Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: № 1 Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу.

Орындаған: Даниярқызы Балнұр

Тексерген: Жумадилова А. С.

Топ: МӨӨТ-401

Павлодар 2020

Жоспары

I. КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Қойды бонитировкалау

2. Биязы жүнді қойларды бонитировкалау

3. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау

4. Ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау

5. Қаракөл қозыларын бонитировкалау негіздері

6. Асыл тұқым мал есебін жүргізу

III. ҚОРЫТЫНДЫ

VI. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қой шаруашылығы, Қазақстан мал шаруашылығының жетекші саласы болып келген, қазірде солай, алдағы уақытта да бола береді. Оның солай болуының себебі қой негізінен жайылым малы. Қазақстанның 180 млн. гектарға жуық табиғи жайылымын тек қой малы ғана тиімді пайдаланады. Соның нәтижесінде ең арзан ет, жүн, тері, басқа да өнімдер өндіруге болады. Сондықтан Қазақстан даласын қой малынсыз елестету қиын.

Қой шаруашылығын нарық заманына экономикалық жағынан тиімді етіп өсірудің кілті ғылым мен озат тәжірибенің берік бірлігінде. Соңғы жылдарда дүние жүзінде ауыл шаруашылық ғылымдарының қатарына қой жөніндегі ғылым сан алуан жаңалықтармен, жаңа технологиялармен, селекция әдістерімен байытылды.

Қойдың халық шаруашылығындағы маңызы. Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Ол адамға аса қажетті көптеген азық-түліктер атап айтқанда ет, май, сүт, жүн, былғарылық, тондық терілер мен елтірі сияқты өнеркәсіптік заттарды береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек сияқты заттар да өңдеген соң өз орнын табатын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералдық азықтар және дәрі құрамына кіретін заттар жасалады. Қойдың қи-тезегіне дейін береке; өзіне қыста-төсеніш, жыртынды жер мен жайылымда тыңайтқыш, малшы-шопан, барлық ауыл адамдары үшін қысқы-жазғы отын.

Қой малы адамға осындай аса қажетті көп түрлі өнім өңдіретіндігі мен қандай да табиғат құбылысына және биологиялық қасиетіне байланысты дүние жүзінің барлық континенттерінде және елдерінде өсіріледі. Қазіргі кезде де қой малы ғаламшарымызда ең көп тараған, көп өсірілетін үй малдарының қатарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мың жылдықтың басында 620-дан астам қой тұқымдары, 1. 300 қой малы өсіріледі. Мысалы сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашылығы Австралияда (169 млн. ), Жаңа Зеландияда (62 млн. ), Ұлыбританияда (30 млн. ) қалыптасқан, дегенмен соңғы он-он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн. ), Үндістан (165 млн. ), Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн. ) шығып келеді.

Қой шаруашылығының аса маңызды басты өнімінің бірі - жүн. Қойдан басқа да жүн беретін малдар, аңдар және жануарлар бар. Мысалы, түйе, ешкі, сиыр, жылқы, қоян т. б. Бірақ барлық өндірілетін жүннің 85-90% қойдан өндіріледі. Сондықтан шұға - мата жеңіл өнеркәсібі үшін қой жүнінің маңызы зор.

Тоқыма өнеркәсібінде кездеме - мата тоқу үшін, қой жүнінен басқа шикізаттар да пайдаланылады: мысалы кендір, зығыр, жібек, мақта т. б. Соңғы жылдары химия өндірісінің дамуына байланысты жасанды және синтетикалық талшықтар көптеп өндіріліп, олардан тоқылатын кездеме - маталарда көбейді. Бұл талшықтарды өндіру әрі арзан, әрі олардың кейбір қажеттері табиғи талшықтан артық та жағдайлары бар.

Дегенмен, тоқыма өнеркәсібіне қажетті басқа шикізаттармен салыстырғанда қой жүнінің бірнеше артық қасиеттері бар:

- жүн мейілінше берік болады. Оның беріктігін өзінің жіңішкелігіндей сым темірдің беріктігімен салыстыруға болады;

- жүн жылылықты жақсы сақтайды;

- жүннің салмағы өте жеңіл;

- жүн созылғыш, жүннен жасалған киім ұйыспайды және иленбейді;

- жүнге бояу жақсы сіңеді және бояуы кетпейді;

- жүн денеге өте жағымды, тігілген бұйым көзге тартымды келеді.

Қой жүнінен кездемеден басқа да түрлі заттар жасалады. Кейбір қой тұқымдарының жүнінен кілем, алаша, гобелен, қолғап, байпақ, фетр сияқты қажетті заттар тоқылып жасалады. Киіз басуға тек қой жүні ғана жарайды.

Сондықтан қой жүні халық шаруашылығында кеңінен қолданылып, жоғары бағаланады. 2009 жылы дүние жүзінде таза талшық есебімен 1239, 0 мың тонна қой жүні өндірілді. Соның ішінде: Австралияда 512, 0 мың тонна, ТМД елдерінде 140, 0; Жаңа Зеландияда 213, 0; Қытайда 162, 0; Аргентинада 48, 0; Қазақстанда тек 34, 3 мың тонна өндірілді.

Ал дүние жүзінде ет өндіруде сиыр, шошқа, құс еттерімен қатар қой етінің де өз орны бар. 2008 жылы қой еті дүние жүзінде өндірілген еттің шамамен 5% яғни, 14 млн. тоннаға жеткен. Қой етінің ара салмағы әсіресе Азия елдерінде (Иран, Ауғанстан, Пакистан, Түркия және орталық азия мемлекеттерінде) үлкен үлес алып (30-40%) құрайды. Қойдың етімен майы өте сапалы жоғары калориялы тамақ.

Сонымен қатар қой сүтініңде адам тамақ өнеркәсібі үшін маңызы өте зор, ол қою және майлы болады. Дүние жүзінде 6, 0 млн. тоннадан астам қой сүті өндіріледі. Одан жергілікті халық сыр, брынза, айран, сүзбе, құрт, ірімшік өндіріп халыққа пайдаланылады. Қой сүті әсіресе Түркия, Франция, Италия, Иран, Греция, Румыния, Болгария мемлекеттерінде көптеп өндіріледі. Бұл мемлекеттерде дүние жүзіндегі қой сүтінің әр қайсысында 5-6% дан 15-16%-ке дейінгі үлестері өндіріледі. Олар тамаша, атақты Рокфор, Пекарин, Какавал сияқты сырлар дайындалып халықаралық деңгейде саудаға тараған.

Қой терісінен тондық, былғарылық бұйымдар жасалады. Әдемілігі жағынан аң терілерінен қалыспайды, ал төзімділігі жөнінен олардан асып түседі. Қой терісінен жасалған былғары бұйымдар да халықтың сұранысына кеңінен ие. Қаракөл қозыларының елтірілері ішік, баскиім, әйел тондары сияқты сан алуан киімдер мен бұйымдар үшін жұмсалады. Қаракөл қозыларының елтірілері тек санаулы елдерде ғана өндірілетін болғандықтан, оларға сұраныс өте жоғары.

Міне осы айтылғандардың өзі, қой малының әлемдегі мал шаруашылығының арасында орны ерекше маңызды екенін дәлелдейді.

1. Қойды бонитировкалау

Асыл тұқымды қой өсіретін және тауарлы мал фермаларының тұқымдық мал топтарында қойдың құндылығын анықтау және оларды одан әрі пайдалану үшін малға негізгі өнімдік белгілері бойынша баға беріледі. Малды бұлайша бағалау бонтировкалау деп аталады.

Бонтировка - малды конститутциясы, экстерьері, тұқымдық қасиеті және өнімділік жағынан кешенді бағалау. Бонтировканың түпкі мақсаты - қой өсірудің қабылданған бағытына сай келетін ең жақсы малды таңдап алу және тұқымдылығы мен өнімділік сапасы төмен малдарды бракқа шығару болып табылады. Селекциялық жұмыс үшін таңдап алынған малдарды жыл сайын байқаудан өткізіп, олардағы негізгі белгілердің біліну, қайталану дәрежесіне баға беріп, оларды алдағы уақытта қай бағытта пайдалану керек екендігін анықтап, қадағалап отырады.

Бонтировка тұқымдық есеп құжаттары негізінде және бонтировка ережесіне сай малды тексеріп- байқау арқылы жүргізіледі. Оның жүргізілу уақыты - қойдың негізгі беретін өнімдері толық кемеліне келген уақытында болуы тиіс. Мәселен, биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүнді қойларды бір жасқа толғанда, қой қырқу алдында бонтировкаласа, қаракөл қойын туғаннан кейін 2-3 күндігінде бонтировкалайды. Ұяң, қылшық жүнді және қаракөл қойларын 1, 5 жасында қосымша бонтировкалайды. Бұл кезде олардың еттік және жүндік қасиеттерін анықтай түседі. Бонитер қойдың барлық жағынан жақсы көріп бағалау үшін өз бойына қарай шұңқыр қазіп, немесе арнаулы станок - қондырғыда жұмыс істеу тиіс.

Қойды қирап, бонитировкалағанда, қозыларды бөлгенде, зоотехниялық және мал дәрігердік тексеруден өткізгенде, қан алғанда алдын ала еккенде істелетін жұмыстарды механикаландыру үшін, сонымен қатар малды автоматты жолмен таразыдан өткізу үшін Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтының механикаландыру зертханасы (М. Абдоллаев, Қ. С. Сәбденов, Ж. Л. Қарабаев, т. б. ) қойларды қарауға арналған құрылғы мен жабдық жасаған.

Оның конструкциясы күрделі емес, сондықтан шаруашылықтар өз күшімен немесе ауыл шаруашылығы техникасы кәсіпорындары жасай алады. Құрылғының жұмыс істеуі үшін қосымша энергия қажет емес, сондықтан электр энергиясы көзінің бар-жоғына қарамастан, оның жылжымалы нұсқасын жайлауларда пайдалана беруге болады.

Құрылғаның шағын бөлімшесі болады, қойды бөлетін өткелегі бар, ол тұтас қалқан қоршаулардан тұрады, қалқандар бір-бірімен және қондырғының салмақ түсетін рамасымен топса арқылы жалғастырылып бекітілген. Өткелектің жан-жағындағы қоршауының тіреулерінің төменгі жағында П тәріздес планкілер түріндегі әр қойдың қозғалуын шектегіштер бар, өткелектің ұзына бойындағы осіне перпендикуляр етіп бөліп тастайтын қалқандар орнатылған. Қондырғының негізгі рамасына роликті механизм арқылы платформаның серіппелі механизмінің есебінен жылжып тұратын тік тор орнатылған, тор өлшейтін аспаппен (динамометрмен) жабдықталған , өлшегіш құрылғының төрт тіреуге орнатылған ені тарыла беретін бекіткіші бар. Негізгі раманың алдыңғы және артқы бөліктерінде жылжып орын ауыстырып отыратын есіктері бар. Жұмысты оңайлату, сенімдірек ету және жұмысқа ыңғайлы болуы үшін бонитер жағынан көлбеу жылжытып отыруға мүмкіндік беретін роликтерге орнатылған перде қойылған.

50 Сурет. Қойды қарап, бонитировкапауға арналған құрылғы:

1 - шағын бөлімше;

2 - өткелек; 3 - бөлгіштер; 4 негізгі (салмақ түсетін) рама; 5 - динамометр; 6-роликтер; 7-жылжымалы рама; 8-11 - реттейтін төлкелер; 9 -тор; 10 - рама-перде.

Құрылғы былай жұмыс істейді. Шағын бөлімшеге кіргізілген қойлар өткелекке барады да, бөлетін қалқаннан оңай аттап өтіп, турады, бөлгіш қалқан оны қайтадан жібермейді. Жылжымалы раманы топтағы қойлардың кеуде ені бойынша реттейді, бұл қойлардың кұрылғыға еркін кіруіне мүмкіндік береді. Содан соң алдыңғы есігі көлденең жылжыта отырып, жолды жабады. Қой торда еркін орналасады. Ол мал массасының әсерінен бастапқыларнынан жылжиды. Беліктері бар шкаламен жабдықталған динамометр автоматты түрде қойдын массасын корсетеді. Бонитер пердені ысырып, малды қарап, өлшейді . Содан соң қой ашық есікке қарай жіберіледі, ал өткелекке келесі қой кіргізіледі. Жұмыс үрдісі осылай жалғаса береді.

Ұсынылып отырған қурылғының конструкциясы қарапайым, және қойды сенімді түрде бонитердің қасына бекітуге, өлшеуге, қарауға, емдеп, бонитировкалауға мүмкіндік береді.

Бонтировканың екі түрі бар. Біріншісі - кластық, екіншісі - жеке бонтировкалау. Кластық бонтировкалау тауарлық бағыттағы шаруашылықтарда жүргізіледі. Мұнда қойдың жеке қасиеттері жазылмайды, оның жататын класы анықталған соң, сол кластың малының жалпы санына қосылады. Жеке бонтировкалау асыл тұқымды қой шаруашылықтарында, фермаларында жүргізіледі. Мұнда арнаулы бонтировканың әдісі бойынша қойдың бойындағы барлық ерекшеліктері мен қасиеттері құжатқа түсіріледі. Бұдан алынған нәтижелер онан арғы селекция жұмысында пайдаланылады.

Жеке бонтировкалауға жататындар:

а) элита (таңдаулы) тобына бөлінген қойлар, асыл тұқымды қой зауыттар мен қой шаруашылықтарында зауыттық 1 кластық малдар;

б) өз табынын толықтыру үшін қалдырылатын және басқа шаруашылықтарға тұқым үшін сатылатын жас малдар;

в) класына қарамастан қошқарларды ұрпағына қарай тексеруге пайдаланылған саулықтар мен олардан алынған төл;

г) элита және 1 клас саулықтарының төлдері.

Қошқарларды олардың жасына қарамастан жыл сайын жеке бонтировкалау және сол жылғы күзде қойды қолдан ұрықтандыру науқанынан бұрын бағаланып, малдәрігерлік байқаудан өткізеді.

Элита және бірінші класты қойларды, сол сияқты олардың кейбіреулерінің төлдерін, есеп үшін және ерекшеліктерін бағалау үшін барлық ережелерге сай өлшеп отырады. Қырқылған жүннің түсімін, жүннің класын, таза талшық шығымын анықтайды. Таза талшық шығымын отар және әрбір аталық қошқар бойынша анықтап отыру үшін қой тұқымын асылдандыру шаруашылықтарының әр қайсысында міндетті түрде жүн зертханасы болғаны жөн.

Отарлардағы қойды жақсы азықтандырып, күтіп-баққан жағдайда, селекция жұмысын дәйекті жүргізгенде өндірілетін жүннің өнімділігі, басқа өнімдері де жақсара түседі. Мұны үнемі жүргізіп отырған есептің мәліметтерінен айқын көруге болады. Қойды 1-ші өз өнімділігімен, 2-ші тегінің көрсеткіштерімен, 3-ші ұрпақ сапасымен бағалайды.

Тұқым үшін таңдап алынған қошқарлардың тұқымдық қасиетін және өнімділік сапасын жеке бағалап, әбден зерттейді. Қошқардың өз ұрпағын жақсарту немесе нашарлату қасиеттері оның ұрпағын бағалау арқылы жүргізіледі. Ал қошқарды шығу тегі бойынша бағалау, оның генетикалық жаратылысы жөніндегі мағлұматтар арқылы жүргізіледі. Қошқардың аталық және аналық тегі жөніндегі деректер оның тұқымдық күәлігі бойынша анықталады. Егер ата тегінің өнімі рекордты, белгілі бір ата ізге жатса, не мемлекеттік тұқым мал кітабында жазылса, ондай қошқарлар жоғары бағаланады.

Тәжірибеде қошқарлардың бәрі бірдей ұрпағына өзінің жақсы қасиеттерін бере бермейді. Сондықтан да, қошқарларға ұрпағының сапасы бойынша баға беру селекция жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

2. Биязы жүнді қойларды бонитировкалау

Биязы жүндлі қойларды сапасына қарай 3 класқа бөледі: элита, бірінші және екінші класса деп. Элита классына дене бітімі мен өнімділігінің саны, сапасы және қасиеттері I класс талабынан артық және жоғары малдар жатқызылады. Ал дене бітімі, өнімділік көрсеткіштері тұқым стандартына сай болса I классқа, кейбір көрсеткіштері (жүн ұзындығы, қоюлығы т. б. қасиеттері), экстерьерінде аздап кемшіліктер бар, бірақ өнімділігі жаман болмаса ол мал II класқа жатқызылады. Дене бітімінде, пішінінде кемістік көбірек, өзі уақ, жүнділігі төмен болса ондай малды бракқа шығарады.

Қой тұқымын асылдандыру жұмысын жүйелі тәртіппен жүргізу үшін өнім бағытына қарай әр топқа стандарт белгіленіп бекітілген. Әр қой тұқымының стандарты оның дене бітімі мен өнімділік белгілері мен қасиеттері сол тұқымның I классына арналып жасалады, және олар сол класқа арналған ең төменгі көрсеткіштер болып саналады.

Жүнді бағыттағы биязы жүнді қой тұқымдарының стандарты. Бұл бағыттағы қойлар орта көлемді, бітімі мықты болып келеді. Басы шағын, тұмсығы тегіс, қошқарларында дөңестеу, аталықтары мүйізді, аналықтары көбіне тоқал, сүйегі жеңіл және мықты, денесі шағын, құрылымы дұрыс, шоқтығы арқасынан шығыңқы, көкірегі терең, арқасы, құйымшағы тегіс. Жауырыны және сандары қанағаттанарлықтай толыққан, аяқтары мықты, түзу қойылған. Терісі жұқа, тығыз және серпімді. Тері қыртысы біркелкі, мойынында 1-3 жақсы дамыған қатпар мен фартугі бар. Басы көзіне дейін, аяқтары тізесі мен тілерсегіне дейін жабағы жүн өседі.

Жабағысы тығыз, жақсы жабылған, сыртқы жүн штапелдері тақтайдай. Жүні тығыз, серпімді қолға жібектей жіңішкелігі мен ұзындығы тегіс біртекті, иректігі анық, қалыпты.

Жүн жіңішкелігі аналықтарында 21, 0-25, 0 мкм (64-60 сапада) аналақтарының біразында 18, 0-21, 0 мкм (70 сапада), қошқарларында 21, 0-25, 0 мкм (60-64 сапада) жақсы біртекті жүн болған кезде 25, 0-27, 0 мкм 58 сапада болады. Қабырғасы мен санындағы жүндерінің жіңішкелігінің айырмашылығы бір сападан аспауы керек. Арқасы мен қабырғасындағы жүндердің ұзындық жағынан айырмашылығы 1, 0-1, 5 см аспауы тиіс.

Бауыр жүнінің өсуі жақсы, немесе қанағаттанларлық. Шайыры сапалы, түсі ақ, ақ-сары. Таза жүн шығымы қошқарларда 46%, аналықтарда 48% - тен кем емес.

Жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдарының А-тобының стандарты. Бұл бағыттағы қойлар ірі, дене бітімі мықты сүйегі жақсы дамыған, дене құрылысы дұрыс. Қошқарлары мүйізді, аналықтары тоқал. Басы орташа көлемде, аналықтарында тұмсығы тегіс, қошқараларында дөңестеу болады. Басы көзіне дейін, аяқтары тізесіне, тілерсегіне дейін жабағы жүнмен жақсы жабылған.

Денесі мығым, созылыңқы. Мойны қалыпты, шоқтығы жалпақ, арқасы көтеріңкі, кеудесі терең, белі жалпақ тегіс, жауырыны мен сандары жақсы толысқан. Аяқтары мықты, кең қойылған. Терісі орта қалыңдықта, қатпарлығы бір шама, мойнында 1-2 қатпары бар. Жабағысы тығыз, штапелді құрылымда. Жүннің жіңішкелігі 25, 0-20, 6 мкм (60-64 сапада), қошқарларында 20, 6-27, 0 мкм (58-64 сапада) . Қабырғасы және санындағы жүн жіңішкелігінің айырмашылығы бір сападан артық емес. Жүн ұзындығы аналығында 8, 0 см, аталығында - 9, 0 см. Арқа мен қабырғасындағы жүн ұзындығының айырмасы 1, 0-1, 5 см артық емес, қоюлығы бір шама. Жүн иректігі анық, қалыпты. Жүн талшықтары мықты серпімді. Шайыры жақсы, түсі ақ, ақ-сары. Жүннің таза шығымы қошқарларда 44%, аналықтарында 46%.

Жүнді-етті бағыттағы қой тұқымдарының Б- тобының стандарты.

Аналықтарда жүн жіңішкелігі негізінен 25, 0-20, 6 мкм (60-64 сапада), аталықтарда негізінен 27, 0-23, 0 мкм (58-60 сапада), штапельдің ұзындығы мен жіңішкелігі негізінен біркелкі. Жүн ұзындығы аналықтарда 8, 0 см, аталықтарда 9, 0 см. Үлкен қойлардың жүнінің ұшы (штапельдің) құрғақтау, сан жүндерінде шайыры жеткіліксіздеу болады. Жүннің таза шығымы қошқарларда -46%, аналықтарда -48%.

Етті-жүнді бағыттағы қой тұқымдарының стандарты. Бұл бағыттағы биязы жүнді қойлар ірі, дене бітімі мықты, сүйегі жақсы. Аталығы да аналығы да негізінен тоқал, тек арқар-меринос қой тұқымының қошқарлары мүйізді. Басы тегіс, тек қошқарлары кейде тұмсығы дөңестеу. Басы көзіне дейін, аяқтары тізесі мен тілерсегіне дейін жабағы жүн өседі. Мойнында әуке, кейде фартук болады, денесінің терісінде қырқылған кезде уақ әжім қатпар болады. кеудесі кең, терең, шоқтығы жалпақ, арқасы, белі тегіс, мықыны, жауырыны жақсы толысқан. Тез өсіп жетілгіш, еттік қасиеттері жақсы дамыған.

Жабағысы орта тығыздықта, штапельдері жабық. Жүн мериносты, негізінен 23, 0-25, 0 мкм (60 сапада), қошқарларда 23, 0-27, 0 мкм (56 сапада), аналықтарнда 25, 0-27, 0 мкм (58-сапада) жабағы жүні біркелкі болуы мүмкін. Иректігі түзу, анық. Жүні мықты, серпімді, ұзындығы аналықтарда 8, 0 см, аталықтарда 9, 0 см, арқасы мен қабырғасындағы жүн ұзындығының айырмашылығы 1, 0-1, 5 см артық емес. Бауыр жүні қанағатанарлық. Шайыры ақ, сарғыш, сапасы қанағаттаналарлық. Таза жүн шығымы қошқарларда 48%, аналықтарда 50%.

1 Кесте. Биязы жүнді қой тұқымдарының ең төменгі өнім көрсеткіштері

Өнім бағыттары
Тірілей салмағы (кг)
Таза жүн түсімі (кг)
аталықтар
аналықтар
аталықтар
аналықтар
ірі-лері
12 ай лық
Іріле рі
12 ай лық
Іріле рі
12 ай лық
Іріле рі
12 айлық
Өнім бағыттары: Жүнді
Тірілей салмағы (кг): 70
Таза жүн түсімі (кг): 42
45
36
5, 5
2, 8
2, 6
2, 2
Өнім бағыттары:

Жүнді- етті

А тобы

Тірілей салмағы (кг): 80
Таза жүн түсімі (кг): 48
50
40
5, 5
2, 8

2, 6

,

2, 2
Өнім бағыттары: Б тобы
Тірілей салмағы (кг): 75
Таза жүн түсімі (кг): 45
48
38
5, 0
2, 5
2
1, 8
Өнім бағыттары: Етті-жүнді
Тірілей салмағы (кг): 80
Таза жүн түсімі (кг): 50
50
40
5, 0
2, 4
2, 1
1, 7

3. Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонтировкалау

Таза тұқымды қойлардың дене бітімі, өнімділігі, сапасы мен қасиеттері I класс талаптарынан асып түсіп жатса олар элита класына жатқызылады. Кейбір қасиеттерімен ерекшеленетін еттілігі, жүнділігі жағынан жоғары болса да осы класқа жатқызылады. Стандартқа сай көрсеткіштері бар қойлар I классқа жатқызылады. ІІ-ші класқа бір текті жүні, жүн түсімі бар, тірі салмағы, жүн ұзындығы немесе кейбір көрсеткіштері стандарттан төмендеу болған мал жатқызылады. Бұл талаптарға сай келмейтін мал жарамсыздыққа шығарылады.

Будандарға да талап осылай қойылады. Оғаноған сай келмеген биязы жүнді қойларды ІІІ класқа, ал әртекті жүнділерді ІV класқа жатқызылады.

Ұсақ, дене бітімі әлсіз, пішінінде кемшіліктері бар, әр түрлі жүні бар мал жарамсыздыққа шығарылады.

Биязылау жүнді қой тұқымдарына олардың өнім ерекешеліктеріне қарай стандартты талаптар қойылады.

Линкольн типтес ұзын жүнді қойлардың стандарты Қойлар ірі, дене бітімі мықты, сүйегі жақсы дамыған, бірақ сөлекет емес, тоқал, майсыз құйрықты. Басы жалпақ маңдайында кекілі бар, беті мен құлағындағы жүні тықыр, мойны жуан. Кеудесі кең, терең, денесі ұзын жалпақ, қабырғалар дөңгеленген, арқасы мен белі тегіс, сандары толық. Аяқтары кеңінен түзу қойылған, тізесі мен тілерсегіне дейін жабағы жүндес, жүні ақ. Жабағы жүні ұзын, төмен қарай салбырап тұрады. Иректігі ірі. Жүні жылтыр, шайыры ақ, ақ-сары, жүннің таза шығымы 60% дан кем емес, төлшілідігі 110-130%.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Қой шаруашылығының практикумы
Қаракөл қозыларын бонитировкалау
«Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекциясы»
Етті-майлы құйрықты қойлар
Құрғақ жүн талшықтарының салмағы
Қозыларды күтіп – бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық –гигиеналық бағалау
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Асыл тұқымды еділбай қой тұқымының өнімділік және биологиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz