Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Симмуляция сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтың құрылымы/ Структура методических указаний к симуляционным занятиям

І-бөлім. Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология.

Тақырыбы/тема: № 1 Симулляция сабақтың тақырыбы: Остеология. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Анатомиялық терминология. Тұлға сүйектері. Омыртқа жотасы. Бас қанқасының дамуы. Жас шамасына, жынысқа байланысты ерекшелігі. Бас қанқасының ми сауыты бөлігінің сүйектері. Бет сүйектері топография: көз шарасы, мұрын қуысы. Жоғарғы, төменгі жақ.

Сабақтың мақсаты/Цель занятия: Анатомиялық әдістерді біліп, оларды айыра білуге, сүйектердің қасиеттерін, құрылысын, қызметін айыра білуге дағдыландыру;

Оқыту міндеттері/задачи обучения:

1. Бiлiмдiлiк: білім алушыларға анатомия пәні, оның тарихы туралы мәлімет беру;

2. Дағды машығын ұйымдастыру: анатомия пәнінің міндеттері, мақсаты, әдістері туралы түсінік беру;

3. Тәрбиелiк: білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

Мамандығына қойылатын талаптар:

Не бiлуi керек

1. Анатомия пәні туралы жалпы түсінік ;

2. Тіндер, ағзалар, жүйелер туралы түсінік;

3. Аппараттар туралы нақтылы анықтама білу;

Білім алушы істей білуі тиіс

- Анатомияның тарихын ажырата білу ;

- Анатомиялық әдістердің қолданылуы туралы білу;

- Анатомияның мақсаты: сау адамды қарастыру нысанын айыра білу;

- Адам конституциясын ажырата білу;

Пәнаралық байланыс: физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, химия, экология.

Үлестiрiлiп берiлетiн материалдар: Тақырыпқа байланысты плакаттар, мәтіндер, үлестірмелі тапсырмалар.

Симуляциялық сабақтың тапсырмасы/ Задание на симуляционное занятие:

1 тапсырма. Анатомиялық диктант.

Қаңқа сүйектері сырт пішініне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:

  • . . . қатарына жіліктер мен қабырғалар жатады. Жіліктер ұзын, түтік тәріздес болып келеді. Олардың ортаңғы бөлігін денесі немесе . . . десе, екі шетіндегі шоқпар бастарын . . . және . . . эпифиздері деп аталады. Жілік денесінің құрылысы сары сүйек майына толы болады, ал екі басы көрші жіліктермен жалғасып . . . құрайды;
  • . . . сүйектерде ұзындығы мен жуандығы және ені шамамен бірдей болады. Бұл сүйектер тығыз заттың жұқа қабатымен жабылған . . . заттан құрылған . . . кемік сүйектер (бақай, төстік) және . . . кемік сүйектер( омыртқа, білезік, тілерсек) болып екі түрге бөлінеді;
  • . . . сүйектер қатарына . . . қаңқасының сүйектері, . . . және . . . секілді жалпақ пішінді, тақта тәрізді сүйектер жатады;
  • . . . сүйектерге бірнеше бөліктерден тұратын, қызметтері мен құрылысы және дамуы . . . болып келетін сүйектер жатады (омыртқалар, бас қаңқасының негіздік сүйектері) .

2 тапсырма. Сызбанұсқаны ретімен толтырып, толық сипаттама бер.

3 тапсырма. Мәтін бойынша сызбанұсқа жаса

Омыртқа бағанасы, columna vertebralis, бір-бірімен өзара can түзеп тізбектеліп, орналасқан 33-34 омыртқалардан тұрады. Омыртқалар жайлы ілімді бастамас бұрын жалпы адам қанқасының құрылысымен танысып алу керек. Омыртқа бағанасы 7-мойын омыртқасынан, vertebrae cervicales, 12-кеуде омыртқасынан, vertebrae thoracicae, 5-бел омыртқасынан, vertebrae lumbales, сегізкөз сүйегінен, os sacrum, және құйымшақ сүйегінен, os coccygis, тұрады. Ересек адамдарда омыртқа бағанасының сагитал жазықтығының бойында орналасқан 4 иілімдері, curvaturae: мойын, кеуде, бел немесе құрсақтық және сегізкөздік немесе жамбастық физиологиялық иілімдері ажыратылады. Бұл иіндердің ішінде: мойын, белиіндерінің дөңесжағы (лордозы) алға қарай бағыт алса, кеуде және сегізкөз иіндерінің дөңес жағы (кифозы) артқа қарай бағытталған.

4 тапсырма. Сызбанұсқа бойынша толық мәтін жаз

5 тапсырма. Жалпы берілген тақырып бойынша Латынша атауларын кесте құрып жаз.

6 тапсырма . Бас қаңқасы, омыртқа жотасы, тұлға сүйектерінің суретін салу

Қорытынды жазу

Тақырып бойынша

өте жақсы түсіндім

Қиын түсініксіз болды
Мәселені жойдым/жоя алмадым
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын
Тақырып бойыншаөте жақсы түсіндім:
Қиын түсініксіз болды:
Мәселені жойдым/жоя алмадым:
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын:

Тақырыбы/тема: №2 Симулляция сабақтың тақырыбы: Иық белдеуі. Қолдың еркін қозғалатын сүйектерінің құрылысы. Жамбас белдеуі. Еркін қозғалатын аяқ сүйектерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты/Цель занятия: Иық белдеуі мен жамбас белдеуі және қол аяқ сүйектерін айыра білуге, сүйектердің қасиеттерін, құрылысын, қызметін айыра білуге дағдыландыру;

Оқыту міндеттері/задачи обучения:

1. Білімділік: Иық белдеуі, қолдың еркін қозғалатын сүйектері және жамбас белдеуі, аяқтың еркін қозғалатын сүйектері бойынша толық мәлімет беру:

2. Дағды машығын ұйымдастыру: Иық белдеуі мен жамбас белдеуі және қол аяқ сүйектерін айыра білуге, сүйектердің қасиеттерін, құрылысын, қызметін айыра білуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік: тәжірибелік сабақ барысында пәнге деген қызығушылықтарын ояту, мамандығына деген жауапкершіліктерін арттыру.

Мамандығына қойылатын талаптар:

Не бiлуi керек

Жалпы сүйектердің түрлерін, қасиетін, қызметін. Қол аяқ қаңқасының жас ерекшеліктерін.

Иық белдеуі, қолдың еркін қозғалатын сүйектері мен жамбас белдеуі, аяқтың еркін

қозғалатын сүйектерін.

Білім алушы істей білуі тиіс

Сүйек түрлерін ажырата білу. Сүйектердің латынша атауларын білу. Иық және жамбас белдеуінің сүйектерін, қол, аяқ сүйектерін нақтылы көрсете білу.

Пәнаралық байланыс: физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология,

химия, экология.

Үлестiрiлiп берiлетiн материалдар: білім алушыларға арналған өзіндік жұмыс

материалдары

Симуляциялық сабақтың тапсырмасы/ Задание на симуляционное занятие:

1 тапсырма. Анатомиялық диктант.

Иық деп денедегі . . . кеудеге жалғанатын тұсын айтамыз. Иық белдеуінің сүйектеріне омыртқа жотасының жоғарғы жағында . . . сүйектері: . . . жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы . . . сүйектерімен жалғасады.

Иық буыны . . . жілікті, ол арқылы бүкіл қолдың . . . иық белдеуімен, атап айтқанда, жауырынмен байланыстырады. Буын түзуге қатысатын тоқпан жіліктің басы шартәрізді. Онымен буындасатын жауырынның буындық ойығы көлемін ұлғайтып, сонымен бірге жілік басы қозғалған кездегі соққылар мен шайқалыстарды жұмсартатын . . . буын ернеуі жатады. Иық буынының қапшығы жауырында буын ойығының сүйекті жиегіне бекіп, әрі иық басын қаусырап, анатомиялық мойында аяқталады. Иық буынының қосалқы байламы ретінде . . . өсінді негізінен шығатын және буын қапшығына қосылып-өрілетін тығыздау талшықтар шоғыры болады. Жалпы алғанда иық буынында нағыз байламдар жоқ, ол иық белдеуі . . . бекиді. Бұл жағдай бір жағынан дұрыс сияқты, өйткені еңбек ету мүшесі ретіндегі қолдың қызметі үшін қажет иық белдеуінің кең . . . - . . . жасауына себебін тигізеді. Екінші жағынан, иық буынындағы әлсіз беку, онда буын . . . кетуінің көп болуына себеп болады.

2 тапсырма. Сызбанұсқаны ретімен толтырып, толық сипаттама бер.

3 тапсырма. Мәтін бойынша сызбанұсқа жаса

Иық белдеуі екі жауырын мен екі бұғанадан тұрады. Жауырын - кеуде қуысының партқы жағында орналасқан үшбұрышты жалпақ сүйек. Бұғананың бір ұшы төстің жоғарғы ұшымен, екінші ұшы - жауырынмен қосылған.

Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы үш бөлімнен: тоқпан жілік, кәрі жілік, білек және қол басы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік жауырынмен қозғалмалы байланысатын иық бқуынын түзіп, қолмен арқилы қимыл жасауға мүмкіндік береді. Тоқпан жіліктің ішкі қуысы сүйек майына толық болады.

Білек кәрі және шынтақ сүйектерінен тұрады. Кәрі жілік шынтақ сүйегімен білектің шынтақ буынында айналмалы қозғалыс жасайтындай болып байланысқан.

Қол басы сүйектерінің үш бөлімін ажыратады: білезік сүйектері, алақан сүйектері және майда сүйектерден тұратын саусақ сүйектері.

Аяқ қаңқасы (жамбас белдеуі) омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен және екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас сүйектері мен сегізкөз омыртқа бағанасын, яғни бүкіл дене сүйенетін тірек түзеді. Жамбас белдеуіне аяқтың еркін қозғалатын сүйектері мен бұлшық еттер жалғасады. Жамбас белдеуі олар үшін тірек болып табылады және олардың қозғалуына қатысады. Жамбас белдеуін ішкі мүшелерді қорғайды және оларды ұстап тұрады.

Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйегі және майда 26 сүйектен тұратын толарсақ (тілерсек), табан және бақай сүйектері жатады.

Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәрізді пішінге ие болады. Толарсақта 7 сүйек бар, оның ең ірісі-өкше сүйегі. Табанды қысқа бес сүйектер құрайды. Қол саусақтары сияқты аяқтың башпайлары да, үлкен башпайдан басқасы 3 қысқа сүйектен құралған.

4 тапсырма. Сызбанұсқа бойынша толық мәтін жаз

5 тапсырма. Жалпы берілген тақырып бойынша Латынша атауларын кесте құрып жаз.

6 тапсырма Қол, аяқ сүйектерінің суретін салу

Қорытынды жазу

Тақырып бойынша өте жақсы түсіндім
Қиын түсініксіз болды
Мәселені жойдым/жоя алмадым
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын
Тақырып бойынша өте жақсы түсіндім:
Қиын түсініксіз болды:
Мәселені жойдым/жоя алмадым:
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын:

ІІ -бөлім. Синдесмология. Миология. Бұлшықет жүйесі.

Тақырыбы/тема: №3 Симулляция сабақтың тақырыбы: Жалпы сүйек қосылыстарының жіктелуі. Сүйек қосылыстары, омыртқа жотасы мен кеуде клеткасының жіктелуі. Иық белдеуі сүйектері өзара тұлғамен қосылыстары. Жамбас белдеуі сүйектері, аяқ сүйектерінің қосылыстары.

Сабақтың мақсаты/Цель занятия: Иық белдеуі мен жамбас белдеуі және қол аяқ сүйектерінің, омыртқа жотасы мен кеуде клеткасының қосылыстарын айыра білуге, қызметтерін айыра білуге дағдыландыру;

Оқыту міндеттері/задачи обучения:

1. Білімділік :Синдесмология туралы толық мәлімет беру. Иық белдеуі мен жамбас белдеуінің қол және аяқ сүйектерімен қосылыстары бойынша білімдерін дамыту.

2. Дағды машығын ұйымдастыру : Иық белдеуі мен жамбас белдеуі және қол аяқ сүйектерінің, омыртқа жотасы мен кеуде клеткасының қосылыстарын айыра білуге, қызметтерін айыра білуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік: тәжірибелік сабақ барысында пәнге деген қызығушылықтарын ояту, мамандығына деген жауапкершіліктерін арттыру. Деннің саулығы үшін, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Мамандығына қойылатын талаптар:

Не білу керек: Жасқа байланысты сүйек құрылысының ерекшеліктерін. Сүйектердің қосылу (байланысу) ерекшеліктерін. Омыртқа жотасы сүйектерінің, кеуде клеткасы сүйектерінің қосылыстарын.

Не жасай білу керек: Омыртқа бөлімдерін, үздіксіз, үзілмелі сүйек қосылыстарын ажырата білу. Сүйектердің латынша атауларын білу. Иық және жамбас белдеуінің сүйектерін, қол, аяқ сүйектерін, кеуде клеткасының сүйектерін нақтылы көрсете білу.

Пәнаралық байланыс: физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, химия, экология.

Үлестiрiлiп берiлетiн материалдар: білім алушыларға арналған өзіндік жұмыс

материалдары.

Симуляциялық сабақтың тапсырмасы/ Задание на симуляционное занятие:

1 тапсырма. Анатомиялық диктант.

Синдесмология (syndesmologia, грек, syn - . . . , desmos - . . . , logos - ілім) - сүйектер байланыстары туралы ілім.

Адам қаңқаларында сүйектер байланыстарының екі түрі ажыратылады:

  1. Сүйектердің . . . байланысы
  2. . . . байланыс.

Тұтаса байланыс кезінде, сүйектер бір-бірімен өзара әр түрлі . . . арқылы байланысады:

  • Бұлшықеттік байланыс (. . . )
  • Серпімді (эластикалық) ұпалық байланыс (. . . )
  • Дәнекер ұлпалық байланыс (. . . )
  • Шеміршектік байланыс (. . . )
  • Сүйектену (. . . ) .

. . . байланысуда сүйектер аралығында қоймалжың сұйыққа толған . . . қуысы және оны сыртынан қаптайтын . . . қапшығы болады. Буындар құрылысына қарай . . . және . . . болып екі топқа бөлінеді. Сүйектердің тұтаса байланыстарының түрлері көбінесе біліктік қаңқада, ал буынды байланыстар қол мен аяқ қаңқаларында кездеседі.

2 тапсырма. Сызбанұсқаны ретімен толтырып, толық сипаттама бер.

1)

2)

3)

4)

3 тапсырма. Мәтін бойынша сызбанұсқа жаса

Сүйектің үздікті және үздіксіз қосылыстары. Буындардағы қозғалыс түрлері.

Сүйектің үздікті және үздіксіз қосылыстары. Адам қаңқасының сүйек аралық байланыстарын зерттейтін ірі тұлғалы ілімді артрология artrologia, деп аталады.
филогенез процесінде сүйектер байланысының 2 түрі дамиды : Алғашқы - қозғалыс көлемі шектелген тұтасқан үзіліссіз және кешірек /кейінгі / - бөлінген үзілісті / кең көлемді қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін/ . Осы филогенездік, жануарлардың буындардағы қозғалыстың көмегімен сыртқы ортаға бейімделу процесін қайталай отырып, сүйектер байланысының дамуы адам эмбриогенезінде / онтогенезінде /осы 2 сатылай өтеді. Алғашқыда қаңқаның бастамалары мезенхиманың қабаттарымен өзара үзіліссіз байланысқан . Мезенхима, сүйектерді байланыстыратын аппарат түзетін, дәнекер ұлпаға айналады. Егер, сүйектердің арасында орналасқан дәнекер ұлпа тұтас болса, онда сүйектердің тұтас үзіліссіз байланысы - бірігу немесе синартроз пайда болады . Егер дәнекер ұлпаның ыдырауы арқылы онда қуыс пайда болса, онда байланыстың басқа түрі - қуысты, немесе үзілісті байланыс - диартроз пайда болады .

•Үзіліссіз байланыстар - синартоздар

4 тапсырма. Сызбанұсқа бойынша толық мәтін жаз

5 тапсырма. Жалпы берілген тақырып бойынша Латынша атауларын кесте құрып жаз.

Қорытынды жазу

Тақырып бойынша өте жақсы түсіндім
Қиын, түсініксіз болды
Мәселені жойдым/жоя алмадым
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын
Тақырып бойынша өте жақсы түсіндім:
Қиын, түсініксіз болды:
Мәселені жойдым/жоя алмадым:
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын:

Тақырыбы/тема: №4 Жалпы миология. Көлденең жолақты, бірыңғай салалы бұлшықет.

Тұлға бұлшықетінің анатомиясы. Диафрагма. Бас бұлшықеті: шайнау, ымдау бұлшықеті.

Мойынның бұлшықеттері мен шандырлары.

Сабақтың мақсаты/Цель занятия: Тұлға бұлшықеті, диафрагма, бас, мойын бұлшықеттерін, олардың қызметтерін айыра білуге дағдыландыру;

Оқыту міндеттері/задачи обучения:

1. Білімділік : Миология туралы толық мәлімет беру. Көлденең жолақты, бірыңғай салалы бұлшықеттер туралы білімдерін дамыту.

2. Дағды машығын ұйымдастыру: Тұлға бұлшықеті, диафрагма, бас, мойын бұлшықеттерін, олардың қызметтерін айыра білуге дағдыландыру;

3. Тәрбиелік: тәжірибелік сабақ барысында пәнге деген қызығушылықтарын ояту, мамандығына деген жауапкершіліктерін арттыру. Деннің саулығы үшін, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Мамандығына қойылатын талаптар:

Не білуі керек: Бұлшықет ұлпасының құрылысын. Бұлшықеттерді топтастыруды. Антогенист, синергист бұлшықеттерді. Басбұлшықеттерін. Тұлға бұлшықеттерін. Қызметтерін, басталып бекитін жерлерін.

Не жасай білу керек: Бұлшықеттерді қызметі мен құрылысы бойынша топтастыра білуді. Тұлға, басбұлшықеттерін ажырата білуді. Латынша атауларын білу, орналасуын көрсете білу. Пәнаралық байланыс: физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, химия, экология.

Үлестiрiлiп берiлетiн материалдар: білім алушыларға арналған өзіндік жұмыс материалдары.

Симуляциялық сабақтың тапсырмасы/ Задание на симуляционное занятие:

1 тапсырма. Анатомиялық диктант.

Бұлшықеттер адам ағзасындағы әр түрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшық еттің қатысуымен адам кеңістікте . . . , дененің . . . сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет ( . . . мен . . . қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады.

Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің . . . , . . . әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге . . . беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.

. . . 1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары 6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер.

Бұлшықеттер - бұлшық ет ұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.

Бұлшықеттердің негізін - . . . бұлшық ет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды. Бұл шоғырлардың сыртын . . . ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.

Бұлшықет ұлпасын құрылысына қарай . . . , көлденеңжолақты (қанқа бұлшықеттері) және . . . бұлшықеттері деп бөледі. Бірыңғайсалалы бұлшық еттер ішкі мүшелердің ішкі жағын (ішек, қарын, қантамырлар, несепағар, қуық, т. б. ) астарлап жатады.

Бұлшықет жиырылғанда ішкі мүшелер . . . өзгертеді. Олардың жиырылуы баяу әрі ырғақты және адамның еркінен тыс жүзеге асады.

Көлденеңжолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көл-денеңінен жолақтанып жатады. Көлденеңжолақты бұлшықет талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметрі 0, 1 мм, ұзындығы бірнеше онда-ған мм-ге жетеді. Бұлшықет талшықтары - миофибриллалар (грекше «mіо»-бұлшықет, латынша «fibrilla» талшық) миозин және актин нәруыздарынан тұрады . . . - бұлшықетте ет талшықтарының жиырылып босаңсуына қатысатын еритін нәруыз. . . . - бұлшықетте миозинмен бірге болатын, ет талшықтарының жиырылып, босаңсуына қатысатын нәруыз. . . . ( . . . ) бұлшықеттердің ең күшті құрылымдық және қызметтік бірлігі.

Көлденең жолақтар әр түрлі оптикалық қасиеті бар талшықтар будасының миофибриллаларда ашықтау және күңгірттеу болып кезектесіп орналасуы. Миозин нәруызынан тұратын жуан талшықтардың будалары жарық микроскопынан күңгірттеу жолақ болып көрінеді. Ашық түсті жіңішке жолақтар актин нәруызының жіңішке жіпшелерінің будала-рынан түзіледі.

Жүректің көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары 2 түрлі қызмет атқарады: біреуі жүректің . . . қамтамасыз етеді; екіншісі жүрек ішінде . . . толқындарын өткізеді. Жүректің бұлшықеті кұрылысы жағынан . . . болса, қызметі . . . бұлшықетке ұқсайды. Жүректің бұлшықеті де қаңқадағыдай көлденеңжолақты болғанымен, жиырылуы адамның ер-кінен тыс, . . . бағынбайды. Жүректің жұмысын тоқтатам десең де тоқтата алмайсың. Оның ұлпалары ерекше. Ғалымдар адам денесінде . . . астам қаңқа бұлшықеттері бар деп есептейді.

2 тапсырма. Сызбанұсқаны ретімен толтырып, толық сипаттама бер.

1)

2)

3)

4)

3 тапсырма. Мәтін бойынша сызбанұсқа жаса

Бұлшық ет жиырылуының: изотониялық, изометриялық жэне ауксотониялық деген үш түрі болады. Изотониялъқ (грек тілінде isos - бірдей, тең, tonos - ширығу, деген мағына береді) жиырылу (ширықпай жиырылу) кезінде ет талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның үзындығы қысқарады. Тәжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқшауланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркендірген кезде байқалады.
Изометриялық жиырылу (грек тілінде isos - бірдей, mews - өлшем) жағдайында бұлшық еттің үзындығы өзгермей, тек ширығу деңгейі артады (қысқармай жиырылу) . Тәжірибе жағдайында жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк іліп, тітіркендіргенде байқалады.
Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық жиырылулар кездеспейді. Денеде бүлшық еттің екі үшы сүйек рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі әсер ететін мүшенің салмағына тең кедергіні немесе кереғар еттердің қарсылығын жеңу керек. Демек, әрекет үстінде ет талшығы әрі ширығады әрі қысқарады.

Бұлшық еттің ширығу деңгейі мен үзындығын өзгерте жиырылуын ауксотониялъщ жиырылу деп атайды. Қимыл эрекет үстінде еттер ауксотониялық жиырылу жағдайында болады, бірақ онда, не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ келеді. Бұлшық еттің жиырылу ырғағы тітіркендіргіш күшіне және тітіркендіру жиілігіне байланысты. Мысалы, жиілігі 6-8 Гц-тен аспайтын тікелей (еттің өзін) немесе жанама (жүйкені) тітіркендіруге баяу әрекетті талшықтардан құралған бүлшық ет дара жиырылумен жауап береді. Өйткені тітіркендіру аралығында босанып шыққан кальций иондары қайтадан саркоплазмалық торға еніп үлгереді. Мұндай дара жиырылулар тітіркендірген соң бірден басталмай, жасырын (латенттік) кезең деп аталатын біршама уақыттан кейін бастал ады. Бақаның балтыр етінде бұл мерзім 0, 01 с. Осыдан кейін еттің 0, 04 с созылатын жиырылу сатысы және 0, 05 с созылатын босаңсу сатысы байқалады. Демек, дара жиырылуды бейнелейтін қисық сызықта үш кезең: жасырын, жиырылу және босаңсу кезендері бейнеленеді. Босаңсудан кейін қисық сызықта майда толқындар байқалады. Бұл ет талшықтарының оралымдығына байланысты құбылыс.

Бұлшық етті күші, әсер мерзімі және жиілігі тұрақты тітіркендіргішпен бірнеше рет тітіркендірсе, «баспалдақ феномені» байқалады, алғашқы бірнеше тітіркендіруге бүлшық ет жиырылу амплитудасын өсіре жауап береді. Бұл құбылыс тропонин белогымен қосылысатын кальций иондарының концентрациясының өсуіне байланысты. Жеке тітіркендіруге оқшауланған шапшаң әрекетті талшықтар «барынша немесе ешнәрсе жоқ» заңдылығына сәйкес жауап береді. Мұндай жағдайда тітіркендіргіштің тек бастапқы күші ғана таралатын әрекет потенциалын тудырып, кальций иондарының толық босануын, миофибриллалардың барынша жиырылуын қамтамасыз етеді. Бірақ денеден оқшауланбаған бұлшық етті электр тогымен тітіркендіргенде, оның жиырылу күші тітіркендіру күшіне байланысты өзгереді: тітіркендіргіш күші осы ет құрамына енетін барлық талшықтар үшін табалдырықты деңгейге жеткенге дейін ет талшықтарының жиырылу амплитудасы өсе береді. Бұл құбылыс ет құрамында жуандығы мен қозғыштығы эртүрлі талшықтардың болуына байланысты. Бұлшық етке арасы өте жиі (100 мс шамасында) екі тітіркендіргіш тіркес әсер етсе, ет талшықтары толық босаңсып үлгермейді де, алғашқы жиырылуға келесі жиырылу үстемелене жалғасып, қабаттасып кетеді.

4 тапсырма. Жалпы берілген тақырып бойынша Латынша атауларын кесте құрып жаз.

5 тапсырма. Бас бұлшықетінің суретін салу

Қорытынды жазу

Тақырып бойынша өте жақсы түсіндім
Қиын, түсініксіз болды
Мәселені жойдым/жоя алмадым
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын
Тақырып бойынша өте жақсы түсіндім:
Қиын, түсініксіз болды:
Мәселені жойдым/жоя алмадым:
Бүгінгі тақырып бойынша өзімді бағалаймын:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия ғылымының салалары
Адам анатомиясы пәні және оның міндеттері
Адам анатомиясын оқыту әдістемесі
Үлкен асықты жілік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы бар жіңішке түтікті сүйек
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Адам қаңқасының құрылысы
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
Антропология ұғымы
Физиология дамуының қысқа тарихы
Анатомия - тірі адамда оқу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz