Журналистикадағы сұхбаттың орны
№ 9-10 дәріс. Журналистикадағы сұхбаттың орны
Журналистика жанрлар жүйесінің негізгі түрлерінің бірі - сұхбат жанры болып табылады. Сұхбат интервью ағылшын тілінде interview - кездесу, әңгімелесу деген мағына береді. Ол саяси, қоғамдық немесе өзге де өзекті мәселелер жөнінде журналистің белгілі тұлғалармен әңгімесіне құрылған публицистика жанры. Бүгінгі таңда аз уақыт ішінде адамға көп ақпарат беруді мақсат ететін журналистикада, заман талабына сай ақпараттық жанрлар алға шығуда. Сұхбат оқырманға да, тыңдарманға да, тіпті көрерменге де журналист - интервью алушының көріп-білген әңгімесін тікелей және тез жеткізетін жанр болып табылады. Бір жағынан, сұхбат - жанрлар жүйесінде көпқырлы позицияға ие, күрделі және жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Сондықтан қазіргі журналистика жүйесіндегі сұхбаттың алатын орны мен оның түрлілігін анықтау өзекті мәселе. Сұхбаттың журналистика жанрлар жүйесінен көрініс беретін құбылыстарын толық талдамай тұрып, жанрлар тобына сипаттама бермей анықтау мүмкін емес. Сұхбаттың журналистика жанрлар ішіндегі орнын анықтап қана қоймай, техника дамуымен қоса қарыштаған журналистика жанрларының эволюциясына, сұхбаттың газет, радио және теледидардағы негізгі түрлері мен өзіндік ерекшеліктеріне тоқталғанымыз жөн.
Журналистика жанрлар жүйесіндегі барлық жанрлар топтасқан үш тобы: ақпараттық, талдамалы және көркем-публицистикалық жанрлар. Оның ішінде сұхбатты ақпараттық жанрлар тобына жатқызамыз. Талдамалы жанрлар тобын өз ішіне топтастырған сұхбаттың портреттік және проблемалық түрлері кіреді. Бұл тұста газеттік сұхбаттың ақпараттық және талдамалы болып бөлінетінін ескеруіміз қажет. Бұдан сұхбаттың біржақты жанр емес екеніне көз жеткіздік. Ол өз ішінде әртүрлі болып бөлінеді. Бір уақытта ақпараттық та, талдамалық та жанрлар тобына жататын сұхбаттың журналистика жанрлар жүйесінде орны өте зор. Сұхбат қазіргі кезде журналистер арасында кең тараған және көп қолданылады.
Күрделі жүйенің құрамы ретінде сұхбат қолданылу жиілігімен, орындалу техникасымен осы жүйедегі жоғары позициялардың бірін иемденеді. Қазіргі заманауи әлемдегі адамдар алатын ақпараттар ағыны жылдам, сондықтан қазіргі журналистика заман талабына сай оқырман, көрермен және тыңдарманға ақпарат берерде оны терең талдап, сараптама жасауға емес, нақты ақпарат беруге ұмтылады. Осыған орай, журналистер арасында кеңінен қолданылатын жанр, ешқандай себеп-салдарлық байланыстарды қамтымайды, тыңдарман-ға қажет нақты ақпаратты беруді мақсат тұтып, сөйтіп ақпараттық жанрға айналды.
Сұхбат - газеттегі сұхбат құрамында көп кездесетін субьективтілік болғанына қарамастан, ақпарат алушыларға қажет материалды бірінші болып алуға жағдай жасайды. Аталған субьектизм журналистің алған ақпаратын сұхбатқа айналдырып, қағаз бетіне көшірген кезінде өз елегінен өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен, газет бетіндегі интервьюер мен сұхбат берушінің сұрақ-жауап түріндегі әңгімесі оның түпнұсқасы емес. Бұл журналист пен сұхбат берушінің сол әңгімесі, бірақ сұхбат алушы біраз өзгеріс енгізеді.
Алайда, атап кеткендей бұл ерекшелік көбіне журналистің тыңдаған дүниесін оқырман оқитын газет сұхбатына тән, ал аудитория ақпаратты тікелей тыңдап және көре алатын радио мен теледидар сұхбатына көбіне жат болып келеді. Соңғы жағдайда, тыңдарман ақпаратты сұхбат алушымен қатар тікелей сұхбат берушіден тыңдап, көреді. Мұндай жағдайда, сұхбат беруші адам тікелей қатысып, оны өз санасынан өткізетіндіктен белгілі деңгейде оқиғаға қатысушы есебінде болады. Бұл жерде ақпаратты оқырман, көрермен, тыңдарман тыңдап, көргенін өз дүниетанымына, өмірлік көзқарасына сәйкес қабылдайды. Сұхбат - көп қырлы жанр. Бұл сұхбаттың ақпараттық жанрға да, талдамалы жанрға да қатыстылығын дәлелдейді. Сұхбат өзіндік жеңілдігіне қарамастан, белгілі бір стратегия мен тактикаға бағынуды талап ететін күрделі жанр. Сұхбат біздің көзқарасымыз бойынша ғана жеңіл, себебі, ақпарат алудың көзі ғана болып көрінеді. Сұхбат әртүрлі болады. Жанр ретінде сұхбат: хабарлама (әңгіменің маңызды тұстары алынып, жауаптар қысқа беріледі), сұхбат - диалог (әңгіменің толық мәтіні беріледі), сұхбат - суреттеме (әңгіме мазмұнынан өзге оның қандай жағдайларда алынғаны, сипаты беріледі), сұхбат - пікір (оқиғаға, құбылысқа, деректерге түсіндірме беріледі), бұқаралық сұхбат (баспасөз конференцияларынан, брифингтерден беріледі) болып бөлінеді. Публицистика жанрлары мен пішіндеріне арналған орыс тіліндегі Справочник журналиста кітабында сұхбаттың монолог, диалог, суреттеме, анкета және ұжымдық түрлерін атайды. Мұнда дөңгелек үстел басындағы әңгімені сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызады.
Сұхбат - публицистикалық жанр, журналистің бір немесе бірнеше тұлғамен әңгімесі. Егер сөздердің семантикасына назар аударатын болсақ, inter - өзара қатынасы бағыттас деген мағынаны берсе, view сөзінің мағынасы - көзқарас, пікір дегенді білдіреді. Демек, сұхбат - көзқарас, дерек, ақпарат алмасу. Жанрлардың құрылуы кезінде, яғни белгілі бір жанрға жатқызу үшін публикациялардың болашақ сипат алуымен жанр аттарын айыра білу керек. Публикациялардың әлі де жанрлық анықтама алмаған жаңа тобының қатаң принциптік негізі жоқ және белгілі заңдылыққа сүйенбейді. Кейде атау жанрға ат беруші жанр құрылушы бір факторда субьектінің назары бір оқиғаға баса назар аударылуы негізінде беріледі. Сұхбатты журналистиканың бір жанры деп қарастырмас бұрын, алдымен оның даму тарихына тоқталған жөн. Журналистикадағы кез келген жанрдың даму үрдісі негізінен техниканың дамумен, радио мен телевидениенің пайда болуы және таралуымен тығыз байланысты. Сондықтан да біз сұхбаттың даму тарихын техникалық даму үрдісімен тығыз байланыста қарастырамыз. Сол арқылы газет, радио және телевидениедегі сұхбатты осыған сай БАҚ әдістемелері бойынша талдаймыз.
Сұхбаттың эволюциясы. Журналистиканың кез-келген жанрының басқалардан бөлектеніп тұратын ерекшеліктері бар. Олар пішіні, берілу әдісі, эмоциональды-айшықты белгілері бойынша бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Жанр эволюциясы техниканың дамуымен өте тығыз байланысты дамиды. Сол арқылы радио мен телевидения ескі жанрларды түрлендіріп, оларға ерекше реңк беруі заңды құбылыс. Радио және телевизиялық сұхбат пайда болды, алайда, ол газеттегі сұхбат жанрын ығыстыра алмады. Керісінше, олармен бір деңгейде дамып келеді.
Сұхбат жанрының айқындала түсуі сұхбат әдісі пайдаланылған жарияланымдардың көптеп пайда болуы арқылы жүзеге асты. Ол сұхбаттасу кезеңін немесе сұрақ-жауапқа негізделген пішін, сұхбаттың пайдаланылуымен тығыз байланысты. Егер де автор сұхбат алушыдан алған материалдарға комментарий бермей, тек қана көпшілік қауымды құлағдар етуді мақсат еткен болса, ол ақпараттық материалға жол салды деуге болады. Алайда осы тектес сұхбаттарда сұхбат беруші кім? қайда? қашан? деген сұрақтарға жауап бере алғанда ғана толық мәнді ақпараттық болып есептеледі. Ақпараттық сұхбаттың алдына қойған мақсаты - автор тапқан жаңалығы жайлы көрерменге ақпарат беруді көздейді. Алайда, оны сараптамадан өткізбейді. Оған мынадай қарапайым мысал келтіруге болады. Тақырыбы: Танысыңыз. Серік Асқарұлы.
- Сіздің сүйікті асыңыз?
- Балық.
- Сіздің сүйіп оқитын кітабыңыз?
- М.Әуезов шығармалары.
- Саяжайыңыз бар ма?
- Жоқ.
Танысыңыз. Серік Асқарұлы. www.mega.rostov.ru сайтынан алынды.
Жанр техникасы. Бір жанрдың үш түрі де (баспасөз, радио, теледидар) бір-біріне ұқсас. Алайда, атап өткеніміздей, олардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Радио мен телевидениядегі сұхбат газеттегіге қарағанда көркемдік пен көрнекілік жағынан ерекшеленеді. Радио мен телесұхбатта көрермен мен тыңдарман сұхбатқа тікелей атсалыспаса да, оның қатысушысына айналады. Ақпаратты тұтынушыға жеткізуде радиосұхбат пен телесұхбаттың сапасы көрнекі болуы маңызды, себебі, ақпаратты қабылдаушы сол арқылы болған оқиғаның неге, не үшін, қалай болғаны жайлы өзі шешім шығара алады. Бұл сапа журналистке оңай түспейтін олжа, ол аудиторияға қызықты, маңызы бар, әділ ақпарат беруі тиіс. Олай болмаған жағдайда көрермен басқа арнаға, ал тыңдарман басқа толқынға ауысуы ықтимал.
Газет сұхбаты оқырманның қызығушылығын туғызады. Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл сұхбат субъективтілігімен ерекшеленеді. Журналист алдына қойған мақсатына жету барысында маңызды емес деген сұрақтарды алып тастай алады, сол арқылы басқа сұрақтарға толығырақ тоқтайды. Керек болған жағдайда журналист сұрақтардың ретін де өзгерте алады. Яғни, осылай газет бетіне шыққан сұхбат журналист пен сұхбат берушінің сол әңгімесі болмай қалады. Сұхбаттың басқа түлерінің пайда болуының өзі газеттегі сұхбаттан бастау алған. Сұхбат жүргізудің техникасын игеру барысында сұхбатқа дайындалу мен оны жүргізудің қиындықтарын ескерген абзал.
Кез келген сұхбаттың алғашқы кезеңі әрине - дайындықтан басталады. Сұхбат алушының ұстанымын былай анықтауға болады: Мен сіздің мен білмейтін нәрсені білетініңізді білемін ұстанымы. Журналистің дайындықсыз сұхбат жүргізуіне құқығы жоқ. Кейбір жағдайды білмеуі мүмкін, алайда, болған жағдайды алдын-ала анықтап алу, сұхбат берушіге деген құрметті көрсетеді. Кей жағдайда барлығын жақсы деңгейде білген журналист, сұхбат берушіні көлеңкеде қалдыруы мүмкін, адасушылықтың пайда болу қаупі осында. Тақырыпты журналистің өте жақсы меңгергендігі әңгіменің тартымды болуына септігін тигізіп, оны керек жаққа бағыттап, сұхбат берушіге ғана белгілі деректерді табуы мүмкін. Сұхбат жанрында сұрақтар маңызды рөл атқарады. Олар мына ұстанымдарға сәйкес болғаны жөн:
1. Сұрақтар анық болуы керек. Сұхбат беруші сұрақты түсінбесе, оған журналист кінәлі. Сұрақтың түсінікті болу үшін оны алдымен журналистің өзі түсінуі қажет.
2. Күрделі сұрақтарды қоймаған жөн. Осындай жауап алатын сұрақтар көп жағдайда радио мен телевиденияда сирек пайдалануы мүмкін. Оның өзінде егер сұхбат берушіні толық таныстырудан қашқанда ғана қолданылады.
3. Сұрақты қою барысында сұхбат берушіге деген сыйластықты ұмытпау керек. Журналистің этикалық сезімі оның сұрақтарының қалай әсер ететінін анықтап отыруы қажет. Сұхбат берушінің іс-әрекетін байқап отыру журналистің кәсіби шеберлігін көрсетеді.
4. Қойылатын сұрақ қызықты болуы шарт.
Сұхбат жанрында жұмыс істейтін журналистің алдына тәжірибе барысы бірнеше шығармашылық сұрақтар қояды. Сұхбат берушіні қойылатын сұрақтармен алдын-ала таныстыру қажет пе? Мүмкін, болашақ әңгіменің тақырыбын ғана атап өткен жөн болар?!
Сұхбат жанрындағы әлемдік тәжірибе көрсеткендй оның жақсы шығуының өзі көптеген шартқа байланысты, мысалы, журналист өз жұмысын қаншалықты деңгейде меңгергеніне, редакция талаптарының қаншалықты нақты екендігіне, әңгімелесушінің дайындығына байланысты болуы мүмкін.
Тілші сұхбат берушіден тыңдарманның аузынан естігісі келген сұрақты қоюға құқылы. Радио және телесұхбатта маңызды, қызықты ақпаратты тек шақырылған кейіпкер бере алатынын ұмытпау керек. Сондықтан журналист керек кезде өз жоспарын өзгертіп отыруға, сұхбат барысын мұқият қадағалауға мүмкіндігі бар. Мысалы, жоспардағы сұраққа әңгіме барысында жауап беріліп қойса, ол сұрақты алып тастағаны жөн. Әңгіме қызығына кіріп кетіп, сұхбат беруші тақырыптан ауытқып кетуі де ықтимал. Сол үшін журналист керек кезде сұхбат берушіні тақырыпқа бағыттап отырғаны жөн. Біз журналистика жүйесіндегі сұхбат жанрының қыр-сырын қарастырып, жанр жүйесіндегі негізгі түрлерін анықтап, саралауға талпынамыз.
Сұхбат жанры автордың сұхбаттасуы арқылы алған мәліметтерінің журналист мәтінінде бекітілгендігінің нәтижесі болып келеді. Бұл әдістің теориялық әдістерге жатпайтыны белгілі. Сондықтан сұхбат жанры көбінесе ақпараттық жанр ретінде қарастырылады. Сұхбат ақпараттық қана емес, сараптамалық мәліметтерді алу үшін де қолданылатыны ұмыт қалып жатады. Сұхбат арқылы алынған материалдар газет бетінде корреспонденция, есеп, мақала арқылы да оқырманға ұсынылуы мүмкін. Яғни, ақпарат жинау барысында аталмыш әдісті пайдалану бірден сұхбат жанрын туғызбайды. Мәтінде осы әдістің белгілері анық көрініп тұрса, яғни диалог, сұрақ-жауап байқалса ғана ол оның пішінін анықтап бере алады. Тек осындай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz