Хосни Мүбәрәк


Хосни Мүбәрәк
Мысыр елінде үш кезеңнен өткізілген парламент сайлауында президент Хосни Мүбәрәк басқаратын ұлттық -демократиялық партия жеңіске жетті. Сайлаушылардың бір бөлігінің қолдауынан айырылғанына қарамастан, президенттің партиясы ел парламентіндегі орынның үштен екісін өз құзырында сақтап қалды. Бұл, әрине, елдегі президент билігінің әлсіздігінен емес, қайта демократиялық сайлаудың еркіндігінен деп бағалағанымыз абзал.
Хосни Мүбәрәк мемлекеттегі ең жоғарғы үкімет билігінің барлық буындарын өз қолына шоғырландырды. Мысыр елінін ақпарат құралдары Хосни Мүбәрәкті «Араб халкының ұлттық батыры», «ұлы көсеміміз», «Батыл күрескер» деп айтудан танған емес. Оған өзіндік себеп те бар. Араб әлемінде ол өзінің жасының үлкендігімен де, мемлекетті басқару билігіндегі мол тәжірибесімен де ерекшеленеді. Жиырма екі жылдан бергі үздіксіз президенттік құзырында ол кешегі араб әлемінің ірі қайраткерлері саналған Иордания королі Хусейн Бен Талалдың, Сирияның президенті Хафез Асадтын, Марокконың королі - Хасан - II-нін, тіпті, бүкіл араб жұртының бас сардары Гамаль Абдел Насердін көзін көрді, олардын батасын алды. Казір ол «әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген қазақы мақалдың айтқанындай жоғарыдағы кайраткерлердің орнын басқан жас кайраткерлерге ұстаз саналады.
Египет Араб Рсспубликасы - араб елдерінің ішіндегі өзіндік саяси көзқарасы айқын, мәдениеті мен әдет-ғұрпының дамуында өзгелерге ұқсамайтын ерекшеліктері бар ел. Египет халықаралық қауымдастықтың араб елдерімен қатынас орнатудағы орталығына айналған ірі мемлекет және аймақтаты бейбіт қатар өмір сүруді жақтап, дау-жаңжалдарды реттеп отырудағы штаб орталығы. Оның барлық жұмыстарына дем беруші және үйлестірушісі Хосни Мүбәрәк болып табылады.
Хосни Мубәрәк 1928 жылы 8 мамырда Кафр-әл-Мусылка (Минифия провинциясы) ауылында туған. Кеңестер Одағында, Египетте әскери білім алған. 1957 жылы Мәскеудегі Фрунзе атындағы әскери академияны бітірген. 1964-1968 жылдары Кеңестер Одағында әскери дайыңдықтан өткен. 1967-1969 жылдары әскери ұшқыштар академиясының бастығы, 1972-1975 жылдары әскери-әуе күштерінің бас колбасшысы, 1975-1981 жылдары вице-президент, 1981 жылдың казан айынан ел президенті.
Жалпы, Хосни Мүбәрәк үшін қазан айы - жұлдызды уақыт саналады. 1967 жылы 16 қазанда Каир әскери-әуе күштері академиясының бастығы қызметінен бастаған оның арада жылдар салып осы қазан айында белгілі бір жетістіктерге жетіп отырғанын көреміз.
І967 жылдың басында Египет аспанын қара бұлт торлайды. Тұтқиылдан екінші Араб-Израиль соғысы басталып кетеді. Израиль әуе күштері Египетке, Сирияға, Иорданияға катты соққы береді. Қуатты күшке қарсы тұра алмаған Египет әскерлері Синай түбегін тастап кетуге мәжбүр болалы.
Осы жылдар ішінде елде президент билігі алмасады. Жада президент Анвар Садат Хосни Мүбәрәкті әскери-әуе күштерінің бас қолбасшысы етіп тағайындап, оған үлкен сенім білдіреді. Бас қолбасшының ендігі бір мақсаты - өткен соғыстарда кеткен ата-баба жерлерін қайтарып, шыққан шығынның өтемін қайтару еді. Ондай күнде алыс емес тұғын. 1973 жылдың 6 қазан күні Х. Мүбәрәктің басшылығымен әуе күштері арқылы Израиль бекіністеріне қуатты соққы беріліп, Суэц каналы мен онын шығыс жағалауындағы атақты «Барлева сызығы» қайтарылып алынады. Қазан айындағы осы соғыс Таяу Шығыс тарихында өзіндік орны бар сабақ болып қалады. Екі ел арасындағы бітіспес жаугершілік осымен аяқталып, ол одан әрі өз арнасымен дамып отырады. Соғыста жеңімпаз боламын деген Израильдің барлық стратегиясының кул-талқаны шығады.
«1973 жылғы Қазан тоңкерісі арабтар мен Израиль арасындағы ақырғы соғыс болуы тиіс. Бейбітшілік - біз үшін стратегиялық мақсат, біз оны әр уақытта басты бағыт ретінде ұстанамыз», - дейді ол кейінірек.
Израиль әскерлерінің Ливияға жасаған шабуылы кезінде де ол Египеттің сыртқы саясаттағы принциптік көзқарасынан айнымайды. Израильдіктерге Иорданияның батыс жағалауы мен Газа секторын аннекциялауға бірде-бір араб жұртының келісе алмайтындығын нақты дәлелдермен айтып түсіндіреді. Жеңіспен аяқталған осы соғыста көрсеткен жеке ерлігі үшін ол елдің ен жоғарғы әскери наградасы «Синай жүлдызы» орденімен наградталады. Әрқашан өз ісіне адал берілген Хосни Мүбәрәк осылайша мемлекет басшысының көзіне түседі. Сөйтіп, 1975 жылы 16 сәуірде Анвар Хосни Мүбәрәкке вице-президент қызметін ұсынады. «Маған мемлексттік жүмыс пен міндеттерді бөліп атқара алатын орынбасар керек. Алдағы өмір маған не дайындап тұрғанын ешкім біліп болмайды және мемлекеттің бар кұпиясы бір ғана адамның қолында болмауы керек» - дейді президент Анвар Садат.
Х. Мүбәрәк вице-президент қызметін атқара жүріп, елдің билеуші Ұлттык-демократиялық партиясының бас хатшысы болып сайланады. Вице-президент, партия басшысы ретінде бірнеше рет араб елдеріне, Еуропа, Азия, Африка және Америка құрлықтарына ресми сапарлар жасайды, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге араласады. Жеті жылдық вице-президент қызметінде Х. Мүбәрәк өзінің лауазымын пайдаланып, туған-туыстарына, отбасына немесе достарына ерекше артықшылықтар жасамайды.
1981 жылдың қазан айы Х. Мүбәрәкка тағы да бір өтініш, бір куаныш алып келеді. 6 қазан күні ел астанасы Каирде, Қазан соғысының 8 жылдығына орай, үлкен әскери шеру өтеді. Әскери шеруге жиналған жұртшылықтың көңілі зеңгір аспандағы сап түзеген ұшақтардың әдемі көріністеріне ауған сәтте, президент мінбесінің алдынан өтіп бара жатқан ауыр әскер техника арасынан бірнеше жауынгер автоматтан үсті-үстіне оқ жаудырады. Қастандық іске асып, ауыр жарақат алған президент Анвар Садат госпитальға әкетіп бара жатқан жолда қаза табады. Бұл жағдай Ніл өзенінің жағасындағы елдің көп жылдық ғұмырында болмаған оқиға еді. Қастандық жасалған күні президент жанында вице-президентХосни Мүбәрәк та болған еді, Президент қазасынан кейін бүкіл мемлекет алдындағы жауапкершілік халықаралық қатынастағы саяси мәселелерді шешу, халықты ымыраға келтіру бір өзіне ғана жүктелетінін ол сезе білді. Елдегі билеуші Ұлттық-демократиялық партия мен Халық жиналысы Хосни Мүбәрәкті елдің президенттігіне бірден-бір лайық деп ұсыныс жасайды. Бір аптадан кейін 1981 жылғы 13 қазан күні өткен Бүкілодақтық референдумда Хосни Мүбәрәк президент болып сайланады. Содан бері араға 6 жыл салып, дәл осы қазан айында Х. Мүбәрәк президенттік ант беріп келеді.
Жалпы Анвар Садат өзінің ізбасарына тұрлаулы мұра қалдырмады. Сол кездегі елдің игілігі үшін жаңа жетістіктер әкеледі деген шетел капиталына жасалған «ашық есік» саясаты халык жағдайын одан арі төмендетіп, үкімет пен бұқараның аражігін ашып жіберді. Елдегі әлеуметтік өмірдің теңсіздігі, ұйымдасқан қылмыстың кеңінен өріс алуы халықтың ашу-ызасын тудырмай қойған жоқ. Ал халықаралык жағдай да сол кездегі ресми Египеттің ұстанған саясатында біржақтылық болмады. Олардың (Египеттің) Израильмен жасаған сепаратистік келісімі Египет пеи араб әлемінің арасын тіпті ажыратып жіберді. Өзара қырқысу, бір-біріне сенімсіздік білдіру өзге елдердің Египетке деген қырын қарауы онын халықаралық аренадағы беделін түсірді. Президент Анвар Садатқа жасалған қастандық та сол жасырын жасалған келісімнін нәтижесі еді.
Шетелдік саясатшылар жаңа сайланған президент Хосни Мүбәрәктің елді тығырықтан алып шығатынына күмән келтірді. Әрине, мұндай сәтте әлеумет пен сыртқы халықаралық кауымдастықтың көмегінсіз, қолдауынсыз бедел алып шығу қиынға соғатыны белгілі еді. Гамаль Абдел Насерді әскери кызметкерлер, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген студенттер тобы мен қуатты әкімшілік аппараты қолдаған болатын. Ал Анвар Садатты халыктың жоғары саптағы буыны мен орталау ауқатты қауымның өкілдері қолдап келді. Саясатқа енді ғана араласа бастаған Хосни Мүбәрәктің ел ішінде мұндай арқа сүйерлері болған жоқ. Алайда, 1981 жылдың өзінде-ақ Хосни Мүбәрәк өз еліне танымал, сыйлы адам болды.
Хосни Мүбәрәк мемлекет басына келген соң бұрынғы президенттің елдегі ең жақсы деген виллаларының өзіне берілетіндігі жөнінде барлық бұйрықтарын өзігертеді. Ең алғаш рет бұқаралық акпарат құралдарының жетекшілерімен болған кездесуде өзінің суретін жөн-жосықсыз газет-журнал беттерінде жариялай беруге өз қарсылығын білдіреді. Алғашқы күннен бастап, елдегі демократиялық институтты қайта калпына келтіреді. Газет-журналдарға өз еркіндігін беріп, цензуралық кадағалауға тыйым салады.
Президент әдебиетке, журналистикаға және баспа істеріне ерекше көңіл бөледі. Халықаралык саясат жөніндегі әдебиеттерді көп оқиды. Ағылшын тілінде еркін сейлейді. Қарапайымдылықты ержеткен екі баласынан да талап етіп отырады. Екі ұлы да Каирдегі американ университетін бітірген, олар тұрмыста да, қызметте де қарапайым. Египетпен Қазақстан арасында 1993 жылдан дипломатиялык катынас орнатылған.
Жалпы Египет пен Қазақстан арасындағы өзара ынтымақтастық жемісті дамып келеді. Азия - Африка - Еуропа сияқты үш бірдей кұрлықтың түйіскен жерінде және Жерорта теңізінің жағалауында 1 миллионнан астам шаршы шақырым аумақты алып жатқан бұл мемлекет қазір гүлденіп, көркею үстінде. Бүгінде 60 миллионнан астам халқы бар, бейбітшілік сүйгіш және Мүхаммед пайгамбардың өсиеттеріне адал осынау араб мемлекеті жер бетіндегі өзге де мұсылман елдеріне көмектесуде табандылық көрсетіп келеді.
Өткен жылы ежелгі Мысыр елінің астанасы - Каирде 15 елдің қатысуымен үлкен саммит өтті. Онда көтерілген негізгі мәселенің бірі - әлемдік экономика төңірегінде болды. Дамыған мемлекеттерді әлсіз елдерге қолұшын беруге шақырған Мысыр елінің бастамасы әлемдік кауымдастық тарапынан оңды бағасын алуда. Бұл - Егнпет президенті Хосни Мүбәрәктің жеке ұсынысымен өткен ынтымақтасу форумы болды.
Мысырдағы Бейбарыстың мешіті
Мешіттің қабырғаларындағы бұл өрнектермен арабтар өздері күзетші деп атайтын шырақшы таныстырды, Жазуларын Егнпеттегі елшілігіміздің қызметкері Кайрат Ламашәріпов аударып беріп жүрді. Шыракшыдан басқа тағы бір төрт-бес адам шалғайымызға оралды. Солардың біріне Бейбарыс бабамыздың рухына бағыштатып құран оқыттық.
... жалғасыТолық аты - «Діннің тірегі», жеңімпаз Сұлтан Әз-Зәхір Бейбарыс Әл Бүндыкдары. Ол Мысырды үш ғасырға жуық билеген мәмлүк сұлтандарының ішіндегі ең белгілісі де сыйлысы болған екен. Оны тарихшылар «Монғол шапкыншылығы мен крест жорығына тойтарыс берген атақты қолбасшы, күллі мұсылман әулетінің бетке ұстар мақтанышы. ұлы мәмлүк мемлекетінің негізін қалаушы» деп таныстырады.
Бүгінде мәмлүктер кімдер. олар Мысырға қайдан келген, билікке қалай қол жеткізген деген сұрақтардың жауабы анық. Олар негізінен әр түрлі жағдайда бас еркінен айырылып, Мысырға кұлдыққа сатылуға әкелінген адамдар. Осы арада назар аударатын бір жайт, олар түгелдей басыбайлы кұл емес. Араларында тектісі де, тексізі де бар, кадуілгі соғыс, шапқыншылық жағдайында қолға түскендер деп ұққан жөн. Солардың қатарында Бейбарыс сияқты бала күнінен қанжығада кеткендері де аз емес. Әйітпесе, арып-ашқан қара құл болса, мысырлықтардың оларды соғыс ісіне жаттықтырып несі бар?
Мысырлықтар және сыртқы жауларына қарсы осы еріксіздердің барлығын бірдей пайдалана бермеген. Іштеріндегі көздерінің оты бар, зор, қайраттыларын ғана іріктеп алған. Сол таңдаулы мәмлүктердің ішінде әсіресе, Бейбарыс айрықша көзге түседі. Мәмлүктерге бас болып, қайрат-күшімен де, әдіс-айласымен де жауларын жасқап, билік басындағыларды да мысы басып тұратын дәрежеге жетеді. Мысырды жаулауға келген монғолдарды жайпап салып. крестшілерді де кайтып беттеместей үлкен қырғынға ұшыратады.
Сұлтан Бейбарыс Мысырды шапқыншылықтан қорғап қалумен қатар, бұл елдің гүдденіп, өркендеп-өсуіне де аса зор үлес қосқан екен. Ол Мысырды 1260 -1277 жылдар аралығында 17 жыл билеп тұрыпты. Бейбарыстан тағдырластарына мұраға калған билік жолы үш ғасырға созылып, тарихқа мәмлүктер өшпес із қалдырған. Мәмлүктер туралы, соның ішінде Сұлтан Бейбарыстың жеке өзі жайында да көптеген аңыз-әңгімелер бар. Ол - түрлі халық мерекелерінде орындалатын жыр-дастандардың сүйікті кейіпкеріне айналып, мысырлықтардың сый-кұрметіне бөленген қадірменді тұлға. Сұлтан Бейбарыс пен оның тағдырластарының есімін бүгінгі египеттіктер де үлкен құрметпен атайды.
Соның бір мысалы ретінде айтар болсақ, Египетті шетелдіктерге таныстыруға арналған, сөзінен түрлі-түсті суретті көп кітапта: «Мәмлүктер заманы (1250-1517 жылдар) Кайр үшін кұрылысы өркендеп, халқы көбейген маңызды кезең болды» деген сөйлем бар, Одан соң «Османдықтар (1517-1798 жылдар) мәмлүктер тұсында басталған қайырлы істі жалғастырып, сауданың дүр көтеріліп дамуына қолайлы жағдай жасады» деген сөйлем кездеседі. Өкінішке орай, мәмлүктердің бас көтерер соңғы ұрпағы осы османдықтардың өкілі, ұлты албан Мүхамед Әли пашаның қолынан қастандықпен өлтіріледі.
Кайрда осы Мүхамед Әлидің де мешіті бар. Бұл мешіт Сұлтан Бейбарыстың мешітінен бес жарым ғасыр кейін салынған. Сұлтан Бейбарыстың мешіті Кайр қаласының ежелгі бөлігіндегі Әл-Зәхір ауданында, бүгінгі тұрғын үйлердің қалың ортасында тұрса, Мүхамед Әли пашаның мешіті тарихтан белгілі Салахаддин қорғанының ішінде, туристер көп баратын оңтайлы орынға орналасқан. Мүхамед Әли мәмлүктерді осы жерге айламен алдыртып, тамаққа у қосып бергізген екен. Сезік алған мәмлүктер қорған ішінде қылыштасып, біраз қан төгілген көрінеді. Аман қалған бір мәмлүк биік қорғанның үстінен секіріп мінгенде аты мертігіп, қолға түсіпті. Мүхамед Әли паша оның көзсіздігіне қайран қалып, басына бостандық бермек болғанда, әлгі мәмлүк өзін-өзі қанжармен жарып жіберген екен деседі.
Көп ұлттан құралған мәмлүктердің қазаққа қатыстылығы тек Бейбарыспен ғана шектелмейді. Бейбарыс Мысырды билеп тұрғанда қыпшақ даласынан жасақ алдыртқаны туралы да дерек көзі табылып отыр. Кайрдағы кітапханалар мен архивтерден, елшіліктегі қым-қуыт жұмыстан қолы қалт еткен сәттерде, осындай құнды мағлұматтар жинап жүрген бір азаматымызға «тақырыбыңа ен сал, кітап жаз» дестік.
Әлқисса, сонымен Сұлтан Бейбарыс мешітінің кешелі-бүгінгі жай-жапсарына оралайық. Жалпы құрылысына келсек, оның көлемі үзындығы 108, ені 105 метр. Жергілікті жерде дайындалған, «Яффа» атты қалашықтан әкелінген түрлі-түсті мәрмәр тастар мен мұқият өңделіп, сырты өрнектелген ағаштан салынған. Биік тас қабырғасы кейбір тұстарының ғана кетілгені болмаса, жеті ғасырлық уақыт тезіне төтеп беріп, мызғымастан тұр. Бірақ ішкі құрылысында құлап зақымданған жерлері көп. Оған кіналі уақыт қана емес.
Мысыриятты жаулаушылардың қай-қайсысы да бұл мешіттің құрылысына кызығып, өз пайдаларына жаратыпты. Осы тарапта бабамыздың мешіті талай зорлық-зомбылықтарды көріпті деуге де болады. Мәселен, француздар оны қамалға айналдырып, әскери тұрақ жасапты. Ол тұста мұнда ұңғылары сорайып, ауыр зеңбіректер тұрады екен. Мұны естігенде Черняевтің Қожа Ахмет Иассауи мешітін зеңбірекпен атқылатқаны еріксіз еске түседі. Онымен де тұрмай, ағылшын отаршылдары Сұлтан Бейбарыс бабамыздың мешітін қасапханаға айналдырып, мал сойып, ас дайындауға колай көріпті. Ал XVIII ғасырдың аяғында. Мүхамед Әли пашаның билік құрған тұсында Бұл мешіт сабын шығаратын үлкен өндіріс орны да болыпты. Соның да салдарынан ішкі құрылысына көптеген зардап келтірілген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz