Дайын өнімнің есебі, оны жөнелту мен сату


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Дайын өнімнің есебі, оны жөнелту мен сату

Дайын өнім - өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен куәләндірылған қоймаға қабылдап алғаны және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделеді

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді. Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу жолымен шығарылып оның есептік баңасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Ауытқудың % мен сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнім қалдығынан есептеледі. Ауытқуды мына формуламен есептейді:

Ауытқу сомасы

Ауытқу пайызы = x 100%

Қалдық + ай ішінде түскен өнім

Дайын өнімді жөнелту мен сату

Дайын өнімді босату үшін бұйрық - жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат біріктірілген: қоймаға берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен жасалған келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін, жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді » деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.

Құжатқа қызмет бөлімінің бастығы, қоймашы және экспидитор қол қояды. Бұйрық - жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты бойынша, сатып алушы қабылдап алатын стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.

Олар бұйрық - жүкқұжатынан басқа, теміржолдың, басқада тасымалдау мекемелернің стансадан жүкті жіберілгендігі туралы белгісі бар жүк тасмалдау құжаты немесе коносамент, жұмысы қабылдау актісі және басқа да тиісті құжаттар болуы мүмкін.

Дайын өнімді шығарудың және оның қоймадағы есебі

Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жайлы натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады (өндірістің аналитикалық есебі бойынша) . Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай, шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын счеттың кредиті бойынша көрсетіледі. Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті-бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ-р (ТМҚ-5) карточкасы ашылады.

Колледж білім берумен айналысқандықтан дайын өнімі болып оқушылардың оқу ақысынан тапқан табысы болып табылады.

Шаруашылық операция мазмұны
Дебет
Кредит
Шаруашылық операция мазмұны: Дайын өнімді кіріске алу
Дебет: 1320
Кредит: 8110, 8210, 8310
Шаруашылық операция мазмұны: Дайын өнімді ақысыз беру
Дебет: 7410
Кредит: 1320
Шаруашылық операция мазмұны: Материалдар мен шикізаттар негізгі өндіріс цехына босатылды
Дебет: 8111
Кредит: 1310
Шаруашылық операция мазмұны: Өндірістен шыққан дайын өнім қоймаға кірістелді
Дебет: 1320
Кредит: 8110
Шаруашылық операция мазмұны: Жабдықтаушылардан материалдар мен шикізат алынды
Дебет: 1310
Кредит: 3310
Шаруашылық операция мазмұны: Оның ішінде ҚҚС 12% көрсетілді
Дебет: 1420
Кредит: 3310
Шаруашылық операция мазмұны: Сатып алынған өнімнің өзіндік құнын есептен шығару
Дебет: 7010
Кредит: 1320
Шаруашылық операция мазмұны: Қоймалардағы артық шыққан дайын өнімдерді кіріске алу
Дебет: 1320
Кредит: 6280
Шаруашылық операция мазмұны: Дайын өнімдерді зертханалық сараптау өткізу және әкімшілік шығындары үшін есептен шығару
Дебет: 7210
Кредит: 1320
Шаруашылық операция мазмұны: Сатып алушылардан берешек сомасы келіп түсті
Дебет:

1010

1030

Кредит: 1210
Шаруашылық операция мазмұны: Қорларды есептен шығару үшін жасалған резерв
Дебет: 7420
Кредит: 1360
Шаруашылық операция мазмұны: Дайын өнім бағасының құлдырауына байланысты өзіндік құнын есептен шығару
Дебет: 1360
Кредит: 1320

Дайын өнім есебінің аудиті - дайын өнімді бағалау түрлері мен дайын өнімді босату немесе сатып - өткізу талаптарына сай қарастырлады. Осының нәтижесінде шоттар корреспонденциясын қолданғандағы сызбалар дұрыстығын тексереді. Мұндағы басты міндет дайын өнімнің есебіне, оның ішінде мынадай бөлімшелерге назар аударылуы тиіс:

  • дайын өнімді бағалаудың түрлерін, дайын өнімді бағалау, өнімді түсіруді және сатып - өткізуді құжаттау, өткізу шығындарының есебі.

Дайын өнім - өндірістен шығарылатын шұжықтар, кәсіпорынның айналым қаражаттарын құрамына кіретіндіктен, аудит жүргізуде барлық табыс көздерінің құралу сомасын, шығындардың жабылғандығы көрінісін бақылау, талдау - басты мақсат болады.

Дайын өнім - шаруашылықта толық өңдеуден өткен қолданыстағы стандарттарға сәйкес келетін техникалық бақылау бөлімі қабылдап қоймаға кіріске алынған өнім. Демек, дайын өнімдерге өзінің күрделі құрлысы және әлеуметтік саласы үшін сыртқа орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар мен қызметтері, сонымен қатар сатуға арналған өз өндірісіндегі жартылай фабрикаттардың құны да жатады. Шаруашылық қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіші, өндірілген дайын өнім ( қызмет, жұмыс ) сатылған өнімнің көлемі болып табылады.

Ішкі аудит жүргізу көзделетін болса, аудитор дайын өнімдердің дұрыс бағаланып, қоймаға кіріске алыну операцияларынның бухгалтерлік есепте көрсетілуін тексеруге кірісердің алдын - ала қаралатын мәселелерді түгел қамтитындай етіп бағдарлама жасап тексеру барысында кездескен фактілердің нәтижесінде толықтырулар мен түзету енгізіп басшылыққа ала отырып, мынадай мәселелерді анықтауы керек:

  • өндірістен тапсырылған шұжықтардың дұрыс және уақытылы құжатталғандығын;
  • дайын өнімдерді, яғни шұжықтарды шығаруға байланысты орын алған операциялардың бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін;
  • дайын өнімдер бұйымдардың түрлері мен тапсырыстар бойынша өндірістік өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын;
  • өнімнің жоспарлы құнымен нақты өзіндік құнының ауытқу сомасының дұрыс есептеліп, олардың шығысқа шығарылғандығын;
  • шығарылған дайын өнімдердің ( жұмыс, қызмет ) бухгалтерлік корресонденцияларының дұрыс берілгендігін;
  • дайын өнімдердің дұрыс бағалануы;

Аудитор үшін ең алдымен қажеттісі баланста келтірілген мәліметтің 1320 « Дайын өнім » шоты бойынша Бас кітаптағы мәліметтермен салыстыру және басқа да есеп регистрларының дұрыс жүргізілуін өндірістен қоймаға өткізілген өнімдердің өзіндік құнының дұрыс анықталғандығын, құжаттарының уақтылы және дұрыс толтырғандығын тексеру болып табылады.

Кәсіпорындағы дайын өнімдердің аудитін сапалы өткізу үшін шаруашылықтың шарт бойынша міндеттемесінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін, шығарылған өнімді жедел бақылауды жүзеге асыру тәртібімен танысудың маңызы зор. Аудитор бұл мақсатқа жету үшін субъектіде технологиялық үрдістің орындалуына, шығарылған өнімнің көлемі, ассортименті, сапасы бойынша жоспардың орындалуына және сондай - ақ өндірістің ырғақтылығын бақылаудың сапасына жүйелі тексеру тиісті. Жедел бақылау накладнойларына және күнделікті беріліп отыратын ақпараттарда көрсетілген нақты мәліметтерді жоспардағы салыстыру арқылы анықтайды. Өнім өндіріу жоспарының орындалуымен қатар, одан ауытқу әсер еткен себептерін анықтап, кеткен кемшіліктерді жою үшін ауытқу жол берген нақты себептері анықталды.

Барлық өндірілген өнімнің бухгалтерлік есепте түгел көрсетілгеніне назар аударуы қажет. Егер шығарылған өнімге цехтардың немесе өойманың қабылдау - өткізу құжаттары толтырылмаса және бухгалтерлік есепте көрсетілмеу фактілер орнына, онда есепте жоқ өнімнің пайда болуына бірден - бір себепші болуы ықтимал. есепте жоқ өнім бухгалтерлік есеп құжаттарында көрсетілгендіктен, аудитор оны анықтау үшін қолданыстағы әдістемені қолдануы қажет.

Есепте жоқ өнімдер, көптеген жағдайда, осы өнімді өндірудің технологиялық үрдісін көрсететін құжаттардың жұмсалынған шикізат және дайын өнім шығару туралы жедел есеп мәліметтерінің ж . т. б, сондай - ақ сатып алушыға артып жөнелтілген өнімдерді растайтын құжаттарының рұқсат қағаз шот - фактуралар, накладнойлар ж. б. негізінде анықталады . Кейбір жағдайларда есепте жоқ өнім алынған өнімді көрсететін құжаттарымен, қоймалардың және цехтардың өнім өндірушінің құжаттарымен, шаруашылықтың цехтарындағы және қоймалардағы дайын өнімдерді түгендеу мәліметтерімен, салыстыру жолымен анықталуы да ықтимал. есепте жоқ шығарылған өнім қоймаға дайын өнім түрінде толығымен төменгі бағамен, натуралды және ақшаға шаққан күйінде анықталып кіріске алынуы мүмкін, яғни ең төменгі дара бағасымен. өнімді төмендетіп бағалау шаруашылықтың лауазымды және материалды жауапкершілікті тұлғаларының сауда ұйымдарымен өзара келісімі бойынша, есепте төмендетілген өнімнің құнымен сатылу құнының арасындағы айырмасын құрайтын түсімнің бөлігін жасырып қалуға мәліметтерін осы өнімді қоймаға кіріске алынған немесе оны сауда ұйымдарына босатқан құжаттарымен салыстыру жолымен анықтауға міндетті.

Жоғарыда аталғандай, есепте жоқ өнім шығару есепте жоқ қолда бар шикізаттар мен материалдарға байланыстыболуы мүмкін. Сондықтан есепте жоқ өнім шығаруды бақылау, әдетте есепте жоқ артық шикізаттар мен материалдардың құрылу көздеріне бір мезгілде тексеру жүргізуді талап етеді.

Жоспарланған өзіндік құн келісім бағасы сияқты, тұрақты есептік бағасы ретінде алынады. Бұл әдісті қолданған кезде, өнімнің нақты өндірістік құнының жоспардағыдан немесе нормадағыдан жеке ауытқу есебі жүргізледі. Бұл әдістің ерекшеліктері сонда, дайын өнімді бағалауда жоспарлау мен есепте біріңғай бағалауда қамтамасыз етеді. Бірақ, егер жоспардағы немесе нормадағы өнімнің өзіндік құны жиі өзгерсе, онда дайын өнімнің қалдықтарын қайта бағалау қиындай түседі.

Толық өзіндік құн - бойынша бағалау, ол коммерциялық шығындар ( сатып алушылар есебінен орындары толтырылмайтын, өнімді өткізуге, жоспарлауға, т. б. байланысты шығындар. ) қосылған өндірістік өзіндік құннан тұрады. Аудитор дайын өнімдерді тексеруді оларды сатуға байланысты материалдарын тексерумен жалғастырады. Артып жөнелтілген немесе босатылған өнім ( жұмыс, қызмет ) сатып алушының әлі төлемеген сатушының төлеуін талап етіп банкке өткізілген құжаттарын айтамыз.

Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін дайын өнімді сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:

  • дайын өнім сатуға шарт жасалғандығын және олардың дұрыс рәсімделгенігін;
  • артып - жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;
  • артып - жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс белгіленгендігін;
  • өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөледі: франко- орын, сатушы, франко - қойма, жөнелтуші, франко - аймақ, белгіленген аймақ, франко - вагон, белгіленген франко - аймақ және сатып алушының франко - қойма ) ;
  • артып жөнелтілген өнімдер үшін банкке төлемді талап ету табыстарының құжатының уақытылы табыс етілгендігін;
  • сатушы қоймасының тікелей босатылған өнімдерге жасалған құжаттардың дұрыстығын;
  • дайын өнімдердің қоймадағы есебіннің дұрыс ұйымдастырылғандығын;
  • артып - жөнелтілген және сатылған өнімдердің ( жұмыс, қызмет ) аналитикалық есептерінің дұрыс жүргізілгендігін;
  • артып - жөнелтілген және сатылған өнімдердің бухгалтерлік есеп шоттарында таратылып дұрыстығын; аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.

Кәсіпорынның аудитор, сондай - ақ нақты өндірістік өзіндік құнының, оның есептік бағасы бойынша құнынан ауытқуын дұрыс есептеп шығарылуын, артып - жөнелтілген өнімдерге және қоймадағы олардың қалдықтарына таратылуын және артып - жөнелтілген өндірістік өзіндік құнын бұйымдардың түрлері немесе табыстар бойынша дұрыс анықталуын тексеруге міндетті.

3. 3 Өнімді өндіру көлемін ұлғайту резерві ретінде еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарылату

«ВК МКК» АҚ еңбек ресурстарын қолдануылына технико-экономикалық талдау кәсiпорынның қазiргi кезде өнiм өндiрiсiнiң көлемiн жоғарлата отырып тұрақты қызмет ететiнiн көрсеттi, бұл кәсiпорында барлық ресурстардың, соның iшiнде еңбек ресурстарының қолданылуына әсерiн тигiзедi. Жұмысшылардың еңбек өнiмдiлiгi, еңбек ресурстарының қолданылуының эффективтiлiгi, рентабельдiлiгi жоғарлайды. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек уақытын қолдану деңгейi жақсарады, шығарылатын өнiмнiң еңбексыйымдылығы төмендейдi.

Бiрақ кәсіпорынның мұндай қолайлы тенденцияларына қарамастан фирмада талдау көрсеткендей өзiнiң арықарайғы өндiрiстiк қызметiн дамыту және еңбек ресурстарын қолданылуын жоғарлату бойынша резервтерi бар. Осыған байланысты еңбек ресурстарын қолданылуын жетiлдiру бойынша келесiдей iс-шаралар ұсынылады.

1. Кәсіпорынның қызметiн және еңбек ресуртарын қолданылуының талдауы көрсеткендей кәсiпорында еңбектi қолдану деңгейiн жоғарлатудың және жоғары нәтижелердiң негiзгi себебi өнiм өндiрiсiнiң өсуi болып табылады. Осылайша өнiм өндiрiсiнiң арықарайғы өсуi және өнiм ассортиментiнiң өсуi болашақта фирманың еңбек көрсеткiштерiн жақсартуға және қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi деген қорытында жасауға болады. Жоғарыда айталғаннан кәсiпорынның еңбек ресурстарын қолданылуын жетiлдiрудiң негiзгi бағыты өнiм өндiрiсiнiң көлемiн жоғарлату бойынша iс-шараларды өндеу және енгiзу екенiн көремiз. Және тағы басқа күштi бәсекелестерден өнiмнiң сапасы және ассортиментi бойынша, сонымен қатар бағасы бойынша қалуда. Осылайша, ең бiрiншi ұсынылған iс-шара нан, кондитер, макарон өнiмдерiнiң өндiрiсiн басқа фирмалардың ұқсас өнiмдерiмен салыстырғанда бәсеке қабiлеттiлiрек және пайдалылырақ етiп жоғаралату бағдарламасын жасау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар және дайын өнім есебі
Дайын өнім және оларды бағалау әдістері
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Кәсіпорында дайын өнімді өндіру, жөнелту және сату
Дайын өнім есебі
Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер
Дайын өнім есебі туралы
Ақша қаражаттары және есеп айырысу және несие операцияларынын есебін жүргіз
Мал шаруашылығының дайын өнімі
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz