БАЛМҰЗДАҚ ӨНДІРУ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БАЛМҰЗДАҚ ӨНДІРУ

Жоба сауалнамасы:

Инвестициялық жобаның мақсаттары : Вафельді ыдыстарда жұмсақ балмұздақ өндіру және сату.

Өнімі: жұмсақ балмұздақ.

Жоба құны: 1 557 500 теңге.

Өзін өзі ақтау мерзімі: 12 ай.

Жоба тұжырымдамасы.

Бұл бизнес жоспар табиғи ингредиенттерден тұратын балмұздақ өндірісіне жасалған және бағытталған. Оның үстіне отандық өндірістің балмұздағын өндіру жоспарланып отыр, себебі біздің нарыққа Ресей мен Белоруссиядан балмұздақтар келеді. Сонымен, біз отандық тауарды шығаратын боламыз. Әрбірімізде айқын балалық шақтан қалған сәттер бар, олар- дың көбі сол шақта дәмін көрген тәттілермен байланысты. Көп жағдайларда осы балалық қуаныштар басқа нәрсемен емес, дәл балмұздақпен байланысты болған.

Тауар сипаты.

Балмұздақ - ересектер мен балалар жақсы көретін ең танымал тәттілердің бірі. Балмұздақ сату - бұл тиімді, шығыны аз және өзін тез ақтайтын іс. Дүңгіршектерде сату - ісін енді бастаған бизнесмен үшін жақсы нұсқа. Балмұздақты сату СЭС мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысына және әкімдіктің рұқсатына сәйкес жү- зеге асырылады.

Құрғақ қоспалар негізіндегі жұмсақ балмұздақты сату. Дайындауға арналған ұнтақты қолдану және оны сумен өз бетінше араластыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, вафельді түтіктерді (қағаз немесе пластикті ыдыстарға қараған- да, олар көбіне танымалырақ) сатып алу қажет.

Маркетингтік талдау және сату.

Бизнестің бұл түрі барынша жылдам өзін өзі ақтайды. Егер сіз балмұздақ саудасын көшеде жүзеге асыратын болсаңыз, бұл жағдайда жабдық шығындары дүкен немесе дәмхана ұйымдастырумен салыстырғандай үлкен болмайды. Оның үсті- не, егер сіз орынды сәтті таңдаған жағдайда, сатылым көлемдері күннен күнге тұрақты болса, бұл жағдайда бір ай ішінде барлық өзінің салған инвестицияларыңызды ақтап алу мүмкіндігі бар.

Аймақтардың келесі факторлары аймақта осы бизнесті дамыту үшін маңызды болып табылады:

- Ыстық климат;

- Демалыстар мезгілі;

- Қазақстанда адам басына балмұздақты орташа тұтыну көршілермен салыстырғанда айтарлықтай төменірек және жылына 0, 5 кг құрайды, ал Ресейде - 5кг, Еуропада - 8 кг. Дегенмен осы өнімге сұраныс ұлғаюда.

Сату . Тамақ өнімінің өндірісіне қатысты басқа барлық жағдайларда секілді сіз СЭС жергілікті бөлімшесінде рұқсат алуыңыз қажет.

Барлығы дайын болған соң: рұқсат алынды, жабдық пен сатушы бар, өз бизнесіңізді бастауға болады. Бизнестің табысының жартысы - сауда үшін қолайлы орын. Сауда үшін аса қолайлы орындар адамдар көп жиналатын жерлердегі кинотеатрлар, сау- да-ойын-сауық орталықтары, шағын дәмханалар жанындағы нүктелер болып табыла- ды. Орын таңдалғаннан кейін (сауда үшін жер телімін беру санитарлық-эпидемиологи- ялық қорытынды болған жағдайда беріледі), жақын тұрған бөліммен немесе дүңгіршекпен электр қуаты туралы келісу керек.

Сіздің болашақ нүктеңіздің жанында кімдер жұмыс жасайтынына, олардың клиенттері қаншалықты екеніне міндетті түрде назар аударыңыз, кіріңіз, танысыңыз. Өзіңізді та- ныстырыңыз, немен айналысқалы жатқаныңызды айтып беріңіз, сізге қажеттінің барлығын айтып берген жағдайда, бал- мұздақтың үлкен үлесін беруге уәде етіңіз. Олардан істері қалай жүріп жатқанын, қандай күндері адамдар көп, қандай күндері аз болатынын біліңіз (статистика үшін қажет) .

Өндіріс жоспары.

Өндіріс технологиясы.

Үй-жай. Жазда балмұздақ сату үшін арнайы үй-жай қажет емес, себебі сауда көшеде жүргізілетін болады.

Жабдық.

Жұмсақ балмұздақты өндіруге арналған аппараттар - фризерлер алуан түрлі болады:

- SaniServ АҚШ-та шығарылған, өнімділігі 15кг/с дейін. Көлемі аз және сенімді, SaniServ 450 000 теңге тұрады және керемет жұмсақ балмұздақ дайындайды.

- Отандық «РИКОН-30» өнімділігі 30кг/с дейін және құны 300 000 теңге. Жоғары өнімділігіне және салыстырмалы төмен бағасына қарамастан, ол американдықтан өзінің мөлшерлерімен тиімсіз ерекшеленеді және салмағы 160 кг., ал SaniServ салмағы бар болғаны 70кг.

- Қытайлық өндірушінің 22 литрге арналған, құны 320 000 теңге тұратын фризерінің дөңгелектері болғандығымен ыңғайлы, дәлірек айтқанда, оны кез келген бағытта қозғалтуға болады.

Жабдықтан басқа дәмдік қоспалары бар арнайы қоспалар қажет. Американдық FrostyFreeze-шо- коладты, құлпынай, ванильді қоспалар аса танымалдылыққа ие. Олар қарапайым сумен қоспа- ның бір бөлігіне судың бес бөлігі көлемінде араластырылады.

Жұмсақ балмұздақтың өзіндік құнын болжамды есептеу:

Жұмсақ балмұздақтың құны, теңге/6, 666 кг
1500
Жұмсақ балмұздақтың құны, теңге/6, 666 кг: 80 гр. бойынша мөлшер саны, бірлік
1500: 83
Жұмсақ балмұздақтың құны, теңге/6, 666 кг: Бірлікке жұмсақ балмұздақтың шығыны, теңге
1500: 18
Жұмсақ балмұздақтың құны, теңге/6, 666 кг: Вафельді түтіктер, теңге
1500: 8
Жұмсақ балмұздақтың құны, теңге/6, 666 кг: 1 балмұздақтың өзіндік құны, теңге
1500: 26

ICEDREAM жұмсақ балмұздағын дайындауға арналған құрғақ қоспаның салмағы 1. 666 (1. 6) кг бір пакетінің құны 1500 теңгені құрайды. Алдын ала фильтрациядан өткен 5 литр ауызсудың құны - тегін. Сонда араласқаннан кейін сал- мағы шамамен 6. 666 кг сұйық қоспаның құны 1 500 теңгені құрайды. Жұмсақ балмұздақ порциясының орташа салмағы 80 граммды құрайды. Тиісінше, 6, 666 кг қоспадан 83 порция аламыз. Қоспаның құнын (1500 теңге) порция санына бөлеміз (1 500 тг/83=18 теңге) . Бір вафельді түтік құны - 8 теңге. Вафельді түтікті ескере отырып балмұздақтың бір порциясының өзіндік құны 26 теңгені құрайды.

Қаржылық жоспар.

Бұл бизнес-идея 1 557 500 теңге мөлшерінде қарыз қаражаттарды тартуды көздейді.

Бірінші жылы ақшалай қаражаттың түсімі 6 957 500 теңгені құрады, ол 5 400 000 теңге сомасында жұмсақ балмұздақты сатудан, сонымен қатар, 1 557 500 теңге сомасында қарыздық қаражаттардың түсімінен тұрады. Несиелік қаражаттар өн- діріс үшін 936 000 теңге сомасындағы жабдықты сатып алуға, сонымен бірге, ай сайынғы ағымдағы шығындарды, соның ішінде, 621 500 тг сомасындағы 3 ай қызметті жүзеге асыру ішінде шикізат пен материалдарды қамтуға пайдаланылатын болады.

Жұмсақ балмұздақты өндіру жөніндегі ауыспалы шығындар:

Өндірістік жабдықты сатып алу = 936 000тг

- Фризер - 3 дана * 300 000тг =900 000тг

- Үстел - 3 дана * 10 000тг = 30 000тг

- Орындықтар - 3 дана * 2 000тг = 6 000тг

Жұмсақ балмұздақты өндіру жөніндегі тұрақты ай сайынғы шығындар:

1) Шикізат пен материалдар шығындары = 1 759 500тг:

- Балмұздақ өндіруге арналған құрғақ қоспа-1, 6 кг бойынша 813 пакет * 1500 тг = 1219500тг

- Вафельді түтіктер - 67 500 дана * 8тг = 540 000тг

2) Көлік шығындары = 66 000тг

3) Коммуналдық шығындар = 55 500тг

4) Жалақы = 600 000тг

5) Басқа шығындар (жарнама) = 5 000тг

6) Өтемпұл = 180 000тг

БАРЛЫҒЫ - 3 601 500 теңге

Өндіріс жоспары және қызметтерді сатудан түсетін табыстар

Жұмсақ балмұздақты өндіру және сату:

150 порция күніне бір фризерден * 3 фризер * 150 күн = 67 500 порция. - жыл сайынғы өндіріс көлемі 67 500 * 80тг = 5 400 000тг жыл сайынғы түсім.

БАРЛЫҒЫ - 5 400 000 теңге.

1-ші операциялық жыл үшін табыстар және шығындар туралы есеп

Көрсеткіштер
Жыл үшін барлығы, теңге
Көрсеткіштер: Сатудан түсім
Жыл үшін барлығы, теңге:
Көрсеткіштер: Жұмсақ балмұздақты сату
Жыл үшін барлығы, теңге: 5 400 000
Көрсеткіштер: ЖАЛПЫ
Жыл үшін барлығы, теңге: 5 400 000
Көрсеткіштер: Шығындар
Жыл үшін барлығы, теңге:
Көрсеткіштер: НҚ сатып алу шығындары
Жыл үшін барлығы, теңге: 936 000
Көрсеткіштер: Шикізат және материалдар
Жыл үшін барлығы, теңге: 1 759 500
Көрсеткіштер: Жалақы
Жыл үшін барлығы, теңге: 600 000
Көрсеткіштер: Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар
Жыл үшін барлығы, теңге: 99 900
Көрсеткіштер: Коммуналдық шығындар
Жыл үшін барлығы, теңге: 55 500
Көрсеткіштер: Өтемпұл
Жыл үшін барлығы, теңге: 180 000
Көрсеткіштер: Өндіріс шығындарының барлығы
Жыл үшін барлығы, теңге: 3 630 400
Көрсеткіштер: Көлік шығындары
Жыл үшін барлығы, теңге: 66 000
Көрсеткіштер: Басқа шығындар (жарнама)
Жыл үшін барлығы, теңге: 5 000
Көрсеткіштер: Пайыздар бойынша шығындар
Жыл үшін барлығы, теңге: 54 513
Көрсеткіштер: ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР
Жыл үшін барлығы, теңге: 3 755 913
Көрсеткіштер: Салық салынғанға дейінгі табыс
Жыл үшін барлығы, теңге: 1 644 087
Көрсеткіштер: ЖТС және МЗС
Жыл үшін барлығы, теңге: 132 000
Көрсеткіштер: Таза табыс
Жыл үшін барлығы, теңге: 1 512 087
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балмұздақты сараптау
Балмұздақ
Балмұздақ қоспаларын дайындау
Балмұздақ жасау технологиясы
Балмұздақ өндіру технологиясы
Балмұздақ өндірудің технологиялық процесі
Балмұздақтың тағамдық құндылығы мен тұтынушылық қасиеті
Балмұздақты өндіру технологиясы
Тағам өнімдері технологиясы бойынша Оқу практикадан өткені туралы есеп
Балмұздақ өндіруге арналған технологиялық желінің жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz