және саяси тоқырау мен дағдарысқа ұласып, оның салдары Кеңестер Одағының ыдырауына әкелді.Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыт алуы. 1965 - 1985 жылдары республика КСРО-ның аса ірі өнеркәсіптік аймақтарының біріне айналды. 1980 жылдардың бас кезінде республиканың жалпы өніміндегі өнеркәсіптің үлесі 50%-ға жетті. Бұл жерде елдің түсті металлургиясының негізгі базасы орналасты, көлемді отын энергетикалық кешен, дамыған химия саласы болды, көмір өндіру өнеркәсібі жұмыс істеді. Мұнай өндірудің орасан зор (тіпті дүниежүзілік стандарттар бойынша) күш-қуаты болды.
60-жылдары Қазақстанда ауқымды өнеркәсіптік құрылыс жүзеге асырылды. Бірақ республика экономикасының шикізаттық сипат алуына орай өндіруші салалар басым дамыды.
Соколов-Сарыбай мен Қарағанды комбинаттарында, Ермак ферроқорытпалар зауытында қара металлургия; Лениногорск, Жезқазған, Павлодар, Өскемен комбинаттарында түсті металлургия қарқынды дамыды. Маңғыстаудағы мұнай кен орындары біртіндеп елеулі мұнайлы аудандардың біріне айналды. 1961 жылдан 1970 жылдарға дейін Қазақстанда жаңа кәсіпорындар, цехтар іске қосылды, сондай-ақ қайта құрылымдалды және техникалық жағынан қайта жарақталды. Сандық көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, экономиканың ресурс шығындаушылық (үнемсіз) си-паты бұрынғыдан да елеулі көрініс бере бастады. Қазақстан экономикасы да Кеңестер Одағының экономикасына тән жалпы деформациялар мен дағдарыстық көріністерден қашып құтыла алмады. 1970 - 1985 жылдары КСРО-ның әлеуметтік экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі бойынша еуропалық жетекші державаларға ілесуі іс жүзінде тоқтады. Республикадағы өнеркәсіп өнімін өндірудің жылдық орташа қарқыны мен ұлттық табыс азайды.
Қазақстанда өндірістің аяқталған циклі бар жоғары технологиялық өнім шығаратын кәсіпорындар жоқ еді. Қазақстан шетке төменгі бағамен арзан шикізат шығарып, қымбат тұратын дайын өнімдер әкелді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыт алуы 70 - 80-жылдары өңдеуші өнеркәсіп пен халық тұтыну тауарлары өндірісінің нашар дамыған салалар болып қалуына әкелді. Халық тұтынатын азық-түліктен өзге тауарлардың 60%-ға жуығы басқа одақтас республикалардан әкелінді. Олардың көпшілігі қазақстан-дық шикізаттан дайындалды.Бұл жылдары Павлодар трактор зауыты, Шевченко пластмассалар зауыты, Қарағанды резина техникалық бұйымдар зауыты бой көтеріп, олардың әрқайсысында ондаған мың жұмысшы еңбек етті. КСРО-да ғана емес, тіпті Еуропамен салыстырғанда ең ірі кәсіпорындар бола тұрып, олар біртіндеп көпсалалы мамандандырылмаған зауыттарға, тіпті қосалқы ауылшаруашылық кәсіпорындарына айналдырылды.
Республика экономикасының бар-лық саласы өнімді жұмыс жасай ал-мады. Металлургия, химия өндірісі қалдықтарының құрамында кейде жаңадан қазып алынған кен құрамынан гөрі көп пайдалы металдар болатын. Мұндай жағдайды өнер-кәсіпке ресурс үнемдеуші технологияларды енгізе отырып, қайта құру ғана өзгерте алатын еді. Алайда ол жүзеге асырылған жоқ.
Экономикадағы дағдарыстық құбылыстардың артуы өнеркәсіп өнімін өндіру қарқынының төмендеуінен, ұлттық табыстың азаюы-нан көрінді. Экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл әдістері, экономикалық ынталандыруларды жоққа шығару, экстенсивті даму, меншіктің мемлекеттік түрінің үстемдігі, жұмысшыларды өндіріс құралдарынан айыру, орталықтың өктемдігі 60-жылдардың ортасында КСРО мен Қазақстан экономикасын дағдарысқа әкелді.
1979 жылғы Целиноград оқиғасы. Орталықтың Қазақстан мүдделерін жоққа шығаруының және ұлттық қатынастарда қайшылықтар өрістеуінің көрсеткіші Целиноградтағы 1979 жылғы оқиғалар болып табылды. Немістерді депортациялау кезеңінде (Еділ бойындағы Неміс автономиялық облысы таратылған кезде) жүздеген мың неміс Қазақстан аумағына қоныс аударылған болатын.1979 жылы 31 мамырда КОКП ОК Саяси бюросының Неміс автономиялық об-лысын құру туралы қаулысы шықты. Онда: Неміс халқының ұлттық мәдениетін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау және олардың арасында идеялық-тәрбиелеу жұмысын жақсарту, сондайақ облысқа кіретін аудандардың табиғи байлықтарын игеру мен экономиканы үздік дамыту мақсаттарында Қазақ КСР құрамында оның республикалық органдарға тікелей бағынуымен Неміс автономиялық облысын құруы лайықты деп есептелсін делінді.
Неміс автономиясын құру туралышешім қабылданғаннан кейін Қазақстан басшылары оны іске асыруға кірісті. Жаңа облыстың шегараларын нақтылау, облыстық ұйымдарды орналастыру, жаңа әкімшіліктің құрылымы мен штаттарын бекіту мәселелері қарастырылды. Неміс автономиясын құру жөніндегі комитеттіңбасшысы болып А.Коркин тағайындалды. Автономияның әкімшілік орталығы Ерейментау қаласы болып ұйғарылды. Жаңа автономияның құрамына Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау облыстарының бірқатар аудандарын енгізу жоспарланды.
Автономия құру таралы шешім жергілікті халықтың арасын-да наразылық тудырды. 1979 жылы 16 маусымда Целиноград (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.) қаласында қолдан жазылған үнпарақтар таратыла бастады. Көшелерде митингілер мен шерулер өткізілді. Целиноградтың орталығына Қазақстан бөлінбейді!, Неміс автономиясы болмайды! деген транспаранттарымен қазақ жастарының үлкен тобы жиналды. Қазақстан тек қазақтардың ғана емес, сондай-ақ орыстардың, украиндардың, татарлардың, басқа да ұлт өкілдерінің Отаны болып табылатынын айта отырып, республикада тұратын халықтың пікірімен санаспай, автономия құру мүмкін емес екенін және оның заңға қайшы келетінін мәлімдеді. 19 маусымда, екінші митинг кезінде, облыс басшылары халықты Целиноградта ешқандай автономияның болмайтындығына сендірді. ҚазКСР аумағында Неміс автономиясы құрылмайтын болды. Партиялық органдар МҚК-нің қолдауымен Целиноградтағы оқиғалар туралы ақпараттың кеңінен жария болмауын қамтамасыз етуге тырысты. Сонымен, бұл кезеңде республиканың қоғамдық-саяси өмірі Коммунистік партияның ел өмірінің барлық саласындағы жетекшілік рөлімен, демократия белгілерінің жоқтығымен сипатталды. Ұлттық саясат саласында дағдарыс құбылыстары мен қайшылықтар өрістеп, қоғамда оларды шешу қажеттігі туындаған болатын.
1982 жылы қараша айында қайтыс болған Л.И.Брежневтің орнына МҚК-нің бұрынғы төрағасы Ю.В.Андропов келді. Оның әкімшілік әдістер арқылы тәртіп орнатқысы келген әрекеті зая кетті. Көп ұзамай ол да қайтыс болып, 1984 жылы ақпан айында Саяси бюроның басшылығы К.У.Черненкоға көшті. Ол да бір жылдан сәлақ астам уақыт КСРО-ның басшысы болды. Алайда Кеңес үкіметінің басшылары ауысқанымен әміршіл-әкімшіл жүйе өзгеріссіз қала берді.
2)1985 жылдың 10 наурызында КОКП басшылығына Саяси Бюроның ең жас мүшесі 53 жастағы Михаил Сергеевич Горбачевтың билікке келуімен КСРО-да реформалар кезеңі басталды. М.Горбачев-тың басқару мерзімі 7 жылға созылып (1985 - 1991 жж.), тарихқа Қайта құру деген атпен енді. КСРО ОК-нің 1985 жылғы сәуір пленумы және Қайта құру. Билікке келген М.Горбачев бір айдан кейін 1985 жылғы сәуірдегі Орталық Комитеттің Пленумында жаңа саяси бағытқа көшуқажеттігін жариялады. Яғни қоғамда сапалық жағынан терең өзгерістер жүргізу керек болды. Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік саланы өркендету бойынша шаралар белгіленді.
Қоғамды жаңартудағы басты мәселе ретінде мемлекеттің әлеуметтік экономикалық өркендеуін жеделдету деп көрсетілді. Жеделдетудің басты мақсаттарын шешу үшін: ғылыми-техникалық жаңалықтарды пайдалану, экономиканы басқаруды өзгерту, кәсіпорындардың құқын кеңейту, шаруашылық есепке көшу, еңбек тәртібін күшейту, жаңа кәсіпорындар салу және модернизация жүргізу керек деп көрсетілді. Сол тұста жүргізілген жариялылық саясаты қоғамдықсаяси өмірді жаңартуда ерекше рөл атқарған еді. Цензура жойылып, барлық аймақта әртүрлі бағыттағы газет-журналдар мен кітаптар шығаруға рұқсат берілді. Осының барлығы халықтың арасында әлеуметтік белсенділік туғызды. Қысқа мерзімде көптеген қоғамдық ұйым құрылып, олар М.Горбачев реформасының жеделдету, жариялылық және қайта құру деген үш ұранын қолдап шықты. Ал бұқаралық ақпарат құралдары КСРО-ның даму стратегиясы бойынша көптеген пікірсайыс өткізді. Қоғамда әртүрлі көзқарастар байқалды.
М.Горбачевтің билік басына келуімен Қазақстанның саяси қызметі орталықтың қатаң партиялық бақылауымен жүре бастады. 1980 жылдың ортасында атқарушылық тәртіп деңгейінің төмендеуіне, ұрлық пен домалақ арыздың артуына байланысты бірқатар орталық республикалық баспасөздер қатаң сынға алынды. Соған қарамастан 1986 жылы ақпанда өткен Қазақстан Коммунистік партиясының ХVІ съезі Д.А.Қонаевты республикалық партия ұйымының Бірінші хатшысы лауазымына қайта сайлады. Республикалық деңгейдегі бірінші басшының билікке қайта келуі М.Горбачевке ұнамады. Ол жергілікті жерлердегі партия ұйымдары жоғары тұрған органдарға, Мәскеуге бағынуы міндетті деп есептеді. Көп ретте бұл ой іске асырылды да. Мәселен, 1985 - 1986 жылдары Орталық Азияның барлық бес республикасында жергілікті компартиялардың Орталық комитеттерінің бірінші хатшылары ауыстырылды. Қазақстанда Д.Қонаевты Г.Колбинге ауыстыру жергіліктіхалықтың ұлттық мүддесін ескермегендік болды. Өлкенің мүддесі мүлде есепке алынбады.
1986 жылы елдің экономикалық өмірінде пайда болған жаңалық - мемлекеттік қабылдаудың енгізілуі. Өндірушілердің дайын өнімдерін мемлекеттік арнайы комиссия қабылдайтын болды. Ол өнім өндірушілердің жауапкершілігін арттырып, өнім сапасын жақсартады деп есептелді. Бірақ оның нәтижесі көңілге толмады. Себебі 1987 жылы мемлекеттік қабылдаудан өнімнің 15 - 18%-ы өте алмады. Осы кезеңде экономиканың барлық саласында дағдарыс анық байқалды. Әсіресе тауардың жетіспеушілігі халықтың әлеуметтік жағдайын нашарлата түсті.
Қайта құрудың 1-кезеңінде экономиканы ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру тұжырымдалды. Алайда мемлекеттің өнеркәсіпке монополиялылығы жағдайында зауыттар мен фабрикалар импорттық қайта жабдықтаудан бас тартты. Tiптi жабдықтар әкелінгеннің өзінде олар жәшіктерде сол қалпында немесе мекеме-нің артында ашылған күйінде пайдаланусыз қалып отырды.
1987 жылы қабылданған Мемлекеттік кәсіпорындар туралы Заңғасәйкес мемлекеттік кәсіпорындар өзін-өзі қаржыландыруға, шаруашылық есепке көшірілді. Кәсіпорындар серіктестерімен келісімшарт жасауға, кейбір ірі өндіріс орындары сыртқы нарыққа шығуға мүмкіндік алды. Бірақ 1987 жылдан бастап реформалардың сәтсіздігі байқала бастады. Ғылыми ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz