Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырудың жолдары
Дайындық кезеңінде математиканы оқыту кезінде балалардың іс-әрекетін
ұйымдастыру.
Мазмұны
Кіріспе.
I. Оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырудың педагогика – психологиялық
негізі.
1.1. Дайындық кезеңіндегі математика сабағында оқушылардың іс - әрекетін
ұйымдастыру.
1.2 Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың ұйымшылдығы мен ойлау
қызметінің ұйымдастырылуы.
II. Математика сабағында оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырудың
әдістемелік негізі.
2.1. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырудың жолдары.
2.2. Есеп шығару арқылы оқушылардың алған білімін оқу процессінде немесе
өмірде практикалық іс - әрекеттерінде қолдануға дайындығы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе:
Зерттеудің көкейкестілігі:
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің елемізде болып жатқан экономикалық
өзгерістерге байланысты жалпы білім беру жүйесіне қойылатын талаптар да
өзгеруде.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының
жетекші рөлін атқаруда. Мектеп оқушылары алған біліммен шектеліп қана
қоймай, оны ары қарай өздігінен белсенді, нысаналы іс-әрекеті нәтижесінде
игеруі тиіс.
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесіндегі стратегиялық
мақсатында- мемлекеттік, әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше
тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді, бәсекеге түсе
алатын тұлға қалыптастыруға жағдай жасау - делінген.
Түрлі болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік
тәсіл нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа
болашақ үміт дүниесіне жетудегі көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды
талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді.
Бұл – жұмыс тәрбие ұжымын және біріктіру барысындағы ең бір маңызды
кезең. Ортақ іс - әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек
және ол қатынасу белсенді, жасампаз сипатта болған жөн. Сыныптағы
оқушыларға тапсырмаларды орынды бөлу - балаларды еліктірудің, болашақ үміт
дүниесі істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Тапсырма топқа және жеке
оқушыға берілуі мүмкін. Кез – келген іс баланың ақыл – ойын, ғана емес,
әсемділікке талғамды көзқарасын тәрбиелейтіндей ұқыпты ұйымдастырылған,
сәулетті безендірілген болуы керек. Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында білім
алып, тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақ алдында Қазақстан – 2030
бағдарламасындағы, Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетті іске асыру
жауапкершілігі тұр. Оқытудың мәңгілік сауалы Нені оқыту, қалай оқыту,
оқушыны қалай жетектеу күрделеніп барады.
Зерттеу мақсаты:
Оқушылардың іс - әрекетін қалыптастырудың нәтижесінде оқушының өз бетінше
берілген тапсырманы дербес орындауы, қажетті білімді өзі таба білуге
үйренуі, қоғамда белсенді іс - әрекет жасай алатындай тұлға қалыптастыру.
Зерттеу міндеті:
1. Дайындық кезеңіндегі математика сабағында оқушылардың оқу икемділігі
қалыптастыру.
2. Іс - әрекет арқылы баланы дамудың жаңа, жоғары сатысына өтуге дайындау,
оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
3. Мектеп оқушыларының іс - әрекетін ұйымдастырудағы ойынның
ынталандырушылық рөлінің маңызы.
Зерттеу обьектісі:
Бастауыш мектепте білім беру процессін жетілдірудегі математика пәнінің
орны.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырудың маңызы.
Зерттеу әдісі:
Баяндау, түсіндіру, салыстыру, талдау, жинақтау, қорыту.
Зерттеу көздері:
Курстық жұмыс жазу барысында қажетті материалдарды Жаңа буын оқулықтары
бойынша Математиканы оқыту әдістемесі мен теориясы , атты кітаптан,
Бастауыш мектеп , Қазақстан мектебі ,
Білім журналдарынан жинақтадым.
Зерттеу құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімнен және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде білім беру жүйесін дамытудың мақсаты мен міндеті,
оқушылардың іс - әрекетін ұйымдастырудың педагогика - психологиялық
мәселелері және теориялық, практикалық жолдары жайлы жазылған.
Қорытынды бөлімде, курстық жұмыста қамтылған жалпы мәліметтерге
қортынды жасалған.
Пайдаланылған әдебиеттер бөлімінде, әдебиеттердің тізімі, мақала
авторлары, жарық көрген кезеңдері, пайдаланылған беттері жайлы баяндалған.
I. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогика-психологиялық негізі.
1.1. Дайындық кезеңіндегі математика сабағында оқушылардың іс -
әрекетін ұйымдастыру.
Білім саласы адам айтқысыз кеңейіп, дамып, алдыңғы қатарға шықты.
Қазіргі кезде оқушыларды, жүйкесіне, денсаулығына психологиясына күш
түсірмей ғылыми жұмыстарға баулу заман талабына сай өз ойын еркін жеткізе
алатын дарынды, білімді, салауатты тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр.
Бастауыш мектепте балаларды туынды назар, зерде, қиял, танымдық
қабілеттер, бақылау, өз әрекеттерін талдау, жоспарлау және алға қойылған
міндеттерді шешу икемділіктері тез дамиды. Алайда, оқушылардың жеке
тұлғаларының қалыптасуында , олардың танымдық мүмкіндіктерінің пайда
болуында маңызды рөл атқаратын барлық осы қабілеттер мен икемділіктердің
дамуы бірден орын ала қоймады. Барлық балалардың маңызды психикалық
қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту бойынша табанды, қажырлы және мақсатты
еңбек қажет. Төменгі мектеп жасы аталған психикалық үрдістерді,
қабілеттерді, икемділіктерді дамыту үшін ең қолайлы жас болып табылады.
Егер бұл уақытты жіберіп алсақ, егер балада рефлексия, іс-әрекеттің ішкі
жоспары, зерде, байқағыштық, туынды назар және т.б. уақытында дамытылмайтын
болса, онда бұл сапаларды жасы үлкейгенде дамыту айтарлықтай қиынға түседі,
ал кейде тіпті мүмкін болмайды да.
Егер төменгі мектеп оқушыларында осы психикалық үрдістердің,
қабілеттер мен икемділіктердің барлығы тиісінше деңгейде қалыптасатын
болса, онда жоғарғы – мазмұны бойынша одан да күрделі мектеп курсына өту
оларда қандай да бір қиыншылықтар туғызбайды.
Бұл үшін іс-әрекеттің сан алуан түрлеріне (ойын, оқу, танымдық және
т.б.) қуана-қуана қатысатын төменгі мектеп оқушыларының басым көпшілігінің
табиғи белсенділігі мен іс-әрекетін пайдалану қажет. Төменгі мектеп
оқушыларының іс-әрекетін бағыттау және реттеу керек, яғни іс-әрекетке оқуға
деген мұқтаждықтарға деген талпыныстарының жиынтығын қалыптастыру керек.
Егер оқушыда оқуға деген ниет қалыптаспаса, онда мұғалімнің жұмсаған бар
күші бекерге кетеді.
Дайындық кезеңіндегі математика сабағында оқушыларды сабаққа
дайындау алғашқы сабақтарда оқушыларға таяқшалар жаздыру арқылы үйретіледі.
Таяқша, қисық сызық, ноль саны, әр санның жеке-жеке бөліктері жаздырып
үйретіледі.
Мысалы
-
- - - - - - - - - - - -
- 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0
- \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \ \
- ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^ ^
- = = = = = = = = = = = = = = = =
- + + + + + + + + + + + +
- ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( ( (
- ) ) ) ) ) ) ) ) ) ) ) ) ) ) ) )
Осы сияқты таңбалар дайындық кезеңінде үйретіледі. Осы
таңбалардың барлығын игеріп болғаннан кейін ғана сандарды үйретеді.
Мысалы:
- 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1
- 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2 2
т.с.с.
Дайындық кезеңінде балалардың оқуға деген қызығушылықтары түрлі
деңгейде байқалады. Сондықтан да оқушылардың оқу икемділігін қалыптастыру
мұғалімдердің ең бірінші міндеті болып табылады.
Сонымен қатар баланың назарын өз талабына көндіре білуі керек
- бұл іс - әрекет оларға ең жағымды эмоционалдық толқулар әкелуіне,
олардың қызығушылықтарын қанағаттандыруына, оларды дамытуды, оқушыларға өз
қабілеттеріне сенімін тудыруға , олардың өз табыстарына деген қуаныштары
мен мақтаныштарына жағдай туғызады.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің
дамуымен бірге қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс істеудің
мәні өсуде.
Оқушылардың іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың
қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп,
ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Іс - әрекет – тұлғаның психикалық белсенділігінің формасы. Әлемді
тануға, түрлендіруге бағытталады. Іс - әрекет өте ұсақ бірліктерден тұрады
- әрекеттерде, әрқайсысына өзіндік дербес мақсат пен міндет сәйкес келеді.
Іс - әрекетке мақсат, сылтау, тәсілдер, жағдайлар, (шарттар), нәтиже енеді.
Жетекші іс - әрекет – баланы дамудың жаңа, жоғары сатысына өтуге
дайындайтын, оның психикасында басты өзгерістер болуына ықпал ететін іс -
әрекет. Бұл терминді психолог А.Н. Леонтьев енгізді. Д.Б. Эльконин мына
түрлерін анықтады: тікелей, эмоционалдық қарым – қатынас, заттық
өзгергіштік іс - әрекет, рөлдік ойындар, оқу іс - әрекеті, тұлғалық
жақындық қарым – қатынас, кәсіби оқу – іс - әрекеті.
Хабарламалық іс - әрекет – хабарды жинау, талдау, түрлендіру,
сақтау, іздеу және тарату барыстарының жиынтығы.
Ұйымдастыру іс - әрекеті – адамдарға тәжірибеде басшылық бойынша іс -
әрекет, олардың өзара бірлескен әрекеттері және оларды басқару.
Педагогикалық іс - әрекет педагогикалық барыста тәрбиеленушілердің
тұлғасын тәрбиелеу, дамыту және өзін - өзі дамытудың тиімді жағдайларын
жасау және өзін - өзі еркін және шығармашылық әрекетте көрсету
мүмкіндіктерін таңдап алуды жасауға бағытталған кәсіби іс - әрекет.
Педагогикалық іс - әркеттің негізгі мәселесі – мұғалімнің талаптары мен
мақсаттарын оқушылардың мүмкіншіліктері, ынтасы және мақсаттарымен
үйлестіру, мұның нәтижелі жүзеге асуы, мұғалімнің кәсіби санасының
6деңгейіне, оның педагогикалық – психологияны, педагогикалық техниканы
меңгеруіне байланысты. Педагогикалық іс - әрекетті жүзеге асырудың үш
модельі бар: мәжбүрлеу, педагогикасы (авторитарлық педагогика), толық
еркіндік педагогикасы, ынтымақтастық педагогикасы.
Оқушылардың іс-әрекеті күрделі процесс. Ол іс-әрекет мақсатын,
мазмұны мен қортындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін
қамтиды.
Оқу-танымдық іс-әрекет шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой
әрекеті. Белсенді іс-әрекеттің
көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету
қарқынын үдету қажеттілі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғарғы
көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып
табылады.
Оқушылардың іс-әрекеті-жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен
қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпазығын оқу материалының мазмұны мен
қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Демек, оқу – танымдық іс-әрекет оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып
табылатын күрделі құбылыс.
Берілген анықтама негізінде, оқу танымдық іс-әрекет –оқушылардың
негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу
міндеттерінің шешіліп мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан
бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі
сезімдік көріністермен т.б. сипатталады деген тұжырым жасауға болады,
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен
оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді. Егер
педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға,
тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш жігерін жұмсайтын болса,
оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға өздігінен
ізденіп, білімін толықтыруға бойланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға
міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде
баяндап түсіндірсе, оқушылар мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер
мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалды терең және сапалы түрде
меңгеруге әрекеттенуі тиіс.
Оқу-танымдық белсенділік оқушының оқуға, білуге деген ынта
ықыласының құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған
жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған
білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты
жұмыстар жасау қажет. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан
білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін
емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы
қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса,
сонда оқушыларды ақыл ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды:
зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау жане сөйлеу дербестігі т.б.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын
іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің
игерген білімі негізінде пікір алысалы, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын
болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжыры мдауға, талқылауға
жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады,
практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.
Сабақта оқушышылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, яғни оқушылармен
жұмыс формасын ойластыру.
Ұйымдастырудың негізгі формаларына: сынып жұмысы, сыныптан тыс
жұмыс, үй жұмысы жатады.
Ұйымдастырудың қосымша формаларына: ұжымдық жұмыс, жаппай жұмыс,
топтық жұмыс, пармен жұмыс, жеке дара жұмыс, өзіндік жұмыс, практикалық
жұмыс, бақылау жұмысы жатады.
Сонымен бірге, жұмыс дербес, өзіндік, практикалық та болуы мүмкін.
Қандай жұмыс формаларын біріктіруге болады, сабақтың тығыздығын,
(мысалы, бір уақытта карточка бойынша дербес жұмысты, тақтада өзіндік
жұмысты және барлық сыныппен жаппай жұмысты өткізуге болады) көтеру үшін
бір уақытта қандай жұмыс атқаруға болатындығы жан-жақты ойласырылуы қажет.
Әсіресе өзіндік жұмысты өткізу және оны тексеру, (өзара тексеру,
өзін-өзі тексеру, шапшаң тексеру және т.б.) жұмысына ерекше назар
аударылады.
Сабақтың әрбір кезеңіндегі жұмыстың әдістемесін анықтау. Алдымен
оқушының білім, білік, дағдыны өз бетімен алуына, өзін көрсете білуіне,
сондай-ақ оқыту мазмұнына сай субъективті қатынастарды жүзеге асыруга
себепші болатын қазіргі заман оқыту әдістерін қолдануды; кіші жастағы
оқушылардың зейіні 5-7 минут ғана тұрақтана тынын ескеріп, олардың жалығып
кетпеуі үшін іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыруды жоспарлау; жаңа
материалды қарастыру әдістемесін ойластыру: оны түсіндіру, оқулықпен
дәптермен, оқушылардың дара ерекшеліктеріне сай дидактикалық материалдармен
жұмыс, сондай-ақ жаңа материалды алғашқы бекіту мақсатында практикалық
жұмыс жүргізу; қандай жаттығулар ауызша, ал қандай жаттығулар жазбаша
орындалуы қажеттігін шешу қажет.
Сабақтың көрнекілігін дайындау:
Алдын ала дайындау, қажет материалдар өз уақытында көрсетіліп, артық зат
баланың назарын аудармас үшін уақытында алынуын қадағалап, оларды тиімді
орналастыруды ойластыру:
Тақтаға жазуды ойластыру: қандай жазулар алдын ала жазылып,
жабылады; қандай жазулар сабақ барысында жазылады және оларға арнайы орын
қалдыру, тақтадағы артық жазуды өшіру;
Дидактикалық материалды қолдану әдістемесін дайындау және олардың
сапасына назар аудару: әдемілігі ұқыптылығы, көркемдігі, қолжетерлігі,
әсерлілігі.
Жұмысты қортындылау:
Сабақтың әр кезеңінің сонда қандай қорытынды (мұғалім өзі
қорытындылайды) жасауға болатынын ойластыру;
Сабақтың соңында қорытынды жасау және жалпылау, мұғалімнің жетекші
сұрақтарына жауап бере отырып, оқушылардың қорытынды жасауы: Жаңа не
үйрендік? Есептеудің қандай тәсілімен таныстық? Нені үйрендік? Нені
қайталадық? Не ұнады? Нені естеріңде сақтап қалдыңдар?
Сабақтың нәтижесін хабарлау:
қандай оқушылардың жұмыстары бағалануы керектігі алдын ала ескеріледі;
мадақтау түрлерін: (мадақтау, жүлде беру және т.б.) анықтау.
Үй тапсырмасын ойластыру:
Сабақ тақырыбымен қалай байланысты (өтілген материалдың
күрделігімен оны игеру деңгейіне байланысты)?
Тапсырма қандай мақсатпен беріледі?
Балаларға қандай нұсқаулар (оны орындауға арналған) беру қажет:
Нені қайталау керек? Кейде оны орындау үлгісін де беруге болады.
Мұғалімнің тәжрибесіне байланысты сабақта жұмыстың жазбаша жоспары
жасалады :
а) сабақ жоспары-мұғалімнің сұрақтары және тапсырмаларымен , оқушылардың
шамамен беретін жауаптарымен берілген толық жоспар;
ә) ашық жоспар- оқушылардың жауаптарынсыз, әлде қайда қысқа жоспар;
б) қысқаша жопар, мұнда мұғалімнің сұрақтары мен оқушылардың жауаптары
жоспарланбайды.
Жоғарыда келтірілген білім беру мазмұны мен оны оқытуды
ұйымдастыруға жасалған шолу математиканың бастауыш курсының барлық негізгі
тараулары мен тақырыптары бойынша жұмысты аталмыш құралда мүмкіндігінше
егжей-тегжейлі қарастырудың алғы шарты болып табылады. Берілген материалдың
тұтастығы үшін әр тақырыптың басында оқытудың тек дидактикалық міндеттері
ұсынылады, ал дамытушылық, тәрбиелік және практикалық мақсаттарын өз сыныбы
оқушыларының дара ерекшеліктерін, әр сабақтың тақырыбы мен мазмұнын,
сабақта қолданылатын әдістер мен оқытуды ұйымдастыру формаларын ескере
отырып, мұғалімдер өздері анықтаулары мүмкін.
1.2. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың ойлау қызметі мен іс -
әрекетінің ұйымдастырылуы.
а) сынып бөлмесінің санитарлық – гигиеналық жағдайы;
б) дидактикалық материалдардың: көрнекі құралдардың, техникалық оқыту
құралдарының және т.б. дайындығы.
Сабақтың жұмылдыра басталуы, оның негізгі құраушыларының оқушылардың
оқу қызметін жалпылай ұйымдастыруға әсері.
Сыныппен психологиялық байланыс орнату және қолдау, топтық қызметті
ұйымдастыру, тіке және кері байланыстың нақтылығы (қуат, жеделдік,
сенімділік).
Сабақтағы тәртіпті, оқушылардың жалпы ұйымшылдығын сақтаудың тәсілдері.
Сабақ барысында оқушылардың қызметін басқару икемділігі, оқушылардың
оқу қызметінің әдістері мен тәсілдерінің әр алуандығы, оқушылардың шаршауын
болдырмау шаралары, жұмыс ырғағының, сабақтың тығыздығының және танымдық
қызметі ырғағының оңтайлылығы.
Әлеуметтік топ ретіндегі сыныптағы оқушыларда орын алған саралауды
ескеру (озаттар, белсенділер, енжарлар, батылдар), оқушылардың топтық және
жеке оқу қызметтерін ұйымдастырудың арасалмағы, оқу сабақтарының
сараланғандығы.
Сабақтың оқу міндеттерін қою.
а) сабақтың мақсатын тұжырымдаудың анықтығы мен қарапайымдығы;
б) оқу әрекеттерінің бағытты негізін қалау;
в) оқушыларды осы кезеңде белсенді қызметке тарту дәрежесі.
Құрылым, логикалық және композициялық көркемдік сабақтың біртұтастығы,
оның аяқталуы, пәнаралық және пәнішілік байланыстар орнату.
Сабақта оқу уақытын пайдаланудың ұтымдылығы, сабақтың әрбір буынында
оқу еңбегінің нақтылығы, жұмыссыз үзілістерді болдырмау.
Мұғалімнің өзін-өзі ұйымдастыруы:
а) мұғалімнің сабаққа дайындығы;
б) мұғалімнің сабақ басталғандағы және оны өткізу процесіндегі жұмыс көңіл-
күйі (жинақылық, сабақтың мақсаты және тақырыбымен көңіл-күйінің сәйкес
келуі; жігерлілігі, қойылған міндетті жүзеге асырудың табандылығы, болып
жатқан барлық жағдайларға оңтайлы келіс, педагогикалық тапқырлығы және
т.б.)
в) мұғалімнің каммуникативтік мүмкіндіктері: қарым-қатынас стилі;
педагогикалық тактісі; экспрессивтік реакциялары, өзінің мінез құлқын
меңгеруі, бақылау деңгейі; оқушылардың психикалық жағдайын қабылдай білуі
және оған барабар қаруы; сыныпта керекті психологиялық көңіл күйді сақтауға
ықпал ету (көңілді, шынайы қарым-қатынас, мақсатты байланыс атмосферасын
ұстау және т.б.)
Сабақтың мазмұны және құрылымы, оның оқыту принциптеріне сәйкестігі.
Мұғалім мен оқушының бақылау-бағалау қызметі:
а) қозғалысы; оқушылардың білімін, білігін және дағдысын бақылау жүйесін
қалыпқа келтіру дәрежесі;
б) оқушылардың қызметін бақылаудың, талдаудың және бағалаудың арасалмағы,
өзара сынай бағалау, оқушылардың бақылауы және өз бетінше бақылауы;
в) оқушыларды қызметке тарту мен (мотивтерді актуализациялау,
комментарийлер,сезімге мақсатты әсер ету және т.б.) еркіне қысым көрсетудің
(баға туралы еске алу, шұғыл ескертулер және т.б.) арасалмағы;
г) мұғалімнің бағалау қызметінің процедурасы, оны баға түрінде
қалыптастырудың практикасы;
д) оқушылардың танымдық талпынысын мадақтау жүйесі, оқу еңбегіне танымдық
белсенділік пен қызығушылықты сақтау.
Оқушылардың сабақтағы танымдық қызметін ұйымдастыру.
Продуктивті танымдық жұмысқа қажетті шарттарды қамтамасыз ету:
а) Сайланбалылықты, ойшылдықты, оқылатын пәндер мен құбылыстарды
қабылдаудың тұтастығы, ой әрекеттерінің жобасы негізін қалыптастыру;
б) оқушылардың зейін басқару тәсілдері;
в) жаңа материалды түсінуге, пайымдауға және меңгеруге қажетті меңгерілген
білімді есте сақтауды өзектендіру формалары (жекелей сұрау, сыныппен
әңгімелесу, қайталау бойынша жаттығулар және т.б.)
г) ғылыми ұғымдарды қалыптастыру, білімі, тұрмыстық түсінігі бар
оқушылардың өткендегі тәжірибесін ескеру;
д) жазбаша және ауызша сөйлеуге қойылатын талаптарды сақтау, оларды дамыту
тәсілдері.
Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушыладың белсенді ойлау қызметін
ұйымдастыру:
а) оқушылардың білімін қалыптастыру деңгейі (көрнекі-бейнелілік, талдау-
жинақтау, ұғымдар меңгеру, қортындылаушы бейнелер, жаңалық ашу,
формулаларды қорыту және т.б.);
б) оқушылардың пайымдау белсенділігін арттыру тәсілдері (сұрақтар жүйесі,
проблемалық жағдаяттар туғызу, міндеттерді проблемалық-эвристикалық шешу,
берілгендері кем немесе артық есептерді пайдаланбау, сабақта зерттеушілік,
ізденістік жұмыстарды ұйымдастыру);
в) оқылатын матералды оқушылардын түсінуіне мұғалім тарапынан басшылық
жасау, оның деңгейлері (суреттеу, салыстыру, түсіндіру, қортындылау,
бағалау, проблемалық);
г) сабақта пайдалнылатын оқушылардын шығармашыл жұмыстарының түрлері, оқу
қызметіне қиялдау қабілетін енгізу дәрежесі: қиялдың ойда бейнеленуінің
белсенділігін арттыру (сызбаларды, схемаларды оқу, заттар мен құбылыстардың
бейнелерін суреттеу); шығармашыл ойлау белсенділігін арттыру (аглютинация,
аналогия, схематизация, гиперболизация).
Оқылған материалды оқушылардың есте сақтауын ұйымдастыру:
а) жұмыстың әр алуан түрлерін кезектестіру (теориялық, практикалық
зерттеу);
б)сынып тақтасын, көрнекі құраларды пайдаланудың тиімділігі;
в) материалды жүйелеу, тірек білімдерін өзектендіру;
г) ассоциативтік байланыста орнату (іргелестігі, ұқсастығы, өзгешелігі
бойынша)
Білік пен дағдыны қалыптастыру:
а) дағдыны қалыптастырудың жүйелілігі (талдау, жинақтау, автоматтандыру);
б) жұмыстың нәтижесін бекіту, жаттығуларды пайдалану;
в) бұрын қалыптасқан дағдыны жаңа жұмыс жағдайына көшіруге үйрету
г) білім мен дағдыны кіріктірудің әдістері мен тәсілдері, білігін бекіту;
д) білік пен дағдыны бақылау, тузету және бағалау.
Ой қызметін ұйымдастыруда эмоционалдық жағдайға сүйену:
а) тартымды эмоционалдық әңгіме (көрнекілік, бейнелік, айналысушылық,
т.б.);
б) таңданыс, ризашылық туғызу;
в) пәнді оқуға қызығушылық туғызу;
г) сынып бөлмесін талғаммен безендіру;
д) сабақта пайдаланылатын техникалық құралдардың жабдықтардың жағдайы;
е) мұғалімнің жинақылығы, тілі, материалды баяндаудың анықтығы мен
түсініктілігі;
ж) сыныпта тұтастай алғанда жекелеген оқушылардың оқу қызметінің нәтижесіне
оң күйзелістерін ынталандыру (мадақтау, қолдау, т.б.)
з) ойын және ойын тәсілдерін пайдалану;
и) айқын тәсілдер, белсенді тәсілдер, әзілдің орындылығы және этикасы,
зейінді ерікті аудару, т.б.;
к) функциональды музыканы пайалану (оқушылардың жасын ескеру, сабақтың
тақырыбына сәйкестік, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz