Мәдени - тынығу жұмысын әдістемелік қамтудың субъектісі мен объектісі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Мәдени - тынығу жұмысын әдістемелік қамтудың субъектісі мен объектісі
Орындаған:Базарбек Гүлзира
Группа; МС-18-15-3К5
Қабылдаған:Байсымақова А
Мәдени - тынығу жұмысын әдістемелік қамтудың субъектісі мен объектісі
Мәдени - тынығу мекемелері(МТМ) сияқты әдістемелік қамту жүйесінің өзіне ғана тән өзгеше, сапалық - ерекше субъектісі мен объектісі бар. Мәдени - тынығу мекемелерінде объект мәдениет мекемесінде өткізілетін түрлі көпшілік (бұқаралық), топтық және ұжымдық іс - шараларға келушілер, көрермендер мен тыңдармандар болса, ал мұнда объект МТМ-нің түрлі дәрежедегі тұрақты аудиториясы болып табылады. Іс - әрекет объектісі сандық және сапалық тұрғыдан өзгеріп отырады. Іс - шараға дайындық және өткізу барысында келушілер түрлі әлеуметтік рөлдерге түсе отырып, бір мезгілде мәдениет үйлері мен сарайлары, жастар орталығындағы мәдени - тынығу қызметінің әрі объектісі, әрі субъектісі бола алады. Бұл жерде объект және субъект арасындағы шекара салыстырмалы: МТМ үшін элементтердің өзара байланысы, «тәрбиеші - келушілер» арасындағы тура және кері байланыстардың тоғысуы тән.
Мәдени - тынығу мекемелірінен өзгешелігі әдістемелік қамтудың объектісіне МТМ-нің кәсіби, штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері, бірлестіктер, ынтызарлық клубтар, көркемөнер шығармашылығы ұжымдары мен өзге де клубтық құрылымдар жетекшілері жатады. Объект пен субъект МТЖ-н әдістемелік қамту дәрежесіне байланысты өзгеріп отырады, өйткені әдістемелік қамту ауыл (ауылдық мәдениет Үйі), аудан (АМҮ), облыс (ОМ және ХШО), республика (РМ және ХШО) деңгейінде жүзеге асырылады. Сондықтан МТЖ-н әдістемелік қамтудың объектісі мен субъектісі әр түрлі болып келеді. Мысалы, республикалық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының шығармашылық қызметкерлері облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының және республикадағы МТМ-нің барлық қызметкерлері үшін МТЖ-н әдістемелік қамтудың субъектісі болып табылады, ал Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы, аудандық, ауылдық мәдениет үйі қызметкерлері әдістемелік тұрғыдан республикалық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы үшін объект болып табылады. Мұның бәрі республикалық деңгейдегі әдістемелік қамтудың субъектісі мен объектісі болады.
Облыстық деңгейдегі әдістемелік қамтудың субъектісі мен объектісін анықтар болсақ, ол төмендегідей болады: ОМ және ХШО-ның барлық шығармашылық қызметкерлері аудандық мәдениет үйінен бастап ауылдық мәдениет үйлеріне дейін облыстағы мәдени - тынығу мекемелерінің барлық қызметкерлеріне қатысты МТЖ-н әдістемелік қамтудың субъектісі болып табылады.
Бұл деңгейдегі ОМ және ХШО-ның қызметкерлеріне қатысты облыстағы МТМ-нің барлық қызметкерлері МТЖ-н әдістемелік қамтудың объектісі болып есептеледі.
Аудандық деңгейде ауылдық мәдениет үйлері, сарайлары мен клубтар қызметкерлеріне қатысты аудандық мәдениет үйінің штаттағы және штаттан тыс барлық қызметкерлері әдістемелік басшылықтың субъектісі болады. Ал МТЖ-н әдістемелік қамтудың объектісі ауылдық мәдениет үйі, ауылдық клубтар, клуб - бөлімшелер т. б. бастап аудандағы барлық мәдениет қызметкерлері болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz