Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жас ақындар поэзиясы


Қазіргі қазақ әдебиетіндегі жас ақындар поэзиясы.
Әлем әдебиетінің бір бөлігі саналатын қазақ поэзиясының орны ерекше, тариxы терең һәм қазыналы. Сонау түркі дәуірінен бері сөз өнерінен еш алшақтамаған, өлеңді руxаниятының бір тірегі санаған ұлтымыздың әдебиет көші - ұлы кезеңдер мен дәуірлердің, ғажап жүзжылдықтар мен онжылдықтардың куәсі. Бүгінге дейін өз бағасын жоғалтпай, дамып, асқақтап, шарықтап келе жатқан қазақ поэзиясының әдебиеттегі бәсі жоғары.
Иә, әр нәрсенің заңдылығы секілді қазақ поэзиясының да өткені де, бүгіні де, болашағы да бар. Өткені өз бағасын алды, бүгіні де(қазіргі аға буын өкілдері) өз биігіне шыға алды. Ал бүгінгінің майданын көріп, болашағына айналары - қазіргінің жас ақындары. Әдебиетте жас жоқ, әрине. Абайдай қырық жасында емес, өнерге барлығы дерлік жас күнінде келетіндіктен, жастар буынын «жас ақындар» деп атау қалыпты нәрсе. Мен қазіргі «жас ақындар» деп тәуелсіздік алғалы танылған ақындардың барлығын жатқызбаймын. Егемендік алғалы бері де үш бірдей онжылдық өтті. Тәуелсіздік поэзиясының өкілдері деп 1990-2000 жылдар онжылдығында жарқыраған «Жұматайдың қағанатындағы»(Светқали Нұржан, Есенғали Раушанов, Мейірxан Ақдәулетұлы, Гүлнәр Салықбай, т. б. ) және солармен тұстас ақындар ендігі аға буын өкілдеріне өткені анық. Ал 2000-2010 жылдар арасындағы жаңаша ізденістерімен, еркін ойларымен, тың серпінмен келген Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы, Қалқаман Сарин, Ықылас Ожай, т. б тамаша ақындар өз қолтаңбаларын қалыптастырған, оқырман аудиториясы кең, ел алдында жүрген орта буын өкілдеріне жатқыза берсек қателеспейтін секілдіміз. Ал «жас ақындар» - соңғы онжылдықта поэзияға келіп, көрініп үлгерген даму жолындағы ақындар. Міне, енді жастар поэзиясы туралы кімді, нені айту керектігі айқындалғандай.
«Ең ұлы ақын - жас ақын». Поэзияда осындай тәмсіл бар. Бұны қайраты тасып тұрған, барлық потенциалы бойында тұрған жастардан үлкен үміттің күтілуі деп білмек керек. Біздің де қазір таныла бастаған жас ақындарымыз - сұрапыл, алдыңғы буын өкілдерінен жоғары баға һәм лайықты пікір естіп жүрген жасампаз ақындар. Сонымен, олардың қатары көп, бірақ бірегейлері: Тоқтарәлі Таңжарық, Қайсар Қауымбек, Бекзат Смадияр, Айбол Исламғали, Шерxан Талап, Батырxан Сәрсенxан, Саян Есжан, Тұрсынбек Башар, Нұрболат Жолдасбек, Мәрлен Ғилымxан, Еділбек Дүйсен, Әсел Кәрібай, Әлия Іңкәрбек, Бауыржан Майтай, Тілек Ырысбек, т. б. Мәселен, Алматыда осыдан 4-5 жыл бұрын оқыған ақындардың арасында «Қайсардың қағанаты» деп атау алған жас ақындар тобы еліміздегі жастар поэзиясына айрықша серпін бергендей. Әмірxанның әңгімесін тыңдап үлгерген соңғы буын да солар.
ЖАҢАЛЫҚ. Иә, жаңа буынның жаңалығы қандай? Әдебиетші Әбіл-Серік Әбілқасымұлы жастар жөнінде мынандай пікір айтады: «Жаңа дәуірдің әдебиетін жаңа қырынан ұлтына ата буыннан да, аға буыннан да өзгеше қалыпта ұсынып жүрген жастардың әдебиеті өзімен санасуды керек етеді. Әрі олар біздің көкке көтере аспандата мақтауымызды да, жерге тыға даттауымызды да қажетсініп отырған жоқ. Оларға әділ бағаны тек өз буыны ғана бере алады. Ол дәуірді көбіміз көре алмаймыз. Бұл - өмір заңы. Олар ағалық және аталық кезеңге жеткен шақта бүгінгі біздің құнсыз дегеніміз құндыға, жасық дегеніміз жақұтқа айналады.
Қазақ өлеңінің мазмұны да, табиғаты да адам танығысыз өзгеріске түсуде. Бодандық дәуірдің қатып қалған әдеби канондары келмеске кетіп барады. Ата буын мен аға буын шығармашылықпен үйреніп, өлең өрімінде қалыптастырған поэтикалық өнегелер іні буын үшін өлшем болудан қалып барады. Әр ақындық толқын өзіне дейінгі поэзия жауһарларынан үйренеді. Бірақ бұл үйрену әдеби процесте қалай өрістеді. Бұған әрине кесіп-пішіп, айттым болды деп жауап беру өте қиын. Бірақ бір нәрсе айқын - бұрынғы ақындарымыз қос тілді болса, тек қарт Шығыстан мүлдем қол үзіп, мәдени дәнекті тек славян өркениетінен ғана алса, бүгінгі жастар - көп тілді, әрі барлық әдеби-мәдени игіліктерді мұсылманшылық дүниетаным арқылы таразылайды. Сонымен қатар, ұлттық діл тұрғысынан өздерінің ақыл-парасаттарына салып, өзгенің озығын ғана қабылдайды. Тозығына қарсы уәж айта біледі. »
Иә, жалпы жастар поэзиясының озықтығына жақсы пікір білдірілген. Мен осындай пікірге лайық жас ақындардың жаңалығы яки ерекшеліктерін көрсетсем:
- Ой еркіндігі. Жастардың өлеңдерінде ой еркіндігі, комплекстің жоқтығы, әлемге, ондағы зат пен құбылыстарға басқаша өзіндік көзқараспен қарай алатындығы анық байқалады.
- Мазмұн. Ой еркіндігі болғандықтан, тың мазмұндарды жиі кездестіреміз, олардың қиялы шексіз секілді.
- Формадағы ізденістер. Көптеген әлем әдебиетінің үлгілерімен танысқан ақындар поэзиямызға жаңа формалар әкеліп жатқаны байқалады. Тіпті ақ өлең жазу да ерекше бағыт алуда.
- Көркемдік. Күрделі ұйқастар, тың образдар, жаңа өзгеше тіркестер - көркемдік қуаттың қайнары.
Осылай кете берсе болады, әрине. Бірақ, меніңше, ең бастылары осылар.
Бекзат Смадиярдың төмендегі өлеңінен осындай ерекшеліктерді байқаймыз. Ол өзінше ойлайды, өзінде жеткізеді, өзінше түйсінеді. « Оның өлеңдерінде шу жоқ. Оның өлеңдері - даладағы жусандай мұңлы, алыстан талып жетер қаңбақ көшкінінің шуындай әуезді. Кейде төбеден қатулы көзбен қараған бұлттай қаһарлы, кейде маңдайымнан сипаған бейтаныс кемпірдің көзіндей тұңғиық. Өзгенің жаңғырығы боп та естілмейді, көлеңкесі боп та көрінбейді. Өзінікін ғана жазады. » (Айбол Исламғали)
Арылу
Қимастардың қысмет биін күз билеп
Жолда көмген қасіретімді еске сап,
Тырнақ салған іздей боп
Ай туғанда . . . алапес. .
Үш қайтара сәлем салған әжемнің,
Бетін сипап жұбататын Қара Кеш -
Дініміз бір туыс ек қой, Сұлтаным!
Мінәжатым құса болып жазылды
Оны қалай жыртамын?
Дәл сол сәттің,
Азапты сәт ауғанын,
Оқылмауға тиісті ойлар серті үшін
Жыртқан жырлар жапалақтап жауғанын,
Одан бұрын жерлеп тұрып өзімді,
Жан таба алмай көметін
Қорланғаным . . .
Зарық кешкен кезімді
Сен көрдің ғой,
Неге,
Неге кешіктің?!
Енді міне, мен күл сынды тазардым,
Ақты аққа бояғанда не шықты . . .
Ескі күнәм жаңа жырды бөктер қып
Тірі екенін сездіруі . . .
ал, сосын,
Сырың білер жолдастағы өктемдік -
Қарасындай суық екен өгейдің.
Қаншалықты шындық бар
Сұраншақтау көз жасында кедейдің?
Сұрақ қалды.
Басқасынан арылдым.
Жан әжемді жұбат барып Қара Кеш,
Соңғы тісін қағардай боп сабырдың
Ай туыпты -
Таныс тырнақ таңбасы.
Менің әпкем жасымасын шалғайда,
Жасымасын менің сырқат жамбасым…
ТҮСІНІКСІЗДІК . Иә, қазіргі поэзияны көбісі түсініксіз деп айыптайтыны да өтірік емес. Кейбір оқырман қауымның «тым көркемдікке бас ұрып, қисынсыз сөздерді тіркестіріп, түсініксіз жазса Тыныштықбектей сезінеді» тағы осындай пікір білдіруі жиі кездеседі. Бұндай сынды жасандылыққа жол берген ақындарға айту орынды, бірақ кейбір кезіндегі классик ақындарды іздейтін оқырманға қазіргі жастар поэзиясы оңайлықпен тісін батыртқызбайды. Бұл жағдайда өз басым әрдайым әдебиетші-ғалым Таласбек Әсемқұловтың мына пікірін басшылыққа аламын: « Жаңа поэзияның ең үлкен айыбы - оның түсініксіздігі деседі.
Алайда бұндай түсініксіздіктің бірнеше себебі болады. Кейде айтары жоқ ақын шынында да бұлдыратып жазуы мүмкін. Ондай шығарманы оқып отырғанда автордың шынында да "түсініксіз" екенін сезесің. Бірақ көп жағдайда түсініксіздіктің себебі оқырманның өзінде, оның руxани жалқаулығында жатыр.
Баяғы заманда әлдебір қабиланы жеңіп, астанасын алған xалифаның бірі, сол қаладағы кітапxананы тұтас өртеуге жарлық береді. Оқымысты үлемнің бірі "әміршім, бұныңыз қалай, бұл кітапxанада баяғыда жасаған пайғамбарлар, данышпандар, он сегіз мың ғаламның тілін білген ғалымдардың кітаптары бар, осынша мол байлықты көзіңіз қиып қалай жоясыз?" дегенде xалифа айтыпты: "Дүниеде бір-ақ кітап бар. Ол - Құран. Егер де мына кітапxанадағы кітаптар Құранның айтқанын айтса қайталау болады, яғни жойылу керек. Құранға қарсы келсе - қарсы болғаны, яғни жойылу керек!" деп. Руxани жалқаулықтың тамаша көрінісі. Бір ғана мәтінді таныған оқырманның дүниетанымы осы шамалас.
Алайда ақын оқырман түсінбеді екен деп төмендей алмайды. Өзің үшін жазып оқырманнан айырылуға болады. Оқырман үшін жазып, өзіңнен айырылуға болады. Шын ақын осының алдыңғысын таңдайды. Оқырман поэзия қарапайым болсын, түсінуге жеңіл болсын дейді. Қарапайымдылықтың екі түрі бар. Бірі - оқырманның қарапайымдылығы, дәлірек айтқанда қарабайырлығы. Екіншісі - ақынның қарапайымдылығы. Акутагаваның сөзімен айтатын болсақ, "адам айтқысыз күрделі қарапайымдылық" (простата невероятной сложности) . Оқырманның қарапайымдылығына жету үшін - төмен түсу керек. Ақынның қарапайымдылығына жету үшін - өрлеу керек. Шамасы пірадарлық пен нашар өлеңнің арасында, біз сырына ешқашан жете алмайтын құпия, симпатикалық байланыс бар. Өлең неғұрлым момын, неғұрлым пірадар болған сайын мінезсіздене береді, нашарлай береді. Керісінше ақиреттің табалдырығына баруға қорықпай, Адам-пенденің ең көлеңкелі сырларын ашқан сайын поэзия асқақтай түседі. Қабылдаңыз, қабылдамаңыз - жыр өнерінің заңы осы. Себебі, рәсімге құрылған мына дүниемен ешқашан сыйыспайтын ақиқат адамның ішкі дүниесінде, түпсанасында сақтаулы тұр. »
АУДАРМА. Бір қуантары жас ақындар жарыса отырып жаһан әдебиетінің жауһарларынан аударма жасап отырады. Жас та болса ерекше, сәтті аударма жасау арқылы әдебиетімізге де қазына, өздеріне де тәжірбие жинап шыңдалуда. Әсіресе, Айбол Исламғалидың Иосиф Бродскийдің өлеңдеріне, Еділбек Дүйсеннің Бодлер мен үздік сұxбаттарға, Марлен Ғилымxанның, Файзулла Төлтайдың жасайтын аудармаларын атап өтуге болады.
Қазіргі жас ақындардың біразын жоғарыда атап өттім. Барлығы дерлік тоқсан бірден кейін дүниеге келген еркін азаматтар. Әрқайсысының өзіндік қолтаңбасы қалыптасып келе жатқанын қазақтың әдебиет әлемі байқап-бағамдап отыр. Алғашқылары жинақтарын шығарып, әдеби сыйлықтар мен төсбелгілерге қол жеткізіп үлгерген. Төменде өзіме ұнайтын бірлі-екілі ақындарды көрсетпекпін.
Мен де көркем едім ғой, сен де көркем,
Тәңір!
Мінез секілді желден ерке.
Жүрегімнің астында өліп кеткен,
Қар түседі жылауық өлкеге ертең. Бұл тараздық Нұрболат Жолдасбектің «Драма» өлеңінің алғашқы шумағы. Ақынның сөз саптауы мен өз көзқарасын ашық жеткізуі елең еткізеді. Ол тағы бір өлеңінде:
Ымырт. Мен білсем құдай кешірімді,
(мысқыл)
Іштен іліп еріншек есігіңді,
Жыла, күнім . . . жаңбырды сөк, тағдырды . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz