Абайтану ғылымын зерттеушілер
Қазақстан Республикасынығ Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Уиверситеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Абайтану ғылымын зерттеушілер
Орындаған:Енербай Ш
Группа:МС-18-15-3к5
Қабылдаған :Насридинов
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
ХХ ғасырдың 40 жылдардағы абайтау ғылымы
ХХ ғасырдағы 50 жылдардағы абайтану ғылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы абайтану ілімі өзінің қалыптасу жолында ғылыми өзекті мәселелерді байыпты шешуде ілгерілеу жолында болды. Әрине, тұтас әдебиеттану ғылымын, шығармашылық ізденісті үнемі тұсаулап отырған маркстік-лениндік ілімді айтпағанда, ұлттық әдебиеттану ізашарлары саналатын Алаш арыстарының сталинизм құрбаны болуы абайтану ілімінің басым бағыттарындағы ғылыми-әдіснамалық мәселелерін тығырыққа тірегенін де назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Әдеби және ғылыми дамудағы тарихи сабақтастық қағидаларын берік ұстанған әдебиетшілер Абай мұрасын зерттеуде үнемі ғылыми ізденісте болды. Ол ұлт руханиятын, соның ішінде ұлы ақын мұрасын тоталитарлық жүйе қысымынан арылту мұратындағы әдебиетшілер парасатын айқын танытады. 1939-1940 жылдары Абай шығармаларының екі томдық жаңа басылымы жарық көрді. 1939 жылғы ақын шығармаларының І томы С. Мұқановтың Абай - халық ақыны мақаласы, 1940 жылғы ІІ томы М. Әуезұлының Абайдың идеялық-мәдени ізденулері атты ғылыми мақалаларымен қалың қауымға жол тартты.
Ақынның 95 жылдық мерейтойының аталып өтуі де рухани өмірдегі елеулі оқиға болды. Абай шығармалары тұңғыш рет, 1940 жылы орыс тілінде басылып, Лирика и поэма деген атпен Мәскеуде шықты. Ақын шығармашылығын зерттеумен қатар оның көркем бейнесін әдеби туындыларда сомдай бастаған М. Әуезұлының Абай трагедиясы сахналанды. Абайтану ілімінде үлкен маңызға ие әрі ақын тұлғасын, өнерпаздық болмыс-бітімін тануда маңызы зор естеліктер, яғни ақынның көзін көрген Көкбай, Тұрағұл, Қамалия, Төлеу естеліктері мерзімді баспасөзде жарық көрді. Бұл тұста Қ. Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілі, Абай ұлы реалист ақын, Е. Ысмайыловтың Кемеңгер Абай, Ә. Тоқмағанбетовтің Абайдың ақындық мектебі, М. Бөжеевтің Абайдың аударма еңбектері, Қ. Бекхожиннің Қазақ халқының ұлы ақыны мақалалары басылымдарда жарық көрді. Ал 1945 жылы Абайдың 100 жылдық мерейтойы аталып, осы мерейтой барысында абайтануда елеулі де маңызды істер атқарылды. Ақын шығармашылығын зерттеу жаңа ғылыми еңбектермен толықты. Т. Нұртазиннің Абай және орыстың классик әдебиеті, Ә. Тәжібаевтың Абай және қазақ әдебиеті, І. Омаровтың Абай және қазақ мәдениеті, Е. Ысмайыловтың Абай өлеңдерінің құрылысы туралы, Абайдың көркем сөз шетерліктері туралы, Б. Кенжебаевтың Абайдың қарасөздері және өзге де ғылыми мақалаларда ақын шығармашылығы түрлі аспектіде зерделенді. М.Әуезов пен Б. Кенжебаевтың Абай - қазақтың ұлы ақыны, М. Сильченконың Абай кітапшалары шықты. Абайтану ілімінің қалыптасу жолындағы маңызды ізденістердің ғылыми сипатының еселенуін айқындайтын монографиялық еңбектер де жарық көре бастады. Атап айтқанда: Қ. Жұмалиевтің Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі (1948), С. Аманжоловтың Қазақтың әдеби тілі (1949) зерттеулері нақты дәлел болып табылады. Сонымен қатар Ә. Жиреншиннің Абай и его русские друзья (1949) кітабы басылды.
1940 жылдардың соңы 50 жылдар басындағы қабылданған партиялық қаулы-қарарлар абайтану іліміне ауыр зардабын тигізіп, ақын мұрасын, шығармашылығын зерттеушілерді кезекті қуғын-сүргінге салды. 1951 жылы 15 маусымда Қазақ КСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп өткізген Абайдың әдеби мұрасы мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс идеологиялық сипат алып, Абайдың ақындық мектебін зерттеуші Қ. Мұхаметханов жиырма бес жылға бас бостандығынан айрылып сотталса, ұлтшылдық концепцияны насихаттаушы деп М. Әуезұлы кезекті қуғын-сүргінге түсті. Абайдың әдеби мұрасы мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыс деген аты ғана болмаса, заты Абай мұрасын талқылаған ғылыми айтыс болмай, айтыстың әдейі арнап нысанаға алғаны - Абайдың әдеби мектебі, Мұхтар Әуезовтің абайтанудағы ғылыми және әдеби ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz