Әдеби қазақ тілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Диалект сөздер - тілде жалпы халықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығын айтамыз. Мысалы, сіріңке-кеуірт, күкірт,шырпы, ши, оттық, шақпақ; шылапшын-леген,жам, кірлен, шылаушын,тас. Жергілікті диалектілердің шағын аймағын қамтитын бөлігі говор деп аталады. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді қамтиды. Мысалы, қазақ тілінде Шығыс говоры, Батыс говоры деген ұғым бар. Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды. Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т. б.
Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.

Қазақ тілінің диалектілері (قازاق ءتىلىنىڭ ديالەكتىلەرى, Қазақ тілінің диалектілері) -- белгілі бір аймақтарда таралған қазақ тілінің түрлері. Тілтанушылардың арасында кең таралған пікір бойынша, қазақ тілі батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс деген үш диалектіден тұрады. Әдеби қазақ тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде қалыптасқан.
Диалектілердің пайда болуы
Қазақ тілінде диалектілердің пайда болу себебін Сәрсен Аманжолов осы өңірлерді бағзы заманда мекен еткен ру-тайпалармен байланыстырады. Алайда, академик Нығмет Сауранбаевтың айтуынша, диалектілерді жүздің не рудың тілінен пайда болған деу қате пікір, олар ХВ ғасырда қазақ тілі қалыптасқаннан кейін, халық өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық-мәдени өзгерістердің себебінен пайда болған құбылыс екен.
Негізгі диалектілер
Қазақ тілінде негізгі үш диалекті бар (бұл пікірді қазақ диалектологиясының негізін қалаушылардың бірі Сәрсен Аманжолов ұстанған) -- батыс, оңтүстік және солтүстік-шығыс диалектілері. Бұл диалектілер түрікмен тілі диалектілері сияқты ру-тайпалық құрылым бойынша емес, қарақалпақ және қырғыз тілдерінің диалектілері секілді аумақтық принцип бойынша анықталады. Кейбір зерттеушілер қазақ тіліне өте жақын саналатын қарақалпақ тілін қазақ тілінің бір диалекті ретінде қарастырады (әсіресе оның солтүстік-шығыс диалектісін. Кейде қазақ тілі диалектілерінің қатарына өзбек тілінің қыпшақ диалектісі мен құрамалықтардың тілі де жатқызылады.
Жұмат Досқараев пен Нығмет Сауранбаев қазақ тілі оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс деп белгіленген екі диалектіден тұрады деп есептеген. Шора Сарыбаев Сәрсен Аманжоловтың пікірімен келісіп, бірақ солтүстік-шығыс диалектіні солтүстік және шығыс деп екі субдиалекті ретінде қарастырған. Қазіргі кезде қазақ тілінде батыс, оңтүстік, шығыс және орталық-солтүстік деген төрт диалекті бар деген пікір таралған.
Қытай және Моңғолия қазақтарының тілі
Тағы қараңыз: Қытайда тұратын қазақтар
Қытай мен Моңғолия қазақтарының тіліне біршама ерекшеліктер тән. Қытай қазақтарының тілі қытай тілінің (мандарин) аз ғана әсеріне ұшыраған, сонымен қатар Қытай мен Қазақстанда тұратын қазақтардың көп уақыт бойы оқшау өмір сүруінің кесірінен кей терминдердің қолданылуында айырмашылықтар байқалады. Мысалға, Қазақстанда таралған дәрігер сөзінің орнына Қытай қазақтары шипагер сөзін қолданады. 1982 жылғы санаққа сәйкес, Қытайда 830 мың қазақ солтүстік-шығыс диалектісінде сөйлесе, 70 мыңы оңтүстік диалектіде сөйлеген екен.
Қарақалпақстан қазақтарының тілі
Қазақтардың қарақалпақтармен бірге ұзақ уақыт бойы бірге тұруының себебінен олардың тілі жергілікті қазақтар тілінің лексикасы, фонетикасы мен грамматикасына әсер еткен. Өз кезегінде қазақ тілінің себебінен қарақалпақтардың тілінде дәл осындай өзгерістер орын алған. Қарақалпақ әдеби тілінің сөздері қазақтардың тіліне еніп, қазақ тілінің байырғы сөздерімен бірге қолданылады. Кейбір әдеби қазақ тілінің сөздері бұл көршіліктің кесірінен қосымша мағыналарға ие болған.
Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қазақ тілін оқып-үйреніге жағдай жасалған қазақтар тілінің қазіргі заманғы нормативті қазақ тілінен еш айырмашылығы жоқ екен, ал ауылдарды мекен еткен қазақтардың тілі бөгде тілдердің әсеріне ұшыраған.
Қарақалпақстан қазақтарының
тіліне енген сөздер
Әдеби қазақ тілі
зәңгі, баспа, теппе
баспалдақ, басқыш
қаридар, мүтаж, қардар
мұқтаж
бардамлы, құрғын
күйлі
Шише
шыны, бөтелке, шөлмек
Ділмар
шешен
пошақ:
1. қауын-қарбыз тұқымдары
2. қауын-қарбыз қабығы

1. шопақ
2. қабық
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әдеби қазақ тілі
Толық мақаласы: Қазақ әдеби тілі
Қазіргі заманғы қазақ әдеби тілі Абай Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин шығармаларын жазған солтүстік-шығыс диалектісінің негізінде құралған. Басқа диалектілерде ч дыбысы сақталғанымен, әдеби тіл ч -- ш және ш -- с дыбыстарының ауысуы орын алған диалектіге негізделген]. Географиялық алшақтығына байланысты солтүстік-шығыс өңірінің тілінде басқа аймақтардың диалектілерімен салыстырғанда араб және парсы тілдерінің әсері азырақ байқалады. Кейде басқа аймақтардың сөздері солтүстік-шығыс диалектісінде анықтамасы болмаған жаңа құбылыстарды атау үшін әдеби тілге енгізіледі.

Әдеби тіл -- жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, жазу дәстүрі мен әр түрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ, түсінікті.
Әдеби тілдің жүйелік сипат алып, тұрақты нормаланып қалыптасуында, сұрыпталып, икемделіп, жетіле түсуінде, жанрлық-стильдік тармақтарының қалыптасып, дамуында жазба әдебиеттің алатын орны ерекше. Бірақ Әдеби тіл деген ұғымды, бір жағынан, тек жазба әдебиетпен байланыстырып, жазба тілмен балама деп тану, екінші жағынан, Әдеби тіл тарихын сол халықтың қоғамдық, әлеум., экон., мәдени тарихынан бөліп алып, соның нәтижесінде жазуы болмаған я кеш дамыған халықтың, бай ауыз әдебиеті, ауызша тарап келген әр жанрдағы халықтық әдебиеті болса да, Әдеби тілі жоқ, я болмаса кеш қалыптасқан деген үзіледі-кесілді пікір айту шындыққа жанасымды бола бермейді. Әдеби тіл тек жазба әдебиет негізінде ғана қалыптасып, дамып қоймайды, бұл процесте, мыс., қазақтың шешендік сөздерінің, ақын-жырлаулар шығармашылығының, айтыс ақындарының, лиро-эпик., батырлар жырларының, жалпы ауызша әдебиет түрлерінің де өз орындары бар. Оның үстініне Әдеби тілдің орфогр. нормасымен бірге орфоэп. та нормасы бар екенін мойындасақ, ауызша әдебиеттің те Әдеби тілді қалыптастырып, дамытуда орны бар екенін байқаймыз. Сондықтан, біріншіден, Әдеби тіл деген ұғым мен жазба тіл, жазба әдебиет тілі деген ұғымдар бір-бірімен қарым-қатынасты, байланысты болып келгенмен, тепе-тең, бір емес, екіншіден, жазба тіл әдебиліктің бірден-бір негізгі критериі, мәнді қасиеті бола алмайды, ол тек Әдеби тілдің даму дәрежесінің көрсеткіші, демек, жазба тіл мен ауыз екі тіл жалпы тілдің, соның ішінде Әдеби тілдің өмір сүру формасы болып табылады. Сол сияқты Әдеби тілді стильдік-жанрлық тармақтары бар деген белгі де әдебиліктің емес, Әдеби тілдің даму дәрежесінің сапалық көрсеткіші. Тілдің әдебилігінің мәнді сипаты, бірден-бір көрсеткіші -- халықтың белгілі кезеңдегі қоғамдық, рухани, мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің, мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, құралы мен оны іске асырудың амалы бола алуы. Осындай міндетті атқаратын тіл ғана Әдеби тіл болмақ. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымнан өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрыпталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандығымен ерекшеліне алады және өзі қызмет ететін халықтың қоғамдық даму тарихымен, саяси-әлеум., экономика, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әр түрлі формада өмір сүруге икемделеді.
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы, сөз мәдениеті өндірісінің құралы болуы оның жүйелік сипатымен, сұрыпталған, сымбатталған тұрақты нормаларымен, сол халыққа әрі ортақ, әрі түсінікті қасиеттерімен анықталады. Өйткені тілдің әдебилігі сол тілдің иесі боып табылатын халық өкілдерінің баршасына түсінікті және ортақтығы, яғни олардың арасындағы бір-бірімен тікелей де, жанама да қарым-қатынас құралының ең жоғарғы сатысы болуы сол тілдің орныққан жүйелі нормалары яғни тілдік элементтердің жүйелігі мен қалыптығы негізінде ғана жүзеге аспақ. Ол нормалар -- бір күннің, тіпті бір жылдың жемісі емес, тілдің даму барысындағы көптеген ғасырдың жемісі. Және олар тілдік деңгейлерде (фонетика, лексика, сөзжасам, грамматика, морфология және синтаксис) жеке-жеке тілдік бөлшектердің ішкі мәні, мазмұны (семантикасы) мен сыртқы дыбыстық, тұлғалық жағының сәйкестіктері және олардың қолданыстық-қызметтік сипатының диалектик. бірлікте болуы арқылы ұғынылып, әрі айқындалып отырады. Сондықтан да морфол. нормалар, синтаксистік нормалар, тілдік элементтердің (сөздердің) комбинаторлық, конструктивтік нормаларымен әрқайсысының мазмұны (мәні), түр-тұлғалық жиынтығы мен қолданыстық қалыптасу жүйелері болады. Сөз жоқ, ол нормалар да өзгеріп, дамып отырады.
Әдеби тілдің қоғамдағы басты қызметі -- адамдар арасындағы қатынас құралы болу. Сондықтан жалпы тіл атаулыға тән қасиет-коммуникативтік қызмет Ә. т-ге де тән. Әдеби тіл арқылы айтушының, жазып қалдырған адамның ойын, пікірін ұғамыз, сұрағына жауап береміз. Ә. т. арқылы өзіміз көзбен көрмеген оқиға туралы мағлұмат аламыз. Яғни пікір алысу, ой жеткізу, адамдардың бір-бірімен ұғысуы, білмегенді білу, білім, тәлім-тәрбие, тағлым алу Ә. т-дің осы коммуникативтік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ Әдеби тілдің коммуникативтік қызметі адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының басқа түрлерінен қалыптасқан белгілі тіл заңдылықтары, тілдік элементтер жүйесінің құралдық, құрылымдық, қолданыстық жағынан тұрақты нормаларының болуы арқылы ажырытылады. Мыс., ойды білдірудің ең кіші тілдік бөлшегі сөйлем болса, ол белгілі тәртіппен орналасқан, белгілі тұлғалар арқылы грамматик. байланысқа түскен, мағыналары сәйкес сөздерден, ал сөздер дәл сол сияқты морфемалар мен дыбыстардан тұрады, сөйтіп сөйлем жүйелі құрылым құрайды да, ерекше коммуникативтік қызмет атқарады. Сол арқылы қате құрылған сөйлемді, орынсыз қолданылған жеке сөзді, сәйкессіз тіркестерді, кейбір дыбыстық ауытқуларды тауып, анықтай аламыз. Сонымен бірге Ә. тіл арқылы белгілі бір оқиғаны оқушыға жеткізіп қана қоймай, сезіміне әсер етуге де болады, яғни оқушысын бірде күлдіріп, рахаттандырып, көңіліне нұр сеуіп, өсіреді, бірде жылатып, көңілін күйдіріп, қайғыртады. Бұл -- Әдеби тілдің экспрессивтік-эстетик. қызметі болып табылады. Ә. т-дің қалыптасу жолын нақты көрсете алатын ерекшеліктерге назар аударсақ, әр түрлі Әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде Ә. т-дің қалыптасуының негізгі үш жолын көрсетуге болады:
1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады. Ондайға бұл диалектінің не геогр., не экон., не лингвистика, не тектік-этник., не мәдени дәрежесі т.б. жағынан артықшылығы болады. Орыс Әдеби тіл Мәскеу диалектісінің, татар Ә. т. Қазан (орта) диалектісінің негізінде қалыптасты деген қорытынды осындай ерекшеліктерге сүйенеді.
2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің Әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа бір елге бағынышты болуымен, мәдениетінің мешеу қалуымен байланысты. Кейде ондай Әдеби тіл ол халық үшін белгілі бір мерзім ішінде өмір сүріп, кейін ол қасиетінен айрылып қалуы мүмкін, немесе жергілікті халық тілімен қатар өмір сүріп, көбіне тек ресми әдеби тіл шеңберінде қалып та қояды, немесе жергілікті халық тілімен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде әр түрлі өзгерістерге ұшырауы да ықтимал.
3. Көп жағдайда Әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық, я бірнеше диалектісінің негізінде немесе жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасады. Қазақ Әдеби тіл, соңғы кезде тіл мамандарының көрсетуінше, жалпы халықтық тілдің негізінде қалыптасты деп саналады қ. Қазақ әдеби тілі.

Қазақ әдеби тілі -- қазақ ұлтының қоғамдық емірінің сан-саласында көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және іс қағаздарында қолданатын тілі. Жалпы халықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы. Бастапқы кезде зерттеушілер әдеби тілді жазба тілдің баламасы ретінде түсініп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Абай поэзиясының тілі
Қазақ әдебиеті тілінің тарихы
Әдеби тілдің халықтың қоғамдық рухани байлығы
Қазақ әдеби тілі туралы
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
Қазақ тілі
Әдеби тіл туралы ұғым
Пәндер