Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
№ 1-лекция
Шағын жинақты мектеп. Шағын жинақты мектептер қызметінің мақсаты, міндеттері мен принциптері, ерекшелігі
(Астамбаева,Г.И.Уәйісова Ш ЖБМ педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы-Алм.-2010-оқу құралы негізінде)
Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді белсенді оқыту қызметімен ұштастыра алуы тиіс.
Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп.
ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.
Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Шағын жинақталған мектепке оқушылар саны аз сыныптары бар (5-8 оқушыдан артпайтын), сондай-ақ құрамында шағын жинақталған бастауыш сыныптары бар негізгі және орта мектеп жатады.
Шағын жинақталған мектептің дамуы (бұдан әрі ШЖМ) әдетте соңғы жиырма жылда жалпы мемлекеттік міндет болып жарияланды. ШЖМ алатын орны ерекше, себебі ол білім беру мекемесі болып қана қоймай, сонымен қатар ауыл социуымының мәдениетіне көпқырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып қала бермек.
Ауыл оқушыларының азаматтық көзқарасының қалыптасуына, олардың әлеуметтену үдерісіне айрықша ықпал ететін ауыл мектебінің білім беру ортасына, оның табиғатпен, ауылшаруашылығы өндірісімен байланысына айрықша көңіл бөлінеді.
Ауыл қоғамы мектепті бала мен оның отбасын әлеуметтік қорғаудың бірден-бір кепілі ретінде қабылдайды, ұсынылып отырған білім беру қызметінің сапасын жақсартуға ғана жауап беріп қоймай, сонымен қатар ондағы тұрақтандыру орталығы болып табылады.
Шағын комплектті мектептегі мұғалімнің еңбегі шығармашылықты, бар ынтасын салушылықты, мейірімділікті және адалдықты, кәсібилікті және кешендікті талап етеді.
Ауыл мектебінде кез келген мұғалімді көбінен құр қалған балаларға деген сүйіспеншілік ұстап қалады.
Жалғыз мәдениет орталығы - мектеп қана бар. Сондықтан болашақ азаматтардың өмірді кеңінен ашық көрулері мұғалімге байланысты.
Шағын комплектті мектептегі оқу үрдісінің маңызды ерекшеліктері бар, олар бір бөлмеде екі, үш, тіпті төрт сыныпта бір мұғалімнің сабақ өткізетіндігі шарт.
Шағын комплектті мектеп мұғалімі қиын жағдайда жұмыс істейді: оған әр түрлі жастағы, әр түрлі сыныптардың оқу бағдарламалары бойынша дайындалған балалармен сабақ жүргізуге тура келеді.
Шағын комплектті мектепте мұғалім болып жұмыс істеу, күмәнсіз кәдімгі мектепке қарағанда қиын және күрделі.
Бірнеше сыныптармен бір мезгілде сабақ өткізу шағын комплектті мектептің мұғалімінен мұқият дайындықты, оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыруды, сабақ кестелерін рационалды құруды, сонымен қатар педагогикалық әдептің ебін тауып көрсетуді талап етеді.
Шағын комплектті мектептегі жұмыстың ерекшелігі өзіндік жұмыссыз екі-үш сыныппен сабақты ұйымдастыру мүмкін еместігінде. Шағын комплектті мектептегі сабақтарда балалармен өзіндік жұмыс оқу уақытының 50 % алады, ал кәдімгі мектеп өзіндік жұмысқа сабақтың 20%-на жуық уақыт кетіріледі. Сондықтан мұғалім балаларды дербес жұмыс істеуге үйретуі қажет.
Оқыту үрдісінде балалар кітаппен және дидактикалық материалдармен жұмыс істеуге үйренеді.
Лекцияға Қосымша:
Жалпы шағын жинақты бастауыш мектеп жаңадан пайда болған құбылыс емес. Оның негізі бастауыш білім беру жөнінде белгілі педагогтар К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой жасаған оқыту методикасында жатыр. Қазақстан топырағына бұл құбылыстың келуі қазақтың тұңғыш педагогі Ы.Алтынсариннің есімімен байланысты. Содан бері қанша уақыт өтсе де шағын жинақты мектептер өмір сүруде.
Шағын жинақты мектептер - қазақтың шағын ауылының іргесі, ұйытқысы, оның әлеуметтік экономикалық дамуының өзегі.
Республикамыздың экономикалық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты орталықтан шалғай, алыс жерлерде орналасқан қазірдің өзінде Қазақстанда 75-80% шағын комплектілі мектептер бар.
2007 жылы республикадағы барлық шағын жинақты мектептердің ішінде 1014 - бастауыш, 979 - негізгі және 2413 - орта мектептер жұмыс жасайды. 2004 жылмен салыстырғанда, ШЖМ 58%-ға өсіп, оның саны жалпы білім беретін мектептердің 55,4% құрады. Мұндай мектептер негізінен ауылдық жерлерде орналасатыны белгілі. Мұндай мектептердегі оқушылар саны 423,6 мың, оның ішінде бастауыш сыныптарда 12,3 мың, 46,8 мың - негізгі және 364,4 мың оқушы орта мектептерде оқиды. ШЖМ жүйесінің өзгеру динамикасы шағын жинақты бастауыш және негізгі мектептердің қысқарып, орта мектептердің көбейіп келе жатқанын байқатады.
Ы.Алтынсариннің басшылығымен ұлттық мектептердің қазақстандық үлгі жүйесі пайда болды. Ол басшыларға жазған баяндама хаттарында қазақтардың тұрмыс-тіршілігіне ыңғайлы, мектептің көшпелі болуы қажет, жазда ауылдармен бірге жайлауда, ал қыста қыстауда болғаны жөн − деп, дәлелдеген. Ол 1986 жылы 5 болыстық мектеп ашты: Торғайда (Қараторғай мектебі), Николаевскіде (Убалан мектебі) және жетіқара мектебі, Илецкіде (Буртин мектебі). Ал ХХ ғасырдың басында ауылдық жерлерде білім алудың жинақталған мектептер жүйесінің негізі қаланды. Сол кезде ауылдағы алғашқы қазақ мектептерінің көбі шағын жинақты бастауыш мектептер болғаны байқалады. 1916 жылы олардың саны - 727, ондағы оқушы саны - 22414 болды. 1920-1921 жылдары шағын жинақты мектептердің саны екі есе өсті.
ХІХ ғ. ІІ-жартысында Қазақстанда әр түрлі типтегі орыс-қазақ мектептері көптеп ашыла бастады (басым көпшілігі - шағын комплектілі мектептер). Ақмола мен Семей облыстарында - мектеп-интернаттар мен ауыл шаруашылық бастауыш училищелері, Торғай мен Оралда - ауылдық, облыстық (1-кластық, 2-кластық - оқу мерзімі - 6 жылдық) орыс-қазақ училищелері, Жетісу мен Сырдарияда - орыс-түземдік училищелер, Ішкі Ордада - старшындық және бөлімшелік училищелер ашылды.
ХХғ. бас кезінде Бұратана халықтарға арналған бастауыш училищелер туралы (1906) ережеге сай Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Ішкі Ордадағы барлық қазақ мектептері 1-кластық орыс-қазақ училищелеріне айналдырылды.
ХХ ғ. бас кезінде Қазақстандағы мектептердің жанынан 32 кәсіптік бөлімше және 270 қол еңбегін оқытатын кластар ашылды.
Түркі тілдес ұлттық мектептердің оқу бағдарламаларына қатысты алғашқы ескертпелер 1906 жылғы Россияның шығысында тұратын бұратана халықтар үшін ашылған бастауыш училищелер туралы ережелерде берілген. Ережеде оқу жоспарлары ғана емес, оқу бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар да берілген (арифметика бойынша да қосымшалар бар). Бірдей ортақ типтік бағдарламалар болған жоқ, жер ерекшеліктеріне қарай мектеп директорлары бағдарламаларды не қысқартып, не кеңейтіп, өз жағдайларына қарай үнемі өзгертіп отырды.
Сонымен бірге, бірдей оқулық та болған жоқ. Орыс, орыс-татар, кейінірек башқұрт, латыш, украин, өзбек, татар, чуваш халықтарына арналған кітаптар пайдаланылды.
Жалпы осы уақытқа дейін шағын жинақты мектептерде оқу-тәрбие жұмысының мамзмұнын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандарт дәрежесіне көтеру сияқты мәселелері бірқатар ғалымдарымыз бен әдіскерлеріміздің назарын аударған. Олардың еңбектерінде бірнеше сыныпты бір мезгілде қатар оқытудың тиімді жолдарын іздестіру (Ж.Аймауытов, Ғ.Бегалиев, Ж.Қаржасбаев, М.Бүрлібаев, Ғ.Сүлейменов, А.Асқарбаева), сабақты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін анықтау (Б.Құлмағамбетова, А.Асқарбаева, Г.М.Храпченков, Қ.Аймағамбетова); Қазақ тілі, Ана тілі, Математика, Айналамен таныстыру пәндерін оқытудың мазмұны мен практикалық бағытын белгілеу (Ш.Әуелбаев, А.Асқарбаева, Б.Құлмағамбетова); бір пәндік, бір тақырыптық сабақтардың тиімділігін дәлелдеу (М.Сайпин, З.Бейсенбаева, Е.Шапаева, О.Сатқанов, Б.Катембаева);. осы үлгідегі мектептер үшін болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері (З.Әділғазинов) қарастырылады.
Шағын жинақты бастауыш мектеп мәселесін зерттеуге белсене араласқандардың бірі - Ғ.Сүлейменов. Оның 1963 жылы Қазақстан мектебі журналында Аз комплектілі бастауыш кластарда сабақ кестесін қалай жасау керек ?, 1965 жылы Екі комплектілі мектепте оқу процесіне басшылық ету туралы, 1968 жылы Р.Мұраталиевпен бірлесе отырып жазған Аз комплектілі мектептерде оқу процесін ұйымдастыру туралы мақалалары басылды. Ғалым алғашқы мақаласында аталған мектептер үшін сабақ кестесін құрудың бірнеше нұсқасын ұсынды. Ал келесі мақаласы 1 және 2, 2 және 4-сыныптарды қатар оқытудың әдістері мен тәсілдерін көрсетуге арналды. Мұнда автор алдымен шағын жинақталған мектептерде жұпталған сабақтардың, негізінен, 3 түрі болатындығын айтады: 1) екі сыныпта да жаңа материал өтілетін сабақ; 2) бір сыныпта жаңа материал, ал екіншісінде пысықтау не қайталау (немесе оқушылардың білімін тексеру) жұмысы жүргізілетін сабақ; 3) екі сыныпта да бұрынғы өтілген материал пысықталатын не қайталанатын (немесе бір сыныпта бақылау жұмысы алынатын) сабақ. Одан әрі қарай әрбір түрге байланысты сабақты жоспарлаудың және өткізудің үлгісін мысалдармен түсіндіреді. Р.Мұраталиевпен бірлесіп жазған мақаласында көрнекі құралдар, әсіресе, шағын жинақты мектептер үшін өте қажет деп есептеп, оларды қолдану жолдары туралы пайдалы ұсыныстар білдіреді.
1870 жылғы 26 наурызда жарияланған Россияда тұратын басқа ұлттарға білім беру шаралары туралы заң мен Басқа ұлттарға арналған бастауыш училищелер туралы ереже (1906, 1907, 1913) Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық бастауыш мектептерде бастауыш оқуды ана тілінде оқытуға рұқсат берді. ХІХ ғ. 70-жылынан бастап орыс-қазақ мектептеріндегі бастауыш оқу қазақ тілінде жүргізілетін болды.
Орыс-қазақ мектептерінде арифметиканы оқыту бір орынға қарайтын оқу мекемелері басшыларының пікірі бойынша ауызша және жазбаша санауға, арифметикалық амалдарды орындауға үйрету міндеттерін шешуге тиіс болды. Арифметика ғылым ретінде қажет деген пікірге ерекше көңіл бөлінді.
ХІХғ. екінші жартысы мен ХХғ. бас кезінде Ресейдің бастауыш мектептерінде оқытылатын арифметика бойынша 200-ден астам әр түрлі оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинақтары басылды. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда аса кең тараған К.П.Арженниковтың, В.А.Евтушевскийдің, Г.М.Вишневскийдің, А.И.Гольденбергтің, К.П.Бурениннің, А.Ф.Малиннің, Н.И.Паульсонның, С.И.Шохор-Троцкийдің кітаптары еді. Бұдан басқа орыс-қазақ училищелеріндегі ұлт мектептеріне арналған Н.А.Бобровниковтың, С.М.Граменицкийдің, Т.Г.Лубенцтің, И.С.Михеевтің т.б. кітаптары пайдаланылды.
Қазақ ССР Оқу министрлігінің 1987 жылы 10 маусымда Республикадағы шағын комплектілі мектептердің қазіргі жайы және олардың жұмысын жақсарту шаралары жайында қарары қабылданды. Ал 1975 жылғы 9 желтоқсанда Қазақ ССР Оқу министрлігі Коллегиясының шешімі бойынша ШЖМ үшін орыс, ана тілі, табиғаттану мен математикадан әдістемелік құралдар дайындау Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Осы тапсырманы орындау үшін Бастауыш білім беру әдістемесі 1974-78 жж. ШКМ-тегі оқыту мазмұны мен әдістемесін жетілдіру атты зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Білім және ғылым министрлігінің статистикалық есебі бойынша ШЖМ-де 379319 оқушы дәріс алады, 51796 мұғалім қызмет атқарады. Министрліктің 1997 жылғы ҚР ШЖМ-гі жұмыстарды ұйымдастыру жөнінде әдістемелік нұсқау хатында ШЖМ-нің негізгі қызметі көрсетілген. Ол: бастауыш сыныптарда оқушы саны − 40-тан, негізгі мектепте 100-ден, ал орта мектепте 280-нен аспаса, шағын жинақталған мектеп болып есептеледі. Ал, ҚР Үкіметінің № 300. 25.02.2000ж қаулысына сәйкес ауылдық жерлердегі сыныптарда кемінде 5 бала оқыса, бастауыш немесе негізгі ШЖМ, ал кемінде 81 бала оқыса, орта ШЖМ деп аталады.
Тәуелсіздік жылдарында толық орта мектептер саны мен шағын жинақталған мектептер саны өзгерді. 1997-2001 жылдары аралығында ШЖМ 3621-4229-ға жетті, оның 2156-сы (50,9 %) қазақ тіліндегі мектептер.
Лекция 2 ШЖБМ-те оқыту процесін ұйымдастыру
2.1 тақырып. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
Мақсаты: Шағын жинақталған бастауыш мектептің педагогикалық процесінің ерекшілігі мен тиімділігін анықтауды меңгерту.
1. ШЖБМ-те педагогикалық процесстің ерекшелігі
2. Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары

ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері:
- бір сыныппен жұмыс істегенде сабақтың мақсаты, логикалық құрылымы оқушы мен оқытушыға бірдей, ал бірнеше сыныппен жұмыс істеуде бір сабақ әрқайсысы бір сабақ ретінде бірнеше кішкентай сабақтардан тұрады да, мұғалім бір күнде 8-16 сабаққа, оның әр бөлігін санағанда, 32-40 сабақшаларға, олардың логикалық байланысы әр кезеңнің мақсаты мен міндетіне қарай уақытында тиянақты дайындалуы қажет.
- бір сабақтың үстінде мұғалім әр түрлі жастағы, ой-өрісі мен білім дәрежесі әр түрлі оқушылармен жұмыс жүргізеді, сондықтан ол балалардың психологиясын жақсы білуі тиіс;
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендеп, сабақ тиімділігін төмендету қаупі туады.
- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек.

Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
:: сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
:: бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;
:: көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
:: сабақ тақырыбының өзара байланысы;
:: сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
:: сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
:: тиімді оқыту әдістерін таңдау;
:: сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
:: оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;
:: мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
:: барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. ШЖБМ-тегі оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері қандай?
2. Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттарын атаңыздар
3. Бірнеше сыныппен жұмыс істегенде сабақтың ұйымдастыру кезеңдері
4. Сабақ барысында әдіс-тәсілдерді түрлендіру
Лекция 3 ШЖМ білім педагогикалық процестің ерекшеліктері
Шағын жинақты мектептердің өзіндік ерекшелігі мұғалім бір мезгілде екі, үш, кейде төрт сыныптың оқушыларымен қатар жұмыс істейді. Бұл ерекшелік оқу-тәрбие жұмыстарының өзгешелігін айқындайды.
Бірнеше сыныппен қатар жұмыс істеу оқу-тәрбие жұмысына айтарлықтай қиындық туғызады. Шағын жинақты мектептердің әлі күнге дейін ШЖМ ерекшелігін ескере отырып әзірлеген қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмеуі, мұғалімдердің барлығы дерлік мұндай мектептерде жұмыс істеуге арнайы дайындығы жоқ екендігі, оқу-материалдық базаның әлсіздігі де жағдайды күрделендіре түсуде. Сонымен қатар оқу бағдарламалары барлық типтегі мектептер оқушыларының білім, білік, дағдыларына бірдей талап қоятындықтан, шағын жинақты мектептердің білім сапасына, оқушылардың білім, білік, дағдылары мен олардың жалпы дамуына кері әсерін тигізуде. Қолданыстағы оқулықтар мен дидактикалық материалдар шағын жинақты мектептердің оқу процесін ұйымдастыру ерекшелігін ескермейді және қажетті білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізуге бағытталмаған. ШЖМ үшін әдістемелік құралдар әзірлеу ШЖМ жағдайында оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз.
Шағын жинақты мектептерде оқытуды тиімді ұйымдастыруда сабақтың мынадай түрлері бар: атап айтсақ, бірпәндік және біртақырыптық оқытуға негізделген сабақтар. Шағын жинақты мектепте оқу үдерісінің тиімділігін арттыруда біртақырыптық сабақтар ұйымдастырудың маңызы зор. Біріктірілген сыныптарда біртақырыптық оқытудың мақсат-міндеттері төмендегідей:
бірнеше сыныптағы мазмұны ұқсас тақырыптарды кіріктіру арқылы жүйелі білім беру;
сабақты тиімді әдіс-тәсілдер негізінде ұйымдастыру арқылы мұғалім қызметін оңтайландыру және уақытын үнемдеу;
әртүрлі жастағы оқушылардың мазмұны ұқсас материалды біріге отырып меңгеруіне жағдай туғызу.
Біртақырыптық сабақтардың тиімділігі мынада:
оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір тақырыптың мазмұнына аударуға мүмкіндік жасалады;
жоғары сынып оқушыларының өткен сыныптағы білімдерін жаңғыртуға және жетілдіруге, ал төменгі сынып оқушыларын осы тақырып төңірегінде оза оқытуға мүмкіндік туады;
мұғалім бір мезгілде әртүрлі жастағы балалармен бір бағыттағы сабақты ұйымдастыру арқылы оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне жағдай жасайды, оларды ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа баулиды;
оқушылардың бірін-бірі тексеруі және бағалауы жүзеге асады, үлкен сынып оқушысы төменгі сыныптың жұмысын тексеріп бағалау арқылы өз білімінің сапасын анықтай алады.
Осыған орай, бұл үлгідегі мектептер, мүмкіндігінше, бірнеше сыныптың оқу материалын біртақырыптық жүйеге ыңғайластыруы және соған сәйкес оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау керек.
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарындағы дамыта оқыту технологиясы негізінде ұйымдастырылатын біртақырыптық сабақтың құрылымы, негізінен, 3 бөлімнен, 3 кезеңнен тұрады. Енді сол құрылымның әр бөлігіне жеке тоқталайық (1-кесте).
1-кесте - Біріктірілген сыныптардағы біртақырыптық сабақтың құрылымы
І Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау - мотивациялық кезең
Бұл кезеңде мұғалім екі сыныпқа қатар үй тапсырмасын тексеру және жаңа сабақты түсіндіру мақсатында оқушылардың қызығушылығын, арттыратындай, екі сыныптың оқушыларына ортақ тапсырма орындатады және жаңа тақырыптың міндеттері айтылып, түсіндіріледі.
Мұғалім тарапынан оқушылардың білімін теңдестіру мақсатында өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыратындай проблемалық жағдаяттар тудырып, сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Оқушылар берілген тапсырмаларды орындау арқылы ойтүйін жасап, жаңа сабаққа байланысты өзіндік пікірін айтуға және оны дәлелдеуге үйренеді.
ІІ Сараланған бөлім
Операциялық-орындаушылық кезең
Бұл кезеңде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға аса көңіл бөлінеді. Өйткені шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, сабақтың негізгі бөлігі болып табылады. Сондықтан бұл кезеңде тапсырмалар әр сыныптағы оқушыға жеке беріліп, олардың өзіндік жұмыс жасауына бағытталады.
Оқушының өздігінен орындайтын жұмыстары
Мұғалім басшылығымен орындалатын тапсырмалар
ІІІ Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық-бағалау кезеңі
Бұл кезеңде екі сыныпқа да тақырыпты бекітуге бағытталған ортақ тапсырмалар беріледі. Бұл рефлексиялық ойын, түрлі жаттығулар және тест тапсырмаларынан тұрады. Әр тапсырманың жауабы тексеріліп, жинаған ұпай санына байланысты оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік жасалады
Шағын жинақты мектепте оқушылардың жас ерекшеліктері, олардың сабаққа даярлығы сабақ құрылымына әсерін тигізбей қоймайды. Осы орайда біріктірілген сыныптарда оқу үрдісін ұйымдастыруда сабақтың құрылымы қандай болу керек? деген сұрақ туындайды.
Сабақ құрылымында барлық сыныптарға ортақ кезеңде мұғалімнің басқаруымен орындалатын жұмыс басты орын алады. Сабақтың басындағы ортақ кезеңде ұйымдастырушылық жұмыстар атқарылады: жұмысқа дайындау, жұмыс жоспарын, сабақтың мақсатын хабарлау, алдыңғы сабақта өткен материалды қайталау. Оқу пәндерін біртақырыптық жоспарлауда ауызша есептеу, сөздік диктанттары, ережелерді қайталау, т.б. жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Сабақтың ортасындағы ортақ кезеңде бастауыш мектеп оқушыларына үзіліс (жаттығулар) жасатуға болады. Оқу жоспарында ауызша жылдам сұрақ-жауап немесе рөлдік ойындар ұйымдастыруға мүмкіндік жасау қажет. Сабақтың соңындағы ортақ кезеңде нәтижелерді қорытындылау жұмыстары жүргізіледі: сабақ жоспарының орындалуын талдау, жұмысты ауызша бағалау, үй тапсырмасын түсіндіру.
Мұғалім, алдымен, екі сыныпқа ортақ ұйымдастырушылық жұмыстарды атқарған соң, жаңа материалды түсіндіреді. Содан соң бір сыныптың оқушыларымен жұмыс жасау үшін екінші сыныптың оқушыларына пайдалы жұмыс беріп, оны өз бетінше орындауға тапсырма береді. Бір сыныптың оқушылары оқу тапсырмаларын өз беттерінше орындау барысында мұғалім өткен тақырыпты сұрап, жаңа материалды пысықтау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ екінші сынып оқушыларына өздік жұмыстары үшін кезекті тапсырмаларды түсіндіреді. Осыған байланысты мұндай, сабақтардың бірінші ерекшелігі: оқушылардың өздік жұмысы қалыпты оқу әрекетінің шартына айналады және шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында сабақтың міндетті компоненті болып табылады. Осыдан сабақтың екінші ерекшелігі шығады: жұмысты мұғалімнің тікелей басшылығымен кезектесе орындауы, мұғаліммен жұмыс және мұғалімнің тапсырмасын орындау немесе өз таңдауы бойынша өздік жұмысы. Үшінші ерекшелігі: жұмысты орындауға кететін өздік жұмысы мен уақыт көлемінің мұғалімнің басқа сыныппен жұмыс уақыты көлеміне тәуелділігі. Сабақ құрылымы екі компоненттің кезектесуінен көрінеді: МЖ - мұғаліммен жұмыс және ӨЖ - оқушылардың өзіндік жұмысы (МЖ-ӨЖ-МЖ-ӨЖ). Сабақ кезеңдерінің кезектесе келуі көптеген талаптарға байланысты: кестенің сипатына (әр пәнді және бірпәндік сабақ), оқу материалының мазмұнына, оқушылардың өздік жұмыс жасау білігіне, сондай-ақ оқушылардың мүмкіндіктеріне. Шағын жинақты мектептегі сабақ мұғалімі ұстанымы тұрғысынан - нақты бір сыныпқа 2-3, кей жағдай 4 сыныпқа дейін біріктіріледі. 45 минут бойы мұғалім бір сабақтан екіншісіне, не болмаса үшіншісіне көшеді - осылайша бірнеше рет жалғасады. Оқушы тұрғысынан да сабақ әдеттегі сабақтан ерекшеленеді: үзілмелілігімен, назарды бір тақырыптың мазмұнына аударуымен. Бала үшін бұл өте қиын, дегенмен шағын жинақты мектеп осы міндетті жүзеге асырып келеді. Шағын жинақты мектеп оқушылары назарды тақырыпқа шоғырландыруымен, өзіндік жұмыс істеу білігімен ерекшеленеді.
Сабақтың жалпы құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1-нұсқа:
1-кезең. Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс.
2-кезең. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс. Өзіндік жұмыс.
4-кезең. Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс (қорытындылау).
2-нұсқа:
1-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

3-кезең. Өзіндік жұмыс. Мұғаліммен жұмыс.

Жоғарыдағы сабақ құрылымының сызбасында мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс барлық сыныпқа ортақ. Сабақтың бастапқы кезеңі ұйымдастырушылық кезеңнен тұрады: сабаққа көңіл аудару, тапсырмалар алу, сабақтың жоспары мен мақсатын хабарлау, алдыңғы өткен тақырыпты қайталау (терминдер мен сөз тіркестерін айтып түсіндіру, яғни оқу пәндерінің лексикасын меңгеру). Кейде жалпы оқу және интеллектуалдық біліктерді қалыптастыру бойынша түсіндірмелер беру, жаттығулар мен тапсырмаларды орындау: жоспарлау, нақты дереккөздерден алу.
Оқу пәндерінің бірпәндік үйлесуі кезінде: әдебиеттік оқу - әдебиеттік оқу, орыс тілі - орыс тілі, математика - математика, дүниетану - табиғаттану (бастауыш сыныптарда); жұмыстың ортақ кезеңінде жоғарыда аталғандарға қосымша: ауызша санау; сөздік диктанты; ескерту және түсіндіру диктанттары, талдаудың түрлері; есептер құру жүргізіледі; технология, еңбекке баулу сабақтарында - қауіпсіздік техникасы және қандай болмасын еңбек әрекеттерін орындау тәсілдері көрсетіледі.
Сабақтың жалпы кезеңінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалім әдістемелік қағиданы қатаң сақтауы тиіс, әдістеме бойынша барлық сыныпқа сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, оларға төменгі сынып оқушылары жауап береді.
Бір сыныптың оқушыларымен әңгімелескенде, мұғалім екінші сыныптың оқушыларына олардың жауаптарын толықтыруға, мысалдар келтіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жоғарыда айтылғандай, төменгі сынып оқушыларында өзіндік пікір қалыптасады, жоғары сынып оқушыларының жауаптары, әрине, төменгі сынып оқушыларының дамуын ынталандырады.
Жоғары сынып оқушыларының білімі жан-жақты, толығырақ, сондықтан өзіне деген сенімі де жоғары. Сабақтың ортасындағы жалпы кезеңде денені босаңсытуға арналған жаттығулар қосуға болады (барлығына ортақ дене шынықтыру жаттығулары).
Сыныптарға ортақ сұрақ-жауап, ертегілер бойынша ойын, сахналық қойылымдар ұйымдастыруға болады. Сабақтың соңында - сабақты қорытындылау, сабақ жоспарының орындалу-орындалмауын талдау, оқушыларды бағалау, үйге берілетін тапсырманы түсіндіру секілді жұмыстар жүргізіледі.
Осыған байланысты туындайтын қиындықтар мен мәселелерге қарамастан, қазіргі педагогикада үздік әдістерді қолданып, бағдарлама материалын сапалы өтуде біртақырыптық сабақтардың маңызы зор.

- мұғалім сабақ барысында ұйымдастырылатын өздік жұмыстардың мазмұнын, көлемін, оларды орындау әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне, орындау жылдамдықтарына қарай лайықтап, орындау уақытын белгілеп, оны тиянақты болмауды ойластыруы қажет. Өз бетімен жұмысты орындау әрбір оқушыға түсінікті болуы керек және де көрнекі құралдар, карточка, перфокарта, дидактикалық материалдар саны барлық балаларға жететіндей болуын қадағалау керек..
Лекция 4 Бастауыш ШЖ мектептегі жұмыстың тиімділігін анықтау шарттары (жалпы, жекелей)
Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар:
- сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;
- сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;
- тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;
- сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау;
- оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;
- оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;
- балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру;
- оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;
- оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;
- әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;
- оқытудың техникалық құралдарын қолдану;
- оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру;
- бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау;
- ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.
ШЖМ-нің бірнеше өзіне тән тиімді жақтары да бар:
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын арттыруына, отбасын тез, жақсы тануына көп мүмкіндік бар.
- дәптер тексеруге, жеке-дара өздік жұмысқа арналған жаттығулар іріктеуге аз уақыт жұмсалады.
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады.
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді.
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3-4) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді.
- әрбір баланың білім деңгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының деңгейлерін көтеруге мүмкіндік мол.
- аталмыш мектеп мұғалімі пәнаралық байланысты жүзеге асыруға, кеңінен қолдануға тырысады.
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.
ШЖБМ мұғалімдерінің жұмысындағы қиындықтарға қарамастан, республикамыздың мұғалімдері оқушыларды екінші жылға қалдырмай, толық үлгеріммен жұмыс істеп, оқушыларға терең және берік білім беріп, олардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда.
Лекция 5 Сынып. Сынып комплектілерін құрастыру.
ШЖМ-дағы сыныптардың дұрыс жинақталуы
Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен мұғалiмдердiң саны ескерiледi. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2.01.07.-99.г §2 Пункт 9.11 - 21 стр.).
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.
ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде: (-2000 ж. №32 (6)) Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі,- делінген.
ШЖМ мұғалімінің алдындағы негізгі педагогикалық мақсаты - бағдарлама мен мектеп белгілеген жоспарды орындап шығу.
ШЖМ-нің оқу-тәрбие үдерісінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, сабақтың ерекшеліктері: бірнеше сыныппен бір уақытта жұмыс істеу сабақтың құрылысын анықтауды, оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.
өздік жұмысты мұғалім әр сынып сайын міндетті түрде ұйымдастырып отыруы тиіс;
сабақтың екінші ерекшелігі - тікелей мұғалімнің басшылығымен атқарылатын жұмыстың оқушының өздік жұмысымен алмастырыла жүргізілуі;
осы екі ерекшелік - ШЖМ-нің негізгі мектептен төмендегі ерекшелігін туғызады: бір сыныптың өздік жұмысына бөлінген уақыт мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеп отырған келесі сыныпқа бөлінген уақытқа байланысты.
Екіншіден, 3-4 сынып қатар оқытылатындықтан, сабақ кестесін, сабақ жоспарын дұрыс жасау, оқушылардың өздері орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сабақ уақытын дұрыс, тиімді пайдалану қажет.
Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды бiрiктiру. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.
Мектептiң бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге бiрiктiрудiң мынадай варианттары болуы мүмкiн: 2+3, 2+4, 3+4; мұнда 2 және 4 сынып оқушыларын бiрiктiру (2+4) оңтайлы болып табылады.
Бiрiншi сынып оқушыларын сынып-кешендер құрамына енгiзбеген дұрыс. Бұл кезеңде баланың мектепке күнделiктi оқуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн дене және психикалық-физиологиялық дамуы жүрiп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейiнiн ұзақ шоғырландыруға қабiлетi дамымаған, қозғыш, елiктегiш болады. Жаңа әлеуметтiк жағдаяттар баланы қатаң қалыптағы әлемге ендiредi, бала өмiрiн тәртiпке түсiредi, сөйтiп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзiне айналады. Мектепке түскен әрбiр оқушыға психикалық қысым түседi. Бұл тек оның денсаулығында ғана емес, мiнез-құлқында да көрiнiс табатын болады. Сонымен бiрiншi сынып оқушыларының оқу әрекетiне, табысқа ұмтылуына, өзiн-өзi бақылауға дайын болуына, бейiмделу үрдiсiнiң жеңiл өтуiне оң мотивтерi қалыптасуы үшiн оларды сынып-кешенге қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту ұсынылады.
Үш немесе төрт сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы,1+2+3+4), сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында (бұл талапты сақтау, әсiресе, бiрiншi сынып оқушылары үшiн ерекше қажет) әр түрлi жастағы балалар үшiн сабақтың жылжымалы кестесiн қолдану дұрыс болады.
Мектептiң негiзгi және жоғарғы сатыларында сыныптарды бiрiктiру, негiзiнен, әр сыныптағы оқушылар санына байланысты болмақ. Негiзгi және жоғарғы сатыдағы оқушылар санының аздығы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте қосу тиiмдi болып табылмақ: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде математика, химия, физика, биология, мемлекеттiк тiл, ана тiлi және шетел тiлдерi сияқты базалық пәндер әрбiр сыныпта жеке өткiзiлгенi мақұл. Мәжбүрлiк жағдайда пәндер бойынша бiрiктiрудi қолдануға болады, яғни әдебиет, тарих, география пәндерiн өткiзуде сыныптарды қосып оқытуға мүмкiндiк бар. 9, 11 сыныптар бiтiрушi сынып болғандықтан, оларды, тiптi бала саны жетiмсiз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытуға жол берiлмеуi керек.
Сыныптарды бiрiктiру ШЖМ-де оқу сабақтарын ұйымдастыруда қиындықтар тууына әсерiн тигiзедi. Бастауыш шағын жинақталған мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек: жазу сабағы бойынша 2 сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан, математика сабағы бойынша 2 сыныпта 15 минуттан, 3 сыныпта 20 минуттан аспауы тиiс. Оқушылардың шаршауының алдын алу мақсатында қосарланған сабақтардың (әсiресе соңғы 4 және 5 сабақтар) ұзақтығын 10-15 минутқа дейiн (дене шынықтыру сабағынан басқа) қысқарту мүмкiндiгi қарастырылады.
Лекция 6 Бастауыш шағын комплектілі мектепте сабақ кестесін құрастыру
Оқу жылындағы оқушы мен оқытушының күнбе-күнгі оқу еңбегі сабақ кестесімен анықталады. Шағын жинақты мектептерде оқыту, тәрбиелеу жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін дұрыс, жан-жақты ой елегінен өткізілген сабақ кестесін жасау қажет. Сабақ кестесі мектептегі балалар мен сынып санына байланысты жасалады. Егер мектепте барлық балалар саны 10-нан аспайтын болса, онда бір оқытушы немесе бір комплектілі мектеп, ал 12 оқушы болса, екі комплектілі, 15-тен артық болса, ол үш комплектілі болып есептеледі. Егер мектепте барлық сыныпқа бір оқытушы болса, яғни бір комплектілі мектеп болса, тиімді сабақ кестесін жасау керек болады. Мектепте екі оқытушы болса, әр сыныптың оқушылар саны мен білім деңгейі, дайындықтарына байланысты біріктіріледі.
Дұрыс сабақ кестесін жасау үшін оқытушылар қандай пәндерді біріктіргенде, өзіндік жұмысты ұйымдастыруға барынша мүмкіндік беретін принципті ескеру керек.
Екі сыныппен жүргізілетін сабақтың сапалы болуы үшін сабақ кестесіндегі пәндерді қалай болса солай біріктіре салуға болмайды. Екі сыныпта екі түрлі пәнді жүргізгеннен гөрі, екі сыныпта да бір пән бойынша, мәселен, қазақ тілін қазақ тілімен, арифметиканы арифметикамен біріктіріп өткізген жеңіл болатынын тәжірбие көрсетіп отыр. Бұл өзінен өзі түсінікті, өйткені пәндерді біріктіріп жүргізгенде мұғалімнің зейіні бір пәнге бағытталған болады, сол себептен де жұмыс сапалы жүргізіледі.
Өзбетінше жұмыс істеуді ұйымдастыруға барлық пәндердің бірдей дәрежеде мүмкіндік бере бермейтінін есте ұстау керек. Мысалы: музыка мен денешынықтыру сабақтарын біріктіруге болмайды, тек сабақты топқа бөліп өткізуге болады.
Тиімді сабақ кестесін құрастыру үшін комплект құру, пәндерді біріктіру проблемасы негізгі сұрақ болып табылады. Аптаның сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері - оқушылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істей алатын күндері. Бірдей жағдайда екінші, үшінші сабақ оқушылардың іскерлігіне әсер ететін, нәтижелі сабақтар болып саналады. Барлық жағдайда екі, үш, төрт сыныппен барлық сабақтарды біріктіріп, сабақ кестесінің түрлерін әр нұсқада ұсынуға болады. Сабақ кестесінің түрлері қатар оқытылатын сыныптардағы оқытылатын пәндердің ретіне байланысты. Қатар оқытылатын сыныптарда бір пәнді бір мезгілде оқытуға, әр пәндік, бір тақырыптық негізде өткізуге болады. Сонымен бірге, бір сыныпты жеке оқытып, 2-3 сыныпты қатар оқытуға болады.
Сабақ кестесін жасағанда 1-топпен 2-топты біріктіріп жасауға да болады. Қазақ тілі сабақтарында барлық сыныпқа ортақ сұрақтар беру, диктант, қызықты тапсырмалар, дидактикалық ойындар жүргізуге болады.
Көп жағдайларда 2-3 сыныпты біріктіріп сабақ өткізуге тура келеді. Келесі сыныптарда 3-сабаққа ауыстыруы керек. Мысалы: қатар оқитын 1-4, 1-3 үшін күніне 1 пән немесе 2 пән қатар оқытылады. Ал қалған пәндер 2 сыныпта 30 мин бөлек жүргізеді. Мұндағы негізгі мақсат 1-сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, 1-сыныпқа 30 минут бөлек уақыт беру керек. Қатарынан 1-2-3 сынып үшін, 1-3-4 сыныптар үшін, 2-3-4 сынып үшін бұл жағдай сабақ өткізудің қиындығын болдырады. Сондықтан, күніне 1 рет 1 пәнді қатар өткізеді. Қалғанына өзіндік жұмыстар беріледі. Оқушылардың санына байланысты, сынып комплектісін құру, сабақ кестелерінің үлгілерін оқушыларға түсіндіріп оқыту керек. Мысалы: бақылау жұмысы мен диктант сабақтарын біріктіру, математика сабақтары үшін тиімді болады. Ал, кей жағдайларда тиімді бола бермейді. Мұндай кезде еңбек, бейнелеу сабақтарын бірге өткізіп, аталған пәндерді бөлек оқыту керек. Сабақ кестесі жарты жылдық уақытқа арналып құрастырылады..
Шағын комплектілі мектеп мұғалімдері күнделікті 8 не 14 сабақ жоспарын жазып, оған көрнекілік дайындайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысының нәтижелі болуына сабақ кестесінің әдістемелік тұрғыда дұрыс жасалуының маңызы зор.
Н.Базарбаеваның біріктірілген 4 сыныпқа арналған сабақ кестесінің үлгісі:
Күні
Р.с
4 - сынып
3 - сынып
2 - сынып
1 - сынып
Дүйсенбі
1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағаты
Математика
Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі
Ана тілі
Валеология
Сынып сағ
Қазақ тілі
Математика
Валеология
Сынып сағ
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сейсенбі
1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене - шынық
Дүниетану
Математика
Ана тілі
Дене-шынық
Дүниетану
Қазақ тілі
Ана тілі
Дене шынық
Дүниетану
Қазақ тілі
Математика
Дене шынық
Дүниетану
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Сәрсенбі
1
2
3
4
5
6
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Бейн.өнері
Ана тілі
Бейн. өнері
Қазақ тілі
Ана тілі
Бейнелеу өнері
Қазақ тілі
Математика
Бейн. өнері
Ана тілі
Математика
Ана тілі
Бейсенбі
1
2
3
4
5
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүн. тану
Математика
Ана тілі
Дене-шын
Дүн. Тану
Қазақ тілі
Ана тілі
Дене-шын
Дүн. Тану
Қазақ тілі
Математика
Дене-шын
Дүн. Тану
Қазақ тілі
Математика
Ана тілі
Жұма
1
2
3
4
5
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. Мат
Орыс тілі
Математика
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. Мат
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. Мат
Тіл дамыту
Музыка
Қыз. Мат
Сенбі
1
2
3
4
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Орыс тілі
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Еңбек
Еңбек
Дене-шын
Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім Академиясының ғылыми қызметкерлері З.Бейсенбаев, Ә.Наурызбаевалар төмендегідей алты күндік сабақ кестесінің үлгісін келтіреді:
Қатар оқытылатын 1-2 сыныптар үшін
Күні
Сабақ реті
1 - сынып
2- сынып
ДҮЙСЕНБІ
1
2
3
4
Әліппе
Математика
Денешынықтыру
Айналамен таныстыру
Қазақ тілі
Математика
Денешынықтыру
Дүниетану
СЕЙСЕНБІ
1
2
3
4
Математика
Жазу
Әліппе
Әліппе
Математика
Қазақ тілі
Ана тілі
Ана тілі
СӘРСЕНБІ
1
2
3
4
Әліппе
Математика
Еңбек
Ана тілі
Математика
Еңбек
Қазақ тілі
БЕЙСЕНБІ
1
2
3
Әліппе
Айналамен таныстыру
Бейнелеу өнері
Қазақ тілі
Дүниетану
Бейнелеу өнері
ЖҰМА
1
2
3
4
Математика
Әліппе
Ән
Жазу
Математика
Ана тілі
Ән
Қазақ тілі
СЕНБІ
1
2
3
Әліппе
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері
Көркем жазу
Еңбек
Денешынықтыру
Бейнелеу өнері
Шағын комплектілі бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру және жетілдіру мәселесімен жан-жақты айналысқан әдістер Б.Құлмағамбетова: Аз комплектілі мектептердегі мұғалімнің жұмысында негізгі мәселе - сабақ кестесін дұрыс жасау, сабақ жоспарын жан-жақты ойластыра отырып құрастыру, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын шебер ұйымдастыру, сонымен қатар, әр сыныптағы сабақ уақытын орынды пайдалану,- дей келіп, төмендегідей сабақ кестесін ұсынады:
Қатар өткізілетін 1, 2, 3 сыныптарға арналған сабақ кестесі:
Күні
реті
1 - сынып
2- сынып
3 сынып
Уақыты
ДҮЙСЕНБІ
1
2
3
4
5
6
7
Ана тілі
Жазу Математика
Дене шынықтыру
Дене
шынықтыру
Математика
Қазақ тілі
Ана тілі
Дене
шынықтыру
Математика
Қазақ тілі
Орыс тілі
30 мин
30 мин
30 мин
30 мин
30 мин
30 мин
30 мин
СЕЙСЕНБІ
1
2
3
4
5
6
7
Ана тілі
Жазу
Математика
Еңбек
Еңбек
Математика
Дүниетану
Ана тілі
Еңбек
Математика
Дүниетану
Ана тілі
30 мин
30 мин
45 мин
30 мин
45 мин
45 мин
45 мин
СӘРСЕНБІ
1
2
3
4
5
6
7
Әліппе
Жазу
Математика
Сурет
Сурет
Математика
Ана тілі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz